Қазыбек би Келдібекұлы
Келдібекұлы Қазыбек (1667-1764) — ұлы би. Билік айтып, заң шығарумен айналысқан. Дипломатиялық істерге араласқан. Қазақ халқының рухани көсемдері деңгейіне көтерілген тарихи тұлға. Елдің тұтастығын, бірлігі мен ынтымағын сақтау, әділдік пен теңдік принциптерін — қоғам өмірінің ең басты әлеуметтік-саяси, моральдік- психологиялықұстыны ретінде дәріптеген. Ашу- дұшпан, ақыл-дос. Ақыл-ой туралы Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы, Атың жаман болса - шыбын жанның азабы. Жақсы мен жаман туралы Тілекті - білек жеңбес, Жүрекке - әмір жүрмес. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Атадан жақсы ұл туса - елінің зоры болады, Атадан жаман ұл туса - адам біткеннің қоры болады. Жақсы мен жаман туралы Ауруын жасырған - ажалсыз өледі, Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді. Амалсыздық туралы Бір бала бар - атасына жете туады, Бір бала бар - атасынан өте туады, Бір бала бар - көтінен кері кете туады. Адам өмірі туралы Ағасы бардың - жағасы бар, інісі бардың - тынысы бар. Туыстық туралы Арға -мінажат. Барға - қанағат, жоққа - салауат. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ханын қарадай өлтірген - қарашасын қынадай қырар. Бек, хан туралы Үй сыртында төбең болса - ерттеулі тұрған атпен тең, Көп жасаған қартың болса - жазып кеткен хатпен тең. Жақсы мен жаман туралы Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес. Байлық-кедейлік туралы Аға төреші бола алмайды - алдында қаймығары жоқ, Іні төреші бола алмайды - артында қайырылары жоқ. Туыстық туралы Жарлының жалғыз тоны - жанат емей немене, Аузыңдағы отыз тіс - болат емей немене, Астыңдағы жарау ат - қанат емей немене?! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ұят қымбат, ар қымбат, Жаның сүйген жар қымбат. Ар-намыс, ұят туралы Жазылмаған дерт қиын, Орындалмаған серт қиын. Жұрт айтқанды тындамай, Өзің түскен өрт қиын. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тату болса - ағайын жақын, Адал болса - дос жақын. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Ерден ердің несі артық - ептестірген сөзі артық, Жерден жердің несі артық - бір-екі уыс шөбі артық, Малдан малдың несі артық - бір-екі асым еті артық, Серттен тайған жігіттен - аштан өлген аюдың өті артық. Пайдасыздық, керексіздік туралы Өркенің өссін десең, кекшіл болма - кесапаты тиер, Өзгеге қиянат жасар өршіл болма - қанатың күйер. Басына іс түскен пендеге күлме - қайғысы көшер, Жанашыры жоққа жәрдемші бол - абыройың өсер. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Бүгін сағы сынды деп жақсыларды басынба, Қиын-қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Біз - қазақ деген қырда қой баққан елміз, Жүйрік жаратып, қымызға бие байлатқан елміз. Отан, туған жер туралы Дәм-тұзды ақтай білген, Достықты сақтай білген, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз! Отан, туған жер туралы Төрімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Туырлыққа - ту іліп, Қыннан қылыш суырып, Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз! Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Дұшпанға еш бас ұрмаған елміз, Басымыздан сөз асырмаған елміз! Асқақтаған хан болса, Сөз ұқпайтын паң болса, Қанға - қан, жанға - жан алатынымызды жасырмаған елміз! Отан, туған жер туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталыКелдібекұлы Қазыбек (1667-1764) — ұлы би. Билік айтып, заң шығарумен айналысқан. Дипломатиялық істерге араласқан. Қазақ халқының рухани көсемдері деңгейіне көтерілген тарихи тұлға. Елдің тұтастығын, бірлігі мен ынтымағын сақтау, әділдік пен теңдік принциптерін — қоғам өмірінің ең басты әлеуметтік-саяси, моральдік- психологиялықұстыны ретінде дәріптеген.
Ашу- дұшпан, ақыл-дос.
Ақыл-ой туралы
Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы,
Атың жаман болса - шыбын жанның азабы.
Жақсы мен жаман туралы
Тілекті - білек жеңбес,
Жүрекке - әмір жүрмес.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Атадан жақсы ұл туса - елінің зоры болады,
Атадан жаман ұл туса - адам біткеннің қоры болады.
Жақсы мен жаман туралы
Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,
Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.
Амалсыздық туралы
Бір бала бар - атасына жете туады,
Бір бала бар - атасынан өте туады,
Бір бала бар - көтінен кері кете туады.
Адам өмірі туралы
Ағасы бардың - жағасы бар, інісі бардың - тынысы бар.
Туыстық туралы
Арға -мінажат.
Барға - қанағат, жоққа - салауат.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Ханын қарадай өлтірген - қарашасын қынадай қырар.
Бек, хан туралы
Үй сыртында төбең болса - ерттеулі тұрған атпен тең,
Көп жасаған қартың болса - жазып кеткен хатпен тең.
Жақсы мен жаман туралы
Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.
Байлық-кедейлік туралы
Аға төреші бола алмайды - алдында қаймығары жоқ,
Іні төреші бола алмайды - артында қайырылары жоқ.
Туыстық туралы
Жарлының жалғыз тоны - жанат емей немене,
Аузыңдағы отыз тіс - болат емей немене,
Астыңдағы жарау ат - қанат емей немене?!
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Ұят қымбат, ар қымбат,
Жаның сүйген жар қымбат.
Ар-намыс, ұят туралы
Жазылмаған дерт қиын,
Орындалмаған серт қиын.
Жұрт айтқанды тындамай,
Өзің түскен өрт қиын.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Тату болса - ағайын жақын,
Адал болса - дос жақын.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Ерден ердің несі артық - ептестірген сөзі артық,
Жерден жердің несі артық - бір-екі уыс шөбі артық,
Малдан малдың несі артық - бір-екі асым еті артық,
Серттен тайған жігіттен - аштан өлген аюдың өті артық.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Өркенің өссін десең, кекшіл болма - кесапаты тиер,
Өзгеге қиянат жасар өршіл болма - қанатың күйер.
Басына іс түскен пендеге күлме - қайғысы көшер,
Жанашыры жоққа жәрдемші бол - абыройың өсер.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Бүгін сағы сынды деп жақсыларды басынба,
Қиын-қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Біз - қазақ деген қырда қой баққан елміз,
Жүйрік жаратып, қымызға бие байлатқан елміз.
Отан, туған жер туралы
Дәм-тұзды ақтай білген,
Достықты сақтай білген,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз!
Отан, туған жер туралы
Төрімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа - ту іліп,
Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз!
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Дұшпанға еш бас ұрмаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз!
Асқақтаған хан болса,
Сөз ұқпайтын паң болса,
Қанға - қан, жанға - жан алатынымызды жасырмаған елміз!
Отан, туған жер туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)