Сайф Сарайи
Сарайи Сайф (1321-1396) - ойшыл, ақын. Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласында тұрған. Кейін мәмлүктер билеп тұрған Мысырға барған. 1391 жылы парсының ұлы ақыны Шеих-Маслах-әд-дин Сағдидың әйгілі «Гүлстан» поэмасын сол кезде халықаралық қолданыста кең пайдаланылатын қыпшақ тіліне аударған. Тайып бара жатқанға таяныш бол. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Табысы жоқтың - танысы жоқ. Құр тілекпен бек атана алмайсың. Қиындық көрмей байлық келмейді. Еңбек туралы Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді. Адам өмірі туралы Саулығымды сақтаймын десең аз же, бірақ уақытылы же. Денсаулық туралы Артық ішкен ас - зиян. Денсаулық туралы Жанжалдың шоғы қызарса - ақылдың суын сеп. Ақыл-ой туралы Біліктінің орны - төр. Ғылым-білім, өнер туралы Ақылды - көптің көңілін аулар, күншіл - жоқты даулар. Ақыл-ой туралы Темір шеге - тасқа кірмейді, ақыл - надан басқа кірмейді. Ақыл-ой туралы Ақымақты мақтасаң - қуанар. Надандық, ақымақтық туралы Ісмер қайда жүрсе де ақша табады. Еңбек туралы Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме. Ар-намыс, ұят туралы Білім - ердің дәулеті. Ғылым-білім, өнер туралы Біліп істеген мақсатына тез жетеді. Еңбек туралы Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады. Надандық, ақымақтық туралы Надандар білімді адамды көре алмайды. Надандық, ақымақтық туралы Еңбегі жоқ ғалым - балы жоқ ара тәрізді. Еңбек туралы Қате сөйлеп, кейін өкінгеннен гөрі - тек тұрған жақсы. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Күшің бізге жеткенмен - құдайға жетпейді. Дін, иман туралы Түйнектен - ағаш өседі, түйір дәннен - қамба толады. Еңбек туралы Адамға шабатын арыстаннан - жүк таситын есек артық. Пайдасыздық, керексіздік туралы Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді. Еңбек туралы Сорлы есектің құны жоқ - жүк көтерер күші қымбат. Пайдасыздық, керексіздік туралы Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды. Адам өмірі туралы Адам - бір оқтық. Адам өмірі туралы Қорынып өмір сүргенше - қу кедей болып өлген артық. Пайдасыздық, керексіздік туралы Әркім өзінің білетін ісімен айналысқаны жөн. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Көңіл берме - көңіл бермес кісіге. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Бейнет көрмегенге - зейнет те жоқ. Еңбек туралы Тырнағанмен темір таты кетпейді. Пайдасыздық, керексіздік туралы Жай жатқан жыланның құйрығын баспа. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Кісінің түсіне емес, ісіне қара. Еңбек туралы Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық. Пайдасыздық, керексіздік туралы Алдында тұрсаң - жуас қойдай: сені «дос» деп біледі, Артында тұрсаң - аш бөрідей теріңді тіледі. Достық туралы Туралық - хақтың мейірі. Әділдік, шындық туралы Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық. Әділдік, шындық туралы Жамандық қылғанға - жақсылықпен жауап бер. Жақсы мен жаман туралы Отты сөндіріп - қозасын қалдырма, Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа. Жұрт қашардай - қатты болма, Жұрт таптардай - жуас болма. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды. Надандық, ақымақтық туралы Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы бостандық алатын да күн туады. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ізгілік пен әділдік өлмейді. Әділдік, шындық туралы Жаманмен жолдас болма. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тайып бара жатқанға таяныш бол. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Көзеге не құйсаң - соны ішесің, Көшеге не ексең - соны орасың. Еңбек туралы Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді. Достық туралы Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос, Жайшылықта доспын деген - жай сөз. Достық туралы Дос - зынданда жатқанда керек, Дастархан үстінде - дұшпан да дос. Достық туралы Жаман әйел - жақсы еркектің соры. Әйел, ана туралы Жүрек кімді қаласа - сол сұлу. Махаббат туралы Кісінің көңіліне қара. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ер адам кек сақтамайды. Ерлік, батырлық туралы Қадіріңді кетірме:ол - сенің таптырмас байлығың. Қадір-қасиет туралы Артында жақсы аты қалған адам өлмейді. Жақсы мен жаман туралы Ағаш көркі - жеміс, адам көркі - жақсы іс. Еңбек туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталыСарайи Сайф (1321-1396) - ойшыл, ақын. Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласында тұрған. Кейін мәмлүктер билеп тұрған Мысырға барған. 1391 жылы парсының ұлы ақыны Шеих-Маслах-әд-дин Сағдидың әйгілі «Гүлстан» поэмасын сол кезде халықаралық қолданыста кең пайдаланылатын қыпшақ тіліне аударған.
Тайып бара жатқанға таяныш бол.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Табысы жоқтың - танысы жоқ.
Құр тілекпен бек атана алмайсың.
Қиындық көрмей байлық келмейді.
Еңбек туралы
Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.
Адам өмірі туралы
Саулығымды сақтаймын десең аз же, бірақ уақытылы же.
Денсаулық туралы
Артық ішкен ас - зиян.
Денсаулық туралы
Жанжалдың шоғы қызарса - ақылдың суын сеп.
Ақыл-ой туралы
Біліктінің орны - төр.
Ғылым-білім, өнер туралы
Ақылды - көптің көңілін аулар, күншіл - жоқты даулар.
Ақыл-ой туралы
Темір шеге - тасқа кірмейді, ақыл - надан басқа кірмейді.
Ақыл-ой туралы
Ақымақты мақтасаң - қуанар.
Надандық, ақымақтық туралы
Ісмер қайда жүрсе де ақша табады.
Еңбек туралы
Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме.
Ар-намыс, ұят туралы
Білім - ердің дәулеті.
Ғылым-білім, өнер туралы
Біліп істеген мақсатына тез жетеді.
Еңбек туралы
Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.
Надандық, ақымақтық туралы
Надандар білімді адамды көре алмайды.
Надандық, ақымақтық туралы
Еңбегі жоқ ғалым - балы жоқ ара тәрізді.
Еңбек туралы
Қате сөйлеп, кейін өкінгеннен гөрі - тек тұрған жақсы.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Күшің бізге жеткенмен - құдайға жетпейді.
Дін, иман туралы
Түйнектен - ағаш өседі, түйір дәннен - қамба толады.
Еңбек туралы
Адамға шабатын арыстаннан - жүк таситын есек артық.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді.
Еңбек туралы
Сорлы есектің құны жоқ - жүк көтерер күші қымбат.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды.
Адам өмірі туралы
Адам - бір оқтық.
Адам өмірі туралы
Қорынып өмір сүргенше - қу кедей болып өлген артық.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Әркім өзінің білетін ісімен айналысқаны жөн.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Көңіл берме - көңіл бермес кісіге.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Бейнет көрмегенге - зейнет те жоқ.
Еңбек туралы
Тырнағанмен темір таты кетпейді.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Кісінің түсіне емес, ісіне қара.
Еңбек туралы
Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Алдында тұрсаң - жуас қойдай: сені «дос» деп біледі,
Артында тұрсаң - аш бөрідей теріңді тіледі.
Достық туралы
Туралық - хақтың мейірі.
Әділдік, шындық туралы
Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық.
Әділдік, шындық туралы
Жамандық қылғанға - жақсылықпен жауап бер.
Жақсы мен жаман туралы
Отты сөндіріп - қозасын қалдырма,
Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.
Жұрт қашардай - қатты болма,
Жұрт таптардай - жуас болма.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды.
Надандық, ақымақтық туралы
Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы бостандық алатын да күн туады.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Ізгілік пен әділдік өлмейді.
Әділдік, шындық туралы
Жаманмен жолдас болма.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Тайып бара жатқанға таяныш бол.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Көзеге не құйсаң - соны ішесің,
Көшеге не ексең - соны орасың.
Еңбек туралы
Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.
Достық туралы
Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос,
Жайшылықта доспын деген - жай сөз.
Достық туралы
Дос - зынданда жатқанда керек,
Дастархан үстінде - дұшпан да дос.
Достық туралы
Жаман әйел - жақсы еркектің соры.
Әйел, ана туралы
Жүрек кімді қаласа - сол сұлу.
Махаббат туралы
Кісінің көңіліне қара.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Ер адам кек сақтамайды.
Ерлік, батырлық туралы
Қадіріңді кетірме:ол - сенің таптырмас байлығың.
Қадір-қасиет туралы
Артында жақсы аты қалған адам өлмейді.
Жақсы мен жаман туралы
Ағаш көркі - жеміс, адам көркі - жақсы іс.
Еңбек туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
