Жаңалықтар

Шанышқылы тарихы тереңде

Соңғы редакциялау: 30 қазан 2012 Шанышқылы тарихы тереңде Шанышқылы туралы шежірелер мен сол шежірелерге сүйеніп 1980 жылдардың аяғынан бермен қарай қазірге дейін жазылған еңбектерде бір ізділік жоқ. Зерттеушілердің бәрі дерлік Н.А. Аристовтан бастап Қазақ энциклопедиясы, Х. Арғынбаев т.б. 5-6 авторды қайталай береді, содан соң әрине өздерінде бар шежірелерге сүйенеді. Мұндай зерттеулерде Шанышқылының ататегін анықтауда бірін-бірі жоққа щығаратын кереғар пікірлер бар. Мұндай «ауру» тек Шанышқылының генеологиясын анықтауда ғана емес, бүкіл қазақ ру-тайпаларының генеологиясын жазуда кездеседі. Біздің ойымызша мәселе зерттеп отырған рудың, тайпаның кімнен қалай шыққандығында емес, оның тарихта қалған ізінде, тарихи деректерде көрініс беруінде, бүкілқазақтық, елдік ерлік оқиғаларға қатысуында.  Біздің ойымызша рудың көш жолдарын, жыл маусымдарына сәйкес жайлау-қыстау, көктеу-күзеу мекендерін атақты адамдарының  бейттері мен әулие – әнбиелерін, табынатын қасиетті орындарын анықтау, кәсіпшілігі мен шаруашылығын, өнері мен жырларын зерттеу анағұрлым маңызды дер едік. Тағы бір ескертетін жай біздің пайдаланып жүрген қазақ шежірелерінің барлығы XVIII ғаысырдың аяғында қазақ халқы ес жиып етегін жауып,  қайта ел болғанда жинақталып, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде хатқа түскендер. Өз басым ұзақ жылдар Қазақстанды аралап, елдің қолында бар шежірелерді, Ш. Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының қорындағы, Ғылым Академиясының орталық кітапханасындағы, М. Әуезов атындағы институттың қолжазбалар қорындағы, әрәдік Қазақстанның мемлекеттік архивіндегі шежірелерді саралап қарағанда ең «кәрісі» ХІХ- дың орта шендерінде жазылған боп шықты. Мұнда тек ескеретін бір жай қазақ хандарының шежіресі туралы ортағасырлардан бастап XII-XVIII, ХІХ ғасырдың басына дейін жазба деректер баршылық, сондықтан Шыңғыс ханнан бастап қазіргі төре тұқымдарына дейін дәлме-дәл таратуға мүмкіншілік бар. Ал, дәл Шанышқылының өзіне келсекте, басқа қазақтың тайпаларын алатын болсақ та, бұлардың кемінде 2- мың жылдан астам тарихы бар. Мұндай ұзақ уақыттағы тарихы бар елдің генеологиялық бұтағын тарату қазақты қойып, жазу-сызуы дамыған елдердің өзінде болған емес. Сонымен қатар қазақ қоғамында шежіренің таза практикалық  маңызын ескерген жөн. Шежіре ең алдымен қан араластырмай ұрпақтың дені сау мықты болып өсуі үшін қажет, сондықтан қазақ 7- атаға дейін қыз алыспаған. Жеті ата дегеніміз әрбір жігіт 20 жастарда үйленеді деп есептесек 140-150 жыл одан әріге бармайды. Қазақта жаңа рулық құрылым жеті атадан асқан соң ғана жасалған.       Жеті атаға толыстық      Жеке ел болыстық – деп ақбозат сойып атап өткен. Сондықтан жеті атаны білу қазақ қоғамында міндет саналған, ел-ру тарихын жазып хатқа түсіріп отырған шежірешілер болмаса қарапайым қазақ жеті атаны, әрі кетсе он екі атаны білген. Әрман қарай таратудың күнделікті өмірде қажеттілігі болмаған. Сол себепті кез-келген адам жеті, он екі атасын тармақтап келеді де өзінің үлкен тайпасы Үйсінге, Дулатқа, Арғынға, Найманға тіреп, ең соңында Қазаққа Алашқа келіп бірақ тоқтап тәмәмдайтын. Сөйтіп барлық қазақ бір-бірімен туыс болып шығады. Асылы ең соңында рулық шежіре кез-келген қазақты барша қазақтың яғни ұлы атамыз Алаштан тарайтынын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда шежіре әр адамды халықты ұлттық бірлікке шақыратын. Сол себепті шежірені жалпыалаштық идеалогияның бір көрінісі демекпіз.       Атамыз – Алаш       Керегеміз – ағаш- деген тәмсіл бекер айтылмаған. Біз өз зерттеуімізде бұрын-соңды жазылған шежірелер мен әдебиеттерді қарай отырып [1.2.3.4.5.] шамамыз келгенше архив деректерін, ХІХ ғасырда жазылған орыс тарихшыларының еңбектерін пайдаландық. Орыс дерекнамаларында шанышқылының және оған көршілес тайпалардың генеологиясынан көрі, орналасқан жерлері , тарихы, географиясы, жан саны нақты айтылады. Сондай-ақ бұрын ғылыми айналымға кірмеген ертеректе жазылған сақталған бірнеше шежірелерді келтірейік: «Ұлы жүздің Қоғамнан : Бұлақбай, Алтай, Қожай, Бәйтерек (батыр) Байқоңыр. Одан Ерқоқты, Ергенекті, Құйысқаншы, Ашамайлы, Карқаралы аталықтары тарайды. Бәйтеректен Келдібек есепші шыққан1. Шанышқылының түбі өзбек.  Қаңлы болып жүрген Ерназар батырда қаңлының жиені екен, Ерназар найзагер болғандықтан олда шанышқылы атанған. Ерназардан Аталық, Тасжүрек, Бектау, Тандыр, Дархан, Қарақабат т.б. таралады. Ерназар батырдан тарағандар бәріде Шанышқылы балып аталған. Жалайырдан Келімбет дейтін бір батыр үйсіндерге келіп сіңіскен. Үйсіндер мұны да Төбе бидің тұқымынан дейді. Бұл Келімбет2 астындағы атының жалын екі жаққа айырып мініп жүреді екен. Сондықтан Жайдақ Келімбет (батыр) атанып кеткен» [6]. 1Ел аузындағы әңгімелерде Келдібек ерепайсыз (зерек) жұлдызнамашы болған. Ауа-райын болжағанда айтқаны келген, тіпті Шыршықтың бір жазда неше рет таситынында, әр тасу мөлшері қандай болатынын көрсеткен. 2 тарихи әңгімелерде Келімбеттің қамалы - қорғаны болған деп айтады. Ол қамалдың орны Келімбет төбе деп аталынады. Оңтүстік Қазақстан аймағында деп естиміз. «...Қаңлының жиені Шанышқылы (Ерназар батыр) Шәкәрім әпенді қаңлының шанышқылы деген бір тобы десе, оны да-мұны да Ұлы жүзге қоспайды. Әуелі шанышқылының табы өзбек қатаған деген елінің... Біздің қазақтың ханы Еңсегей бойлы Есімханның тұсында Ташкенттің қожасы Тұрсын хан еді осылар жанжалдасып жүріп Есімхан Тұрсын ханды өлтіріп қатағандарды қырды. Сонда қаңлының бір қызы Тұрсын ханның жақын бегінің қатыны... әлгі байынан буаз болып қаңлыға қашып келіп, Ерназар     деген бала болады. Бұл Ерназар – найзагер батыр болды, сондықтан найзаға шаншыдық дейді, шанышқылы аталуы осыдан. Бұл шанышқылы жаңа болған ел. Ұлы жұзден басқа жұртта жоқ...»[7]. Бұл оқиғаны М. Тынышбаев былай деп баяндайды: «1629 жылы Ер Есім Тұрсынды өлтіріп, оның қарауындағы қаңлылар мен қатағандарды тас-талқан етеді. Қатағандардың көпшілігі Батысқа, Сырдарияның арғы жағына қаша көшіп, ал қалғаны «шанышқылы» деген атпен қаңлыларға қосылады», - деп жазады [8]. «Белгілі бір мерзімге дейін шанышқылы мен қаңлы бір тайпаның құрамында болған» - деген көрсетеді өзбек ғалымы К. Шаниязов [9, 137]. Мұндай пікірге профессор Т. Омарбеков келіспейді: «Алайда шежіредегідей Шанышқылыны Қаңлымен немесе Қатағанмен бірге туған ағайынды етіп көрсету XVI-XVII ғаысрлардағы шежірешілердің қиялынан туған»[3, 36].  Жоңғар шапқыншылығы кезінде Шанышқылы елі Ташкент атрабынан басқа жаққа аумаған сияқты.           Амалсыз Шуға ауып Төле кетті,    Бұл соғыс бізге келген пәле депті.    Қоршаудан шыға алмаған сіргелілер,    Шанышқылы, елібайлар зар еңірепті [10, 32 б]. Бұл өлең жолдарлында Ұлы жүздің ханы Жолбарыс жаулардың қолынан опасыздықпен өліп, Төле Ташкент билігінен кетіп, орнына қырғыздың Қоқым биі қаланың бегі болып, Ташкент атырабындағы қазақ руларының біраз уақыт зардап шеккені баяндалады.  Бірақ  бұл Төле би тарапынан уақытша шегініс еді. Шуға барып күш жинап келген ол Ташкент маңын қайта өзіне қаратып, қаланы сумен қамтамасыз ететін тоғандарды байлап, қаланы өзіне алым-салық төлеуге мәжбүр еткен. 1798 жылы қазақ тайпаларының басының бірікпеуі салдарынан: алдымен дулаттың төрт руы: жаныс, сиқым, шымыр, ботбой өзара келіспеушілігінен, одан соң бір жағы дулат пен екінші жағы қаңлы, шанышқылы, рамадан руларының арасындағы қайшылықтан, қазақтар  Ташкент билігінен мүлдем айрылды. Ташкенттің бегі болып Төле бидің атшысы, бәйге аттарын күтіп, баптап жаратушысы өзбектің қалша руынан шыққан Жүнісқожа (тарихи өзбектерде Юнусходжа А. Т) болып кетті. Белгілі ғалым Ә. Диваевтың жазуынша Ташкент қаласының бегі Жүнісқожа өзінің әскерінің басшыларын және әскерлерін қазақтардан атап айтқанда қаңлы, шанышқылы, рамадан жігіттерінен жасақтаған. Осы деректе шанышқылының бірнеше батырлары айтылады. «Өзінің күш-жігері ер жүректігінің арқасында Жүнісқожа көптеген қалаларды, атап айтқанда, Шымкент, Сайрам, Әулие ата, Түркістан және Ақмешітті (Перовск) басып алды. Өз әскерлерін, сондай-ақ жігіттерін Жүнісқожа тек қазақтардан ғана сайлап алды. Бұған Қаңлы, Шанышқылы, сол сияқты Бағыс және Рамадан бөлімдерінің қазақтары енетін. Жүнісқожа әскерлеріне мына адамдар басшылық етті: Қаңлы руы, Омыртқа бөлімінен – Қожамсейіт батыр, Қарақұл батыр, Найзақұлақ батыр, Барлыбай батыр, Серқожа батыр, Ғайып мырза батыр, Бөлек батыр, Халы батыр; Шоқпар бөлімінен – Есенбай батыр, Хайдарбек батыр; Үшкіл бөлімінен – Құнан батыр; Қарамас бөлімінен – Қонақбай батыр, Шанышқылы руы, Саңырау бөлімінен – Тоқсан батыр, Жабағы батыр, Қырықсадақ бөлімінен- Ырысқұл батыр, Дартқан батыр, Балық бөлімінен – Жантелі батыр; Жаныс бөлімінен – Қазыбек батыр, Көлбай батыр, Бағыс бөлімінен – Айқынбай батыр, Мыңжасар батыр, Ырысбек батыр және Рамадан бөлімінен – Жолан батыр және Есенгелді батыр [11, 216-217 бб]. «Ұлы жүз ұлысына Сіргелі, Шанышқылы нәсілдері жатады... [6]. Ауызша тарихи шежірелерде, тарихи деректерде шанышқылылар мен қатар жүретін ел – ол сіргелілер. Ташкенттің қазіргі бір үлкен ауданы Сіргелі аталуы, сіргелілердің қадым замандардан Ташкент қаласының маңайында орналасқанын дәлелдейді. Ортағасырлдардағы Рузбеханның жазбаларында «Сіргелілер Сырдың орта ағысын ежелден мекендеген. Олар Сырдарияға қыстау үшін Еділ бойынан көшіп келетін»[12, 144-145 бб]. Сырдария өзені жағалау-жақтауларында жеті мыңдай сіргелілердің көшіп-қонып жүретінін Н.А Аристовта жазады[13]. Сіргелі – атауы шежіреде де, жеке мәлімет беруші көне көз қариялардың айтуы бойынша құлын енесін еміп қоймас үшін мұрнына кигізетін сіргеден шыққанын, яғни сірге салушылар, биені көп байлайтындар, қымызы көп ел екенін білдіреді. Қазақ ішінде біраз ру тайпалардың ықылым замандарда істеген кәсібіне, жүргізген шаруашылығына байланысты шыққаны анық. Мұндай атауларға мысалы: балықшы (адай), қармақшы (найман), ошақты (ұлы жүз), балталы, бағаналы, тарақты (орта жүз), тұзақшы (найман- төртул), сиыршы (жалайыр), көн, тағашы (Кіші жүз Байұлы – есентемір). Ал, жылқыайдар атты ел қазақтың Үш жүзінде, көптеген рулардың бәрінде дерлік бар. Демек шанышқылы атауы көне заманнан Сыр бойын, Шыршық жағалауын мекендеген  елдің балықшылдық кәсіппен шұғылдануына орай шығуы әбден мүмкін. Екіншіден, ерте заман адамдарының алғашқы тұтынған құралдары бірі – шанышқылы. Шанышқы тәріздес гарпун құралдар бүкіл дүние жүзінің көптеген халықтарында бар. Мұның өзі шанышқылы тайпасының өзіндік этникалық болмысы бар көне тайпа екеніне тағы бір дәлел болып табылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде шанышқылы сөзінің мағынасы: «Шанышқылы 1. (Маң, Маңт, Шевч.) айыр шанышқымен шөп үйіп жатыр (Маң. Шевч). Шанышқы сөзі Қазақстанның солтүстік өңірінде тамақ ішетін аспапты, Қызылорда жағында балық аулайтын құралды білдіреді. 2 (Алматы, Балқаш) тайыз сулардан балық аулайтын ағаш сапты басы үш не төрт тармақты темір құрал. Шанышқының жасалу формасы әр түрлі болады»[14, 734 б].        Шыршық өзенінің жағалаулары мен қойнауларын, Келес өзенінің қос жағалауы мен тұтастай Келес маңын қазақтар жайлайтындығын айта келе М. А. Терентьев: «Бірақ Шыршықтың арғы бетіне шанышқылы руы ғана өткен. Ангренге жақындаған сайын қазақтар сарттар мен құрамаларға қарағанда азая түседі» - деп мәлімдейді [15]. Бұл факті жоңғар шапқыншылығында барлық қазақ рулары сияқты телім-телім болған    шанышқылардың ХІХ ғасырдың басында есін жиып, саны көбейген соң бұрыңғы ата жұрты Шыршықтың арғы бетіне де өтіп қоныс тебе бастағанын көрсетеді. «Шыршық өзенінің жағалауын қазақтың қаңлы және шанышқылы рулары жайлаған» - деп көрсетеді өз еңбегінде С. П. Пашино [16]. ХІХ ғасырдың орта шенінде Ташкент уезінде шанышқылардың түтін саны қазақтың басқа руларынан көп болғаны жөнінде мына деректерге көңіл аударайық. «Ташкент уезінде Қазақтың Ұлы жүз өкілінен Қоңырат (қоңырат орта жүзге кіреді А.Т) – 890 үй, Бестамғалы -3300, Дулат – 380, Сіргелі – 1410, Шанышқылы – 2000, Қаңлы – 1650 үй, Орта жүзден Арғын 350- үй, Найман – 115, Қыпшақ – 100, Кіші жүзден рамадан – 610, Қарақалпақ – 420 үй, барлығы 8255 үй» [17, 45-46 бб]. Шанышқылылардың жан саны Қазан төңкерісінен кейін неге азайып кетіпті десек оған бірақ себеп 1920-1930 жылдардың арасында өзбек болып жазылып кетіп, өзбектердің құрамына қосылып кетуінде деп есептейміз. Шанышқылылардың бет-әлпетіне антропологиялық тұрпатына көңіл аударған алғашқы зерттеуші П. Пашино. «Шыршық өзенінің жағасында тұратын шанышқылылардың бас сүйегі атжақты болып келетін өзбектердің бас сүйегіне ұқсастығы бар»  [16]. «Шанышқылылардың 1000-дай үйінің жаз жайлауы  Қазығұрт, қыс-қыстауы Шыршықтың арғы жағалауындағы тау қойнаулары, биі Құшық Тоқбаев» деп көрсетілген архив деректерінде [18]. Осы уақытта шанышқылылардың мекендеген аймақтары Шыршықтың қос жағалауынан бастап Шымкенттің Қазығұрт ауданының Қаратас селосына дейінгі жерлерді алып жатты. Орта Азия университетінің профессоры Н.Г Маллицкий 1925 жылы жазған өзінің қазақ халқының этнографиясына арналған еңбегінде: «...Ташкент облысында , Шыршық өзенінің төменгі ойпатында, сонымен қатар Шымкент, Әулиеата аймақтарында қазақ болып табылатын, Қазақ ордаларының бірінеде кірмейтін шанышқылылар тұрады. Шанышқылылардың руға бөлінуі әрәдік қарақалпақтармен және қаңлылармен жақын... Осы атаумен ерте замандарда Ташкент оазисі Шаш атанған кезде Ташкент облысына келіп орныққан ерікті және еріксіз түркі қоныстанушылары болуы мүмкін. Сондықтан болар Шаш сөзі шанышқылының саспача және сасбұқа бөлімдерінде кездеседі. Оның (шанышқылының А.Т) ататегінде Сарька еске алынады, бұл көне жер бетінен жойылып кеткен Шахрухия қаласының атауы, ал рулық бөлімдерінде көне түркілер тотемизіміне тән (балық, теке...) кездеседі. Шанышқылылардың киіз үйлері қамыстан салынған, төбесі шошақ, кейде сыртын балшықпен сылайды...»[19]. Зерттеушінің Қазақ ордаларына кірмейді деп айтуына себеп Ташкент атрабында таралған өзбек, қазаққа ортақ шанышқылылардың дербес шежіресі кездеседі, соған сүйенген сияқты. «Саспача», «Сасбұқа», «Сарька» сөздері Сымыршық, Саңырау, Сырдым болуы мүмкін. Н.Г Малицкийдің шанышқылылардың тарихын Шаш атауымен байланыстыруы, шанышқылылардың көне тайпа екеніне бұлтарысыз дәлел. Қазіргі таңда Қытайда, Іле-Қазақ автономиялы облысының  Тарбағатай, Толы деген жерлерінде, Біртоланың Шың ауданында, Тарбағатайдың Шиху ауданында, Шәуещек, Шағантоғай, Дөрбелжің деген жерлерде шанышқылардан 3000-н аса отбасы бар. [20] Шанышқылылар бұл жаққа қалай келді десек, XVIII ғасырдың аяғындағы Абылайхан заманындағы қазақ-қытай қарым-қатынасына назар аудару керек. Жоңғарды бір жағы Қытай, екіншіден Абылайхан бастаған қазақ әскері талқандап, 1758 жылы Жоңғария жер бетінен мүлдем жойылды. Екі жақ та: Қытай да, Қазақия да жанталаса қимылдап, жоңғардан босаған жерлерге өз елдерін қоныстандыра бастады. Абылай бастаған Қазақияға халықты қоныстандыру тұрғысынан өте-мөте қолайлы жағдай қалыптасты. Қытай жағы ішкі Қытайдан елін әкеле алмады, тек шекара заставаларын, сауда пунктерін ашумен шектелсе, Абылай бұрынғы ата-қонысымыз деп іргеде жатқан халқын көшіре бастады. Қазақтың бұл көші XVIII ғасырдың 60-жылдарынан басталып, XIX ғасырдың ортасына дейін яғни 100 жылға жуық мерзімге жалғасты. Жоңғарды талқандауда Абылайдың бас батырының бірі ерекше ерлігімен көзге түскен Шанышқылы   Бердіқожа батыр болды. Көнекөз қариялардың айтуынша, шанышқылылардың біраз бөлігі Бердіқожаға еріп, Ташкент атырабы Шыршық өзені бойынан Шығыс өңіріне Тарбағатай, Алтайға келген.[21] Ол заманда деп айтады Аягөз өңірінің ауыл академигі атанған Қабылахмет Шәкеров: «Қай елдің батыры күшті болса, сол ел жердің шұрайлысын иемденуші еді, сол елдің мерейі қандай жағдай болсын үстем болушы еді. Біздің қазақ өмірі жерге тойған ба? Абылай заманында батырлар, палуандар , билер қалмақтан қалған жерді алып қаламыз деп бірінен-бірі асып түсуге тырысты.»[22] Біздің ойымызша, XVIII ғасырдың аяғында Шығыс өңіріне Бердіқожа батырға ілесіп, келген біраз шанышқылылар 40-50 жыл тұрып, 2-3 ұрпақ ауысып, көбейген соң, XIX ғасырдың 40-50 жылдары найман-керейлермен бірге Шыңжаңның Тарбағатай, Шәуешек жағына өткен. Жалпы шанышқылы ата-тегін зерттеу үшін Шыршық өзенінің өң бойын түгелдей тексеру қажет. Жағрапиялық атауларды жинастыру әулие, бейіт, мазарлардың орнын анықтау, ауызша тарих үлгілерін жинау т.с.с. Сонымен қатар жазба және архив деректерін әсіресе Өзбекстан мемлекеттік архивының қорларын қарастыру керек. Бұл аз уақытта орындалатын жұмыс емес. Әдебиеттер тізімі: Боранбаев К. Шанышқылы көне тайпа. Алматы. Өнер, 2004. -200 б. Келімбетов Н. Шанышқылы –Сұрым шежіресі. Алматы.1996. – 112 б. Омарбеков Т. Шанышқылы. // Шәмші. (Журнал) 2010. №3. 26-29 бб. Үсенбаев Т. Қазақ шежіресі: Үйсін, Қаңлы, Шанышқылы (Қатаған) Сіргелі 3-том Ұлы жүз Ақ арыс. Алматы. Полиграф-Комбинат. 2008. -328 сурет. Шанышқылы Аман сөзі: Қарауыл Төкіш сөзі; Омбы ақсақалдарының соңғы сөзі. // Жаңа Сарыарқа. 2006. № 5. 75 б. Кіші жүз және Ұлы жүздер шежіресі// Академияның Орталық ғылыми кітапханасы  (ОҒК). Инв № 1752 Ботбайұлы. Қысқаша Үш жүз қазақтың шежіресі// ОҒК. Инв №1750 Тынышбаев М. Материалы к историй киргиз-казакского народа// Великие бедствия (ақтабан-шұбырынды). Алматы. Жалын. - 1992. Шониёзов К.Ш. Қанг даблати ва қаңғлилар. Ташкент. «Фан». - 1990 Қожаберген Толыбайұлы. Елім-ай (жырлар жинағы). Петропавл.  - 2000. – 140 б. Диваев Ә. Тарту. Алматы. «Ана тілі». - 1992. Ибрагимов С.К «Михманнаме и Бухара» Рузбихана как источник по историй Казахстана // Новые материалы по древней и средневековой историй Казахстана. Алма-Ата. - 1960. С. 144-145 Аристов Н.А Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. – СПБб, 1897. – Выпуск. 3-4. – С. 182 – 245.      13а. Өмірбеков Т. Ташкент облысы, Бостандық ауданы қазақтарының    шежіресі//Ш.Ш.Уәлиханов атындағы институттың шежіре қоры.      14. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. Алматы. Арыс. 2005     15. Тереньтев М.А. Статистические очерки Средне-азиатской Россий. СПб: Типография им. Акад.наук. – 1874      16. Пашино П.И. Туркестанский край в 1866 году // Путевые заметки. СПб, - 1868.      17. Макшеев А.И. Географические, этнографические и статистические материалы о Туркестанском крае. СПб, - 1868.     18. Өзбекстан мемлекеттік архиві №336 фонд, 1 тізбе 1-іс, 54 б.     19. Н.Т Маллицкийдің жеке фондысы // Өзбекстан мемлекеттік архиві. № 2231 фонд, 1-тізбе, 49-іс. 6 б.     20. Разақ Байқұлұлының мәліметі, Қытай, Шыңжаң, Тарбағатай, Толы ауданының түрғыны, 63 жаста     21.Зейнолла Бекжанов(1900-1987) Шығ.Қаз.обл. Зайсан ауданы, Көгедай селосы     22.Қабылахмет Шәкеров(1910-1999) Шығ.Қаз.обл. Аягөз қаласы А.У. Тоқтабай  
09.11.2012 03:49 7676

Соңғы редакциялау:

30 қазан 2012

Шанышқылы тарихы тереңде

Шанышқылы туралы шежірелер мен сол шежірелерге сүйеніп 1980 жылдардың аяғынан бермен қарай қазірге дейін жазылған еңбектерде бір ізділік жоқ. Зерттеушілердің бәрі дерлік Н.А. Аристовтан бастап Қазақ энциклопедиясы, Х. Арғынбаев т.б. 5-6 авторды қайталай береді, содан соң әрине өздерінде бар шежірелерге сүйенеді. Мұндай зерттеулерде Шанышқылының ататегін анықтауда бірін-бірі жоққа щығаратын кереғар пікірлер бар. Мұндай «ауру» тек Шанышқылының генеологиясын анықтауда ғана емес, бүкіл қазақ ру-тайпаларының генеологиясын жазуда кездеседі. Біздің ойымызша мәселе зерттеп отырған рудың, тайпаның кімнен қалай шыққандығында емес, оның тарихта қалған ізінде, тарихи деректерде көрініс беруінде, бүкілқазақтық, елдік ерлік оқиғаларға қатысуында.

 Біздің ойымызша рудың көш жолдарын, жыл маусымдарына сәйкес жайлау-қыстау, көктеу-күзеу мекендерін атақты адамдарының  бейттері мен әулие – әнбиелерін, табынатын қасиетті орындарын анықтау, кәсіпшілігі мен шаруашылығын, өнері мен жырларын зерттеу анағұрлым маңызды дер едік. Тағы бір ескертетін жай біздің пайдаланып жүрген қазақ шежірелерінің барлығы XVIII ғаысырдың аяғында қазақ халқы ес жиып етегін жауып,  қайта ел болғанда жинақталып, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде хатқа түскендер. Өз басым ұзақ жылдар Қазақстанды аралап, елдің қолында бар шежірелерді, Ш. Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының қорындағы, Ғылым Академиясының орталық кітапханасындағы, М. Әуезов атындағы институттың қолжазбалар қорындағы, әрәдік Қазақстанның мемлекеттік архивіндегі шежірелерді саралап қарағанда ең «кәрісі» ХІХ- дың орта шендерінде жазылған боп шықты.

Мұнда тек ескеретін бір жай қазақ хандарының шежіресі туралы ортағасырлардан бастап XII-XVIII, ХІХ ғасырдың басына дейін жазба деректер баршылық, сондықтан Шыңғыс ханнан бастап қазіргі төре тұқымдарына дейін дәлме-дәл таратуға мүмкіншілік бар.

Ал, дәл Шанышқылының өзіне келсекте, басқа қазақтың тайпаларын алатын болсақ та, бұлардың кемінде 2- мың жылдан астам тарихы бар. Мұндай ұзақ уақыттағы тарихы бар елдің генеологиялық бұтағын тарату қазақты қойып, жазу-сызуы дамыған елдердің өзінде болған емес.

Сонымен қатар қазақ қоғамында шежіренің таза практикалық  маңызын ескерген жөн. Шежіре ең алдымен қан араластырмай ұрпақтың дені сау мықты болып өсуі үшін қажет, сондықтан қазақ 7- атаға дейін қыз алыспаған. Жеті ата дегеніміз әрбір жігіт 20 жастарда үйленеді деп есептесек 140-150 жыл одан әріге бармайды. Қазақта жаңа рулық құрылым жеті атадан асқан соң ғана жасалған.

      Жеті атаға толыстық

     Жеке ел болыстық – деп

ақбозат сойып атап өткен. Сондықтан жеті атаны білу қазақ қоғамында міндет саналған, ел-ру тарихын жазып хатқа түсіріп отырған шежірешілер болмаса қарапайым қазақ жеті атаны, әрі кетсе он екі атаны білген. Әрман қарай таратудың күнделікті өмірде қажеттілігі болмаған. Сол себепті кез-келген адам жеті, он екі атасын тармақтап келеді де өзінің үлкен тайпасы Үйсінге, Дулатқа, Арғынға, Найманға тіреп, ең соңында Қазаққа Алашқа келіп бірақ тоқтап тәмәмдайтын. Сөйтіп барлық қазақ бір-бірімен туыс болып шығады. Асылы ең соңында рулық шежіре кез-келген қазақты барша қазақтың яғни ұлы атамыз Алаштан тарайтынын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда шежіре әр адамды халықты ұлттық бірлікке шақыратын. Сол себепті шежірені жалпыалаштық идеалогияның бір көрінісі демекпіз.

      Атамыз – Алаш

      Керегеміз – ағаш- деген

тәмсіл бекер айтылмаған. Біз өз зерттеуімізде бұрын-соңды жазылған шежірелер мен әдебиеттерді қарай отырып [1.2.3.4.5.] шамамыз келгенше архив деректерін, ХІХ ғасырда жазылған орыс тарихшыларының еңбектерін пайдаландық. Орыс дерекнамаларында шанышқылының және оған көршілес тайпалардың генеологиясынан көрі, орналасқан жерлері , тарихы, географиясы, жан саны нақты айтылады. Сондай-ақ бұрын ғылыми айналымға кірмеген ертеректе жазылған сақталған бірнеше шежірелерді келтірейік:

«Ұлы жүздің Қоғамнан : Бұлақбай, Алтай, Қожай, Бәйтерек (батыр) Байқоңыр. Одан Ерқоқты, Ергенекті, Құйысқаншы, Ашамайлы, Карқаралы аталықтары тарайды. Бәйтеректен Келдібек есепші шыққан1.

Шанышқылының түбі өзбек.  Қаңлы болып жүрген Ерназар батырда қаңлының жиені екен, Ерназар найзагер болғандықтан олда шанышқылы атанған. Ерназардан Аталық, Тасжүрек, Бектау, Тандыр, Дархан, Қарақабат т.б. таралады. Ерназар батырдан тарағандар бәріде Шанышқылы балып аталған.

Жалайырдан Келімбет дейтін бір батыр үйсіндерге келіп сіңіскен. Үйсіндер мұны да Төбе бидің тұқымынан дейді. Бұл Келімбет2 астындағы атының жалын екі жаққа айырып мініп жүреді екен. Сондықтан Жайдақ Келімбет (батыр) атанып кеткен» [6].

1Ел аузындағы әңгімелерде Келдібек ерепайсыз (зерек) жұлдызнамашы болған. Ауа-райын болжағанда айтқаны келген, тіпті Шыршықтың бір жазда неше рет таситынында, әр тасу мөлшері қандай болатынын көрсеткен.

2 тарихи әңгімелерде Келімбеттің қамалы - қорғаны болған деп айтады. Ол қамалдың орны Келімбет төбе деп аталынады. Оңтүстік Қазақстан аймағында деп естиміз.

«...Қаңлының жиені Шанышқылы (Ерназар батыр) Шәкәрім әпенді қаңлының шанышқылы деген бір тобы десе, оны да-мұны да Ұлы жүзге қоспайды. Әуелі шанышқылының табы өзбек қатаған деген елінің... Біздің қазақтың ханы Еңсегей бойлы Есімханның тұсында Ташкенттің қожасы Тұрсын хан еді осылар жанжалдасып жүріп Есімхан Тұрсын ханды өлтіріп қатағандарды қырды. Сонда қаңлының бір қызы Тұрсын ханның жақын бегінің қатыны... әлгі байынан буаз болып қаңлыға қашып келіп, Ерназар    

деген бала болады. Бұл Ерназар – найзагер батыр болды, сондықтан найзаға шаншыдық дейді, шанышқылы аталуы осыдан. Бұл шанышқылы жаңа болған ел. Ұлы жұзден басқа жұртта жоқ...»[7].

Бұл оқиғаны М. Тынышбаев былай деп баяндайды: «1629 жылы Ер Есім Тұрсынды өлтіріп, оның қарауындағы қаңлылар мен қатағандарды тас-талқан етеді. Қатағандардың көпшілігі Батысқа, Сырдарияның арғы жағына қаша көшіп, ал қалғаны «шанышқылы» деген атпен қаңлыларға қосылады», - деп жазады [8]. «Белгілі бір мерзімге дейін шанышқылы мен қаңлы бір тайпаның құрамында болған» - деген көрсетеді өзбек ғалымы К. Шаниязов [9, 137]. Мұндай пікірге профессор Т. Омарбеков келіспейді: «Алайда шежіредегідей Шанышқылыны Қаңлымен немесе Қатағанмен бірге туған ағайынды етіп көрсету XVI-XVII ғаысрлардағы шежірешілердің қиялынан туған»[3, 36].

 Жоңғар шапқыншылығы кезінде Шанышқылы елі Ташкент атрабынан басқа жаққа аумаған сияқты.       

   Амалсыз Шуға ауып Төле кетті,

   Бұл соғыс бізге келген пәле депті.

   Қоршаудан шыға алмаған сіргелілер,

   Шанышқылы, елібайлар зар еңірепті [10, 32 б].

Бұл өлең жолдарлында Ұлы жүздің ханы Жолбарыс жаулардың қолынан опасыздықпен өліп, Төле Ташкент билігінен кетіп, орнына қырғыздың Қоқым биі қаланың бегі болып, Ташкент атырабындағы қазақ руларының біраз уақыт зардап шеккені баяндалады.  Бірақ  бұл Төле би тарапынан уақытша шегініс еді. Шуға барып күш жинап келген ол Ташкент маңын қайта өзіне қаратып, қаланы сумен қамтамасыз ететін тоғандарды байлап, қаланы өзіне алым-салық төлеуге мәжбүр еткен.

1798 жылы қазақ тайпаларының басының бірікпеуі салдарынан: алдымен дулаттың төрт руы: жаныс, сиқым, шымыр, ботбой өзара келіспеушілігінен, одан соң бір жағы дулат пен екінші жағы қаңлы, шанышқылы, рамадан руларының арасындағы қайшылықтан, қазақтар  Ташкент билігінен мүлдем айрылды. Ташкенттің бегі болып Төле бидің атшысы, бәйге аттарын күтіп, баптап жаратушысы өзбектің қалша руынан шыққан Жүнісқожа (тарихи өзбектерде Юнусходжа А. Т) болып кетті. Белгілі ғалым Ә. Диваевтың жазуынша Ташкент қаласының бегі Жүнісқожа өзінің әскерінің басшыларын және әскерлерін қазақтардан атап айтқанда қаңлы, шанышқылы, рамадан жігіттерінен жасақтаған. Осы деректе шанышқылының бірнеше батырлары айтылады. «Өзінің күш-жігері ер жүректігінің арқасында Жүнісқожа көптеген қалаларды, атап айтқанда, Шымкент, Сайрам, Әулие ата, Түркістан және Ақмешітті (Перовск) басып алды. Өз әскерлерін, сондай-ақ жігіттерін Жүнісқожа тек қазақтардан ғана сайлап алды. Бұған Қаңлы, Шанышқылы, сол сияқты Бағыс және Рамадан бөлімдерінің қазақтары енетін. Жүнісқожа әскерлеріне мына адамдар басшылық етті: Қаңлы руы, Омыртқа бөлімінен – Қожамсейіт батыр, Қарақұл батыр, Найзақұлақ батыр, Барлыбай батыр, Серқожа батыр, Ғайып мырза батыр, Бөлек батыр, Халы батыр; Шоқпар бөлімінен – Есенбай батыр, Хайдарбек батыр; Үшкіл бөлімінен – Құнан батыр; Қарамас бөлімінен – Қонақбай батыр, Шанышқылы руы, Саңырау бөлімінен – Тоқсан батыр, Жабағы батыр, Қырықсадақ бөлімінен- Ырысқұл батыр, Дартқан батыр, Балық бөлімінен – Жантелі батыр; Жаныс бөлімінен – Қазыбек батыр, Көлбай батыр, Бағыс бөлімінен – Айқынбай батыр, Мыңжасар батыр, Ырысбек батыр және Рамадан бөлімінен – Жолан батыр және Есенгелді батыр [11, 216-217 бб].

«Ұлы жүз ұлысына Сіргелі, Шанышқылы нәсілдері жатады... [6]. Ауызша тарихи шежірелерде, тарихи деректерде шанышқылылар мен қатар жүретін ел – ол сіргелілер. Ташкенттің қазіргі бір үлкен ауданы Сіргелі аталуы, сіргелілердің қадым замандардан Ташкент қаласының маңайында орналасқанын дәлелдейді. Ортағасырлдардағы Рузбеханның жазбаларында «Сіргелілер Сырдың орта ағысын ежелден мекендеген. Олар Сырдарияға қыстау үшін Еділ бойынан көшіп келетін»[12, 144-145 бб]. Сырдария өзені жағалау-жақтауларында жеті мыңдай сіргелілердің көшіп-қонып жүретінін Н.А Аристовта жазады[13]. Сіргелі – атауы шежіреде де, жеке мәлімет беруші көне көз қариялардың айтуы бойынша құлын енесін еміп қоймас үшін мұрнына кигізетін сіргеден шыққанын, яғни сірге салушылар, биені көп байлайтындар, қымызы көп ел екенін білдіреді.

Қазақ ішінде біраз ру тайпалардың ықылым замандарда істеген кәсібіне, жүргізген шаруашылығына байланысты шыққаны анық. Мұндай атауларға мысалы: балықшы (адай), қармақшы (найман), ошақты (ұлы жүз), балталы, бағаналы, тарақты (орта жүз), тұзақшы (найман- төртул), сиыршы (жалайыр), көн, тағашы (Кіші жүз Байұлы – есентемір). Ал, жылқыайдар атты ел қазақтың Үш жүзінде, көптеген рулардың бәрінде дерлік бар. Демек шанышқылы атауы көне заманнан Сыр бойын, Шыршық жағалауын мекендеген  елдің балықшылдық кәсіппен шұғылдануына орай шығуы әбден мүмкін. Екіншіден, ерте заман адамдарының алғашқы тұтынған құралдары бірі – шанышқылы. Шанышқы тәріздес гарпун құралдар бүкіл дүние жүзінің көптеген халықтарында бар. Мұның өзі шанышқылы тайпасының өзіндік этникалық болмысы бар көне тайпа екеніне тағы бір дәлел болып табылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде шанышқылы сөзінің мағынасы: «Шанышқылы 1. (Маң, Маңт, Шевч.) айыр шанышқымен шөп үйіп жатыр (Маң. Шевч). Шанышқы сөзі Қазақстанның солтүстік өңірінде тамақ ішетін аспапты, Қызылорда жағында балық аулайтын құралды білдіреді. 2 (Алматы, Балқаш) тайыз сулардан балық аулайтын ағаш сапты басы үш не төрт тармақты темір құрал. Шанышқының жасалу формасы әр түрлі болады»[14, 734 б].       

Шыршық өзенінің жағалаулары мен қойнауларын, Келес өзенінің қос жағалауы мен тұтастай Келес маңын қазақтар жайлайтындығын айта келе М. А. Терентьев: «Бірақ Шыршықтың арғы бетіне шанышқылы руы ғана өткен. Ангренге жақындаған сайын қазақтар сарттар мен құрамаларға қарағанда азая түседі» - деп мәлімдейді [15]. Бұл факті жоңғар шапқыншылығында барлық қазақ рулары сияқты телім-телім болған    шанышқылардың ХІХ ғасырдың басында есін жиып, саны көбейген соң бұрыңғы ата жұрты Шыршықтың арғы бетіне де өтіп қоныс тебе бастағанын көрсетеді. «Шыршық өзенінің жағалауын қазақтың қаңлы және шанышқылы рулары жайлаған» - деп көрсетеді өз еңбегінде С. П. Пашино [16]. ХІХ ғасырдың орта шенінде Ташкент уезінде шанышқылардың түтін саны қазақтың басқа руларынан көп болғаны жөнінде мына деректерге көңіл аударайық. «Ташкент уезінде Қазақтың Ұлы жүз өкілінен Қоңырат (қоңырат орта жүзге кіреді А.Т) – 890 үй, Бестамғалы -3300, Дулат – 380, Сіргелі – 1410, Шанышқылы – 2000, Қаңлы – 1650 үй, Орта жүзден Арғын 350- үй, Найман – 115, Қыпшақ – 100, Кіші жүзден рамадан – 610, Қарақалпақ – 420 үй, барлығы 8255 үй» [17, 45-46 бб]. Шанышқылылардың жан саны Қазан төңкерісінен кейін неге азайып кетіпті десек оған бірақ себеп 1920-1930 жылдардың арасында өзбек болып жазылып кетіп, өзбектердің құрамына қосылып кетуінде деп есептейміз.

Шанышқылылардың бет-әлпетіне антропологиялық тұрпатына көңіл аударған алғашқы зерттеуші П. Пашино. «Шыршық өзенінің жағасында тұратын шанышқылылардың бас сүйегі атжақты болып келетін өзбектердің бас сүйегіне ұқсастығы бар»  [16].

«Шанышқылылардың 1000-дай үйінің жаз жайлауы  Қазығұрт, қыс-қыстауы Шыршықтың арғы жағалауындағы тау қойнаулары, биі Құшық Тоқбаев» деп көрсетілген архив деректерінде [18]. Осы уақытта шанышқылылардың мекендеген аймақтары Шыршықтың қос жағалауынан бастап Шымкенттің Қазығұрт ауданының Қаратас селосына дейінгі жерлерді алып жатты.

Орта Азия университетінің профессоры Н.Г Маллицкий 1925 жылы жазған өзінің қазақ халқының этнографиясына арналған еңбегінде: «...Ташкент облысында , Шыршық өзенінің төменгі ойпатында, сонымен қатар Шымкент, Әулиеата аймақтарында қазақ болып табылатын, Қазақ ордаларының бірінеде кірмейтін шанышқылылар тұрады. Шанышқылылардың руға бөлінуі әрәдік қарақалпақтармен және қаңлылармен жақын... Осы атаумен ерте замандарда Ташкент оазисі Шаш атанған кезде Ташкент облысына келіп орныққан ерікті және еріксіз түркі қоныстанушылары болуы мүмкін. Сондықтан болар Шаш сөзі шанышқылының саспача және сасбұқа бөлімдерінде кездеседі. Оның (шанышқылының А.Т) ататегінде Сарька еске алынады, бұл көне жер бетінен жойылып кеткен Шахрухия қаласының атауы, ал рулық бөлімдерінде көне түркілер тотемизіміне тән (балық, теке...) кездеседі. Шанышқылылардың киіз үйлері қамыстан салынған, төбесі шошақ, кейде сыртын балшықпен сылайды...»[19].

Зерттеушінің Қазақ ордаларына кірмейді деп айтуына себеп Ташкент атрабында таралған өзбек, қазаққа ортақ шанышқылылардың дербес шежіресі кездеседі, соған сүйенген сияқты. «Саспача», «Сасбұқа», «Сарька» сөздері Сымыршық, Саңырау, Сырдым болуы мүмкін. Н.Г Малицкийдің шанышқылылардың тарихын Шаш атауымен байланыстыруы, шанышқылылардың көне тайпа екеніне бұлтарысыз дәлел.

Қазіргі таңда Қытайда, Іле-Қазақ автономиялы облысының  Тарбағатай, Толы деген жерлерінде, Біртоланың Шың ауданында, Тарбағатайдың Шиху ауданында, Шәуещек, Шағантоғай, Дөрбелжің деген жерлерде шанышқылардан 3000-н аса отбасы бар. [20]

Шанышқылылар бұл жаққа қалай келді десек, XVIII ғасырдың аяғындағы Абылайхан заманындағы қазақ-қытай қарым-қатынасына назар аудару керек. Жоңғарды бір жағы Қытай, екіншіден Абылайхан бастаған қазақ әскері талқандап, 1758 жылы Жоңғария жер бетінен мүлдем жойылды. Екі жақ та: Қытай да, Қазақия да жанталаса қимылдап, жоңғардан босаған жерлерге өз елдерін қоныстандыра бастады. Абылай бастаған Қазақияға халықты қоныстандыру тұрғысынан өте-мөте қолайлы жағдай қалыптасты. Қытай жағы ішкі Қытайдан елін әкеле алмады, тек шекара заставаларын, сауда пунктерін ашумен шектелсе, Абылай бұрынғы ата-қонысымыз деп іргеде жатқан халқын көшіре бастады. Қазақтың бұл көші XVIII ғасырдың 60-жылдарынан басталып, XIX ғасырдың ортасына дейін яғни 100 жылға жуық мерзімге жалғасты. Жоңғарды талқандауда Абылайдың бас батырының бірі ерекше ерлігімен көзге түскен Шанышқылы   Бердіқожа батыр болды. Көнекөз қариялардың айтуынша, шанышқылылардың біраз бөлігі Бердіқожаға еріп, Ташкент атырабы Шыршық өзені бойынан Шығыс өңіріне Тарбағатай, Алтайға келген.[21] Ол заманда деп айтады Аягөз өңірінің ауыл академигі атанған Қабылахмет Шәкеров: «Қай елдің батыры күшті болса, сол ел жердің шұрайлысын иемденуші еді, сол елдің мерейі қандай жағдай болсын үстем болушы еді. Біздің қазақ өмірі жерге тойған ба? Абылай заманында батырлар, палуандар , билер қалмақтан қалған жерді алып қаламыз деп бірінен-бірі асып түсуге тырысты.»[22] Біздің ойымызша, XVIII ғасырдың аяғында Шығыс өңіріне Бердіқожа батырға ілесіп, келген біраз шанышқылылар 40-50 жыл тұрып, 2-3 ұрпақ ауысып, көбейген соң, XIX ғасырдың 40-50 жылдары найман-керейлермен бірге Шыңжаңның Тарбағатай, Шәуешек жағына өткен.

Жалпы шанышқылы ата-тегін зерттеу үшін Шыршық өзенінің өң бойын түгелдей тексеру қажет. Жағрапиялық атауларды жинастыру әулие, бейіт, мазарлардың орнын анықтау, ауызша тарих үлгілерін жинау т.с.с. Сонымен қатар жазба және архив деректерін әсіресе Өзбекстан мемлекеттік архивының қорларын қарастыру керек. Бұл аз уақытта орындалатын жұмыс емес.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Боранбаев К. Шанышқылы көне тайпа. Алматы. Өнер, 2004. -200 б.
  2. Келімбетов Н. Шанышқылы –Сұрым шежіресі. Алматы.1996. – 112 б.
  3. Омарбеков Т. Шанышқылы. // Шәмші. (Журнал) 2010. №3. 26-29 бб.
  4. Үсенбаев Т. Қазақ шежіресі: Үйсін, Қаңлы, Шанышқылы (Қатаған) Сіргелі 3-том Ұлы жүз Ақ арыс. Алматы. Полиграф-Комбинат. 2008. -328 сурет.
  5. Шанышқылы Аман сөзі: Қарауыл Төкіш сөзі; Омбы ақсақалдарының соңғы сөзі. // Жаңа Сарыарқа. 2006. № 5. 75 б.
  6. Кіші жүз және Ұлы жүздер шежіресі// Академияның Орталық ғылыми кітапханасы  (ОҒК). Инв № 1752
  7. Ботбайұлы. Қысқаша Үш жүз қазақтың шежіресі// ОҒК. Инв №1750
  8. Тынышбаев М. Материалы к историй киргиз-казакского народа// Великие бедствия (ақтабан-шұбырынды). Алматы. Жалын. - 1992.
  9. Шониёзов К.Ш. Қанг даблати ва қаңғлилар. Ташкент. «Фан». - 1990
  10. Қожаберген Толыбайұлы. Елім-ай (жырлар жинағы). Петропавл.  - 2000. – 140 б.
  11. Диваев Ә. Тарту. Алматы. «Ана тілі». - 1992.
  12. Ибрагимов С.К «Михманнаме и Бухара» Рузбихана как источник по историй Казахстана // Новые материалы по древней и средневековой историй Казахстана. Алма-Ата. - 1960. С. 144-145
  13. Аристов Н.А Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. – СПБб, 1897. – Выпуск. 3-4. – С. 182 – 245.

     13а. Өмірбеков Т. Ташкент облысы, Бостандық ауданы қазақтарының    шежіресі//Ш.Ш.Уәлиханов атындағы институттың шежіре қоры.

     14. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. Алматы. Арыс. 2005

    15. Тереньтев М.А. Статистические очерки Средне-азиатской Россий. СПб: Типография им. Акад.наук. – 1874

     16. Пашино П.И. Туркестанский край в 1866 году // Путевые заметки. СПб, - 1868.

     17. Макшеев А.И. Географические, этнографические и статистические материалы о Туркестанском крае. СПб, - 1868.

    18. Өзбекстан мемлекеттік архиві №336 фонд, 1 тізбе 1-іс, 54 б.

    19. Н.Т Маллицкийдің жеке фондысы // Өзбекстан мемлекеттік архиві. № 2231 фонд, 1-тізбе, 49-іс. 6 б.

    20. Разақ Байқұлұлының мәліметі, Қытай, Шыңжаң, Тарбағатай, Толы ауданының түрғыны, 63 жаста

    21.Зейнолла Бекжанов(1900-1987) Шығ.Қаз.обл. Зайсан ауданы, Көгедай селосы

    22.Қабылахмет Шәкеров(1910-1999) Шығ.Қаз.обл. Аягөз қаласы

А.У. Тоқтабай

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға