Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы: Өнері

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 Өнері. Қ. жерінде кезігетін бейнелеу өнерінің алғашқы нұсқалары палеолит дәуіріне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрінде кездеседі. Неолит және қола дәуірінде тасқа бедерленген Баянауыл үңгіріндегі (Павлодар обл.), Таңбалы аңғарындағы (Алматы обл.) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегілген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш к-нің солт. жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келіншектің қасындағы екі ер кісінің жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерін мекендеген тайпалардың негізгі кәсібін, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекіме суреттердің сюжеті жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, діни нанымға құрылған. Суреттер нобайына ішінара қына түсті бояу жағылған (қ. Қаратау шимайлы тастары). Андрон мәдениеті мұрасына саналатын геом. өрнекті қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орт., Солт. және Бат. Қазақстан аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ашылды. “Таңбалы тастағы” (Алматы обл.) б.з.б. 2 ғ-дағы тасқа бедерленген Будда бейнелері (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекіме суреттердің озық үлгілерінің бірінен саналады. Осы жартастарда 16 – 17 ғ-ларда салынған суреттер де бар. Діни нанымдағы суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетінің соңғы кезеңіне саналатын Беғазы-Дәндібай мәдениеті тұсында (б.з.б. 9 – 8 ғ-лар) көне өнер түрлері жаңа үлгілермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғ-да көшпелілер одағының нығайып, әлеум. құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. 4 ғ-да байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері гүлденді. Қол өнері мен сән өнерінің ағаш ұқсату, зергерлік өнері, кесте және кілем тоқу салалары дамыды. Ертіс, Шідерті, Өлеңті, Сілеті, Есік, Түрген, Іле өзендері және Орт. Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегіндегі обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелі тайпалар өнерінің даму кезеңін көрсетеді. Скифтердің аңдарды бейнелеу нақышы Қара т. үстіртіне қарағанда қазақ жерінде бұрын дамығанын дәлелдейді. 1970 ж. Алматы обл. Есік қ. маңынан табылған алтын бұйымдар (“Алтын адам”, бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелері) да – б.з.б. 6 – 5 ғ-ларда қазақ жерін мекендеген тайпалардың өнер үлгілері. Ежелгі зергерлік өнері бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсіндерде, кейіннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуірінде бұл әдіс көп тарамаған. Үйсін зергерлік өнерінде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсілдері басым пайдаланылды. 6 – 8 ғ-ларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері негізінде байырғы түрік өнері дамыды. Бейнелеу өнерінің кейбір салаларының аттары қалыптасты. Қолөнеріне маманданған шеберлер (зергер, бәдізші, сәулетші, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттік жағынан байи түсті. Жұмырлап жасалған тас мүсіндер, тастан қашалған құс пен балық бейнелері, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендеді. Байырғы түрік өнері кезеңінен бастап қазақ жерінде мүсін өнері кең етек алды. Мүсіндер Торғай өз. мен Ұлытау төңірегінен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, Оңт. Қазақстанда Қаратаудың екі жақ етегінде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер Түрік қағандығы (6 – 8 ғ-лар), қыпшақ заманы (7 – 13 ғ-лар) кезіндегі мүсін тастар болып екі топқа бөлінеді. Көпшілігі адам бейнесінің нобайын ғана көрсететін дөрекілеу түрде жасалғанымен, ішінара бет әлпеті мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсіндер (қ. Қарқаралы тас мүсіндері) де кездеседі. 16 – 18 ғ-ларда тас мүсін қашау жойылып, оның орнына ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытастар көптеп жасала бастады. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде кілемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, 5 – 7 ғ-ларда көп тараған қазіргі қазақ кілемінің үлгілері қалыптасты (қ. Қазақ кілемі). Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қ-ларда 8 – 12 ғ-ларда өнердің көптеген салалары (көзешілік, бедерлеу, көздеу) өркендеді. Осы заманның киіз үй түріндегі қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, түрлі түсті бояумен (қара, қоңыр, сары, қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ұлттық ою-өрнектермен әсемделген теріден, металдан жасалған бұйымдар – өркендеген өнердің дәлелі. Архит. құрылыстардың сыртқы қабырғалары, ішкі еңселері мен күмбездері ғимарат құрылымымен үндес тартымды ою-өрнектермен әсемделіп отырды (қ. Қазақ сән өнері). Азия мен Еуропадағы күмбезді архит. құрылыстар секілді қазақтың киіз үйі ежелгі замандардан қазірге дейін халық қол өнерінің үздік үлгілерін жинақтаған қазына іспетті (қ. Қазақ архитектурасы). Киіз үйдің іші мен сырты, бау-басқұры секілді жиһаздық заттары тартымды әрі биязы ою-өрнекпен әсемделді. Сәндік, тұтыну заттарынан басқа да басқұр, алаша, тықыр кілем, кебеже, т.б. қолөнері бұйымдары киіз үй ішін безендіруде басты орын алады. Алтын зер және жібек жіптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнері, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату, зергерлік өнері де күшті дамыған (қ. Қазақ қол өнері). 19 ғ-да Қазақстанда болған орыс суретшілерінің (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмірге келді. 1847 – 57 ж. қазақ жеріне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмірінің көріністеріне құрылған сериялы суреттерінде жергілікті халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледі. Ағартушы ғалым, әрі қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Ш. Уәлихановтың сулы бояу және қаламмен салған портреттері мен суреттері (“Үлкен Орданың қазақтары”, т.б.) 19 ғ-дың ортасында салынды; қ. Қазақ бейнелеу өнері. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән муз. дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай муз. мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық муз. шығарм. негізінен пентатоник. белгілері басым жеті тонды диатоник. мажор мен минорлық ырғақтарға негізделді. Эпостық жырлар речитативті әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне қарай муз. шығармалардың әуендік сипаты түрліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: домбыра немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, муз. аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен муз. айшығына орай: космол. (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонол. (жалмауыз кемпір, жын-шайтан, пері, т.б.), бақсылардың емдік әндері, эпик. әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндері, тұрмыс-салт әндері, лирик. әндер, тарихи әндер, т.б. болып жіктеледі. Аспаптық муз. үзінділерінде соғыс көріністері, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы муз. тілімен бейнеленді. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлі қызмет атқарды. Әсіресе бөбектер ойынын бейнелейтін музыка өзінің ықшам, қысқа, бір ырғақты, шағын көлемді, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй ішінде орындауға ыңғайлы болса, лирик. және әлеум., тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердің әуендік диапазонының кеңдігі, мәнерінің әртүрлілігі, ырғақтық құрылысының күрделі болуы орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етті. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классик. шығармаларын тудырған дарынды күйші-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 – 9 ғ-лар), муз. нота жазуының алғашқы үлгілерін ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 – 950), 15 ғ-да өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы – қазақтың өткендегі дамыған муз. мәдениетінің дүлдүл өкілдері; қ. Қазақ музыкасы. Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі “Өрмек би”, аңшылар өмірін бейнелейтін “Қоян би”, әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған “Аю биі”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билері – ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Муз. фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсіп, көрермендерге өздерінің бишілік шеберлігін көрсететін болған. Қазақтарда өзбек, тәжік және басқа мұсылман дінін ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жігіттің қосылып билейтін жұп билері (“Қоян-бүркіт”) кездеседі. Бишілік өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлері болды. Олар сарайда және көпшілік алдында өнер көрсететін сайқымазақ-қуақы ретінде танылды. Қазақтың халық билерінің канондық түрі болған жоқ. Би өнері импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореогр. көріністермен ұштастырылды. Бұл ерекшеліктер “Ұтыс” және “Сылқыма” билерінен көрінеді. Ат үстінде билеу өнерінің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ерттеулі аттың үстінде тұрып билеу, атты өзінің ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсіби бишінің ғана қолынан келетін; қ. Қазақ биі. Ұлттық театр өнерінің белгілері халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнеріне, ақындар айтысы мен шешендік өнерге саяды. Қазақ театр өнерінің тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсіби театрларының ашылуы ықпал жасады; қ. Драматургия, Қазақ театры. Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғ-дың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этногр., тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орт. “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын – кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі – киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы – кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, “Қазақфильм”. Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді; қ. Қазақ циркі. А. Айғожа Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 04:04 7842

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

Өнері. Қ. жерінде кезігетін бейнелеу өнерінің алғашқы нұсқалары палеолит дәуіріне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрінде кездеседі. Неолит және қола дәуірінде тасқа бедерленген Баянауыл үңгіріндегі (Павлодар обл.), Таңбалы аңғарындағы (Алматы обл.) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегілген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш к-нің солт. жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келіншектің қасындағы екі ер кісінің жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерін мекендеген тайпалардың негізгі кәсібін, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекіме суреттердің сюжеті жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, діни нанымға құрылған. Суреттер нобайына ішінара қына түсті бояу жағылған (қ. Қаратау шимайлы тастары). Андрон мәдениеті мұрасына саналатын геом. өрнекті қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орт., Солт. және Бат. Қазақстан аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ашылды. “Таңбалы тастағы” (Алматы обл.) б.з.б. 2 ғ-дағы тасқа бедерленген Будда бейнелері (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекіме суреттердің озық үлгілерінің бірінен саналады. Осы жартастарда 16 – 17 ғ-ларда салынған суреттер де бар. Діни нанымдағы суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетінің соңғы кезеңіне саналатын Беғазы-Дәндібай мәдениеті тұсында (б.з.б. 9 – 8 ғ-лар) көне өнер түрлері жаңа үлгілермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғ-да көшпелілер одағының нығайып, әлеум. құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. 4 ғ-да байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері гүлденді. Қол өнері мен сән өнерінің ағаш ұқсату, зергерлік өнері, кесте және кілем тоқу салалары дамыды. Ертіс, Шідерті, Өлеңті, Сілеті, Есік, Түрген, Іле өзендері және Орт. Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегіндегі обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелі тайпалар өнерінің даму кезеңін көрсетеді. Скифтердің аңдарды бейнелеу нақышы Қара т. үстіртіне қарағанда қазақ жерінде бұрын дамығанын дәлелдейді. 1970 ж. Алматы обл. Есік қ. маңынан табылған алтын бұйымдар (“Алтын адам”, бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелері) да – б.з.б. 6 – 5 ғ-ларда қазақ жерін мекендеген тайпалардың өнер үлгілері. Ежелгі зергерлік өнері бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсіндерде, кейіннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуірінде бұл әдіс көп тарамаған. Үйсін зергерлік өнерінде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсілдері басым пайдаланылды. 6 – 8 ғ-ларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері негізінде байырғы түрік өнері дамыды. Бейнелеу өнерінің кейбір салаларының аттары қалыптасты. Қолөнеріне маманданған шеберлер (зергер, бәдізші, сәулетші, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттік жағынан байи түсті. Жұмырлап жасалған тас мүсіндер, тастан қашалған құс пен балық бейнелері, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендеді. Байырғы түрік өнері кезеңінен бастап қазақ жерінде мүсін өнері кең етек алды. Мүсіндер Торғай өз. мен Ұлытау төңірегінен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, Оңт. Қазақстанда Қаратаудың екі жақ етегінде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер Түрік қағандығы (6 – 8 ғ-лар), қыпшақ заманы (7 – 13 ғ-лар) кезіндегі мүсін тастар болып екі топқа бөлінеді. Көпшілігі адам бейнесінің нобайын ғана көрсететін дөрекілеу түрде жасалғанымен, ішінара бет әлпеті мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсіндер (қ. Қарқаралы тас мүсіндері) де кездеседі. 16 – 18 ғ-ларда тас мүсін қашау жойылып, оның орнына ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытастар көптеп жасала бастады. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде кілемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, 5 – 7 ғ-ларда көп тараған қазіргі қазақ кілемінің үлгілері қалыптасты (қ. Қазақ кілемі). Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қ-ларда 8 – 12 ғ-ларда өнердің көптеген салалары (көзешілік, бедерлеу, көздеу) өркендеді. Осы заманның киіз үй түріндегі қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, түрлі түсті бояумен (қара, қоңыр, сары, қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ұлттық ою-өрнектермен әсемделген теріден, металдан жасалған бұйымдар – өркендеген өнердің дәлелі. Архит. құрылыстардың сыртқы қабырғалары, ішкі еңселері мен күмбездері ғимарат құрылымымен үндес тартымды ою-өрнектермен әсемделіп отырды (қ. Қазақ сән өнері). Азия мен Еуропадағы күмбезді архит. құрылыстар секілді қазақтың киіз үйі ежелгі замандардан қазірге дейін халық қол өнерінің үздік үлгілерін жинақтаған қазына іспетті (қ. Қазақ архитектурасы). Киіз үйдің іші мен сырты, бау-басқұры секілді жиһаздық заттары тартымды әрі биязы ою-өрнекпен әсемделді. Сәндік, тұтыну заттарынан басқа да басқұр, алаша, тықыр кілем, кебеже, т.б. қолөнері бұйымдары киіз үй ішін безендіруде басты орын алады. Алтын зер және жібек жіптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнері, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату, зергерлік өнері де күшті дамыған (қ. Қазақ қол өнері). 19 ғ-да Қазақстанда болған орыс суретшілерінің (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмірге келді. 1847 – 57 ж. қазақ жеріне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмірінің көріністеріне құрылған сериялы суреттерінде жергілікті халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледі. Ағартушы ғалым, әрі қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Ш. Уәлихановтың сулы бояу және қаламмен салған портреттері мен суреттері (“Үлкен Орданың қазақтары”, т.б.) 19 ғ-дың ортасында салынды; қ. Қазақ бейнелеу өнері.

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән муз. дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай муз. мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық муз. шығарм. негізінен пентатоник. белгілері басым жеті тонды диатоник. мажор мен минорлық ырғақтарға негізделді. Эпостық жырлар речитативті әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне қарай муз. шығармалардың әуендік сипаты түрліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: домбыра немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, муз. аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен муз. айшығына орай: космол. (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонол. (жалмауыз кемпір, жын-шайтан, пері, т.б.), бақсылардың емдік әндері, эпик. әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндері, тұрмыс-салт әндері, лирик. әндер, тарихи әндер, т.б. болып жіктеледі. Аспаптық муз. үзінділерінде соғыс көріністері, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы муз. тілімен бейнеленді. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлі қызмет атқарды. Әсіресе бөбектер ойынын бейнелейтін музыка өзінің ықшам, қысқа, бір ырғақты, шағын көлемді, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй ішінде орындауға ыңғайлы болса, лирик. және әлеум., тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердің әуендік диапазонының кеңдігі, мәнерінің әртүрлілігі, ырғақтық құрылысының күрделі болуы орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етті. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классик. шығармаларын тудырған дарынды күйші-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 – 9 ғ-лар), муз. нота жазуының алғашқы үлгілерін ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 – 950), 15 ғ-да өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы – қазақтың өткендегі дамыған муз. мәдениетінің дүлдүл өкілдері; қ. Қазақ музыкасы.

Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі “Өрмек би”, аңшылар өмірін бейнелейтін “Қоян би”, әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған “Аю биі”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билері – ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Муз. фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсіп, көрермендерге өздерінің бишілік шеберлігін көрсететін болған. Қазақтарда өзбек, тәжік және басқа мұсылман дінін ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жігіттің қосылып билейтін жұп билері (“Қоян-бүркіт”) кездеседі. Бишілік өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлері болды. Олар сарайда және көпшілік алдында өнер көрсететін сайқымазақ-қуақы ретінде танылды. Қазақтың халық билерінің канондық түрі болған жоқ. Би өнері импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореогр. көріністермен ұштастырылды. Бұл ерекшеліктер “Ұтыс” және “Сылқыма” билерінен көрінеді. Ат үстінде билеу өнерінің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ерттеулі аттың үстінде тұрып билеу, атты өзінің ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсіби бишінің ғана қолынан келетін; қ. Қазақ биі.

Ұлттық театр өнерінің белгілері халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнеріне, ақындар айтысы мен шешендік өнерге саяды. Қазақ театр өнерінің тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсіби театрларының ашылуы ықпал жасады; қ. Драматургия, Қазақ театры.

Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғ-дың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этногр., тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орт. “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын – кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі – киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы – кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, “Қазақфильм”.

Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді; қ. Қазақ циркі.

А. Айғожа

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға