Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы: Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер. Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы және мЕмл. тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және соц. саяси жүйенің ыдырауы демокр. принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялылық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты (қ. Көппартиялылық). Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеум. топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеум.-экон. дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеум.-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті Ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық к-ті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экол. ұйымдары – ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықар. қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықар. қоғамдық к-ті, Экол. білім қоры, Респ. “ХХ ғасыр экологиясы”, “Жасыл майдан” экол. ассоциациялары, т.б. болды. Халық арасында кеңінен қолдау тапқан “Невада-Семей” қозғалысы респ. басшылығының қолдауымен 1989 ж. қазанда Семей полигонындағы ядр. сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қызметі тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этногр. бірлестігі жұмыс істеді. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар республикада экологияны қорғау, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында күресу мақсатында саяси сахнаға шығып, қоғам өміріндегі маңызды мәселелердің шешілуіне септігін тигізді. 90-жылдары құрылып, қызмет жасаған құқық қорғау ұйымдары қатарында адам құқықтарын қорғау ісінде өзінің белсенділігімен Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан-америка бюросы, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, Саяси қуғын-сүргін құрбандары ассоциациясы, Адам құқықтары жөніндегі демокр. к-т, т.б. болды. Қазақстанда әр түрлі одақтар мен қорлар да белсенді қызмет жасады. Мыс., Қазақстанның Агр. (Шаруалар) одағы, Қазақстан жастар одағы, архитекторлар, кинематографистер, жазушылар, суретшілер, композиторлар одақтары, Қазақстанның еркін кәсіподақтарының конфедерациясы, Қазақстанның мәдениет қоры, Бейбітшілік қоры, Ғылымға жәрдемдесу қоры, “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры, Қылмыспен күресті қорғау қоры, Жол жүру қауіпсіздігі қоры, т.б. Қазақстанның әйелдер қозғалысы қатарында белсенді қызмет атқарған Қазақстанның мұсылман әйелдерінің респ. лигасымен қатар, Алматы фемида лигасы, “Қазақстанның кәсіпкер әйелдері”, сондай-ақ, ардагерлер ұйымдарының арасында – Ардагерлердің респ. ұйымы, Саяси жазалау құрбандарының қазақстандық ассоциациясы, “Чернобыль” қоғамы, дене мүшелерінде кемістігі бар адамдардың бірлестіктері қатарында – “Спешиал Олимпикс”, Зағиптардың спорт жөніндегі ассоциациясы, т.б. болды. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен “Азат” (1990 ж. 1 шілде), “Поколение” (1992 ж. 24 қараша), “Лад” (1993 ж. мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан – 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демокр. таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989 – 94 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет мин-нде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу ҚР-ның Конституциясында, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.5. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15.7.2002) Заңдарында қамтамасыз етілген. ҚР-ның 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес Қазақстан “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, респ. “Отан” саяси партиясы, Қазақстан социал-демократиялық “Ауыл” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы қайта тіркеуден өтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеум. әділдік, демокр. құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. А. Әбішев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 04:01 60826

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер. Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы және мЕмл. тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және соц. саяси жүйенің ыдырауы демокр. принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялылық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты (қ. Көппартиялылық). Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеум. топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеум.-экон. дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеум.-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті Ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық к-ті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экол. ұйымдары – ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықар. қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықар. қоғамдық к-ті, Экол. білім қоры, Респ. “ХХ ғасыр экологиясы”, “Жасыл майдан” экол. ассоциациялары, т.б. болды. Халық арасында кеңінен қолдау тапқан “Невада-Семей” қозғалысы респ. басшылығының қолдауымен 1989 ж. қазанда Семей полигонындағы ядр. сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қызметі тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этногр. бірлестігі жұмыс істеді. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар республикада экологияны қорғау, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында күресу мақсатында саяси сахнаға шығып, қоғам өміріндегі маңызды мәселелердің шешілуіне септігін тигізді. 90-жылдары құрылып, қызмет жасаған құқық қорғау ұйымдары қатарында адам құқықтарын қорғау ісінде өзінің белсенділігімен Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан-америка бюросы, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, Саяси қуғын-сүргін құрбандары ассоциациясы, Адам құқықтары жөніндегі демокр. к-т, т.б. болды. Қазақстанда әр түрлі одақтар мен қорлар да белсенді қызмет жасады. Мыс., Қазақстанның Агр. (Шаруалар) одағы, Қазақстан жастар одағы, архитекторлар, кинематографистер, жазушылар, суретшілер, композиторлар одақтары, Қазақстанның еркін кәсіподақтарының конфедерациясы, Қазақстанның мәдениет қоры, Бейбітшілік қоры, Ғылымға жәрдемдесу қоры, “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры, Қылмыспен күресті қорғау қоры, Жол жүру қауіпсіздігі қоры, т.б. Қазақстанның әйелдер қозғалысы қатарында белсенді қызмет атқарған Қазақстанның мұсылман әйелдерінің респ. лигасымен қатар, Алматы фемида лигасы, “Қазақстанның кәсіпкер әйелдері”, сондай-ақ, ардагерлер ұйымдарының арасында – Ардагерлердің респ. ұйымы, Саяси жазалау құрбандарының қазақстандық ассоциациясы, “Чернобыль” қоғамы, дене мүшелерінде кемістігі бар адамдардың бірлестіктері қатарында – “Спешиал Олимпикс”, Зағиптардың спорт жөніндегі ассоциациясы, т.б. болды. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен “Азат” (1990 ж. 1 шілде), “Поколение” (1992 ж. 24 қараша), “Лад” (1993 ж. мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан – 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демокр. таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989 – 94 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет мин-нде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу ҚР-ның Конституциясында, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.5. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15.7.2002) Заңдарында қамтамасыз етілген. ҚР-ның 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес Қазақстан “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, респ. “Отан” саяси партиясы, Қазақстан социал-демократиялық “Ауыл” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы қайта тіркеуден өтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеум. әділдік, демокр. құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді.

А. Әбішев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға