ҰБТ-да жоғары балл алғандарға 1 миллион теңгеден берілді
Атырау қаласының 3 гимназия түлегі Ұлттық біріңғай тестілеуден көрсеткен жоғары көрсеткіші үшін 1 млн теңгеден алады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. «Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ағылышын тілін тереңдетіп оқытатын гимназияның 3 түлегіне 1 млн теңгенің сертификатын табыс етті» делінген хабарламада. Әрқайсысы 125 баллдан алған 3 оқушының 2-уі Nazarbayev University –не, 1-уі Ұлыбританияға оқуға аттанатын болған. Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында 5040 оқушы мектеп бітіріп, оның 4141-і ҰБТ-ға қатысқан болатын. Сонымен қатар, Атырау облысының ҰБТ-дағы орташа баллы 74,3-ті құрады. Baq.kz
21.06.2013 09:34
3607
Атырау қаласының 3 гимназия түлегі Ұлттық біріңғай тестілеуден көрсеткен жоғары көрсеткіші үшін 1 млн теңгеден алады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ағылышын тілін тереңдетіп оқытатын гимназияның 3 түлегіне 1 млн теңгенің сертификатын табыс етті» делінген хабарламада.
Әрқайсысы 125 баллдан алған 3 оқушының 2-уі Nazarbayev University –не, 1-уі Ұлыбританияға оқуға аттанатын болған.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында 5040 оқушы мектеп бітіріп, оның 4141-і ҰБТ-ға қатысқан болатын. Сонымен қатар, Атырау облысының ҰБТ-дағы орташа баллы 74,3-ті құрады.
Baq.kz
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Ауылдардағы медицинаны жақсартуға 45,5 млрд. теңге бөлінді