Астанада 5-8 маусымда «Беларусь ЭКСПО-2013» көрмесі өтеді
Елордада биылғы 5-8 маусым аралығында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы «Беларусь ЭКСПО-2013» ұлттық көрмесі өтеді. Көрме барысында Беларусь экономикасының әлеуеті кешенді түрде таныстырылып, озық ғылыми жұмыстар мен өнімдер паш етілмек. Бұл туралы Белоруссияның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Көрмеге 200-ге жуық жетекші белоруссиялық кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады деп жоспарланған. Астанаға 4-6 маусым аралығында көрменің шараларына қатысу үшін Беларусь Республикасының премьер-министрі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Белоруссия-Қазақстан үкіметаралық комиссиясы белоруссиялық бөлігінің төрағасы М.И.Русым бастаған делегация ат басын тірейді. Сондай-ақ делегация құрамында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс министрліктері басшылығының, «Белнефтехим» концернінің, Ғылым және технология бойынша мемлекеттік комитеттің, Минск және Гродненск облыстық атқару комитеттерінің өкілдері бар. ҚазАқпарат.Көрме барысында Беларусь экономикасының әлеуеті кешенді түрде таныстырылып, озық ғылыми жұмыстар мен өнімдер паш етілмек.
Бұл туралы Белоруссияның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Көрмеге 200-ге жуық жетекші белоруссиялық кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады деп жоспарланған.
Астанаға 4-6 маусым аралығында көрменің шараларына қатысу үшін Беларусь Республикасының премьер-министрі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Белоруссия-Қазақстан үкіметаралық комиссиясы белоруссиялық бөлігінің төрағасы М.И.Русым бастаған делегация ат басын тірейді. Сондай-ақ делегация құрамында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс министрліктері басшылығының, «Белнефтехим» концернінің, Ғылым және технология бойынша мемлекеттік комитеттің, Минск және Гродненск облыстық атқару комитеттерінің өкілдері бар.
ҚазАқпарат.
