«Үркер» тобының әншісі БҰҰ-на ерікті елші болды
Қазақстандық "Үркер" тобының басшысы Айдос Сағат БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы алғашқы ерікті елшісі атанды. Мұндай мәліметті meloman.kz таратты. Белгілі әнші мәртебелі міндетке жақында Алматыда өткен «Алматы үдерісі» - Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша II Министрлік Конференция барысында тағайындалды. "Үркердің" негізін қалаушы әртісті БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің жоғарғы комиссары (БҰҰ ЖКББ) Антониу Гутерриш арнайы құттықтады. Айдос 2010 жылдың қараша айынан бері БҰҰ ЖКББ-мен Қазақстандағы Құрметті Патрон ретінде ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, ол балалардың музыка мен өнер саласында қосымша білім алу мәселелеріне мән береді. "Босқындардың көрген күні оңай емес екенін білемін. Сондықтан ерікті елші ретінде олардың өмірін өзгерту бағытында қолымнан келгенді жасаймын",-дейді әнші. Baq.kzҚазақстандық "Үркер" тобының басшысы Айдос Сағат БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы алғашқы ерікті елшісі атанды. Мұндай мәліметті meloman.kz таратты.
Белгілі әнші мәртебелі міндетке жақында Алматыда өткен «Алматы үдерісі» - Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша II Министрлік Конференция барысында тағайындалды.
"Үркердің" негізін қалаушы әртісті БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің жоғарғы комиссары (БҰҰ ЖКББ) Антониу Гутерриш арнайы құттықтады.
Айдос 2010 жылдың қараша айынан бері БҰҰ ЖКББ-мен Қазақстандағы Құрметті Патрон ретінде ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, ол балалардың музыка мен өнер саласында қосымша білім алу мәселелеріне мән береді.
"Босқындардың көрген күні оңай емес екенін білемін. Сондықтан ерікті елші ретінде олардың өмірін өзгерту бағытында қолымнан келгенді жасаймын",-дейді әнші.
Baq.kz
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)