Жаңалықтар

Түркістан автономиясы

Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Түркістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти – 1917 ж. 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым. Өлкедегі барлық билікті өз қолына алуға ұмтылған Ташкенттегі Түркістан Халық комиссарлары кеңесіне балама түрде Қоқан қ-нда Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезі шешіміне орай құрылды. Осы съезде оның Уақытша үкіметі мен заң шығарушы органы – Түркістан ұлттық кеңесінің құрамы сайланды. Т. а.  Уақытша үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) болып М.Тынышбаев сайланғанымен, көп ұзамай оның бұл қызметтен бас тартуына байланысты төрағалыққа Мұстафа Шоқай тағайындалды. 1 желтоқсан күні Т. а-ның Уақытша үкіметі өлке халқына арнап үндеу жариялады. Онда халықты Т. а-на қолдау көрсетуге шақыра отырып “Бұғаудан босаған түркістандықтардың өз жерінің толық қожайындары ретінде өз тарихын өздері жасайтын сәт туды. Біз алдымызда тұрған міндеттердің ауқымды екендігін, біздің ісіміздің дұрыстығын сезініп, Алланың ризашылығымен өз жұмысымызға кірістік” – делінді. Қоқан қ-нда мұсылмандардың Т. а-н қолдаған манифестациясы болды. Мыңнан астам адамның қатысуымен өткен бұл манифестацияда халық Ақпан революциясы ала келген бостандық негіздерін қор-ғауға және Т. а-на қолдау көрсетуге ант берді. Мұның артынша Наманганда Т. а. Уақытша үкіметіне қолдау көрсетуге арналған митинг өтті. Наманган көшелеріне лық толған адамдар “Жасасын Түркістан автономиясы мен оның үкіметі” деген плакаттар алып жүрді. 6 желтоқсан күні Ташкентте “Шуро-и-ислам” ұйымының ұйымдастыруымен Т. а-на қолдау көрсетуге арналған 60 мыңнан астам адам қатысқан митинг болды. Социал революционерлер (эсерлер) Қоқан қ-нда өлкелік съезін өткізіп, Т. а-н қолдайтындықтарын, оның үкіметімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Т. а-ның жариялануын Ташкенттегі еврейлердің “Бунд” пен Қоқандағы “Вайнер” қоғамы құттықтап, оған көмек беретіндігін танытты. Т. а-ның жариялануы өлкедегі мұсылман жұртшылығының көңілінен шығып, олардың рухын көтерді. Самарқанд, Закаспий облыстары мұсылмандарының съездері, Түркістан еңбекшілері мен диқандарының съезі, Шымкент қ. мұсылмандарының жиылысы Т. а-н қызу қуаттады. Перовск және Қазалы уездеріндегі қазақтар Т. а-н қолдайтындықтарын білдірген жеделхаттар  жолдады. Мұндай пікір Ырғыз у. қазақтары тарапынан да білдірілді. Закаспий облысындағы қазақтар Т. а-на кіруге ризашылығын білдіру мақсатында Қоқанға Ж.Мыңбаевты жіберді. 13 желтоқсанда Қоқан қ-нда өткен мұсылман жұмысшылары, солдаттары мен диқандарының съезінде Т. а-ның Уақытша үкіметін қолдау жөнінде шешім қабылданып, оның құрамына мұсылман жұмысшыларынан, диқандардан және солдаттардан өкілдер енгізу жөнінде ұйғарым жасалынды. Екінші жалпықазақ съезінде Т. а-на қатынас мәселесі қаралып, Сырдария облысы қазақтарының Алаш автономиясына қосылу жайын айқындау үшін обл. съез өткізу жөнінде шешім қабылданды. Бұл съез 1918 ж. 6 қаңтарда Түркістан қ-нда өтті (қ. Сырдария облыстық қазақ съезі). 1918 ж. 20 – 26 қаңтар аралығында Ташкентте өткен өлкелік кеңестердің 4 съезі Т. а-н және оның Уақытша үкіметі мүшелерін заңнан тыс деп жариялап, Т. а-н күшпен тарату жөнінде шешім қабылдады. Кеңестердің осындай шешім қабылдауына сәйкес Т. а-ның Уақытша үкіметі қорғанысқа көшуді шұғыл қолға алуға кірісті. Т. а-ның әскері 2 мыңға жетті. Сол тұста Қоқан қ. милициясының басшысы Ергештің қол астында 4 мыңға жуық қарулы жасақ болды. Қоқан қ-ндағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі 28 қаңтардағы мәжілісінде Т. а-н қарусыздандырып, оның әскери ұйымдарын тарату керек деген шешім қабылдап, оны жүзеге асыратын арнайы топ құрды. 29 қаңтар күні Қоқан қ-ндағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі қалалық төтенше өкімет органын – рев. к-т құруды ұйғарды. Осы рев. к-т Ташкенттегі Халық комиссарлар кеңесінен Т. а-на қарсы күресу үшін көмек сұрап, 4 зеңбірегі, 4 пулеметі бар 120 адамнан тұратын әскери жасақ алдырды. Мұ-ның артынша Түркістан ХКК Қоқан рев. к-тіне көмекке 11 әскери эшалон және австровенгрлік соғыс тұтқындарынан құрылған әскери бөлім мен армян (дашнак) құрамасын аттандырды. 6 ақпанда кеңестік қарулы күш Қоқан қ-н зеңбірекпен атқылап, қаланы өртке орады. Қызыл әскерлер бөлімдері мен армян құрамасы қалаға еніп, Т. а. Уақытша үкіметі мен ұлттық кеңесінің 54 мүшесінің 30-ын тұтқындады. Т. а-н күшпен тарату кезінде Қоқан қ-ның басым бөлігі өртеніп, 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Осылайша халық тілегіне сай құрылған Т. а. кеңестік биліктің қаруымен құлатылды.   С. Рүстемов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том
09.11.2012 04:07 47769

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Түркістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти – 1917 ж. 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым. Өлкедегі барлық билікті өз қолына алуға ұмтылған Ташкенттегі Түркістан Халық комиссарлары кеңесіне балама түрде Қоқан қ-нда Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезі шешіміне орай құрылды. Осы съезде оның Уақытша үкіметі мен заң шығарушы органы – Түркістан ұлттық кеңесінің құрамы сайланды. Т. а.  Уақытша үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) болып М.Тынышбаев сайланғанымен, көп ұзамай оның бұл қызметтен бас тартуына байланысты төрағалыққа Мұстафа Шоқай тағайындалды. 1 желтоқсан күні Т. а-ның Уақытша үкіметі өлке халқына арнап үндеу жариялады. Онда халықты Т. а-на қолдау көрсетуге шақыра отырып “Бұғаудан босаған түркістандықтардың өз жерінің толық қожайындары ретінде өз тарихын өздері жасайтын сәт туды. Біз алдымызда тұрған міндеттердің ауқымды екендігін, біздің ісіміздің дұрыстығын сезініп, Алланың ризашылығымен өз жұмысымызға кірістік” – делінді. Қоқан қ-нда мұсылмандардың Т. а-н қолдаған манифестациясы болды. Мыңнан астам адамның қатысуымен өткен бұл манифестацияда халық Ақпан революциясы ала келген бостандық негіздерін қор-ғауға және Т. а-на қолдау көрсетуге ант берді. Мұның артынша Наманганда Т. а. Уақытша үкіметіне қолдау көрсетуге арналған митинг өтті. Наманган көшелеріне лық толған адамдар “Жасасын Түркістан автономиясы мен оның үкіметі” деген плакаттар алып жүрді. 6 желтоқсан күні Ташкентте “Шуро-и-ислам” ұйымының ұйымдастыруымен Т. а-на қолдау көрсетуге арналған 60 мыңнан астам адам қатысқан митинг болды. Социал революционерлер (эсерлер) Қоқан қ-нда өлкелік съезін өткізіп, Т. а-н қолдайтындықтарын, оның үкіметімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Т. а-ның жариялануын Ташкенттегі еврейлердің “Бунд” пен Қоқандағы “Вайнер” қоғамы құттықтап, оған көмек беретіндігін танытты. Т. а-ның жариялануы өлкедегі мұсылман жұртшылығының көңілінен шығып, олардың рухын көтерді. Самарқанд, Закаспий облыстары мұсылмандарының съездері, Түркістан еңбекшілері мен диқандарының съезі, Шымкент қ. мұсылмандарының жиылысы Т. а-н қызу қуаттады. Перовск және Қазалы уездеріндегі қазақтар Т. а-н қолдайтындықтарын білдірген жеделхаттар  жолдады. Мұндай пікір Ырғыз у. қазақтары тарапынан да білдірілді. Закаспий облысындағы қазақтар Т. а-на кіруге ризашылығын білдіру мақсатында Қоқанға Ж.Мыңбаевты жіберді. 13 желтоқсанда Қоқан қ-нда өткен мұсылман жұмысшылары, солдаттары мен диқандарының съезінде Т. а-ның Уақытша үкіметін қолдау жөнінде шешім қабылданып, оның құрамына мұсылман жұмысшыларынан, диқандардан және солдаттардан өкілдер енгізу жөнінде ұйғарым жасалынды. Екінші жалпықазақ съезінде Т. а-на қатынас мәселесі қаралып, Сырдария облысы қазақтарының Алаш автономиясына қосылу жайын айқындау үшін обл. съез өткізу жөнінде шешім қабылданды. Бұл съез 1918 ж. 6 қаңтарда Түркістан қ-нда өтті (қ. Сырдария облыстық қазақ съезі). 1918 ж. 20 – 26 қаңтар аралығында Ташкентте өткен өлкелік кеңестердің 4 съезі Т. а-н және оның Уақытша үкіметі мүшелерін заңнан тыс деп жариялап, Т. а-н күшпен тарату жөнінде шешім қабылдады. Кеңестердің осындай шешім қабылдауына сәйкес Т. а-ның Уақытша үкіметі қорғанысқа көшуді шұғыл қолға алуға кірісті. Т. а-ның әскері 2 мыңға жетті. Сол тұста Қоқан қ. милициясының басшысы Ергештің қол астында 4 мыңға жуық қарулы жасақ болды. Қоқан қ-ндағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі 28 қаңтардағы мәжілісінде Т. а-н қарусыздандырып, оның әскери ұйымдарын тарату керек деген шешім қабылдап, оны жүзеге асыратын арнайы топ құрды. 29 қаңтар күні Қоқан қ-ндағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі қалалық төтенше өкімет органын – рев. к-т құруды ұйғарды. Осы рев. к-т Ташкенттегі Халық комиссарлар кеңесінен Т. а-на қарсы күресу үшін көмек сұрап, 4 зеңбірегі, 4 пулеметі бар 120 адамнан тұратын әскери жасақ алдырды. Мұ-ның артынша Түркістан ХКК Қоқан рев. к-тіне көмекке 11 әскери эшалон және австровенгрлік соғыс тұтқындарынан құрылған әскери бөлім мен армян (дашнак) құрамасын аттандырды. 6 ақпанда кеңестік қарулы күш Қоқан қ-н зеңбірекпен атқылап, қаланы өртке орады. Қызыл әскерлер бөлімдері мен армян құрамасы қалаға еніп, Т. а. Уақытша үкіметі мен ұлттық кеңесінің 54 мүшесінің 30-ын тұтқындады. Т. а-н күшпен тарату кезінде Қоқан қ-ның басым бөлігі өртеніп, 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Осылайша халық тілегіне сай құрылған Т. а. кеңестік биліктің қаруымен құлатылды.

 

С. Рүстемов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға