Жаңалықтар

Ағылшын-ауған соғысы

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Ағылшын-ауған соғысы (1838-1842, 1878-1880, 1919) — Англияның Ауғанстанда жүргізген отарлау соғыстары. Бірінші А.-а.с-ы 1838 ж. 30 мың ағылшын әскерінің Ауғанстанға басып кіруімен басталды. Ауғанстан қорғанысқа 15 мың әскер шығарды. 1839 ж. ағылшындар Қандағарды, Ғазниді және Кабулды басып алды. 1841 ж. Кабулда көтеріліс басталып ағылшын әскерлері 1842 ж. ауған жерінен кетуге мәжбүр болды. 1878 ж. 2-А.-а.с-ы басталды. Күшінің басымдығын пайдаланып, ағылшындар 1879 ж. 8-қаңтарда Қандағарды басып алды. Ауған әмірі Якуб-хан Англиямен 1879 ж. 26-мамырда жасаған келісім бойынша Ауғанстан дербес сыртқы саясат жүргізу құқынан айырылды, ағылшын елшісі ауған үкіметінің ішкі істеріне де араласуға мүмкіндік алды, Қандағар, Құррам, Сиби мен Пишин Англияның иелігіне берілді. Бұл әділетсіз келісім Кабулде халық көтерілісін туғызды. Кабулдегі ағылшындарды көтерілісшілердің 100 мыңдық әскері қоршап алды. 1880 ж. 27-шілдеде Майвандтағы (Қандағар маңында) шайқаста ағылшындар жеңіліске ұшырады. 1880 ж. Әбдірахман әмірмен жасалған жаңа келісім бойынша Қандағар Ауғанстанға қайтарылды. Ауғанстан ішкі саясатын жүргізудегі дербестігін сақтап қалды, ағылшын әскерлері ауған елінен шығарылды. 1893 ж. 12-қарашада Әбдірахман әмір мен М. Дюранд 1869 — 1873 ж. Англия мен Ресей арасында жасалған, орыс-ауған шекарасын белгілеген келісім-шартты бекітіп, Ауғанстан мен Үндістандағы ағылшын иеліктерінің арасындағы шекараны қайта қарап, ауғандар (пуштун) орналасқан үлкен территорияны Ауғанстаннан бөліп тастады. “Дюранд сызығы” деп аталған осы шекараны ауған ресми топтары мойындамай, оны Ауғанстанның Пәкстанмен емес, Пуштунстанмен шекарасы деп санады. 1919 ж. Аманулла хан Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартқан Англия 3-А.-а.с-н бастады (1919 ж. 3.05). Ағылшындардың жақсы қаруланған 340 мыңдық әскеріне қарсы ауған үкіметі 40 мыңдық әскер шығарды. Ауған әскерлері Хайбер, Вазиристан және Қандағар бағыттарында қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Вазиристанда ағылшындарға қарсы халық көтерілісі басталды. Тап осы кезде Үндістанда да толқулар күшейді де ағылшындар соғыс қимылдарын тоқтатуға мәжбүр болды. 1919 ж. 8-тамыздағы бітім шарты бойынша (1921 ж. 22-қарашада Кабулда бекітіліп, күшіне енді) Англия Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады, Ауғанстан мен ағылшын иеліктері арасындағы шекара “Дюранд сызығы” арқылы өтетін болды. Г.Көкебаева    
09.11.2012 03:57 5242

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Ағылшын-ауған соғысы (1838-1842, 1878-1880, 1919) — Англияның Ауғанстанда жүргізген отарлау соғыстары. Бірінші А.-а.с-ы 1838 ж. 30 мың ағылшын әскерінің Ауғанстанға басып кіруімен басталды. Ауғанстан қорғанысқа 15 мың әскер шығарды. 1839 ж. ағылшындар Қандағарды, Ғазниді және Кабулды басып алды. 1841 ж. Кабулда көтеріліс басталып ағылшын әскерлері 1842 ж. ауған жерінен кетуге мәжбүр болды. 1878 ж. 2-А.-а.с-ы басталды. Күшінің басымдығын пайдаланып, ағылшындар 1879 ж. 8-қаңтарда Қандағарды басып алды. Ауған әмірі Якуб-хан Англиямен 1879 ж. 26-мамырда жасаған келісім бойынша Ауғанстан дербес сыртқы саясат жүргізу құқынан айырылды, ағылшын елшісі ауған үкіметінің ішкі істеріне де араласуға мүмкіндік алды, Қандағар, Құррам, Сиби мен Пишин Англияның иелігіне берілді. Бұл әділетсіз келісім Кабулде халық көтерілісін туғызды. Кабулдегі ағылшындарды көтерілісшілердің 100 мыңдық әскері қоршап алды. 1880 ж. 27-шілдеде Майвандтағы (Қандағар маңында) шайқаста ағылшындар жеңіліске ұшырады. 1880 ж. Әбдірахман әмірмен жасалған жаңа келісім бойынша Қандағар Ауғанстанға қайтарылды. Ауғанстан ішкі саясатын жүргізудегі дербестігін сақтап қалды, ағылшын әскерлері ауған елінен шығарылды. 1893 ж. 12-қарашада Әбдірахман әмір мен М. Дюранд 1869 — 1873 ж. Англия мен Ресей арасында жасалған, орыс-ауған шекарасын белгілеген келісім-шартты бекітіп, Ауғанстан мен Үндістандағы ағылшын иеліктерінің арасындағы шекараны қайта қарап, ауғандар (пуштун) орналасқан үлкен территорияны Ауғанстаннан бөліп тастады. “Дюранд сызығы” деп аталған осы шекараны ауған ресми топтары мойындамай, оны Ауғанстанның Пәкстанмен емес, Пуштунстанмен шекарасы деп санады. 1919 ж. Аманулла хан Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартқан Англия 3-А.-а.с-н бастады (1919 ж. 3.05). Ағылшындардың жақсы қаруланған 340 мыңдық әскеріне қарсы ауған үкіметі 40 мыңдық әскер шығарды. Ауған әскерлері Хайбер, Вазиристан және Қандағар бағыттарында қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Вазиристанда ағылшындарға қарсы халық көтерілісі басталды. Тап осы кезде Үндістанда да толқулар күшейді де ағылшындар соғыс қимылдарын тоқтатуға мәжбүр болды. 1919 ж. 8-тамыздағы бітім шарты бойынша (1921 ж. 22-қарашада Кабулда бекітіліп, күшіне енді) Англия Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады, Ауғанстан мен ағылшын иеліктері арасындағы шекара “Дюранд сызығы” арқылы өтетін болды.

Г.Көкебаева

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға