Жаңалықтар

«Белорусь» ұлттық-мәдени орталығы

Қазақстандағы белорустардың алғашқы бірлестігі– «Белорусь» ұлттық-мәдени орталығы 1992 жылдық желтоқсан айында тіркелген.
01.03.2014 10:56 5218

Қазақстандағы белорустардың алғашқы бірлестігі– «Белорусь» ұлттық-мәдени орталығы 1992 жылдық желтоқсан айында тіркелген. Орталық Алматы мен Алматы облысында тұратын белорустарды біріктіреді. Кейіннен мұндай бірлестіктер Павлодар, Өскемен, Астана, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл қалаларында ашылды.  Бірлестіктің негізін қалаушы және алғашқы жетекшісі П.А. Атрушкевич болды.

 

Қазіргі кезде Қазақстанда оннан астам белорусь ұлттық-мәдени орталықтары тіркелген. Барлық дерлік орталықтар жанынан жексенбілік мектептер ашылған. Ол мектептерде белорусь халқының тілі, әдебиеті, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі зерттеледі, халық шығармашылық топтарының қатысуымен түрлі шаралар жүргізіледі.

 

2002 жылдық мамыр айында Өскемен қаласында Қазақстан белорустарының Қауымдастығын құру туралы шешім қабылданған құрылтай конференциясы өткізілді. Қауымдастық Қазақстан белорустарының консолидациясында үлкен рол атқарады, тарихи Отанымен тұрақты байланыс жасап тұрады.

 

Этникалық белорустарға мәдени-білім беру шараларын өткізуде, Беллорусияның жоғары оқу орындары мен колледжерінде оқығысы келетін жастарға көмек көрсетуде, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда Қазақстан Республикасындағы Белорусь Республикасының Елшілігі зор ақпараттық және практикалық көмек көрсетеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға