Жаңалықтар

Театр архитектурасы

Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Театр архитектурасы – түрлі театр ойын-сауықтарын қоюға арналған ғимараттар мен құрылыстар. Б.з.б. 6 ғ-да алғашқы төбесі ашық театр ғимараттары Ежелгі Грекияда бой көрсетті. Ежелгі театрлар орхестра (актерлер мен хордың өнер көрсетуіне арналған алаңша), скена (театр мүліктерін сақтау және актерлердің киім ауыстыруы үшін салынған қосымша құрылыс) және театрон (көрермендерге арналған орын) атты 3 бөліктен тұрды. Театр б.з.б. 4 ғ-ға дейін ағаштан, кейіннен тастан салынды. Б.з.б. 4 – 3 ғ-ларда скена екі қабатты тік бұрышты үй жобасында тұрғызылды. Орхестра мен скена арасын сатылар мен пандустар байланыстырды. Скена декорациялар мен сахналық механизмдерді қоюға икемделіп жасалды. Қала халқын толық қамтуды көздеген грек театрларының көлемі (мыс., Эфес театрына 23 мың адам сыятын болған, театронының диам. 152 м-дей, орхестраның диам. 31 м) өте үлкен болып келді. Грек ашық театрларының типтері б.з.б. 1 ғ-да тастан салынған Ежелгі Рим театрларында (Римдегі Помпей театры, 17 мың орыннан астам) дами түсті. Алғашқы жаппалы театрды Помпейде (б.з.б. 3 – 1 ғ-лар, 2 мың орын шамасында) римдіктер тұрғызды. Көне дәуірде қалыптасқан театр ғимаратының құрылысы өзінен кейінгі Т. а. дамуына да үлкен әсерін тигізіп отырды. Бастапқы ортағасырлық кезеңдегі литург. драмалар алғашында ғибадатханада, 14 – 16 ғ-ларда қала көшелері мен алаңдарда көрсетілді. Театр құрылысын салу ісі Қайта өркендеу дәуірінде (16 ғ.) алғаш Италияда, одан кейін оның соңын ала Еуропаның басқа елдерінде де етек алды. Трагедия, комедия және пасторалдық драманың даму сахнасы кең жаппалы театр салу қажеттілігін тудырды. 16 ғ-дың басында перспективалы сахналар пайда болды. Пармадағы Фарнезе театрында (1618, арх. Дж. Б. Алеотти) алғаш рет ауыстырмалы жапқышты әрі перделі және порталды ауқымды сахна қолданылды. 17 ғ-дың 1-жартысында операның кең өріс алуына байланысты театр ғимаратында акустиканың жоғары болуы ескерілді. Арх. К.Фонтана ложалы әрі бірнеше ярусты залы бар алғашқы театрды (“Тординона”, Рим, 1675) тұрғызды. Милан қ-ндағы “Ла Скала” театры (1778, арх. Дж. Пьермарини; 3 мың орынды) итальян үлгісіндегі театрдың озық үлгісінің бірінен саналады. 16 ғ-дың аяғында Англияда ежелгі төбесі ашық театр мен ортағасырлық алаң театры үлгісінің басын біріктірген театр ғимаратының жаңа бір түрі (Лондон қ-ндағы “Глобус” театры, 1599) пайда болды. Өз дәуірінде кең етек алған архит. стильмен театр қашаннан салтанатты құрылыс ретінде қала орт-на салынып, колоннада, портик және монументті-сәндік мүсіндермен безендірілді. 18 – 19 ғ-ларда Еуропа, Америка, Ресей театрлары негізінен итальян (Мәскеудің Yлкен театры, Санкт-Петербургтің акад. драма театры) және франц. театры үлгісінде (Останкинодағы усадьбалы театр) салынды. Театрлардың көбісі бағалы архит. ескерткіш ретінде қала құрылысы ансамблінен көрнекті орын алды. 19 ғ-дың соңын ала театр жанрларының драм. және муз. болып жіктелуі жаңа типтегі Т. а-ның пайда болуына жағдай жасады. Жаңа типтегі алғашқы секторлы залды театр 1876 ж. Байрейт қ-нда (Р.Вагнер опера театры, арх. Брюквальд, Г.Земпер жобасы бойынша) ашылды. Осы үлгідегі театр 20 ғ-да кең өріс алды. Сахна өнерінің гүлденуі 20 ғ-дың басында спектакль жанрына орай жаңа үлгідегі (ашық сахналы) театр үйлерін (мыс., Берлиннің Yлкен театры, 1919, арх. Х.Пельциг) салуды қажет етті. ТМД елдерінде театр ғимараттарын салу сан алуан театр жанрларын қоюға ыңғайлы театр типтері жобаланғаннан (1930 жылдардың басында) кейін қолға алынды. 1935 жылдан театр құрылысы ісінде дөңгелек не секторлы залды әрі шымылдығы мен амфитеатры бар театр (Минск қ-ндағы Беларусьтің Yлкен опера және балет театры, 1935 – 37, арх. И.Г. Лангбард; Новосибирск қ-ндағы Опера және балет театры, 1931 – 45, арх. А.З. Гринберг, Т.Я. Барт, т.б.) кең тарады. 20 ғ-дың 30-жылдарының орта шеніне дейін Т. а. конструктивизм (Дондағы Ростовтың М.Горький атынд. драма театры, 1930 – 35, арх. В.А. Щуко, В.Г. Гельфрейх) ықпалында болып, 1950 жылдардың 2-ширегіне шейін орыс және дүние жүзі архитектурасы мен ТМД елдері сәулет өнері жетістіктерін (мыс., Ташкент қ-ндағы Өзбектің опера және балет театры, 1938 – 47, арх. А.В. Щусев; Алматы қ-ндағы Қазақтың мемл. академ. опера және балет театры, 1941, арх. А.Круглов, Н.А. Простаков, Т.Бәсенов, т.б.) орынды пайдалану көзделді. Қазақтың мемл. академ. опера және балет театрының құрылысында орыстың классик. архитектурасы мен ұлттық сәулет өнері ырғақтары өзара жарасымды үндестік тапты. Шаршы үлгіде салынған театр ғимаратының алғы бетінде шығыңқы орналасқан лоджия-портигі бар. Портиктің капительді 4 бағанасы, оның жоғары жағынан тартылған бедер-мүсін ғимаратқа әсемдік пен салтанатты сипат береді. Ғимараттың композиц. құрылымының өзегі 1170 орынды көрермендер залы болып саналады. Орыс мемл. академ. драма театрының ғимараты 1969 ж. (арх. В.П. Давыденко, Г.П. Горлышков, т.б.) ірге көтерді. Құрастырмалы темір-бетоннан шаршы үлгіде салынған бұл ғимарат қабырға бедерінің өзіндік айшығымен, жер сілкінісіне төзімділігімен, жер бедеріне ұтымды орналасуымен ерекшеленеді. Көрермендер залы (717 орынды) бірыңғай амфитеатр түрінде шешім тапқан. Қазақтың мемл. академ. драма театрының жаңа ғимараты 1980 ж. (арх. О.Баймырзаев, М.Жақсылықов, А.Қайнарбаев) салынды. Классик. үлгінің қазіргі сәулет өнері тәсілімен үндесе отырып, ұлттық сипаттағы шешімі – ғимарат архитектурасының басты ерекшелігі болып табылады. 815 орынды үлкен және 250 орынды кіші залы бар. Негізгі көрермендер залының 3 қабат кеңістігімен ұласқан кең фойе орналасқан. Театр ғимаратының алдына 1981 ж. жазушы М.Әуезов ескерткіші (мүсіншісі Е.Сергебаев) орнатылды. Ғимаратты жобалаушы авторлар тобы 1983 ж. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл-н алды. 1972 ж. Петропавл қ-нда обл. орыс драма театрының (арх. А.А. Козачинский) салынды. Театр ғимаратының фойесі 2 қабат кеңістікпен ұласқан, жобалық құрылымы тік төртбұрышты (34´78 м) пошымда тұрғызылған. Күйдірілген кірпіштен қаланып, сырты өрнекті тақталармен қапталған. Негізгі үлкен залдан басқа, кіші және репетиц. залдармен жабдықталған. 1983 ж. Семей қ-нда Абай атынд. алаңда қазіргі замандық сәулет өнерінің озық үлгілерін бойына жинақтаған қазақ муз.-драма театрының сәулетті ғимараты (арх. В.Белоусов, А.Смирнов, т.б.) бой көтерді. Театр ғимараты құрылысынан ұлттық сәулет өнерінің дәстүрі анық байқалады. Сондай-ақ соңғы жылдары Орал, Қызылорда, Шымкент, Жетісай, т.б. қалаларда жаңа театр ғимараттары салынып, пайдалануға берілді. К. Нұров, М. Оспанов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том
09.11.2012 04:27 7330

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Театр архитектурасы – түрлі театр ойын-сауықтарын қоюға арналған ғимараттар мен құрылыстар. Б.з.б. 6 ғ-да алғашқы төбесі ашық театр ғимараттары Ежелгі Грекияда бой көрсетті. Ежелгі театрлар орхестра (актерлер мен хордың өнер көрсетуіне арналған алаңша), скена (театр мүліктерін сақтау және актерлердің киім ауыстыруы үшін салынған қосымша құрылыс) және театрон (көрермендерге арналған орын) атты 3 бөліктен тұрды. Театр б.з.б. 4 ғ-ға дейін ағаштан, кейіннен тастан салынды. Б.з.б. 4 – 3 ғ-ларда скена екі қабатты тік бұрышты үй жобасында тұрғызылды. Орхестра мен скена арасын сатылар мен пандустар байланыстырды. Скена декорациялар мен сахналық механизмдерді қоюға икемделіп жасалды. Қала халқын толық қамтуды көздеген грек театрларының көлемі (мыс., Эфес театрына 23 мың адам сыятын болған, театронының диам. 152 м-дей, орхестраның диам. 31 м) өте үлкен болып келді. Грек ашық театрларының типтері б.з.б. 1 ғ-да тастан салынған Ежелгі Рим театрларында (Римдегі Помпей театры, 17 мың орыннан астам) дами түсті. Алғашқы жаппалы театрды Помпейде (б.з.б. 3 – 1 ғ-лар, 2 мың орын шамасында) римдіктер тұрғызды. Көне дәуірде қалыптасқан театр ғимаратының құрылысы өзінен кейінгі Т. а. дамуына да үлкен әсерін тигізіп отырды. Бастапқы ортағасырлық кезеңдегі литург. драмалар алғашында ғибадатханада, 14 – 16 ғ-ларда қала көшелері мен алаңдарда көрсетілді. Театр құрылысын салу ісі Қайта өркендеу дәуірінде (16 ғ.) алғаш Италияда, одан кейін оның соңын ала Еуропаның басқа елдерінде де етек алды. Трагедия, комедия және пасторалдық драманың даму сахнасы кең жаппалы театр салу қажеттілігін тудырды. 16 ғ-дың басында перспективалы сахналар пайда болды. Пармадағы Фарнезе театрында (1618, арх. Дж. Б. Алеотти) алғаш рет ауыстырмалы жапқышты әрі перделі және порталды ауқымды сахна қолданылды. 17 ғ-дың 1-жартысында операның кең өріс алуына байланысты театр ғимаратында акустиканың жоғары болуы ескерілді. Арх. К.Фонтана ложалы әрі бірнеше ярусты залы бар алғашқы театрды (“Тординона”, Рим, 1675) тұрғызды. Милан қ-ндағы “Ла Скала” театры (1778, арх. Дж. Пьермарини; 3 мың орынды) итальян үлгісіндегі театрдың озық үлгісінің бірінен саналады. 16 ғ-дың аяғында Англияда ежелгі төбесі ашық театр мен ортағасырлық алаң театры үлгісінің басын біріктірген театр ғимаратының жаңа бір түрі (Лондон қ-ндағы “Глобус” театры, 1599) пайда болды. Өз дәуірінде кең етек алған архит. стильмен театр қашаннан салтанатты құрылыс ретінде қала орт-на салынып, колоннада, портик және монументті-сәндік мүсіндермен безендірілді. 18 – 19 ғ-ларда Еуропа, Америка, Ресей театрлары негізінен итальян (Мәскеудің Yлкен театры, Санкт-Петербургтің акад. драма театры) және франц. театры үлгісінде (Останкинодағы усадьбалы театр) салынды. Театрлардың көбісі бағалы архит. ескерткіш ретінде қала құрылысы ансамблінен көрнекті орын алды. 19 ғ-дың соңын ала театр жанрларының драм. және муз. болып жіктелуі жаңа типтегі Т. а-ның пайда болуына жағдай жасады. Жаңа типтегі алғашқы секторлы залды театр 1876 ж. Байрейт қ-нда (Р.Вагнер опера театры, арх. Брюквальд, Г.Земпер жобасы бойынша) ашылды. Осы үлгідегі театр 20 ғ-да кең өріс алды. Сахна өнерінің гүлденуі 20 ғ-дың басында спектакль жанрына орай жаңа үлгідегі (ашық сахналы) театр үйлерін (мыс., Берлиннің Yлкен театры, 1919, арх. Х.Пельциг) салуды қажет етті. ТМД елдерінде театр ғимараттарын салу сан алуан театр жанрларын қоюға ыңғайлы театр типтері жобаланғаннан (1930 жылдардың басында) кейін қолға алынды. 1935 жылдан театр құрылысы ісінде дөңгелек не секторлы залды әрі шымылдығы мен амфитеатры бар театр (Минск қ-ндағы Беларусьтің Yлкен опера және балет театры, 1935 – 37, арх. И.Г. Лангбард; Новосибирск қ-ндағы Опера және балет театры, 1931 – 45, арх. А.З. Гринберг, Т.Я. Барт, т.б.) кең тарады. 20 ғ-дың 30-жылдарының орта шеніне дейін Т. а. конструктивизм (Дондағы Ростовтың М.Горький атынд. драма театры, 1930 – 35, арх. В.А. Щуко, В.Г. Гельфрейх) ықпалында болып, 1950 жылдардың 2-ширегіне шейін орыс және дүние жүзі архитектурасы мен ТМД елдері сәулет өнері жетістіктерін (мыс., Ташкент қ-ндағы Өзбектің опера және балет театры, 1938 – 47, арх. А.В. Щусев; Алматы қ-ндағы Қазақтың мемл. академ. опера және балет театры, 1941, арх. А.Круглов, Н.А. Простаков, Т.Бәсенов, т.б.) орынды пайдалану көзделді. Қазақтың мемл. академ. опера және балет театрының құрылысында орыстың классик. архитектурасы мен ұлттық сәулет өнері ырғақтары өзара жарасымды үндестік тапты. Шаршы үлгіде салынған театр ғимаратының алғы бетінде шығыңқы орналасқан лоджия-портигі бар. Портиктің капительді 4 бағанасы, оның жоғары жағынан тартылған бедер-мүсін ғимаратқа әсемдік пен салтанатты сипат береді. Ғимараттың композиц. құрылымының өзегі 1170 орынды көрермендер залы болып саналады. Орыс мемл. академ. драма театрының ғимараты 1969 ж. (арх. В.П. Давыденко, Г.П. Горлышков, т.б.) ірге көтерді. Құрастырмалы темір-бетоннан шаршы үлгіде салынған бұл ғимарат қабырға бедерінің өзіндік айшығымен, жер сілкінісіне төзімділігімен, жер бедеріне ұтымды орналасуымен ерекшеленеді. Көрермендер залы (717 орынды) бірыңғай амфитеатр түрінде шешім тапқан. Қазақтың мемл. академ. драма театрының жаңа ғимараты 1980 ж. (арх. О.Баймырзаев, М.Жақсылықов, А.Қайнарбаев) салынды. Классик. үлгінің қазіргі сәулет өнері тәсілімен үндесе отырып, ұлттық сипаттағы шешімі – ғимарат архитектурасының басты ерекшелігі болып табылады. 815 орынды үлкен және 250 орынды кіші залы бар. Негізгі көрермендер залының 3 қабат кеңістігімен ұласқан кең фойе орналасқан. Театр ғимаратының алдына 1981 ж. жазушы М.Әуезов ескерткіші (мүсіншісі Е.Сергебаев) орнатылды. Ғимаратты жобалаушы авторлар тобы 1983 ж. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл-н алды. 1972 ж. Петропавл қ-нда обл. орыс драма театрының (арх. А.А. Козачинский) салынды. Театр ғимаратының фойесі 2 қабат кеңістікпен ұласқан, жобалық құрылымы тік төртбұрышты (34´78 м) пошымда тұрғызылған. Күйдірілген кірпіштен қаланып, сырты өрнекті тақталармен қапталған. Негізгі үлкен залдан басқа, кіші және репетиц. залдармен жабдықталған. 1983 ж. Семей қ-нда Абай атынд. алаңда қазіргі замандық сәулет өнерінің озық үлгілерін бойына жинақтаған қазақ муз.-драма театрының сәулетті ғимараты (арх. В.Белоусов, А.Смирнов, т.б.) бой көтерді. Театр ғимараты құрылысынан ұлттық сәулет өнерінің дәстүрі анық байқалады. Сондай-ақ соңғы жылдары Орал, Қызылорда, Шымкент, Жетісай, т.б. қалаларда жаңа театр ғимараттары салынып, пайдалануға берілді.

К. Нұров, М. Оспанов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға