Мемлекеттік хатшы тарихи веб-портал құруды тапсырды
Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының тарихына арналған веб-портал құруды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қазақстан Республикасының тарихы туралы арнайы веб-портал құруды тапсырамын. Кез келген адам осы портал арқылы тарих оқулықтарын, тарихи кітаптарды түрлі сандық форматта тегін ала алатын болсын», - деген Мемлекеттік хатшы бұл міндетті Ақпарат министрлігіне тапсырды. Мемлекеттік хатшы атап өткендей, бұл портал «интернеттегі қазақстандық сегменттің үлкен құрамдасына айналуы керек».
05.06.2013 11:15
3111
Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының тарихына арналған веб-портал құруды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасының тарихы туралы арнайы веб-портал құруды тапсырамын. Кез келген адам осы портал арқылы тарих оқулықтарын, тарихи кітаптарды түрлі сандық форматта тегін ала алатын болсын», - деген Мемлекеттік хатшы бұл міндетті Ақпарат министрлігіне тапсырды.
Мемлекеттік хатшы атап өткендей, бұл портал «интернеттегі қазақстандық сегменттің үлкен құрамдасына айналуы керек».
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
В Японии успешно испытан самый быстрый поезд в мире
Келесі жаңалық
Оралда бойжеткен көпірден секірмек болған