Оливер Стоун Уго Чавестің өмірі жайлы фильм түсіріп жатыр
Голливудтық режиссер Оливер Стоун Венесуэланың бұрынғы президенті, марқұм Уго Чавестің өмірі жайлы кинофильм түсіріп жатыр, деп хабарлады Росбалт. «Уго Чавес туралы жаңа туынды алдағы бірнеше айда бітуге тиіс», деп мәлімдеді ел президенті Николас Мадуро. Стоун - «Оскардың» және одан өзге көптеген сыйлықтардың иесі. Чавеске деген ыстық ықыласын ол оның тірі кезінде-ақ жасырмайтын. Режиссер 2009 жылы Чавес туралы және өзге де латынамерикалық ел билеушілер жөнінде деректі фильм шығарған болатын. ҚазАқпарат.
24.06.2013 03:42
2524
«Уго Чавес туралы жаңа туынды алдағы бірнеше айда бітуге тиіс», деп мәлімдеді ел президенті Николас Мадуро.
Стоун - «Оскардың» және одан өзге көптеген сыйлықтардың иесі. Чавеске деген ыстық ықыласын ол оның тірі кезінде-ақ жасырмайтын. Режиссер 2009 жылы Чавес туралы және өзге де латынамерикалық ел билеушілер жөнінде деректі фильм шығарған болатын.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Фудзияма тауы әлемдік мұралар тізіміне енді
Келесі жаңалық
Былтыр елімізде қанша сәби дүниеге келген