Шерхан Мұртаза-2
Тәуелсіздіктің жолы - қатты, дәмі - тәтті. Тәуелсіздік туралы Жап-жас, балаң мемлекетіміздің тәуелсіздігіне сырттан зеңбірекпен төніп тұрған қауіп, құдайға шүкір, дәл қазір жоқ. Мемлекетімізге, зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп тұрған орасаң қауіп - жемқорлық парақорлық, ұрлық-қарлық! Қоғам, мемлекет, заман туралы Асфальтта туып, тас бесікте өскендер қазақтың аса қымбат жәдігерлерін тұншықтырып жатыр. Тәуелсіздік туралы Темекі тартқан әйелді сүйгенің - темекінің күліп салған күлдеуішті сүйгенмен бірдей. Әйел, ана туралы Теледидар - құдіретті күш. Ол да баяғы ертектегі дәу пері сияқты:кімнің «сиқырлы сақинасы» бар - соның құлақкесті құлы. «Адамдарды жаппай мәңгүрт ет» десе - мәңгүрт ете салады. «Жаппай иманды ет» десе - иманды ете алады. Ертеңің не болады? Әлі жеткен теледидарды билеп-төстеп, жас өскінді ұлттық қасиеттен жырақ, тілі жұтаң, мінезі жат, санасы саңылаусыз мәңгүрт қылып өсіре бере ме? Қоғам, мемлекет, заман туралы Заң - ең алдымен, иманды болуы керек. Заң туралы Жаңаның тамыры - көне. Көне мен жаңа туралы Уақыт - елеуіш: кез-келген іс-әрекетті, оқиғаны - мән-мағынасына қарай елеп-екшеп отырады. Қоғам, мемлекет, заман туралы Жер-ананың әкпе-бауыры - орман. Шыбық шаншы, тал тік! Табиғат туралы Астана - қазақтың бөлінбес бірлігінің, мәңгілік тұтастығының символы болуы шарт. Астана туралы Қазақ елі - жаралы теңбіл барыс сияқты. Ылдидан қарғып шыққан жылғы қан сорғалаған ізге толы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс - 1986 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске жалғасты. Ел, халық туралы Өтірік мақтау - асқа у қосып берумен бірдей. Қастандық туралы Жау жаманы - жарамсақ. Жақсы мен жаман туралы Тарихи кезеңдер қайталанатын сияқты: жоғалғанды шашылғанды жинау міндеті тағы да алдымыздан шығып тұр. Қоғам, мемлекет, заман туралы Рух азса - намыс тозады. Ар-намыс, ұят туралы Оптимист болған - жақсы, реалист болған - одан да жақсы. Жақсы мен жаман туралы Онсыз да кірленген дүниені кір басқан дүрбімен қарауға болмайды. Қоғам, мемлекет, заман туралы Тойымсыздық психологиясы: жемқорлардың жемсауы толмайды-өйткені, олар қанағат дегеннің не екенін білмейді. Қанағат-рақым туралы Не деген әділетсіздік: тұлпарды тұсап қояды да, «ал, шап» дейді. Аяғы кісендеулі ат шаба ала ма? Әділетсіздік туралы Конституция «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» дейді. Рахмет. Тіл туралы Мемлекет басшыларынан бастап - жергілікті «әкімбайға» дейін қазақша сөйлемесе, оның несі мемлекеттік тіл?! Басқа-басқа, Конституцияның өтірік айтқаны - өлгені ғой. Не болмаса, Конституция қағидасын орындамай отырғандар оңбаған. Екінің бірі. Бұл - әділетсіздікке негізделген қоғамның нышаны. Қоғам, мемлекет, заман туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталыТәуелсіздіктің жолы - қатты, дәмі - тәтті.
Тәуелсіздік туралы
Жап-жас, балаң мемлекетіміздің тәуелсіздігіне сырттан зеңбірекпен төніп тұрған қауіп, құдайға шүкір, дәл қазір жоқ. Мемлекетімізге, зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп тұрған орасаң қауіп - жемқорлық парақорлық, ұрлық-қарлық!
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Асфальтта туып, тас бесікте өскендер қазақтың аса қымбат жәдігерлерін тұншықтырып жатыр.
Тәуелсіздік туралы
Темекі тартқан әйелді сүйгенің - темекінің күліп салған күлдеуішті сүйгенмен бірдей.
Әйел, ана туралы
Теледидар - құдіретті күш. Ол да баяғы ертектегі дәу пері сияқты:кімнің «сиқырлы сақинасы» бар - соның құлақкесті құлы. «Адамдарды жаппай мәңгүрт ет» десе - мәңгүрт ете салады. «Жаппай иманды ет» десе - иманды ете алады. Ертеңің не болады? Әлі жеткен теледидарды билеп-төстеп, жас өскінді ұлттық қасиеттен жырақ, тілі жұтаң, мінезі жат, санасы саңылаусыз мәңгүрт қылып өсіре бере ме?
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Заң - ең алдымен, иманды болуы керек.
Заң туралы
Жаңаның тамыры - көне.
Көне мен жаңа туралы
Уақыт - елеуіш: кез-келген іс-әрекетті, оқиғаны - мән-мағынасына қарай елеп-екшеп отырады.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Жер-ананың әкпе-бауыры - орман. Шыбық шаншы, тал тік!
Табиғат туралы
Астана - қазақтың бөлінбес бірлігінің, мәңгілік тұтастығының символы болуы шарт.
Астана туралы
Қазақ елі - жаралы теңбіл барыс сияқты. Ылдидан қарғып шыққан жылғы қан сорғалаған ізге толы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс - 1986 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске жалғасты.
Ел, халық туралы
Өтірік мақтау - асқа у қосып берумен бірдей.
Қастандық туралы
Жау жаманы - жарамсақ.
Жақсы мен жаман туралы
Тарихи кезеңдер қайталанатын сияқты: жоғалғанды шашылғанды жинау міндеті тағы да алдымыздан шығып тұр.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Рух азса - намыс тозады.
Ар-намыс, ұят туралы
Оптимист болған - жақсы, реалист болған - одан да жақсы.
Жақсы мен жаман туралы
Онсыз да кірленген дүниені кір басқан дүрбімен қарауға болмайды.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Тойымсыздық психологиясы: жемқорлардың жемсауы толмайды-өйткені, олар қанағат дегеннің не екенін білмейді.
Қанағат-рақым туралы
Не деген әділетсіздік: тұлпарды тұсап қояды да, «ал, шап» дейді. Аяғы кісендеулі ат шаба ала ма?
Әділетсіздік туралы
Конституция «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» дейді. Рахмет.
Тіл туралы
Мемлекет басшыларынан бастап - жергілікті «әкімбайға» дейін қазақша сөйлемесе, оның несі мемлекеттік тіл?! Басқа-басқа, Конституцияның өтірік айтқаны - өлгені ғой. Не болмаса, Конституция қағидасын орындамай отырғандар оңбаған. Екінің бірі. Бұл - әділетсіздікке негізделген қоғамның нышаны.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)