Жаңалықтар

Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс — Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі. Бұрынғы Бөкей ордасын, Орал обл-н және Торғай обл-ның Ақтөбе, Ырғыз уездерін қамтыды. Бұл өңірде де көтеріліс 25 маусымдағы Ресей патшасы жарлығына наразылық, болыс басшыларына, тыл жұмысына алынатындардың тізімін жасаушыларға қысым көрсету түрінде басталды. Бірақ қазақ зиялылары халықты қантөгістен, қарулы қақтығыстан сақтандыруға күш салды. Осы мақсатта Б. Қаратаев пен Ж. Сейдалин Ресей мемл. думасының төрағасына арнайы хат арқылы тыл жұмысына адам алуды 1917 жылдың 17 мамырына дейін тоқтата тұру керектігі жөнінде ұсыныс жасады. Қазақ зиялылары тыл жұмысына адам беруді жақтағанымен кей жерлерде қуғын-сүргінге ұшырады. “Қазақтарды өкіметке бағынбауға шақырды” деген айыппен Бөкей ордасында Құлманов Бақтыгерей жер аударылды, ал Меңдешев Сейітқали 3 ай мерзімге абақтыға жабылды. Бөкей ордасында халық нарызылығының екпін алған жері Бірінші теңіз жағалауы округі болды. Онда бір мыңнан астам көтерілісшілерге Исатай Тайманұлының немересі Өтепқали Дінбаянұлы жетекшілік етті. Шоқпармен, мылтықпен қаруланған көтерілісшілер жергілікті билік орындарынан тыл жұмысына алынатындардың тізімін тартып алып, өртеп жіберді. Округ деңгейінен аспаған көтеріліс 30 тамызда жазалаушы әскер күшімен басылды. Көтерілісті ұйымдастырушылар ретінде Дінбаянұлы, Е. Нарынбаев, Қ. Дүтбаев, т.б. тұтқынға алынды. Орал обл-ның Ілбішін, Темір уездері көтерілісшілері батыл қимылдарға көшіп, жазалаушы әскерлермен қарулы қақтығысқа түсті. Ілбішін уезінің Соналы болысында Есенғали Дәуесұлы мен Бақи Жақайұлы бастаған 900-ге жуық көтерілісшілер күші басым жазалаушы әскермен ашық шайқасқа түсті. Ресей әскерінің қолына түскен көтеріліс жетекшілері Дәуесұлы мен  Жақайұлы Калмыков түрмесіне жабылды. Темір уезі көтерілісшілері 29 тамызда “Ұрының қара суы” деген жерде 200 Ресей әскерімен шайқасты. Шайқаста көтеріліс жетекшісі Әкімбай (Қартқожа) қаза тапты. Ресей жазалаушылары қолға түскен көтерілісшілерді аяусыз жазалап отырды. Ілбішін уезінің Шиелі болысында 4 адам дарға асылды, Шыңғырлау болысында 4 адам ату жазасына кесілді. Гурьев уезінде жұрттың біразы Хиуа хандығының жеріне үдере көшті. Ақтөбе уезінде халық наразылығы 18 шілдеде Әкімбет болысында басталды. Ақкемер ст. маңында бір мыңға жуық көтерілісшілер т. ж-ды бұзып, поездарға бөгет жасады; оларды Ақтөбеден жіберілген жазалаушы әскер қуып таратты. Ырғыз уезі көтерілісшілері Ресей өкіметін мойындаудан бас тартып, өз хандарын сайлады. Аманкөл болысында Әтіке Қаражанов, Тәуіп болысында Әйімбет Шобанов, Қызылжар болысында Айжарқын Қанаев, Бақсайыл болысында Жұмағазы Жүргенов, Талдық болысында Сиеспен Тілегенов, Белқопа болысында Көптілеу Қосқұлақов хан сайланды. 29 қараша күні Аманкөл, Тәуіп, Қызылжар болыстарының көтерілісшілері жазалаушы әскермен шайқасып, оның бетін қайтарды. Шайқас кезінде 1300-ге жуық көтерілісшілер қаза тапты. Желтоқсанда Тәуіп болысының ханы Шобанов қолға түсіп, тұтқындалды. Ырғыз уезінде көтеріліс Уақытша үкімет тұсында да өз жалғасын тапты. С. Рүстемов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том    
09.11.2012 04:13 5717

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі. Бұрынғы Бөкей ордасын, Орал обл-н және Торғай обл-ның Ақтөбе, Ырғыз уездерін қамтыды. Бұл өңірде де көтеріліс 25 маусымдағы Ресей патшасы жарлығына наразылық, болыс басшыларына, тыл жұмысына алынатындардың тізімін жасаушыларға қысым көрсету түрінде басталды. Бірақ қазақ зиялылары халықты қантөгістен, қарулы қақтығыстан сақтандыруға күш салды. Осы мақсатта Б. Қаратаев пен Ж. Сейдалин Ресей мемл. думасының төрағасына арнайы хат арқылы тыл жұмысына адам алуды 1917 жылдың 17 мамырына дейін тоқтата тұру керектігі жөнінде ұсыныс жасады. Қазақ зиялылары тыл жұмысына адам беруді жақтағанымен кей жерлерде қуғын-сүргінге ұшырады. “Қазақтарды өкіметке бағынбауға шақырды” деген айыппен Бөкей ордасында Құлманов Бақтыгерей жер аударылды, ал Меңдешев Сейітқали 3 ай мерзімге абақтыға жабылды. Бөкей ордасында халық нарызылығының екпін алған жері Бірінші теңіз жағалауы округі болды. Онда бір мыңнан астам көтерілісшілерге Исатай Тайманұлының немересі Өтепқали Дінбаянұлы жетекшілік етті. Шоқпармен, мылтықпен қаруланған көтерілісшілер жергілікті билік орындарынан тыл жұмысына алынатындардың тізімін тартып алып, өртеп жіберді. Округ деңгейінен аспаған көтеріліс 30 тамызда жазалаушы әскер күшімен басылды. Көтерілісті ұйымдастырушылар ретінде Дінбаянұлы, Е. Нарынбаев, Қ. Дүтбаев, т.б. тұтқынға алынды. Орал обл-ның Ілбішін, Темір уездері көтерілісшілері батыл қимылдарға көшіп, жазалаушы әскерлермен қарулы қақтығысқа түсті. Ілбішін уезінің Соналы болысында Есенғали Дәуесұлы мен Бақи Жақайұлы бастаған 900-ге жуық көтерілісшілер күші басым жазалаушы әскермен ашық шайқасқа түсті. Ресей әскерінің қолына түскен көтеріліс жетекшілері Дәуесұлы мен  Жақайұлы Калмыков түрмесіне жабылды. Темір уезі көтерілісшілері 29 тамызда “Ұрының қара суы” деген жерде 200 Ресей әскерімен шайқасты. Шайқаста көтеріліс жетекшісі Әкімбай (Қартқожа) қаза тапты. Ресей жазалаушылары қолға түскен көтерілісшілерді аяусыз жазалап отырды. Ілбішін уезінің Шиелі болысында 4 адам дарға асылды, Шыңғырлау болысында 4 адам ату жазасына кесілді. Гурьев уезінде жұрттың біразы Хиуа хандығының жеріне үдере көшті. Ақтөбе уезінде халық наразылығы 18 шілдеде Әкімбет болысында басталды. Ақкемер ст. маңында бір мыңға жуық көтерілісшілер т. ж-ды бұзып, поездарға бөгет жасады; оларды Ақтөбеден жіберілген жазалаушы әскер қуып таратты. Ырғыз уезі көтерілісшілері Ресей өкіметін мойындаудан бас тартып, өз хандарын сайлады. Аманкөл болысында Әтіке Қаражанов, Тәуіп болысында Әйімбет Шобанов, Қызылжар болысында Айжарқын Қанаев, Бақсайыл болысында Жұмағазы Жүргенов, Талдық болысында Сиеспен Тілегенов, Белқопа болысында Көптілеу Қосқұлақов хан сайланды. 29 қараша күні Аманкөл, Тәуіп, Қызылжар болыстарының көтерілісшілері жазалаушы әскермен шайқасып, оның бетін қайтарды. Шайқас кезінде 1300-ге жуық көтерілісшілер қаза тапты. Желтоқсанда Тәуіп болысының ханы Шобанов қолға түсіп, тұтқындалды. Ырғыз уезінде көтеріліс Уақытша үкімет тұсында да өз жалғасын тапты.

С. Рүстемов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға