Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы: Экономикасы (2 бөлім)

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 Қайта құру идеяларын өмірге енгізу жеңіл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесінен бас тартпай, әкімшіл-әміршіл пиғылдан арылмай, түбегейлі құрылымдық өзгерістер жасамай тұрып, реформаны одан әрі дамыту мүмкін болмады. Қоғамды демократияландыру ісі орт. пен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экон. қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемл.-құқықтық негіздерін қайта қарауды қажет етті. Қазақстанда Президенттік басқарудың енгізілуі мемл. билік әлсіреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегі экон. және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс еді. Қазақстанның мемл. егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесінде материалдық-тех., сыртқы экон. қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкіндіктер туды. Орт. органдарды жанай өтіп, бұрынғы кеңістіктегі республикалармен тікелей экон. байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік туды. ҚР Президенті одақтық бағыныстағы мемл. кәсіпорындарды Қазақстан Үкіметінің құзырына алу, Қазақ КСР-інің алтын және күміс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экон. қызмет пен мекемелердің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін басқа да жарлықтар шығарды. Енді бұрынғы одақтас республикалар өзара тікелей дипломатиялық және экон. қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 – 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экон. шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бірсыпыра келісімдер жасалып, өзара міндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесінде осы уақытқа дейін шикізат аймағы және арзан жұмыс күшінің көзі саналып келген республика экономикаға меншіктің көп түрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарды енгізе отырып, дербес экон. өрлеу жолына түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейін (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бірнеше тәсілі қолданылды. Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) соц. экономикадан кейінгі қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкон. тұрақтандыру; 4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру; 5) экон. өрлеуді қамтамасыз ету. Бірінші кезең (1991– 92) Қазақстанда соц. экономикадан кейінгі экон. жағдайдың шиеленісіп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған еді, оның үстіне өзгеріске ұшыраған сыртқы және ішкі әлеум.-экон., қоғамдық-саяси бағытта жүргізілген экон. саясат өрістеп кете алмады. 90-жылдардың басында ҚР-ның экон. саясаты соц. экон. жүйені өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негізгі бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуіштерді енгізу, әлеум.-экон. аяға мемлекеттің қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экон. қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртіпті тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негіздерін қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс істеуі үшін жағдай жасау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге нарықтық нышандар үлгілерін енгізу, кәсіпкерлікті, шағын және орташа бизнесті дамыту, толымды нарықтық бәсекені өрістету үшін жағдай жасау. Республиканың жалпы ішкі өнімі 1991 ж. ағымдағы бағамен – 85863,1 млн. сом., 1992 ж. – 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы ішкі өнім ағымдағы бағамен 15 есе көбейді. Тұтыну бағасының индексі 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзі 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы ішкі өнім деңгейі 5,3%-ға төмендеді. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндіріс көлемі күрт азайды. Өнеркәсіптік өнімнің құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлікте 19,4%-ды құрады. Өндірістің өсуі тек а.ш-нда ғана тіркелді. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1991 ж. 5756 АҚШ дол., 1992 ж. 5561 АҚШ дол. болды. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы – “Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгіленді, олар: бәсекеге негізделген, экон. және әлеум. өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз міндеттерін орындайтын негізгі меншік нысандары (жекеше және мемл.) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеум. нарықтық экономика құру; адамның экон. өзін-өзі билеуі қағидатын іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдай жасау. Екінші кезең (1993 – 94) экон. дағдарыстың түйінді кезеңіне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрінді: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзілуі және осының салдары ретіндегі төлем төленбеу дағдарысы: кәсіпорындардың өзара борыштары 1993 – 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түсті: 1993 ж. тұтыну бағасының индексі 2265% деңгейіне жетті (Ресей Федерациясының жаңа рублінің инфляциясы); өнеркәсіптің шегіне жете құлдырауы: өндірілген ұлттық табыс 1991 – 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейін төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экон. дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерін тигізді: 1990 жылдан 1994 жылға дейін тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы ішкі өнім 20%-ға азайып, 4711 АҚШ долл. болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көші-қоны басталды, ол 1994 ж. теріс сальдоға жетті (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздеді: меншік қатынастарын қайта құру жеке меншікті заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта – теңгені енгізу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесін өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемітуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкімет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейін азайтуға және өндірістің құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретін қарыздардың көлемін шектеуге қосымша несиенің “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгілеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуіне септігін тигізетін, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуі себепті банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетін барынша тиімді шаралардың бірі ретінде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкіметі басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебінен кәсіпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көл. 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттің нысаналы несиелері көбінесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлінген несиенің алтыдан бір бөлігі) қайтарылды. Бұл кезеңде жалпы ішкі өнімнің серпіні өндірістің шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы ішкі өнімнің көлемі 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесінде таза жинақ қаражат – өндірісті тұрақтандыратын әлеуетті инвестициялар өсуге тиіс еді. Алайда, жинақ қаражат күткендегідей өсе қоймады: халықтың салымы небәрі 606,9 млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейін (1.7.1994) ғана көбейді, ал банкілердегі ағымдағы, есеп айырысу және депозиттік шоттардың қалдықтары тиісінше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейді. Сөйтіп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндірістің құлдырауын ушықтыра түсті. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсібінің ширегінен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экон. саясат жүргізуді талап етті, соның салдарынан әлеум.-экон. ахуал одан әрі нашарлады. Қазақстанның экон. саясатына түзету енгізудің нәтижесінде экономика дәрменсіздіктен серпіліп, макроэкономика тұрақтану үшін жағдай жасауға мүмкіндік туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықар. валюта қорына кірді, ол елге дағдарысты еңсеру үшін нысаналы несие бөлді. Үшінші кезеңде (1995 – 97) Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетуді көздеді. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экон. ин-ттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықар. стандарттарға сәйкес екі деңгейлі банк жүйесін жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргізу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткізу; атаулы жалақыны шектеу; берілетін несиелерді шектеу және ақша массасының қатаң көлемін (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгілеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңінен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшін жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 1996 жылдың қарсаңында теңгенің валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. – 1 долл. үшін 35,76 теңге, 1995 ж. – 60,93 теңге, 1996 ж. – 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсіптің сыртқа шығаруға бағдарланған бірқатар салаларында өндіріс жанданды. Әлеум. аядағы қаржы-экон. қайта құрулар қаржы жүгін респ. бюджеттен жергілікті бюджетке беру, көрсетілетін әлеум. қызметтердің сапасын арттыру, әлеум. сала мекемелерінің қызметіне жаңа экон. бәсекелестік қатынастарды енгізіп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздері мен көлемдерін ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негізгі қаржы-экон. өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгісіне көшу негізінде қаржыландыру жүйесін өзгертумен ұштастырыла жүргізілді, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негізгі көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейіне дейін көбейді. 1997 жылдың бас кезіндегі экономиканың жай-күйін мынадай факторлармен сипаттауға болады: іс жүзінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негізгі заңдық актілер өзгертілді, олар реформаларды жүргізуге мүмкіндік туғызды, сыртқы экон. қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетін жаңа салық базасы жасалды, меншікті қаржы рыногі құрылды, банк жүйесі жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемл. бағалы қағаздар рыногі құрылды, мемл. меншікті жекешелендіру қарымды қарқынмен жүргізілді. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экон. тұрғыдан тиімді нәтижелеріне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеум.-демогр. ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсіп-өну деңгейі кеміді; өмірдің ұзақтығы қысқарды; білім деңгейі төмендеді; материалдық әл-ауқат құлдырап кетті: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейінде өздерінің күн-көріс қажеттерін қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейі екі есеге жуық көбейді. Бұл кезеңде бұрынғы әлеум. саясат қағидаларын өзгерту қажеттігі туды: халықты әлеум. қорғаудан әлеум. көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеум. саладағы мемл. қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңінің басты жетістіктері: елде тұрақты әлеум.-экон. жағдай сақталды; ұлттық ақша бірлігі енгізілді және дербес ұлттық ақша саясатын жүргізу мүмкіндігі туды; Қазақстан рыногі тұтыну тауарларымен молая түсті; респбликаның тәуелсіздігі мәртебесін дүниежүз. қоғамдастығы мойындады және ол халықар. қаржы ин-ттарына кірді. Әлеум.-экон. шаралардың іске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және мед. қорларын құруға жол ашты. Төртінші кезеңде (1998 – 99) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан – 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентінің “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы – ҚР-ның ұзақ мерзімдік стратег. дамуының тұжырымдамалық негізі – даму бағыттары және елдің дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның міндеттеріне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердің деңгейіне жетіп, әлемнің ең дамыған 20 елінің қатарына қосылуға тиіс (қ. Қазақстан – 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүз. қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзімді стратегияның алдын-ала белгіленген кезеңін іске асыру мақсатында Президенттің 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған стратег. жоспары бекітілді, ол дүниежүз. қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экон. өрлеуді қамтамасыз етуге, бюджеттік аяны реформалауға, белсенді әлеум. саясат жүргізу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенің өзгермелі бағамы енгізілді (1 АҚШ долл. 1998 ж. – 78,29 теңгеге, 1999 ж. – 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзі 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнім экспортын ынталандыруға мүмкіндік берді. 1999 ж. экспорт көл. 5592,2 млн. АҚШ долл-на жетті; Бұл кезеңде тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жалпы ішкі өнім 74891,6 млн. АҚШ долл-нан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долл-на (1999) көбейді. Жалпы ішкі өнімнің нақты көл. 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу) жүргізілді, ол ішкі қорлануды одан әрі ұлғайтып, ішкі инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жетті, бір жылдан кейін ол 2,7 есе көбейді (64504 млн. теңге). Бесінші кезеңде (2000 жылдан қазірге дейін) Қазақстан экон. өрлеу жолына түсті. ҚР дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған стратег. жоспарын іске асырудың оң тәжірибесі бюджеттік-қаржылық өзара іс-қимыл мен реттеудің жаңа қағидаларына негіз қалады, оның серпіні мына мақсаттармен айқындалды: 2000 – 02 ж. орт. және жергілікті атқарушы органдар арасында қаржы-экон. міндеттерді бөлісу; 2001 жылдан бастап елдің экон. дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы ішкі өнім жыл сайын өсіп отырды: тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша 2000 ж. – 87607,5 млн. АҚШ долл-ы, 2001 ж. – 101674,1 млн. АҚШ долл-ы. 2002 ж. жалпы ішкі өнім көлемі бұрынғыдан 9,5%-ға көбейді. 1999 – 2000 ж. бейқаржылық активтер негізінен шетелдік инвестициялардан құралса (тиісінше 57% және 51%), 2001 ж. ішкі инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жетті. 2000 – 02 ж. елдің экон. дамуы үшін инвестициялық мүмкіндіктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келісімшарт жасалды, негізгі капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ долл-ы) инвестициялық міндеттеме қабылданды. 2001 ж. негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көл. 775,7 млрд. теңгені құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттің Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратег. жоспары” бекітілді. Қазіргі кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкіметтің 2002 – 04 ж. арналған іс-қимылдар жоспары (2002) және соның негізінде әзірленген 2003 – 05 жылдарға арналған респ. бюджеттің болжамдық көрсеткіштері (2002) экономика үшін негіз ретінде басшылыққа алынып отыр. Негізгі мақсат – бәсекелестік қабілеті күшті экономика құру, жалпы ішкі өнімді 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай ілгерілеуге стратегиялық салаларды – мұнай-газ секторын, энергетика мен агр.-өнеркәсіптік секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткізіледі. ҚР-ның 2003 – 2005 жылдарға арналған мемл. агр. азық-түлік бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. Бұл бағдарламада негізгі басым бағыттар көрсетілді, олар: елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; агр. бизнестің белсенді жүйесін қалыптастыру; ішкі және сыртқы рыноктарда а. ш. өнімін және оның ұқсатылған өнімдерін сату көлемін ұлғайту; а. ш. өндірісін мемл. қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екі жылдағы экон. өрлеу Қазақстандағы әлеум. ахуалға дұрыс ықпалын тигізді: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесі азая түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 12 жылдың ішінде Қазақстанда әлеум., зейнетақы жүйесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргізілді, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендірілді, жер реформасын жүргізу үшін жағдай жасалды. Қазақстанда ірі өнеркәсіп орталықтары, оның ішінде отын-энергет., металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсібі жұмыс істейді. Республика кәсіпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашірік, синтет. каучук, шайыр, пластмасса, хим. талшықтар, автомоб. шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, а.ш. машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндіреді. Әлемдік экономика ауқымында Қазақстан – тауар рыногіне мұнай, газ, қара, түсті, сирек кездесетін металдар, уран өнімін шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсібі Қазақстан экономикасының жетекші секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсіп өндірісінің 44,3%-ы осы өнеркәсіптің үлесіне тиді. Қазақстанда көмір-сутекті шикізаттың бірегей қоры бар. Барланған қор бойынша еліміз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кеніштері ашылды, олардың көбі республиканың батыс бөлігінде, негізінен Атырау обл-нда. Олардың ішінде 1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңіз кеніші; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кеніші; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кеніштері бар. 2000 ж. Қазақстанда Солт. Каспий қайраңында ірі мұнай кеніші (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңінде кеніштің жалпы геол. қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндіріп алынатын қоры – 13 млрд. баррельге жуық. Атырау обл-ндағы аса ірі кеніштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңіз кеніші (оның бастапқы өндіріп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кеніші (бастапқы өндіріп алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кеніші ( 30,8 млн. т). Маңғыстау обл-ндағы аса ірі мұнай кеніштері: Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас. Бат. Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндірісіндегі келешегі зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бірігуі жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндіру ісі шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорны, “Қазақойл-Ембі” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.). Мұнай-газ секторының өнімі Еуразия құрлығының ондаған елдеріне экспортқа шығарылады (аса ірі импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесі 2001 ж. 49,3% болды. Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде түсті металлургияның үлесі 11%. Өндіріс деңгейі бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты ірі көлемде өндірушілер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс өндірудегі үлесі 2,3%. Қазақстан мысының негізгі импортшылары: Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндіреді, ол Қазақстанның түрлі аймақтарында бірнеше зауыттарды, кеніштерді және энергия нысандарын біріктіріп отыр. Қазақстан темір кентасының қоры жөнінен әлемде 8-орында. Оның әлемдік қордағы үлесі 6%. Елде өндірілетін темір кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы өнеркәсіп өнімі көлемінің 7%-ға жуығын өндіреді. Мұндағы аса ірі кәсіпорын – Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндіреді. Бұл комб. өнімі ТМД елдері мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец және темір-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын өндіреді. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа з-ттары жұмыс істейді. 1994 жылдан кен-металлургия кешені кәсіпорындарының көбі шетелдік және отандық компаниялардың басқаруына берілді. 1996 – 97 ж. кен байыту және металлургия кәсіпорындарын бірыңғай технол. тізбекпен байланыстырған ірі бірлестіктер құрылды, олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс” корпорациясы, “Қазақстан алюминийі”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық акцион. компаниясы. Лондондағы Уран ин-тының есебіне қарағанда, әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда. Полиметалл кеніштері негізінде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл, Зырян қорғасын, Шығ. Қазақстан мыс-химия, Ертіс полиметалл, Жезкент кен-байыту комб-тары жұмыс істейді. Кәсіпорындардың басқа бір тобы – Өскемен титан-магний, Белогор кен-байыту комб-тары, Үлбі металлургия, Ертіс химия-металлургия з-ттары сирек металдармен олардың қосылыстарын, т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру з-ты, сары фосфор алынатын фосфоритті кентастарды өңдейтін ірі кешен “Қазфосфат” ЖШС жұмыс істейді. Ол “Қаратау” кен-химия комб., Жаңа Жамбыл фосфор з-ты, Минералдық тыңайтқыштар з-ты сияқты аса ірі кәсіпорындарды біріктіріп отыр. Республиканың машина жасау кешенінің өнімі өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде 3%-ға жуық. Оңт. аймақта Станок жасау з-ты, Алматыда Ауыр машина жасау з-ты жұмыс істейді, олар түрлі станоктар шығарады. Солт. аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-тері, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атынд. зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты ірі машина жасау кәсіпорындары жұмыс істейді. Олар а. ш. машиналары үшін босалқы бөлшектер, жабдықтар, двигательдер, көшпелі электр ст-ларын, тамақ өнеркәсібі үшін жабдықтар, газ бен электр энергиясының шығынын есептейтін есептеуіштер шығарады. Қазақстанда құрылыс индустриясының дамуына ел ордасының Астана қ-на көшірілуі жаңа серпін берді. Құрылыс материалдары өнеркәсібі өнімінің көлемі республика өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде 4%-ға жуық. Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттік тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетіндегі көлік магистралінің ұз. 106 мың км. Оның ішінде 13,5 мың км – т. ж., 87,4 мың км – автомоб. жолы, 4 мың км – өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында Достық – Алашанькоу шекаралық т. ж. өткелі, Түрікменстан мен Иран арасында Серакс – Мешхед т.ж. өткелі салынған соң Ұлы жібек жолы бойында жаңа транзиттік дәліздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан, Түрікменстан, Иран, Түркия, Жерорта т. мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкіндігі туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомоб. жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта т-нің, Үнді мұхитының порттарына шығуға мүмкіндік береді. Теңіз кеме қатынасы Каспий т-нде Ақтау порты арқылы өтеді, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара т. бен Балтық т-не шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекші компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда. Д.Қабдиев, Қ.Оқаев, К.Қажымұрат, М.Спанов, Ф.Әлжанова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 03:53 19931

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

Қайта құру идеяларын өмірге енгізу жеңіл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесінен бас тартпай, әкімшіл-әміршіл пиғылдан арылмай, түбегейлі құрылымдық өзгерістер жасамай тұрып, реформаны одан әрі дамыту мүмкін болмады. Қоғамды демократияландыру ісі орт. пен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экон. қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемл.-құқықтық негіздерін қайта қарауды қажет етті. Қазақстанда Президенттік басқарудың енгізілуі мемл. билік әлсіреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегі экон. және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс еді. Қазақстанның мемл. егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесінде материалдық-тех., сыртқы экон. қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкіндіктер туды. Орт. органдарды жанай өтіп, бұрынғы кеңістіктегі республикалармен тікелей экон. байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік туды. ҚР Президенті одақтық бағыныстағы мемл. кәсіпорындарды Қазақстан Үкіметінің құзырына алу, Қазақ КСР-інің алтын және күміс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экон. қызмет пен мекемелердің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін басқа да жарлықтар шығарды. Енді бұрынғы одақтас республикалар өзара тікелей дипломатиялық және экон. қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 – 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экон. шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бірсыпыра келісімдер жасалып, өзара міндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесінде осы уақытқа дейін шикізат аймағы және арзан жұмыс күшінің көзі саналып келген республика экономикаға меншіктің көп түрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарды енгізе отырып, дербес экон. өрлеу жолына түсті.

Тәуелсіздік алғаннан кейін (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бірнеше тәсілі қолданылды. Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) соц. экономикадан кейінгі қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкон. тұрақтандыру; 4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру; 5) экон. өрлеуді қамтамасыз ету.

Бірінші кезең (1991– 92) Қазақстанда соц. экономикадан кейінгі экон. жағдайдың шиеленісіп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған еді, оның үстіне өзгеріске ұшыраған сыртқы және ішкі әлеум.-экон., қоғамдық-саяси бағытта жүргізілген экон. саясат өрістеп кете алмады.

90-жылдардың басында ҚР-ның экон. саясаты соц. экон. жүйені өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негізгі бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуіштерді енгізу, әлеум.-экон. аяға мемлекеттің қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экон. қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртіпті тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негіздерін қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс істеуі үшін жағдай жасау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге нарықтық нышандар үлгілерін енгізу, кәсіпкерлікті, шағын және орташа бизнесті дамыту, толымды нарықтық бәсекені өрістету үшін жағдай жасау.

Республиканың жалпы ішкі өнімі 1991 ж. ағымдағы бағамен – 85863,1 млн. сом., 1992 ж. – 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы ішкі өнім ағымдағы бағамен 15 есе көбейді. Тұтыну бағасының индексі 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзі 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы ішкі өнім деңгейі 5,3%-ға төмендеді. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндіріс көлемі күрт азайды. Өнеркәсіптік өнімнің құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлікте 19,4%-ды құрады. Өндірістің өсуі тек а.ш-нда ғана тіркелді. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1991 ж. 5756 АҚШ дол., 1992 ж. 5561 АҚШ дол. болды. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы – “Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгіленді, олар: бәсекеге негізделген, экон. және әлеум. өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз міндеттерін орындайтын негізгі меншік нысандары (жекеше және мемл.) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеум. нарықтық экономика құру; адамның экон. өзін-өзі билеуі қағидатын іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдай жасау.

Екінші кезең (1993 – 94) экон. дағдарыстың түйінді кезеңіне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрінді: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзілуі және осының салдары ретіндегі төлем төленбеу дағдарысы: кәсіпорындардың өзара борыштары 1993 – 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түсті: 1993 ж. тұтыну бағасының индексі 2265% деңгейіне жетті (Ресей Федерациясының жаңа рублінің инфляциясы); өнеркәсіптің шегіне жете құлдырауы: өндірілген ұлттық табыс 1991 – 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейін төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экон. дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерін тигізді: 1990 жылдан 1994 жылға дейін тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы ішкі өнім 20%-ға азайып, 4711 АҚШ долл. болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көші-қоны басталды, ол 1994 ж. теріс сальдоға жетті (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздеді: меншік қатынастарын қайта құру жеке меншікті заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта – теңгені енгізу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесін өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемітуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкімет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейін азайтуға және өндірістің құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретін қарыздардың көлемін шектеуге қосымша несиенің “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгілеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуіне септігін тигізетін, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуі себепті банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетін барынша тиімді шаралардың бірі ретінде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкіметі басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебінен кәсіпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көл. 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттің нысаналы несиелері көбінесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлінген несиенің алтыдан бір бөлігі) қайтарылды. Бұл кезеңде жалпы ішкі өнімнің серпіні өндірістің шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы ішкі өнімнің көлемі 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесінде таза жинақ қаражат – өндірісті тұрақтандыратын әлеуетті инвестициялар өсуге тиіс еді. Алайда, жинақ қаражат күткендегідей өсе қоймады: халықтың салымы небәрі 606,9 млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейін (1.7.1994) ғана көбейді, ал банкілердегі ағымдағы, есеп айырысу және депозиттік шоттардың қалдықтары тиісінше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейді. Сөйтіп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндірістің құлдырауын ушықтыра түсті. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсібінің ширегінен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экон. саясат жүргізуді талап етті, соның салдарынан әлеум.-экон. ахуал одан әрі нашарлады. Қазақстанның экон. саясатына түзету енгізудің нәтижесінде экономика дәрменсіздіктен серпіліп, макроэкономика тұрақтану үшін жағдай жасауға мүмкіндік туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықар. валюта қорына кірді, ол елге дағдарысты еңсеру үшін нысаналы несие бөлді.

Үшінші кезеңде (1995 – 97) Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетуді көздеді. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экон. ин-ттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықар. стандарттарға сәйкес екі деңгейлі банк жүйесін жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргізу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткізу; атаулы жалақыны шектеу; берілетін несиелерді шектеу және ақша массасының қатаң көлемін (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгілеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңінен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшін жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 1996 жылдың қарсаңында теңгенің валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. – 1 долл. үшін 35,76 теңге, 1995 ж. – 60,93 теңге, 1996 ж. – 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсіптің сыртқа шығаруға бағдарланған бірқатар салаларында өндіріс жанданды. Әлеум. аядағы қаржы-экон. қайта құрулар қаржы жүгін респ. бюджеттен жергілікті бюджетке беру, көрсетілетін әлеум. қызметтердің сапасын арттыру, әлеум. сала мекемелерінің қызметіне жаңа экон. бәсекелестік қатынастарды енгізіп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздері мен көлемдерін ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негізгі қаржы-экон. өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгісіне көшу негізінде қаржыландыру жүйесін өзгертумен ұштастырыла жүргізілді, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негізгі көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейіне дейін көбейді. 1997 жылдың бас кезіндегі экономиканың жай-күйін мынадай факторлармен сипаттауға болады: іс жүзінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негізгі заңдық актілер өзгертілді, олар реформаларды жүргізуге мүмкіндік туғызды, сыртқы экон. қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетін жаңа салық базасы жасалды, меншікті қаржы рыногі құрылды, банк жүйесі жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемл. бағалы қағаздар рыногі құрылды, мемл. меншікті жекешелендіру қарымды қарқынмен жүргізілді. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экон. тұрғыдан тиімді нәтижелеріне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеум.-демогр. ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсіп-өну деңгейі кеміді; өмірдің ұзақтығы қысқарды; білім деңгейі төмендеді; материалдық әл-ауқат құлдырап кетті: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейінде өздерінің күн-көріс қажеттерін қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейі екі есеге жуық көбейді. Бұл кезеңде бұрынғы әлеум. саясат қағидаларын өзгерту қажеттігі туды: халықты әлеум. қорғаудан әлеум. көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеум. саладағы мемл. қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңінің басты жетістіктері: елде тұрақты әлеум.-экон. жағдай сақталды; ұлттық ақша бірлігі енгізілді және дербес ұлттық ақша саясатын жүргізу мүмкіндігі туды; Қазақстан рыногі тұтыну тауарларымен молая түсті; респбликаның тәуелсіздігі мәртебесін дүниежүз. қоғамдастығы мойындады және ол халықар. қаржы ин-ттарына кірді. Әлеум.-экон. шаралардың іске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және мед. қорларын құруға жол ашты.

Төртінші кезеңде (1998 – 99) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан – 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентінің “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы – ҚР-ның ұзақ мерзімдік стратег. дамуының тұжырымдамалық негізі – даму бағыттары және елдің дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның міндеттеріне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердің деңгейіне жетіп, әлемнің ең дамыған 20 елінің қатарына қосылуға тиіс (қ. Қазақстан – 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүз. қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзімді стратегияның алдын-ала белгіленген кезеңін іске асыру мақсатында Президенттің 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған стратег. жоспары бекітілді, ол дүниежүз. қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экон. өрлеуді қамтамасыз етуге, бюджеттік аяны реформалауға, белсенді әлеум. саясат жүргізу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенің өзгермелі бағамы енгізілді (1 АҚШ долл. 1998 ж. – 78,29 теңгеге, 1999 ж. – 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзі 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнім экспортын ынталандыруға мүмкіндік берді. 1999 ж. экспорт көл. 5592,2 млн. АҚШ долл-на жетті; Бұл кезеңде тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жалпы ішкі өнім 74891,6 млн. АҚШ долл-нан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долл-на (1999) көбейді. Жалпы ішкі өнімнің нақты көл. 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу) жүргізілді, ол ішкі қорлануды одан әрі ұлғайтып, ішкі инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жетті, бір жылдан кейін ол 2,7 есе көбейді (64504 млн. теңге).

Бесінші кезеңде (2000 жылдан қазірге дейін) Қазақстан экон. өрлеу жолына түсті. ҚР дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған стратег. жоспарын іске асырудың оң тәжірибесі бюджеттік-қаржылық өзара іс-қимыл мен реттеудің жаңа қағидаларына негіз қалады, оның серпіні мына мақсаттармен айқындалды: 2000 – 02 ж. орт. және жергілікті атқарушы органдар арасында қаржы-экон. міндеттерді бөлісу; 2001 жылдан бастап елдің экон. дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы ішкі өнім жыл сайын өсіп отырды: тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша 2000 ж. – 87607,5 млн. АҚШ долл-ы, 2001 ж. – 101674,1 млн. АҚШ долл-ы. 2002 ж. жалпы ішкі өнім көлемі бұрынғыдан 9,5%-ға көбейді. 1999 – 2000 ж. бейқаржылық активтер негізінен шетелдік инвестициялардан құралса (тиісінше 57% және 51%), 2001 ж. ішкі инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жетті. 2000 – 02 ж. елдің экон. дамуы үшін инвестициялық мүмкіндіктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келісімшарт жасалды, негізгі капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ долл-ы) инвестициялық міндеттеме қабылданды. 2001 ж. негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көл. 775,7 млрд. теңгені құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттің Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратег. жоспары” бекітілді. Қазіргі кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкіметтің 2002 – 04 ж. арналған іс-қимылдар жоспары (2002) және соның негізінде әзірленген 2003 – 05 жылдарға арналған респ. бюджеттің болжамдық көрсеткіштері (2002) экономика үшін негіз ретінде басшылыққа алынып отыр. Негізгі мақсат – бәсекелестік қабілеті күшті экономика құру, жалпы ішкі өнімді 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай ілгерілеуге стратегиялық салаларды – мұнай-газ секторын, энергетика мен агр.-өнеркәсіптік секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткізіледі. ҚР-ның 2003 – 2005 жылдарға арналған мемл. агр. азық-түлік бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. Бұл бағдарламада негізгі басым бағыттар көрсетілді, олар: елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; агр. бизнестің белсенді жүйесін қалыптастыру; ішкі және сыртқы рыноктарда а. ш. өнімін және оның ұқсатылған өнімдерін сату көлемін ұлғайту; а. ш. өндірісін мемл. қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екі жылдағы экон. өрлеу Қазақстандағы әлеум. ахуалға дұрыс ықпалын тигізді: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесі азая түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 12 жылдың ішінде Қазақстанда әлеум., зейнетақы жүйесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргізілді, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендірілді, жер реформасын жүргізу үшін жағдай жасалды.

Қазақстанда ірі өнеркәсіп орталықтары, оның ішінде отын-энергет., металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсібі жұмыс істейді. Республика кәсіпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашірік, синтет. каучук, шайыр, пластмасса, хим. талшықтар, автомоб. шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, а.ш. машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндіреді. Әлемдік экономика ауқымында Қазақстан – тауар рыногіне мұнай, газ, қара, түсті, сирек кездесетін металдар, уран өнімін шығарушы ел.

Кен қазу өнеркәсібі Қазақстан экономикасының жетекші секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсіп өндірісінің 44,3%-ы осы өнеркәсіптің үлесіне тиді. Қазақстанда көмір-сутекті шикізаттың бірегей қоры бар. Барланған қор бойынша еліміз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кеніштері ашылды, олардың көбі республиканың батыс бөлігінде, негізінен Атырау обл-нда. Олардың ішінде 1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңіз кеніші; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кеніші; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кеніштері бар. 2000 ж. Қазақстанда Солт. Каспий қайраңында ірі мұнай кеніші (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңінде кеніштің жалпы геол. қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндіріп алынатын қоры – 13 млрд. баррельге жуық. Атырау обл-ндағы аса ірі кеніштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңіз кеніші (оның бастапқы өндіріп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кеніші (бастапқы өндіріп алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кеніші ( 30,8 млн. т). Маңғыстау обл-ндағы аса ірі мұнай кеніштері: Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас. Бат. Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндірісіндегі келешегі зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бірігуі жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндіру ісі шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорны, “Қазақойл-Ембі” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.).

Мұнай-газ секторының өнімі Еуразия құрлығының ондаған елдеріне экспортқа шығарылады (аса ірі импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесі 2001 ж. 49,3% болды.

Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде түсті металлургияның үлесі 11%. Өндіріс деңгейі бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты ірі көлемде өндірушілер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс өндірудегі үлесі 2,3%. Қазақстан мысының негізгі импортшылары: Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндіреді, ол Қазақстанның түрлі аймақтарында бірнеше зауыттарды, кеніштерді және энергия нысандарын біріктіріп отыр.

Қазақстан темір кентасының қоры жөнінен әлемде 8-орында. Оның әлемдік қордағы үлесі 6%. Елде өндірілетін темір кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады.

Қазақстанның қара металлургиясы өнеркәсіп өнімі көлемінің 7%-ға жуығын өндіреді. Мұндағы аса ірі кәсіпорын – Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндіреді. Бұл комб. өнімі ТМД елдері мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец және темір-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын өндіреді. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа з-ттары жұмыс істейді. 1994 жылдан кен-металлургия кешені кәсіпорындарының көбі шетелдік және отандық компаниялардың басқаруына берілді. 1996 – 97 ж. кен байыту және металлургия кәсіпорындарын бірыңғай технол. тізбекпен байланыстырған ірі бірлестіктер құрылды, олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс” корпорациясы, “Қазақстан алюминийі”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық акцион. компаниясы.

Лондондағы Уран ин-тының есебіне қарағанда, әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда.

Полиметалл кеніштері негізінде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл, Зырян қорғасын, Шығ. Қазақстан мыс-химия, Ертіс полиметалл, Жезкент кен-байыту комб-тары жұмыс істейді. Кәсіпорындардың басқа бір тобы – Өскемен титан-магний, Белогор кен-байыту комб-тары, Үлбі металлургия, Ертіс химия-металлургия з-ттары сирек металдармен олардың қосылыстарын, т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру з-ты, сары фосфор алынатын фосфоритті кентастарды өңдейтін ірі кешен “Қазфосфат” ЖШС жұмыс істейді. Ол “Қаратау” кен-химия комб., Жаңа Жамбыл фосфор з-ты, Минералдық тыңайтқыштар з-ты сияқты аса ірі кәсіпорындарды біріктіріп отыр.

Республиканың машина жасау кешенінің өнімі өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде 3%-ға жуық. Оңт. аймақта Станок жасау з-ты, Алматыда Ауыр машина жасау з-ты жұмыс істейді, олар түрлі станоктар шығарады. Солт. аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-тері, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атынд. зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты ірі машина жасау кәсіпорындары жұмыс істейді. Олар а. ш. машиналары үшін босалқы бөлшектер, жабдықтар, двигательдер, көшпелі электр ст-ларын, тамақ өнеркәсібі үшін жабдықтар, газ бен электр энергиясының шығынын есептейтін есептеуіштер шығарады.

Қазақстанда құрылыс индустриясының дамуына ел ордасының Астана қ-на көшірілуі жаңа серпін берді. Құрылыс материалдары өнеркәсібі өнімінің көлемі республика өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде 4%-ға жуық.

Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттік тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетіндегі көлік магистралінің ұз. 106 мың км. Оның ішінде 13,5 мың км – т. ж., 87,4 мың км – автомоб. жолы, 4 мың км – өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында Достық – Алашанькоу шекаралық т. ж. өткелі, Түрікменстан мен Иран арасында Серакс – Мешхед т.ж. өткелі салынған соң Ұлы жібек жолы бойында жаңа транзиттік дәліздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан, Түрікменстан, Иран, Түркия, Жерорта т. мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкіндігі туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомоб. жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта т-нің, Үнді мұхитының порттарына шығуға мүмкіндік береді. Теңіз кеме қатынасы Каспий т-нде Ақтау порты арқылы өтеді, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара т. бен Балтық т-не шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекші компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда.

Д.Қабдиев, Қ.Оқаев,

К.Қажымұрат, М.Спанов, Ф.Әлжанова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға