Жаңалықтар

Абыралы көтерілісі

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Абыралы көтерілісі (1931 жылдың ақпан-наурыз айларында) — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданы шаруаларының Кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыру, мемлекетке мал тапсыру саясатына қарсы бас көтеруі. 1931 жылы қаңтар айында БК (б)П ОК мен өлкелік к-тінің, Қазақ АКСР-ы үкіметінің шешіміне сәйкес бүкіл респ. бойынша өкіметке мал тапсыру жоспарының 70%-і сол жылдың 1-тоқсанында орындалуы талап етілді. Жоспар бойынша Абыралы ауд-ның шаруалары әуелі 8745 т., кейін түзетілген есеп бойынша 3379 т. ет өткізуге тиісті болды. Бірақ бүкіл ауд. халқының қолындағы малды түгел өткізген күнде де шаруалар бұл жоспарды орындай алмайтын еді. Олардың басы артық малы осыған дейін-ақ ортаға және өкіметке тартып алынған болатын. Соған қарамастан ауд. мекемелер бұл науқанды іске асыруға қызу кірісіп кетті. Осының нәтижесінде 1931 жылғы 12 ақпанында аудандағы барлық ауылдарда қарсылық әрекеттері басталды. Ауданның шығыс жағындағы 2, 3, 5, 7, 12 және 14 аудандардың Қосқан Бітебаев, Түскей Смағұлов т.б. бастаған 700-дей адамы ауд. орталығы — Қайнарға шабуыл жасады. Қайнарды қорғап тұрған қарулы отряд оған тойтарыс берген соң, олар а-дарға тарап, ұсақ топтарға бөлініп, маусым айына дейін қарсылық әрекетін тоқтатқан жоқ. 1931 жылдың маусымында ОГПУ әскерлерінің күшімен олардың бәрі тұтқындалып, жауапқа тартылды. Ауд-ның солт.-батыс жағындағы 4-6-ауылда Ысқақ Кемпірбаев бастаған 300-ден астам шаруалар (қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. “Бақты”, “Еңбек”, “Прогресс” а-дарының жерінде) қарсылығы тегеурінді сипатта өтіп, кеңестік әскерге бір айға дейін берілмеді. Ауд-нан шыққан коммунарлар отрядын (20 адам) тұтқынға алып, үкіметке зорлық-зомбылық саясатын тоқтату жөнінде талап қойған олар елден тартып алынған мал мен астықты халыққа қайтартып бергізді. Бірақ Қарқаралыдан, Семейден келген ОГПУ-дың тұрақты әскери бөлімдеріне төтеп бере алмай жеңіліске ұшыраған көтерілісшілердің көпшілігі қаза тапты. Көтеріліс басшысы Ы.Кемпірбаев және басқалары тұтқынға алынды. 1931 жылдың күзінде А. к-не қатысқан 500-ден астам адам жауапқа тартылды. Тек Кемпірбаевтың жасағында болғандардан 274 адам сотталып, 85 адам атылды. Қ.Алдажұманов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 1-том    
09.11.2012 04:16 6931

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Абыралы көтерілісі (1931 жылдың ақпан-наурыз айларында) — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданы шаруаларының Кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыру, мемлекетке мал тапсыру саясатына қарсы бас көтеруі. 1931 жылы қаңтар айында БК (б)П ОК мен өлкелік к-тінің, Қазақ АКСР-ы үкіметінің шешіміне сәйкес бүкіл респ. бойынша өкіметке мал тапсыру жоспарының 70%-і сол жылдың 1-тоқсанында орындалуы талап етілді. Жоспар бойынша Абыралы ауд-ның шаруалары әуелі 8745 т., кейін түзетілген есеп бойынша 3379 т. ет өткізуге тиісті болды. Бірақ бүкіл ауд. халқының қолындағы малды түгел өткізген күнде де шаруалар бұл жоспарды орындай алмайтын еді. Олардың басы артық малы осыған дейін-ақ ортаға және өкіметке тартып алынған болатын. Соған қарамастан ауд. мекемелер бұл науқанды іске асыруға қызу кірісіп кетті. Осының нәтижесінде 1931 жылғы 12 ақпанында аудандағы барлық ауылдарда қарсылық әрекеттері басталды. Ауданның шығыс жағындағы 2, 3, 5, 7, 12 және 14 аудандардың Қосқан Бітебаев, Түскей Смағұлов т.б. бастаған 700-дей адамы ауд. орталығы — Қайнарға шабуыл жасады. Қайнарды қорғап тұрған қарулы отряд оған тойтарыс берген соң, олар а-дарға тарап, ұсақ топтарға бөлініп, маусым айына дейін қарсылық әрекетін тоқтатқан жоқ. 1931 жылдың маусымында ОГПУ әскерлерінің күшімен олардың бәрі тұтқындалып, жауапқа тартылды.

Ауд-ның солт.-батыс жағындағы 4-6-ауылда Ысқақ Кемпірбаев бастаған 300-ден астам шаруалар (қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. “Бақты”, “Еңбек”, “Прогресс” а-дарының жерінде) қарсылығы тегеурінді сипатта өтіп, кеңестік әскерге бір айға дейін берілмеді. Ауд-нан шыққан коммунарлар отрядын (20 адам) тұтқынға алып, үкіметке зорлық-зомбылық саясатын тоқтату жөнінде талап қойған олар елден тартып алынған мал мен астықты халыққа қайтартып бергізді. Бірақ Қарқаралыдан, Семейден келген ОГПУ-дың тұрақты әскери бөлімдеріне төтеп бере алмай жеңіліске ұшыраған көтерілісшілердің көпшілігі қаза тапты. Көтеріліс басшысы Ы.Кемпірбаев және басқалары тұтқынға алынды. 1931 жылдың күзінде А. к-не қатысқан 500-ден астам адам жауапқа тартылды. Тек Кемпірбаевтың жасағында болғандардан 274 адам сотталып, 85 адам атылды.

Қ.Алдажұманов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 1-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға