Елордадағы медициналық туризм
Елордадағы «Astana Medical Park» клиникасы базасында медициналық туризмді дамыту жобасы әзірленді. Жобаның мақсаты – қазақстандық және шетелдік азаматтарға жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету. Бүгінде Астананың медициналық мекемелері үдемелі кардиология, аритмология және кардиохирургия, шағын инвазивтік эндобейнехирургия, check-up бағдарламасы, қауіпсіз босану, неонаталдық технология, тағы басқа да салаларда жоғары технологиялық қызмет циклін толық көрсету мүмкіндігіне қол жеткізген. Бұл жобаға Астана қаласының №1 және «№2 қалалық ауруханасы, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, сонымен қатар Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы қатысады. Мамандардың айтуынша, аталған мекемелерде көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы салыстырмалы түрде арзан, ал технологиялық жабдықталуы мен дәрігерлердің біліктілігі тұрғысынан көш ілгері болады.Елордадағы «Astana Medical Park» клиникасы базасында медициналық туризмді дамыту жобасы әзірленді.
Жобаның мақсаты – қазақстандық және шетелдік азаматтарға жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету. Бүгінде Астананың медициналық мекемелері үдемелі кардиология, аритмология және кардиохирургия, шағын инвазивтік эндобейнехирургия, check-up бағдарламасы, қауіпсіз босану, неонаталдық технология, тағы басқа да салаларда жоғары технологиялық қызмет циклін толық көрсету мүмкіндігіне қол жеткізген. Бұл жобаға Астана қаласының №1 және «№2 қалалық ауруханасы, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, сонымен қатар Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы қатысады.
Мамандардың айтуынша, аталған мекемелерде көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы салыстырмалы түрде арзан, ал технологиялық жабдықталуы мен дәрігерлердің біліктілігі тұрғысынан көш ілгері болады.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)