Жаңалықтар

Галкиннің Қазақстандағы "егізі" Примадоннаға гүл беру бақытына ие болды

24 жастағы Өскеменнің тумасы, Галкиннің Қазақстандағы "егізі" Андрей Аксютов Мәскеуде өткен Кристина Орбакайтенің концертінде өзінің сүйікті әншісі Алла Пугачевага гүл беру бақытына ие болды, деп хабарлайды "31 арна". Ет сататын Галкиннің "егізі" ресейлік сықаққой және әншінің күйеуіне қатты ұқсайтын болып шықты. "Мен Алла Борисовнаның қайда отырғанын көру үшін бірінші гүлді Кристинаға бердім. Гүлді табыстап, сахнадан түсіп келе жатқанда оның қайда отырғанын көрдім, бірден оны туған күнімен құттықтадым. Менің үстімде оның портреті салынған жеңі қысқа жиде, көзімде көзілдірігім болды, ал шашымның үлгісі тура Галкиндікіне ұқсаған. Мені көріп қатты таң қалған Примадонна маған алғысын білдірді", - деді А.Аксютов. Галкиннің "егізі" дүкенде сатушы болып әлі күнге дейін істеп жүр, ол театрлық училищеге оқуға түсу үшін Ресейге кетуді армандайды. Андрей бұқаралық ақпарат құралдарының оған деген аяқасты көңіл түсіруі оның өмірін күрт өзгерткенін айтты. Мәселен, оның жұмыс істейтін жерінде Галкиннің "егізімен" жеке танысқысы келетін сатып алушылар артқан.
14.11.2012 06:27 3343

24 жастағы Өскеменнің тумасы, Галкиннің Қазақстандағы "егізі" Андрей Аксютов Мәскеуде өткен Кристина Орбакайтенің концертінде өзінің сүйікті әншісі Алла Пугачевага гүл беру бақытына ие болды, деп хабарлайды "31 арна".

Ет сататын Галкиннің "егізі" ресейлік сықаққой және әншінің күйеуіне қатты ұқсайтын болып шықты.

"Мен Алла Борисовнаның қайда отырғанын көру үшін бірінші гүлді Кристинаға бердім. Гүлді табыстап, сахнадан түсіп келе жатқанда оның қайда отырғанын көрдім, бірден оны туған күнімен құттықтадым. Менің үстімде оның портреті салынған жеңі қысқа жиде, көзімде көзілдірігім болды, ал шашымның үлгісі тура Галкиндікіне ұқсаған. Мені көріп қатты таң қалған Примадонна маған алғысын білдірді", - деді А.Аксютов.

Галкиннің "егізі" дүкенде сатушы болып әлі күнге дейін істеп жүр, ол театрлық училищеге оқуға түсу үшін Ресейге кетуді армандайды. Андрей бұқаралық ақпарат құралдарының оған деген аяқасты көңіл түсіруі оның өмірін күрт өзгерткенін айтты. Мәселен, оның жұмыс істейтін жерінде Галкиннің "егізімен" жеке танысқысы келетін сатып алушылар артқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға