Жаңалықтар

Басмашылар қозғалысы

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Басмашылар қозғалысы (1918 — 30) — Түркістан өлкесі халықтарының Кеңес өкіметі өктемдігіне қарсы жүргізген азаттық күресі. Б. қ. кеңестер билігінің жалпыадамзаттық құндылықтарға таптық, партиялық мүддені қарсы қою саясатының терең дағдарысқа ұшырағандығының, соның салдарынан империяның басқа аймақтарын қамтыған ішкі азаматтық қақтығыстың Түркістан өлкесіне жеткендігінің көрінісі болды. Кеңес өкіметінің 1918 ж. қаңтарда Түркістан автономиясын қарулы күшпен құлатуын, сондай-ақ, Түркістанда дәстүрлі қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен тәртіпті рев. шаралар арқылы түбегейлі қайта құру жолындағы алғашқы қадамын жергілікті халық жаңа отаршыл мақсатты көздеген әрекет ретінде қабылдады. Мұндай қалыптасқан жағдай Б. қ-ның шығуына алып келді. Кеңестік тарихнама бұл қоғамдық құбылысты қарабайырландырып, Б. қ. шетелдік интервенциялық орталықтардың қолдауымен ішкі феодалдық және діни күштердің Кеңес өкіметіне қарсы таптық күресі болды деген бір жақты тұжырым жасады. Б. қ-ның құрамы тек феодалдық топтар мен дін басыларынан ғана тұрған жоқ, оның иіріміне жеке қожалығы мен дәстүрлі тіршілігінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылып қалудан үрейленген орта шаруалар мен қарапайым диқандар да тартылды. Олардың ортақ идеологиясы өз Отанын, меншігін, дәстүрлі өмір салтын жаңа мазмұндағы отаршыл өзгерістерден, зорлықшыл шаралардан құтқару, сақтау болды. Түркістан өлкесінде жергілікті халық өкілдерінің қолына қару алып, кеңестік билікке қарсы шығуы алғаш Ферғана обл-нда бой көрсетті. Онда 1918 ж. көктемде құрбашы Ергаш, күзден бастап құрбашы Мадаминбек бастаған басмашылар тобы батыл қимылдарға көшті. Тек құрбашы Ергештің қол астында 1800-ге жуық қарулы жасақ болды. 1919 жылға қарай басмашылар тобының саны 150-ге жетті. Ондағы адамдардың саны 60 мыңға жуық болды. Басмашылардың көздеген ортақ мақсаты — Түркістан өлкесінің тәуелсіздігін қалпына келтіру еді. Қозғалысқа 1917 — 18 жылғы жұттан ығысып Ферғана өңіріне келіп, рев. дүрбелеңнен соң сонда қалып қойған орта жүз қазақтары да белсенді түрде ат салысты, Жиделібайсын тұрғындары көтерілісшілерді көлікпен қамтамасыз етті. Басмашыларды қаруландыруға ағылшын үкіметі дипломатиялық тобының басшысы Ф. Бейли, Ташкенттегі Америка консулы Р. Тредуэлл қатысты. Басмашылар кеңестік әскери бөлімшелерге, өнеркәсіп орындарына, т.ж. ст-ларына, қоймаларға тұтқиылдан тап беру әдісін қолданды. 1919 ж. қыркүйекте Мадаминбек тобы Қырғызстандағы К. Монстров бастаған шаруалар армиясымен бірлескен әрекеттерге көшіп, Ош пен Жалалабад қ-ларын басып алды, Әндіжан мен Ферғана қ-ларына қауіп төндірді. 1919 ж. қазанда Қытай шекарасы маңында құрбашылар құрылтайы өтіп, онда Ферғана үкіметін құру туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге құрылтайда басмашылар тобы ұйымдық жағынан жетілдіріліп, Мадаминбек, Ергаш, Шермұхаммедбек, Қалқожа басқаратын ірі 4 топқа бөлінді. Құрылтайдың шешімі бойынша ақ гвардияшыл орыс офицерлері әскери іске тартылатын болды. 1920 жылдың басында М.В. Фрунзе басқарған Түркістан майданына орталықтан ірі қарулы күштер тартылып, Б. қ-на ауыр соққылар берілді. Ферғана атқыштар дивизиясының командирі Ф.Д. Карпов телеграф арқылы М.В. Фрунзеге “Ферғанадағы соғыс тонаушы басбұзарлармен емес, Кеңес билігіне қарсы жергілікті жұрттың көтерілісі ретінде етек алуда” деп мәлімдеді. 1921 ж. тек Ферғана өңірінде ғана 200-ден астам басмашылар тобы күрес жүргізді. Қызыл әскерлер соққысы кезінде көптеген қыстақтар мен егістік алқаптар талқандалды. Осылайша Б. қ. Ферғана өңірінде біртіндеп әлсірей түсті. 1921 ж. Бұхараға Түркияның бұрынғы соғыс министрі Энвер паша келді. Ол ислам дініндегі барлық халықтарды біріктіріп, Орта Азияда мұсылман мемлекетін құру жөнінде ұран тастады. Энвер паша Ферғана өңірінен шегінген бытыраңқы басмашылар тобынан 16 мың адамнан тұратын армия құрап, 1922 ж. көктемде Бұхар Халық Кеңес Республикасының едәуір бөлігін басып алды. Бұхар жерінде өріс алған Б. қ-на Зәки Уәлиди Тоған да ат салысты. Ол . қ-на қазақ ұлт-азаттық қозғалысы тарапынан қолдау болады деп үміттенді. Ә. Бөкейханов бастаған алаш қайраткерлері Х. Болғанбаев, Ғ. Бірімжанов, қырғыз Ы. Жанұзақовтың басмашылармен байланыс орнатпақ болған ниеті нәтижесіз болды. Бұрынғы Бұхар, Хиуа хандықтары жерінде Ибрагимбек пен Жунаид хан жетекшілік еткен Б. қ. өрістеді, 1922 ж. жазда Энвер паша қызыл әскерлермен шайқас кезінде қаза тапты. 1922 ж. Жунаид ханның, 1926 ж. Ибрагимбектің басмашылар тобына соққы берілді. Б. қ. жетекшілерінің көпшілігі өз тобымен Ауғанстан, Иран, Қытай жеріне өтіп кетті. Олар 1930 жылға дейін Кеңес үкіметімен күресін жалғастыра берді. Б. қ-мен күрес Түркістан өлкесінің шаруашылығына үлкен зиянын тигізді, бітпес шайқасқа түскен екі жақтан да үлкен адам шығынына алып келді. 1929 — 31 ж. Қазақстанда күштеп ұжымдастыруға қарсы болып өткен халық көтерілістері Б. қ-мен іштей байланысы бар, сабақтас құбылыстар болатын. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том    
09.11.2012 04:21 6058

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Басмашылар қозғалысы (1918 — 30) — Түркістан өлкесі халықтарының Кеңес өкіметі өктемдігіне қарсы жүргізген азаттық күресі. Б. қ. кеңестер билігінің жалпыадамзаттық құндылықтарға таптық, партиялық мүддені қарсы қою саясатының терең дағдарысқа ұшырағандығының, соның салдарынан империяның басқа аймақтарын қамтыған ішкі азаматтық қақтығыстың Түркістан өлкесіне жеткендігінің көрінісі болды. Кеңес өкіметінің 1918 ж. қаңтарда Түркістан автономиясын қарулы күшпен құлатуын, сондай-ақ, Түркістанда дәстүрлі қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен тәртіпті рев. шаралар арқылы түбегейлі қайта құру жолындағы алғашқы қадамын жергілікті халық жаңа отаршыл мақсатты көздеген әрекет ретінде қабылдады. Мұндай қалыптасқан жағдай Б. қ-ның шығуына алып келді. Кеңестік тарихнама бұл қоғамдық құбылысты қарабайырландырып, Б. қ. шетелдік интервенциялық орталықтардың қолдауымен ішкі феодалдық және діни күштердің Кеңес өкіметіне қарсы таптық күресі болды деген бір жақты тұжырым жасады. Б. қ-ның құрамы тек феодалдық топтар мен дін басыларынан ғана тұрған жоқ, оның иіріміне жеке қожалығы мен дәстүрлі тіршілігінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылып қалудан үрейленген орта шаруалар мен қарапайым диқандар да тартылды. Олардың ортақ идеологиясы өз Отанын, меншігін, дәстүрлі өмір салтын жаңа мазмұндағы отаршыл өзгерістерден, зорлықшыл шаралардан құтқару, сақтау болды. Түркістан өлкесінде жергілікті халық өкілдерінің қолына қару алып, кеңестік билікке қарсы шығуы алғаш Ферғана обл-нда бой көрсетті. Онда 1918 ж. көктемде құрбашы Ергаш, күзден бастап құрбашы Мадаминбек бастаған басмашылар тобы батыл қимылдарға көшті. Тек құрбашы Ергештің қол астында 1800-ге жуық қарулы жасақ болды. 1919 жылға қарай басмашылар тобының саны 150-ге жетті. Ондағы адамдардың саны 60 мыңға жуық болды. Басмашылардың көздеген ортақ мақсаты — Түркістан өлкесінің тәуелсіздігін қалпына келтіру еді. Қозғалысқа 1917 — 18 жылғы жұттан ығысып Ферғана өңіріне келіп, рев. дүрбелеңнен соң сонда қалып қойған орта жүз қазақтары да белсенді түрде ат салысты, Жиделібайсын тұрғындары көтерілісшілерді көлікпен қамтамасыз етті. Басмашыларды қаруландыруға ағылшын үкіметі дипломатиялық тобының басшысы Ф. Бейли, Ташкенттегі Америка консулы Р. Тредуэлл қатысты. Басмашылар кеңестік әскери бөлімшелерге, өнеркәсіп орындарына, т.ж. ст-ларына, қоймаларға тұтқиылдан тап беру әдісін қолданды. 1919 ж. қыркүйекте Мадаминбек тобы Қырғызстандағы К. Монстров бастаған шаруалар армиясымен бірлескен әрекеттерге көшіп, Ош пен Жалалабад қ-ларын басып алды, Әндіжан мен Ферғана қ-ларына қауіп төндірді. 1919 ж. қазанда Қытай шекарасы маңында құрбашылар құрылтайы өтіп, онда Ферғана үкіметін құру туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге құрылтайда басмашылар тобы ұйымдық жағынан жетілдіріліп, Мадаминбек, Ергаш, Шермұхаммедбек, Қалқожа басқаратын ірі 4 топқа бөлінді. Құрылтайдың шешімі бойынша ақ гвардияшыл орыс офицерлері әскери іске тартылатын болды. 1920 жылдың басында М.В. Фрунзе басқарған Түркістан майданына орталықтан ірі қарулы күштер тартылып, Б. қ-на ауыр соққылар берілді. Ферғана атқыштар дивизиясының командирі Ф.Д. Карпов телеграф арқылы М.В. Фрунзеге “Ферғанадағы соғыс тонаушы басбұзарлармен емес, Кеңес билігіне қарсы жергілікті жұрттың көтерілісі ретінде етек алуда” деп мәлімдеді. 1921 ж. тек Ферғана өңірінде ғана 200-ден астам басмашылар тобы күрес жүргізді. Қызыл әскерлер соққысы кезінде көптеген қыстақтар мен егістік алқаптар талқандалды. Осылайша Б. қ. Ферғана өңірінде біртіндеп әлсірей түсті. 1921 ж. Бұхараға Түркияның бұрынғы соғыс министрі Энвер паша келді. Ол ислам дініндегі барлық халықтарды біріктіріп, Орта Азияда мұсылман мемлекетін құру жөнінде ұран тастады. Энвер паша Ферғана өңірінен шегінген бытыраңқы басмашылар тобынан 16 мың адамнан тұратын армия құрап, 1922 ж. көктемде Бұхар Халық Кеңес Республикасының едәуір бөлігін басып алды. Бұхар жерінде өріс алған Б. қ-на Зәки Уәлиди Тоған да ат салысты. Ол . қ-на қазақ ұлт-азаттық қозғалысы тарапынан қолдау болады деп үміттенді. Ә. Бөкейханов бастаған алаш қайраткерлері Х. Болғанбаев, Ғ. Бірімжанов, қырғыз Ы. Жанұзақовтың басмашылармен байланыс орнатпақ болған ниеті нәтижесіз болды. Бұрынғы Бұхар, Хиуа хандықтары жерінде Ибрагимбек пен Жунаид хан жетекшілік еткен Б. қ. өрістеді, 1922 ж. жазда Энвер паша қызыл әскерлермен шайқас кезінде қаза тапты. 1922 ж. Жунаид ханның, 1926 ж. Ибрагимбектің басмашылар тобына соққы берілді. Б. қ. жетекшілерінің көпшілігі өз тобымен Ауғанстан, Иран, Қытай жеріне өтіп кетті. Олар 1930 жылға дейін Кеңес үкіметімен күресін жалғастыра берді. Б. қ-мен күрес Түркістан өлкесінің шаруашылығына үлкен зиянын тигізді, бітпес шайқасқа түскен екі жақтан да үлкен адам шығынына алып келді. 1929 — 31 ж. Қазақстанда күштеп ұжымдастыруға қарсы болып өткен халық көтерілістері Б. қ-мен іштей байланысы бар, сабақтас құбылыстар болатын.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға