Герхард Рихтердің жұмысы 37 миллион долларға сатылды
Неміс суретшісі Герхард Рихтердің «Милан соборы алдындағы алаң» деп аталатын жұмысы Нью-Йоркте Sotheby's аукционында 37 миллион долларға сатылды, деп хабарлады Лента.ру Reuters агенттігіне сілтеме жасап. «Милан соборы алдындағы алаң» картинасы фотореализм жанрында орындалған, бұл жұмысты Рихтер Siemens Elettra компаниясының Миландағы кеңсесінің тапсырысы бойынша жасаған болатын. Рихтердің картинасы қазіргі көзі тірі суретшілер арасында рекорд орнатты. Бұған дейінгі рекорд та осы суретшінің полотноларының еншісіне тиген болатын. Baq.kz
16.05.2013 03:25
3618
«Милан соборы алдындағы алаң» картинасы фотореализм жанрында орындалған, бұл жұмысты Рихтер Siemens Elettra компаниясының Миландағы кеңсесінің тапсырысы бойынша жасаған болатын.
Рихтердің картинасы қазіргі көзі тірі суретшілер арасында рекорд орнатты. Бұған дейінгі рекорд та осы суретшінің полотноларының еншісіне тиген болатын.
Baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Музей археологии
Келесі жаңалық
Абай облысында майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынады