«Жас Отанның» жаңа стратегиясы әрбір жас қазақстандықтың алдында тұратын кітап болады. Бүгін «Жас Отан» Жастар қанатының ІІ съезі басталмас бұрын, BNews.kz тілшісімен сұхбаттасқан ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешов өзінің осындай пікірімен, осындай тілегімен бөлісті.
«Қандай мемлекетті алып қарасақ та, жастарды мазалайтын мәселелер жетерлік. Оларды санай берсең таусылмайды. Алайда, менің ойымша, біздің ең басты мақсатымыз - жастарға сапалы білім беріп, еңбекпен қамтуға мүмкіндік жасау, кейін баспана мен отбасы мәселесінің жөнін табу. Бұл құндылықтар ең алдымен жастардың санасында орын алуы керек», - деді Н.Өтешов.
Ол сондай-ақ «Жас Отанның» жаңа стратегиясы Қазақстанның жастар саясатына жаңа леп әкеледі және әрбір жас қазақстандықтың алдында тұратын кітап болады деп үміттенетінін айтты.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға