Мұхтар Әуезов
Әуезов Мұхтар (1897-1961) - ұлы жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, қазақ әдебиетінің классигі. «Абай жолы» романы әлемдік әдебиет антологиясына енген. Семейдегі Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Әкесінің есімі - Омархан. «Айман-Шолпан», «Қаракөз», т.б. спектакльдердің сценарийін жазған. Қазақ театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Ой да көп, уайым да көп - ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ - ойнай берсең. Ақыл-ой туралы Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Өнерпаз болсаң - өр бол. Ғылым-білім, өнер туралы Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді. Ақыл-ой туралы Білім - бақтын жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ - әлдекімнің азығы. Ғылым-білім, өнер туралы Жігіт қадірі - өнерімен өлшенер болар. Қадір-қасиет туралы Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет. Қадір-қасиет туралы Жалынған - бас қорғау емес, жағаласқан - бас қорғау. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Берекені көктен тілеме - еткен еңбектен тіле. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Еңбек шыққан жерден - төзім де шығады. Төзімділік, шыдамдылық туралы Күшіңе сенбе - адал ісіңе сен. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Азамат сыны - ерлік, ерлік сыны - елдік. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық -ер кісінің ісі. Жақсы мен жаман туралы Жақсыда жаттық жоқ. Жақсы мен жаман туралы Адам көркі - ақыл. Ақыл-ой туралы Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады. Асыл сөз туралы Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек. Сақтық туралы Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Адам ірілігі - бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерден құралады. Қадір-қасиет туралы Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса - ел болғаның қайсы?! Жақсы мен жаман туралы Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тумай жатып - толдым деме, толмай жатып - болдым деме. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қызғаныш - құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты. Күншілдік, қызғаныш туралы Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім. Ғылым-білім, өнер туралы Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек. Ғылым-білім, өнер туралы Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза. Ар-намыс, ұят туралы Жауға - жалынба, досқа - тарылма. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Амал: кіжіну бар, килігу жоқ. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Сипат: тілі - бұлбұл, аяғы - дүлділ. Тіл туралы Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы. Мінез-құлық туралы Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Тамыр болдың - айтыс жоқ, Қолдан бердің - қайтыс жоқ. Пайдасыздық, керексіздік туралы Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар. Пайдасыздық, керексіздік туралы Көбікті толқын санама. Пайдасыздық, керексіздік туралы Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт. Әділет туралы Еккенің тікен болса - орғаның балауса болмас. Пайдасыздық, керексіздік туралы Жаза баспас қадам жоқ - жаңылмайтын адам жоқ. Қателесу туралы Жауызға айтқан жақсы сөз - суға жазған сертпен тең. Асыл сөз туралы Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар. Халық, ел туралы Күй атасы - Қорқыт. Күй, жыр туралы Күйгенімнен - сүйгенім көп. Өкініш, реніш туралы Сын - шын болсын, шын сын болсын. Сын туралы Талай жан бар - аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас. Асыл сөз туралы Шын көңілден айтылған тілекке - шындықпен жауап беру парыз. Адамгершілік туралы Іздессең - табарсың, алыссаң - аларсың. Төзімділік туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.Әуезов Мұхтар (1897-1961) - ұлы жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, қазақ әдебиетінің классигі. «Абай жолы» романы әлемдік әдебиет антологиясына енген. Семейдегі Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Әкесінің есімі - Омархан. «Айман-Шолпан», «Қаракөз», т.б. спектакльдердің сценарийін жазған. Қазақ театр өнерінің негізін салушылардың бірі.
Ой да көп, уайым да көп - ойлай берсең,
Ой да жоқ, уайым да жоқ - ойнай берсең.
Ақыл-ой туралы
Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Өнерпаз болсаң - өр бол.
Ғылым-білім, өнер туралы
Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
Ақыл-ой туралы
Білім - бақтын жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ - әлдекімнің азығы.
Ғылым-білім, өнер туралы
Жігіт қадірі - өнерімен өлшенер болар.
Қадір-қасиет туралы
Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет.
Қадір-қасиет туралы
Жалынған - бас қорғау емес, жағаласқан - бас қорғау.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Берекені көктен тілеме - еткен еңбектен тіле.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Еңбек шыққан жерден - төзім де шығады.
Төзімділік, шыдамдылық туралы
Күшіңе сенбе - адал ісіңе сен.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Азамат сыны - ерлік, ерлік сыны - елдік.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық -ер кісінің ісі.
Жақсы мен жаман туралы
Жақсыда жаттық жоқ.
Жақсы мен жаман туралы
Адам көркі - ақыл.
Ақыл-ой туралы
Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.
Асыл сөз туралы
Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек.
Сақтық туралы
Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Адам ірілігі - бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерден құралады.
Қадір-қасиет туралы
Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса - ел болғаның қайсы?!
Жақсы мен жаман туралы
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Тумай жатып - толдым деме, толмай жатып - болдым деме.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Қызғаныш - құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.
Күншілдік, қызғаныш туралы
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім.
Ғылым-білім, өнер туралы
Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.
Ғылым-білім, өнер туралы
Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза.
Ар-намыс, ұят туралы
Жауға - жалынба, досқа - тарылма.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Сипат: тілі - бұлбұл, аяғы - дүлділ.
Тіл туралы
Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.
Мінез-құлық туралы
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Тамыр болдың - айтыс жоқ,
Қолдан бердің - қайтыс жоқ.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Көбікті толқын санама.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт.
Әділет туралы
Еккенің тікен болса - орғаның балауса болмас.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Жаза баспас қадам жоқ - жаңылмайтын адам жоқ.
Қателесу туралы
Жауызға айтқан жақсы сөз - суға жазған сертпен тең.
Асыл сөз туралы
Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар.
Халық, ел туралы
Күй атасы - Қорқыт.
Күй, жыр туралы
Күйгенімнен - сүйгенім көп.
Өкініш, реніш туралы
Сын - шын болсын, шын сын болсын.
Сын туралы
Талай жан бар - аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.
Асыл сөз туралы
Шын көңілден айтылған тілекке - шындықпен жауап беру парыз.
Адамгершілік туралы
Іздессең - табарсың, алыссаң - аларсың.
Төзімділік туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)