Шал Құлекеұлы -1
Адамға нағыз дәулет - перзент пен мал, жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу әйел. Бақыт, бақ-дәулет туралы Қазаққа пайда мынау: малын бақсын, Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын. Алдынан - мал, үстінен - үйі кетсе, Кеуек қардың үстінде қалай жатсын. Еңбек туралы Жастық өтер, кәрілік жетер. Адам өмірі туралы Бардан жарлы болғандар болар арлы. Байлық-кедейлік туралы Аққу құс - көлдің көркі, ер жігіт - елдің көркі. Ер жігіт туралы Ашуланшақ келеді жарлы кісі. Байлық-кедейлік туралы Тілек: ағайының көп болсын, бірлігі оның бек болсын, жамандық жер кез болса - бір-біріне сеп болсын. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы. Адам өмірі туралы Ер азса - ел азар. Ел, халық туралы Дүние - шолақ, жан - қонақ. Дүние туралы Байлауы жоқ шешеннен - үндемеген есті артық, бәйгі алмаған жүйріктен - белі жуан бесті артық. Пайдасыздық, керексіздік туралы Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар, Байдан бақыт таярда - дәулетіне мас болар. Кәріден абырой таярда - аңдығаны ас болар, Жетесіз туған жігіттер - жиырма бесте жас болар. Адам өмірі туралы Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі. Дін, иман туралы Анасын көр де - қызын ал, аяғын көр де - асын іш. Әйел, ана туралы Жеңілсе дұшпан - достық қыл. Достық туралы Пұт болдым деп мақтанба, одан да асқан батпан бар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Кәрілік - күлге аунаған кәрі бура. Адам өмірі туралы Қатын шайпау болғаны - болмағаны, келін шайпау болғаны - оңбағаны. Әйел, ана туралы Елу - ердің жасы екен, алпыс - бір сұмдықтың басы екен. Адам өмірі туралы Адамға талай жерді көрген артық, Танысып әркімдерді білген артық. Мысырға патша болып тұрсаңдағы, Болмайды туып-өскен жерден артық. Отан, туған жер туралы Пайдасы жоққа жалынсаң - семіз бір жемқор малмен тең, Жақсы қатын алсаңыз - алланың жауған нұрымен тең. Әйел, ана туралы Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса, Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса. Адамгершілік туралы Дүние деген осы: ешкімнің емес досы. Дүние туралы Байлауы жоқ шешеннен - үндемеген епті артық, Бәйге алмаған жүйріктен - белі жуан бесті артық. Пайдасыздық, керексіздік туралы Өткен қайтып келмейді, алғанын құдай бермейді. Адам өмірі туралы Ағайын жат болады алыс болса, Жат та жақын болады - таныс болса. Дұшпан түгіл достарың табалайды, Аяғың бір нәрседен шалыс болса. Ағайын-туыс туралы Майда бол жігіт болсаң тал жібектей, Жарамайды қатты болу тікенектей. Білімің болсадағы ұшан-теңіз, Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей. Еңбек туралы Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес. Байлық-кедейлік туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталыАдамға нағыз дәулет - перзент пен мал, жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу әйел.
Бақыт, бақ-дәулет туралы
Қазаққа пайда мынау: малын бақсын,
Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын.
Алдынан - мал, үстінен - үйі кетсе,
Кеуек қардың үстінде қалай жатсын.
Еңбек туралы
Жастық өтер, кәрілік жетер.
Адам өмірі туралы
Бардан жарлы болғандар болар арлы.
Байлық-кедейлік туралы
Аққу құс - көлдің көркі, ер жігіт - елдің көркі.
Ер жігіт туралы
Ашуланшақ келеді жарлы кісі.
Байлық-кедейлік туралы
Тілек: ағайының көп болсын, бірлігі оның бек болсын, жамандық жер кез болса - бір-біріне сеп болсын.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы.
Адам өмірі туралы
Ер азса - ел азар.
Ел, халық туралы
Дүние - шолақ, жан - қонақ.
Дүние туралы
Байлауы жоқ шешеннен - үндемеген есті артық, бәйгі алмаған жүйріктен - белі жуан бесті артық.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда - дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда - аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер - жиырма бесте жас болар.
Адам өмірі туралы
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі.
Дін, иман туралы
Анасын көр де - қызын ал, аяғын көр де - асын іш.
Әйел, ана туралы
Жеңілсе дұшпан - достық қыл.
Достық туралы
Пұт болдым деп мақтанба, одан да асқан батпан бар.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Кәрілік - күлге аунаған кәрі бура.
Адам өмірі туралы
Қатын шайпау болғаны - болмағаны, келін шайпау болғаны - оңбағаны.
Әйел, ана туралы
Елу - ердің жасы екен, алпыс - бір сұмдықтың басы екен.
Адам өмірі туралы
Адамға талай жерді көрген артық,
Танысып әркімдерді білген артық.
Мысырға патша болып тұрсаңдағы,
Болмайды туып-өскен жерден артық.
Отан, туған жер туралы
Пайдасы жоққа жалынсаң - семіз бір жемқор малмен тең,
Жақсы қатын алсаңыз - алланың жауған нұрымен тең.
Әйел, ана туралы
Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса,
Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса.
Адамгершілік туралы
Дүние деген осы: ешкімнің емес досы.
Дүние туралы
Байлауы жоқ шешеннен - үндемеген епті артық,
Бәйге алмаған жүйріктен - белі жуан бесті артық.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Өткен қайтып келмейді, алғанын құдай бермейді.
Адам өмірі туралы
Ағайын жат болады алыс болса,
Жат та жақын болады - таныс болса.
Дұшпан түгіл достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
Ағайын-туыс туралы
Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,
Жарамайды қатты болу тікенектей.
Білімің болсадағы ұшан-теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Еңбек туралы
Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес.
Байлық-кедейлік туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
