Дулат Бабатайұлы
Бабатайұлы Дулат (1802-1871) - ойшыл, ақын. Аякөз өңірінде туған. 1880 жылы «Өсиетнама» деген жинағы Қазанда басылып шыққан. Ақын өлеңдерін ел аузынан жинап, сақтаушы - халық ақыны Шәкір Әбенов. Өлеңдерінде саяси-әлеуметгік тақырьпттар терең де жан-жақты кең көрініс тапқан. Елдік мұраттарын жан ауыра жырға қосқан. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы бізге етене таныс. Иман-жанның сапасы. Дін, иман туралы Ата-ананың ақылы - қазылған қара жолмен тең, Ағайының көп болса - ұлы шерік қолмен тең. Ақыл-ой туралы Жақсылардың ақылы - гәуһар шырақ шаммен тең, Жақсының көрген жарығы - анық атқан таңмен тең. Жақсы мен жаман туралы Кей жаманның тілі бар - ащылығы умен тең, Айтқан сөзі ақымақтың - адам ішпес сумен тең. Жақсы мен жаман туралы Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді. Жақсы мен жаман туралы Екі жаман кез болса - құтырған иттей таласар. Білгенін түзу кім етсе - қара басы бимен тең. Жақсы мен жаман туралы Бір үйде өскен балалар бірлік қылса азар ма?! Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Жаман болса ұлығың - аш-арығы оңалмас. Жақсы мен жаман туралы Мал - дүниенің опасы. Төрт түлік мал туралы Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас. Күншілдік, қызғаныш туралы Көп жаманның ішінде бір жақсысы болмаса - серкесі жоқ қоймен тең, жақсы ішінде бір жаман - өлі жүнді таймен тең. Жақсы мен жаман туралы Талқаныңды жеп қойса - туысқаның жатпен тең. Ағайын-туыс туралы Жақсыдан ақылың - қызыл алтын бұл болар, Ұяты жоқ адамға - өтірік сөзің шын болар. Ар-намыс, ұят туралы Орнын білмес жаманға - есік те болса төрмен тең, Жақсының жары сұм болса - қазып қойған көрмен тең. Жақсы мен жаман туралы Баяны жоқ дүниені бір күндік демей не дейміз. Дүние туралы Рас жаман өзін - өзгені қор көрген адам. Жақсы мен жаман туралы Имансызға - пейіш жоқ, имандының - көңілі тоқ. Дін, иман туралы Уәдесінде тұрмаса - жақсыға өлім сол болар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Сыйласпаған ағайын жатыңменен пара-пар. Ағайын-туыс туралы Жақсысы кеткен ауылға мейман келіп қона алмас. Жақсы мен жаман туралы Кей жақсының мінезі - Еділ менен Жайықтай, Жақсылар топта сөйлейді - дарияда жүзген қайықтай. Жақсы мен жаман туралы Парақор болған төрелер - қуаңнан шыққан жұтпен тең, Шежіре қуған адамның - көкірегі сызған хатпен тең. Парақорлық туралы Жаттан рақым не күтсін - бастан жаны кеткен ер, Шуылдаған қарғадай - көшбасшысы өткен ел. Қоғам, мемлекет, заман туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталыБабатайұлы Дулат (1802-1871) - ойшыл, ақын. Аякөз өңірінде туған. 1880 жылы «Өсиетнама» деген жинағы Қазанда басылып шыққан. Ақын өлеңдерін ел аузынан жинап, сақтаушы - халық ақыны Шәкір Әбенов. Өлеңдерінде саяси-әлеуметгік тақырьпттар терең де жан-жақты кең көрініс тапқан. Елдік мұраттарын жан ауыра жырға қосқан. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы бізге етене таныс.
Иман-жанның сапасы.
Дін, иман туралы
Ата-ананың ақылы - қазылған қара жолмен тең,
Ағайының көп болса - ұлы шерік қолмен тең.
Ақыл-ой туралы
Жақсылардың ақылы - гәуһар шырақ шаммен тең,
Жақсының көрген жарығы - анық атқан таңмен тең.
Жақсы мен жаман туралы
Кей жаманның тілі бар - ащылығы умен тең,
Айтқан сөзі ақымақтың - адам ішпес сумен тең.
Жақсы мен жаман туралы
Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді.
Жақсы мен жаман туралы
Екі жаман кез болса - құтырған иттей таласар.
Білгенін түзу кім етсе - қара басы бимен тең.
Жақсы мен жаман туралы
Бір үйде өскен балалар бірлік қылса азар ма?!
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Жаман болса ұлығың - аш-арығы оңалмас.
Жақсы мен жаман туралы
Мал - дүниенің опасы.
Төрт түлік мал туралы
Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.
Күншілдік, қызғаныш туралы
Көп жаманның ішінде бір жақсысы болмаса - серкесі жоқ қоймен тең, жақсы ішінде бір жаман - өлі жүнді таймен тең.
Жақсы мен жаман туралы
Талқаныңды жеп қойса - туысқаның жатпен тең.
Ағайын-туыс туралы
Жақсыдан ақылың - қызыл алтын бұл болар,
Ұяты жоқ адамға - өтірік сөзің шын болар.
Ар-намыс, ұят туралы
Орнын білмес жаманға - есік те болса төрмен тең,
Жақсының жары сұм болса - қазып қойған көрмен тең.
Жақсы мен жаман туралы
Баяны жоқ дүниені бір күндік демей не дейміз.
Дүние туралы
Рас жаман өзін - өзгені қор көрген адам.
Жақсы мен жаман туралы
Имансызға - пейіш жоқ, имандының - көңілі тоқ.
Дін, иман туралы
Уәдесінде тұрмаса - жақсыға өлім сол болар.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Сыйласпаған ағайын жатыңменен пара-пар.
Ағайын-туыс туралы
Жақсысы кеткен ауылға мейман келіп қона алмас.
Жақсы мен жаман туралы
Кей жақсының мінезі - Еділ менен Жайықтай,
Жақсылар топта сөйлейді - дарияда жүзген қайықтай.
Жақсы мен жаман туралы
Парақор болған төрелер - қуаңнан шыққан жұтпен тең,
Шежіре қуған адамның - көкірегі сызған хатпен тең.
Парақорлық туралы
Жаттан рақым не күтсін - бастан жаны кеткен ер,
Шуылдаған қарғадай - көшбасшысы өткен ел.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
