Жаңалықтар

Қаржы

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 ҚАРЖЫ, финанс (ағыл. және фран. fіnances, орта лат. fіnantіa – ақшалай қаржы, аяқтау, төлем төлеу туралы бұйрық) – ақша қорын жасау және пайдалану барысындағы экон. қатынастар жиынтығы. Мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарының, жинақ қорларының қалыптасуы барысында ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі және қайта бөлінуі процесін, осыған орай туындайтын ақша қатынастарын сипаттайтын іргелі, жалпылама, көп мәнді экон. категория ретінде қарастырылады. Қ. толымды жүйе ретінде орта ғасырларда пайда болды және өндірістің, сауданың, тауар-ақша қатынастарының, елдер арасындағы ақша айналымының, банк пен биржа ісінің дамуымен байланысты қалыптасып, нығайды. Бұған дейін ұзақ уақыт әрекет етіп келген ақша, оның қозғалысы, айналысы бұл кезеңде жаңа сапаға, өзге мазмұнға ие болады. Мемлекет ақша қорларын өзінің экон., әлеум., саяси қызметтерін орындауға және ұлғайтуға жұмылдырады, ақша қатынастары айырбас аясынан қоғамдық өнімді өндіру мен бөлу аясына ауысты. Ұлттық және шетелдік валюта, бағалы қағаздар түріндегі қаржы құралдарымен алыс-беріс жасайтын арнайы Қ. ин-ттары пайда болды. Қ. эволюциясы тағы да екі мән-жаймен сипатталады: 1)  тауар өндірудің, қызметтер көрсетудің, жұмыстарды орындаудың, оларды айналымға түсірудің, пайдаланудың, тұтынудың экон. процесі ұдайы өндіріс процесінің құндық жағын, құнның қозғалуы мен өзгеруін, кірістер мен шығыстардың, пайданың серпінін көрсететін баламалы Қ. процестерімен ұштастырыла жүреді; 2) дербес Қ. операциялары, тауарларды өндірумен және сатумен тікелей байланыспайтын ақша қаражатының қозғалысы пайда болады; бірыңғай Қ. рыногін құрайтын валюта рыногі мен бағалы қағаздар рыногі қалыптасады. Ақша қозғалысы дербестеніп, ақша қатынасы қаржы қатынасына айналады. Қ. құрылымы мен мазмұны көбінесе елдегі экон. жүйенің тұрпатына байланысты. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемл. қаржы қорларының негізгі бөлігін жұмылдыратын және кейіннен әлеум.-экон. дамудың мемл. жоспарларына сәйкес салалар, аумақтар, әлеум.-экон. бағдарламалар бойынша бөлетін мемл. бюджет пен бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру жетекші орын алады. Мұндай жағдайда қаржы қорларын бастапқы бөлу және кейіннен қайта бөлу Қ-ның басты қызметіне айналады. Қ-ның өзі мұнда шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың), мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндіріске, қызметкерлерді материалдық ынталандыруға, әлеум. мұқтаждықтарды қанағаттандыруға жұмсаумен байланысты жалпы ішкі өнімді (жаңадан жасалған құнды) және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу барысында туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикалы елдерде мемл. Қ-ның, мемлекеттің жалпы мемл., қоғамдық мұқтаждықтарға, әлеум. мақсаттарға пайдаланылатын кірістері мен шығыстарын бюджетте есептеуде атқаратын елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі жүгі қызмет көрсетудің еркін рыногінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салықтар, баждар, есеп мөлшерлемелері, жәрдемқаржы, жәрдемқаражат, үлестемелер және басқа Қ. тетіктері арқылы нарықтық қатынастарды мемл. реттеуге Қ. қорларын бір орталықтан бөлуге қарай ойысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың,  фирмалардың, компаниялардың, банктердің, жеке кәсіпкерлердің қаржы қорларын дербес пайдалануының рөлі мен мүмкіндігі айтарлықтай артады. Көптеген елдерде бір орталықтан басқару белгілері мен еркін нарықтық экон. белгілері ұштасатын аралас экономика жұмыс істейді; мұндай ұштасу олардың қаржы жүйесінде де байқалады. Қ-ның жұмыс істеуі, оның қызметінің жүзеге асырылуы кіріс, шығыс, пайда, салық, төлем, аударым, ақшалай қаражаттың қорлануы, ақша қорларының құрылуы, бюджеттің құралуы және бюджеттен қаржыландыру, инвестициялау арқылы көрініс табады. Мемлекет қолында шоғырланған Қ. экон. және әлеум. міндеттерді шешуге, тұрақтылықты қамтамасыз етуге, дағдарысты ахуалдардың алдын алуға жәрдемдеседі. Шаруашылықты жүргізуші субъектілердің Қ-сы өндірісті, кәсіпкерлікті, инновацияларды дамыту, залалсыз, табысты қызметті қамтамасыз ету, нарықтық бәсеке жағдайында тіршілік ету үшін қажетті құрал болып табылады. С. Тоқсанбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
09.11.2012 04:44 4367

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

ҚАРЖЫ, финанс (ағыл. және фран. fіnances, орта лат. fіnantіa – ақшалай қаржы, аяқтау, төлем төлеу туралы бұйрық) – ақша қорын жасау және пайдалану барысындағы экон. қатынастар жиынтығы. Мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарының, жинақ қорларының қалыптасуы барысында ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі және қайта бөлінуі процесін, осыған орай туындайтын ақша қатынастарын сипаттайтын іргелі, жалпылама, көп мәнді экон. категория ретінде қарастырылады.

Қ. толымды жүйе ретінде орта ғасырларда пайда болды және өндірістің, сауданың, тауар-ақша қатынастарының, елдер арасындағы ақша айналымының, банк пен биржа ісінің дамуымен байланысты қалыптасып, нығайды. Бұған дейін ұзақ уақыт әрекет етіп келген ақша, оның қозғалысы, айналысы бұл кезеңде жаңа сапаға, өзге мазмұнға ие болады. Мемлекет ақша қорларын өзінің экон., әлеум., саяси қызметтерін орындауға және ұлғайтуға жұмылдырады, ақша қатынастары айырбас аясынан қоғамдық өнімді өндіру мен бөлу аясына ауысты. Ұлттық және шетелдік валюта, бағалы қағаздар түріндегі қаржы құралдарымен алыс-беріс жасайтын арнайы Қ. ин-ттары пайда болды.

Қ. эволюциясы тағы да екі мән-жаймен сипатталады: 1)  тауар өндірудің, қызметтер көрсетудің, жұмыстарды орындаудың, оларды айналымға түсірудің, пайдаланудың, тұтынудың экон. процесі ұдайы өндіріс процесінің құндық жағын, құнның қозғалуы мен өзгеруін, кірістер мен шығыстардың, пайданың серпінін көрсететін баламалы Қ. процестерімен ұштастырыла жүреді; 2) дербес Қ. операциялары, тауарларды өндірумен және сатумен тікелей байланыспайтын ақша қаражатының қозғалысы пайда болады; бірыңғай Қ. рыногін құрайтын валюта рыногі мен бағалы қағаздар рыногі қалыптасады. Ақша қозғалысы дербестеніп, ақша қатынасы қаржы қатынасына айналады.

Қ. құрылымы мен мазмұны көбінесе елдегі экон. жүйенің тұрпатына байланысты. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемл. қаржы қорларының негізгі бөлігін жұмылдыратын және кейіннен әлеум.-экон. дамудың мемл. жоспарларына сәйкес салалар, аумақтар, әлеум.-экон. бағдарламалар бойынша бөлетін мемл. бюджет пен бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру жетекші орын алады. Мұндай жағдайда қаржы қорларын бастапқы бөлу және кейіннен қайта бөлу Қ-ның басты қызметіне айналады. Қ-ның өзі мұнда шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың), мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндіріске, қызметкерлерді материалдық ынталандыруға, әлеум. мұқтаждықтарды қанағаттандыруға жұмсаумен байланысты жалпы ішкі өнімді (жаңадан жасалған құнды) және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу барысында туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады.

Нарықтық экономикалы елдерде мемл. Қ-ның, мемлекеттің жалпы мемл., қоғамдық мұқтаждықтарға, әлеум. мақсаттарға пайдаланылатын кірістері мен шығыстарын бюджетте есептеуде атқаратын елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі жүгі қызмет көрсетудің еркін рыногінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салықтар, баждар, есеп мөлшерлемелері, жәрдемқаржы, жәрдемқаражат, үлестемелер және басқа Қ. тетіктері арқылы нарықтық қатынастарды мемл. реттеуге Қ. қорларын бір орталықтан бөлуге қарай ойысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың,  фирмалардың, компаниялардың, банктердің, жеке кәсіпкерлердің қаржы қорларын дербес пайдалануының рөлі мен мүмкіндігі айтарлықтай артады. Көптеген елдерде бір орталықтан басқару белгілері мен еркін нарықтық экон. белгілері ұштасатын аралас экономика жұмыс істейді; мұндай ұштасу олардың қаржы жүйесінде де байқалады.

Қ-ның жұмыс істеуі, оның қызметінің жүзеге асырылуы кіріс, шығыс, пайда, салық, төлем, аударым, ақшалай қаражаттың қорлануы, ақша қорларының құрылуы, бюджеттің құралуы және бюджеттен қаржыландыру, инвестициялау арқылы көрініс табады. Мемлекет қолында шоғырланған Қ. экон. және әлеум. міндеттерді шешуге, тұрақтылықты қамтамасыз етуге, дағдарысты ахуалдардың алдын алуға жәрдемдеседі. Шаруашылықты жүргізуші субъектілердің Қ-сы өндірісті, кәсіпкерлікті, инновацияларды дамыту, залалсыз, табысты қызметті қамтамасыз ету, нарықтық бәсеке жағдайында тіршілік ету үшін қажетті құрал болып табылады.

С. Тоқсанбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға