Жаңалықтар

Түркі бірлігінің түп негізі

Соңғы редакциялау: 30 қазан 2012 Түркі бірлігінің түп негізі                                      Үлкен ұлттардың әрқайсысы өркениеттің                                       белгілі бір саласында бірінші орынға ие.                                       Ежелгі гректер – бейнелеу өнерінде, рим-                                       діктер – құқықта, израильдіктер мен арабтар –                                       дінде, француздар әдебиетте, англо-саксондар –                                       экономикада, немістер – саз бен философияда,                                       ал түріктер – моральда бірінші орында.                                                                                                 (Зия Көкалып). 1914 жылы 1-ші дүниежүзілік соғыстың басталған кезі, 80 жастан асып барып дүниеден өтер шағында Жәке би (1834-1914) үлкен ұлы Ақбайға: « Маған ас берме, менің асыма, жаназама ұсталатын шығынды Түркияның Қара-Теңіз флотына бер»,-деп өсиет айтыпты. Жәке бидің өсиетін толық орындаған Ақбай әкесіне ас бермейді, оның  орнына Түркияның Қара-Теңіз флотына 100 жылқының құнын тапсырады. Заманында «Кедейдің - Жәкесі, жетім-жесірдің - әкесі» деп аталған Жәке би Зайсан аймағында туып, Қытайдағы  Шыңжанның Алтай өлкесінде билік еткен, әрі өмірі елінен ұзап шықпаған адам екен.* Қазақта атақты билер көп қой, бірақ Жәкенің ерекшелігі сол, сонау заманда жан-жағындағы қалың жаумен жалғыз өзі арпалысқан Түркияның қамын ойлап, түрік елінің іргесінің беріктігін өзінің ахиреттегі иманына балаған ұлы ойшыл екенін көреміз. Сол Жәкенің елі 1930 жылдан бастап, Қытаймен  жиырма жылдай соғысып, ақыры тізе бүкпей Тибет, Гималай асып, Индия, Пакистан арқылы Түркияға – ата жұртқа жеткен еді. Рухының күштілігімен, көзсіз батырлығымен, жарты әлемді оқпен, отпен кешіп Түркияға келді. Себебі, бұлар VI ғасырда жужандарға құл бола жүріп, темір қазып, шойын қорытып, көк темір киіп, жужандарды құлатып Көк түріктер мемлекетін құрған – Ер Түріктің туған анасы – Алтайдан еді. Алтай – көне түріктің алтын бесік, туған жері. Оны ертеде «Алтын тау», «Күн тауы», «Дулығалы тау»  деп атаған. Жәке Қойтанұлының атақты халық сәулетші Баязит Сәтбаев (1870-1956) соққан күмбезі ҚХР Шыңжан өлкесі, Алтай аймағы Жеменей ауданының Жәке-Ласты деген жерінде 1959 жылға дейін сақталған. 1959 ж. маошылар қиратқан, қазір сілемі ғана бар. Жәке бидің әкесі Қойтанның зираты Зайсан қаласына тиіп тұрған «Кішкене тау» деген жерде. Ұлы жазушы М.Әуезов «Абай жолы» романына материалдар жинағанда Жәке бидің, оның баласы Қабылдың шешендік сөздерін келтіреді. Туған жерін, өмір сүрген жылдарын дәл көрсетеді. М.Әуезов. Шығармалары. А.,Т 22, «Жібек жолы» б. 2005., 407-708 б.б. XI ғасырда  Алтайдан Кіші Азияға барып, одан соң 1453 жылы православиенің ордасы Константинопольдің кресін жұлып тастап, ай орнатқан түрік, селжүктердің жорығын XX ғасырда Алтай қазақтары қайталады. Ана жұрттан келген Шығыс түріктеріне анадолылықтар: «Алтайдан не әкелдіңдер?» деп сұрағанда Мағжанның «Түркістан» өлеңін ұсынған еді. Сөйтіп, 1923 жылы Ташкентте жазылған бұл қасиетті өлең 1950 жылы Түркияға – ата жұртқа да жетті. Түркістан - екі дүние есігі ғой, Түркістан - ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған,  Түріктің  Тәңірім берген несібі ғой. Анадолы түріктерінің бұл өлеңге қуанғаны сонша, оны бүкіл әлем түріктерінің Гимні деп қабылдаған еді... «Түрік» деген сөз (тарихта 542 жылдан бері белгілі) «күшті», «ержүрек», «айбынды» деген мағынаны білдіреді. 552 жылы Алтайда  Көк түріктер мемлекеті құрылды. 1500 жылдық ықылым заманнан бері, талай халықтар тарих сахнасынан жоғалып кетсе де, түрік туы жығылған жоқ. XVIII ғасырдан бастап Түркістанды  қытай айдаһары мен орыс самұрығы басып алып, бөліске салғанда, азаттықтың айбыны болып жалғыз Түркия қалды. Сонау IX ғасырда Кіші Азияға барған арғы аталарымыз қаптаған қалың жаудың ортасында мыңдаған жылдар тұрып, өзінің тәуелсіздігін сақтап қана қалған жоқ, түрік әлеміне үлгі болып, экономикасы қарқынды дамыған еуразиялық күшті мемлекет болып қалыптасты. Түріктердің пірі – көкбөрі. Діні (исламға дейінгі) – көк Тәңірісі, аспандағы алтын күн. Сондықтан да түріктердің арғы аталары гүндерді – «күн елі», «күн халқы» деген. «Күннен туған гүнмін» деп ақын жырлаған. Гүндерден (ғұндардан) зәресі ұшып қорыққаны сонша, қытай атты халық Ұлы қорғанның артында тығылып, орыстар орман ішінде өріп жүрген-ді. Батыс ғұндар Аттила басшылығымен, мыңдаған ғасырлар бойы халықтардың қанын сорып келген Рим империясының быт-шытын шығарды. Түрік империялары кезінде Орхон – Керуленнен бастап Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр жерді 200 жылдай билеп тұрды. Көне түріктерден кейін тарих сахнасына шыққан қыпшақтар Алтайдан Альпіге дейінгі жерлерді иеленіп, Византияны әлсіретті. Батыс пен Шығысты байланыстыратын бүкіл сауда жолдарын өз қолдарында ұстады. Сол дәуірде Еуразия елдерінің  арасында саудалық қарым-қатынас құралы қыпшақ-итальян тілдері болған. Оған дәлел, «Кодекс-Куманикус» яғни қыпшақ-итальян сөздігі. 300 жылдай тұрған қыпшақ империясы әлсіреп, әр түрлі дінге өтіп, ұсақталып, бөлшектеніп, ұлыстар мен ұсақ мемлекеттерге бөлініп кеткен-ді. Көне түріктердің бұрынғы даңқы мен дақпырты өшіп, көшпенділік рухтың сөне бастаған кезі еді. Көне түріктің көшпенділік салты жол бастайтын жолбасшыға, қол бастайтын қолбасшыға зәру болған осы бір ауыр кезеңде Шыңғысхан өмірге келді. Бүкіл көшпенділік рух қайтадан лапылдай өрттей жанып әлемді шарпыды. Әскери таланты мен ел билеу ережесі жағынан әлемдік тарихта Шыңғысқа ешбір тарихи қайраткер-қолбасшы пара-пар келмеді.  Сондықтан да Батыс сарапшылары Шыңғысты Христос, Мұхаммед, Ньютон қатарлы әлемнің он ұлы перзентінің қатарына кіргізді. Шыңғысхан империясы Ұлы Түрік қағанатының қайта өрлеу Ренессансы болды. Шыңғысхан империясын құруға бүкіл қазақ тайпалары ат салысты. Егерде дүниеде Шыңғыс немесе Шыңғысхан империясы болмаса X-XI ғасырларда бірнеше одаққа бөлініп, әр түрлі дінді қабылдаған түрік тайпалары әлдеқашан тарих сахнасынан жоғалған болар еді. Шыңғыс Қытайдан бастап бүкіл Орта Азияны жаулап алып бір шаңырақтың астына біріктірді. Сондықтан ел-жұрты оны ардақтап бүкіл шығыстың билеушісі – Шыңғыс қаған деген атақ берді. Немересі Бату болса Батыс елдерінің жартысын жаулап, шын мәнінде  батысты ханы, батыстың билеушісі – Бату болып тарихта қалды. Шыңғыс ұрпақтарының  тарих алдындағы тағы бір еңбегі сонау VII ғасырларда күшпен әкелінген мұсылман дінінің таралуына кең жол ашып қана қоймай, исламды бүкіл империялық  идеологиясы дәрежесіне көтеріп, түрік ұлыстарының арасына  ғасырлар бойы дендеп кіре бастаған жат діндер мен секталардың ағынын тоқтатты. Шыңғыс ұрпақтары құрған Алтын орда құлап көшпенділердің бұрынғы даңқы сөніп бара жатқанда, амалсыздан кіндік кесіп, кір жуған ата жұрты - Ақ Еділді тастап көшіп бара жатқанда қарға бойлы Қазтуған жыраудың айтқаны: ... Ауызы түкті кәпірдің,     Күшті болған салдары-ай!     Кәпірден теңдік алуға,     Қайта келер деймісің,     Мұсылманның баяғы     Шыңғыстан туған хандары-ай...! «...Түріктер мемлекетті қиратуға да, орнатуға да келгенде алдына жан салмайтын аса өміршең халық. Белгілі бір аймақтар түгілі, тұтас құрылықты астаң-кестең етіп жіберу оларға түк емес. Сол бір аласапыран жортуылдар үстінде мызғымас билік тұғырын орната білуші еді. Тарих түріктерден көп нәрсе үйренді. Олардың қолымен жасалған небір ғажайып туындылар мәдениет әлеміне әр беріп, түрлендіріп тұр деуге болады...» (Хаммер 1774-1856). Тәңірім түрік жұртын асылдар мен ұлыларға кенде қылған емес. Мөде, Күлтегін мен Білге қаған, Қорқыт, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби, алгебра мен медицинаны дүниеге әкелген Әл-Хорезми мен Әбу-Әли Ибн-Сина, Бируни мен Ұлықбек, Шыңғыс хан, Жошы хан, Бейбарыс, Әмір Темір, Тоқтамыс, Шаһ-Джахан, Бабыр, Низами, Навои, Бабек, Мехмед-II, ұлы Сүлеймен, Абылай, Ататүрік. Әлемде бірде-бір халықтан үш мың жыл бойы үзбей жалғасқан ұлылар мен білімпаздардың мұндай галереясын көре алмайсың. Басқа жұрт өзін-өзі басқара алмай, ел билейтін адамға жарымай жүргенде, түрік ұлыстары ел билеуші  оғландар мен тарихи қайраткерлер мен қолбасшылардың көптігінен зардап шекті. Орта ғасырларда Баязид-1 Найзағай (1354-1402), Әмір Темір (1336-1405), Едіге (1352-1419), Тоқтамыс (т.ж.б.-1406) әрбіреуі бір-бір дәуірге тұлға болатын ұлылардың қатар тууы, олардың билік үшін таласы түрік елдерінің болашағын 100 жылдан астам уақытқа артқа шегерді десек артық айтпаймыз. Мәселен, Баязид-1 (еуропалықтар оны «найзағай» деп атаған)  Сербияны (1389), Болгарияны (1393-96), Грецияны жаулап алып, Морея (1394), Венгрияға (1395) жойқын шабуылдар жасап, Боснияны, Валахияны тізе бүктірді. 1396 ж. Никопльде Европаның біріккен крестішілер армиясын талқандады. Егер де Баязит 1402 жылы  Анкара түбінде Әмір Темірден жеңіліп тұтқынға түспегенде, Франция мен Британ аралдарына  жоспарлап қойған жорықтарын міндетті түрде жүзеге асырар еді. Сөйтіп, бүкіл Еуропаның үстінде Балкан секілді бірнеше ғасыр бойы түрік туы желбірер еді. Қазіргі кезде Парижде Әмір Темірге соғылған ескерткіш-белгі бар. Оған: «Еуропаны азат етуші» деп жазылған. Тоқтамыс 1382 жылы  Мәскеуді түгелдей өртеп және  ондаған орыс қалаларын басып алды, сөйтіп Куликово шайқасының түкке тұрмайтынын көрсетті. Едіге Ноғай ордасының негізін қалаушы, баласы  Нұраддиннің тұсында (1426-40) Ноғай ордасы түпкілікті қалыптасты. Әмір Темір Тоқтамыспен ерегесіп Алтын орданы талқандап, орыстың азаттық алуына жол ашты. 1380 жылдардан  өмірінің ақырына дейін  ат үстінен түспей Хорасанды, Иранды, Арменияны, Әзірбайжанды, Грузияны, Солтүстік Кавказды,  Ауғанстан мен Кіші Азияны, Сирияны, Индияны жаулап алды. Әмір Темір ұлы қолбасшы ғана емес, көреген саясаткер еді. Түбінде түрік жұртына  қауіп-қатердің Қытайдан болатынын білген ол 1405 жылы 800 мың әскермен Қытайға аттанды. Амал нешік, қақаған қыста жер қайысқан қолды Сырдариядан өткізіп тұрғанда, мұз ойылып кетіп атымен суға түсіп, суық тиіп ауырып, Отырар қаласының бегінің үйінде қайтыс болды. Әмір Темірдің ұлылығы сол баяғыда моласы жермен жексен болып қалған Қожа Ахмет Яссауи  қабірінің үстіне әлемде теңдесі жоқ ғимарат салдырып қана қойған жоқ, Яссауизмді түріктердің мемлекеттік-халықтық идеясына айналдырды. Қазақ халқы әмір Темірді әрдайым ұлы, әділ патша ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мадақтап отырады. ...Ақсақ Темір көреген, Аузын айға білеген. Дұшпанын саздай таптаған, Досын майдай сақтаған, Алтын діңгек секілді, Патша өткен Тұранда.        (Дулат Бабатайұлы). Осы төрт қолбасшының арасындағы бір-бірімен тіл табыса алмай үздіксіз созылған бақастық соғыстар, түрік жұртын әлсіретіп, керісінше Русьтің, Еуропаның күшеюіне алып келді. Қазақта: «екі қошқардың басы бір қазанға симайды» деген сөз бар. Бұлар туралы «төрт қошқардың басы бір қазанға симаған заман»  деуге болады. Ендігі кезекте көшпенділердің ел басқару, заң, алым-салық жүйесін, әскер ұстау, әсіресе, атты әскерді жарақтандыру т.б. тәртіптерін бұлжытпай қолданған Мәскеу княздығы бірте-бірте күшейіп, өзіне үш ғасыр билік жүргізген түріктердің жерін жаулап ала бастады. 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Қажы Тархан хандығын, Чувашия мен Башқұрт елдерін, 1582 жылы  Сібір хандығын, 1777 жылы  Қырым хандығын, 1837 жылы  Әзірбайжанды, 1864 ж. Солтүстік Кавказды, 1731-1864 жылдар аралығында қазақ жерлерін, 1731—1890 жылдары Орталық Азияны жаулап алды. Ал 1876 жылы  Қытайдың өзі Еуропа елдерінің отары бола отырып,  Шығыс Түркістанды басып алып оған «Шыңжан» (Синцзян – жаңа шекара) деген атау берді. XIX ғасыр түрік әлемі үшін бақытсыз ғасыр болды. 1877-1878 жылдардағы орыс-түрік соғысында Түркия Балқаннан айырылды. Мұның себебі алдымен феодалдық экономиканың артта қалуы болса, екіншіден Шыңғыс хан, Әмір Темір, Ұлы Сүлеймен, Бабыр, Абылай қатарлы елге тірек болатын ұлы тұлғалардың болмауы еді. «Отарланған елдердің тарихын отаршылдар жазады» дейді Дж.Неру. Осы уақытқа дейін арыла алмай келе жатқан бір нәрсе XIX ғасырда орыс отаршылдарының идеологтары енгізген «түркі тілдес халықтар», «түркі елдері» деген сорақы атау. Бұлай атауда екі мақсат көзделген. Біріншіден – біздің өз тарихымызды  өзімізден қызғанып, сендер түрік емессіңдер, тек қана түрік тілдессіңдер десе, екіншіден – христиан әлеміне, оның ішінде орысқа қарсы қасқая қарсы тұрған айбынды Түркиядан басқа түрік жұрттарынан бөліп тастау еді. Отаршылдар мақсаттарына жетті де.               Бұл елдің түрік еді арғы заты,               Жаһанды тітіреткен салтанаты.               Бұл күнде азып-тозып күлкі болған,               Бұлар да сол түріктің жұрағаты, - деп 1913 жылы  Сұлтанмахмұт ақын ашына жырлаған-ды. Енді түрік халықтарының ішінен көзі қарақты, оқыған қайраткерлер шығып отаршылдықтың  қалың бұғауынан ел-жұртты білім, саясат арқылы алып шығуды ойлады. Бұл азаматтар «бөлшекте де билей бер» деген отаршылдық саясатқа қарсы, Тұранның даңқты тарихын көксей отырып, түрікшілдік иедясын және қозғалысын өмірге әкелді. Түрікшілдік қозғалысының басында  И.Гаспаралы, А.Ысқақи, А.З.Уәлиди, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, М.Жұмабай, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсын, З.Көкалып, М.К.Ататүрік, М.Х.Сұлтан-Ғалиев, Мүнәууар қари, М.Бекбуди, Ф.Қожаев, А.Ауляни, С.Айни, А.Фитрат, М.Э.Расулзаде, Н.Нариманов, Ж.Қойтанұлы т.б. қатарлы түрік халықтарының азаттығы жолында күрескен тарихи қайраткерлер мен күрескерлер тұрды. 1924 жылы жазылған Зия Көкалыптың «Түрікшілдіктің негіздері»  атты кітабында ұлт - нәсілдік те, қауымдық та, жағрапиялық та, саяси да топ емес. Ұлт – тілі, діні, моралі және эстетикасы ортақ, яғни бір тәрбие алған адамдардан құралған топ. Түркістан бұл зерттеуде барлық түріктердің «бұрын шындыққа айналған немесе келешекте шындыққа айналатын ұлы Отаны» ретінде сипатталады. Автор ислам діні мен түрік ұлтын сақтай отырып, Батыс өркениетіне кіруді қажет деп көрсетеді. Біздің қоғамның баяны мынадай деп мәлімдейді: « Түрік ұлтынанмын, Ислам  үмбетіненмін, Батыс өркениетіненмін!». Көкбөрі тотемінің бүгінгі күні де барынша жандана бастауының өзі, тек түрік халықтарына ғана тән дүниетанымның беріктігін көрсетеді. Бәлкім, бұл сәтті қолданылған мысал бола қоймас, десек те бөріден басқа түз тағыларының бәрі де қолға үйретуге тез көндігетіні рас. Жәке би Қойтанұлы айтады: «Арыстанда қырық адамның күші бар, бір адамның жүрегі бар, ал бөріде бір адамның  күші бар, қырық адамның жүрегі бар». Демек, арғы ата-бабаларымыз білек, бұлшық ет, қара дүлей күштен гөрі рух күшін, рух, аруах айбынын жоғары қойған. Сөйтіп аң ішіндегі  ержүрегі – Көкбөріге табынған. Сондықтан біз түрік дүниесіне қарсы моральдік өшпенділікті тоқтату қажеттігіне әлемдік қауымдастықтың көзін жеткізуге тиіспіз. Себебі, түріктердің өздеріне жат этникалық танымды ешқашан қабылдамайтыны ғасырлар бойы дәлелденген ақиқат. Егер де демократиялық құндылықтар дегеніміздің өзі  түрік дүниетанымының жемісі болса, онда оларға деген қандай өшпенділіктің болуы мүмкін!? «...Түріктер тұтас бір нәсіл және ұлт ретінде әлемдегі ең абыройлы адамдар қатарына жатады. Мінез-құлық жағынан алғанда асыл текті, әрі кең пейілді, жігіттері мызғымас күшке ие. Діні мен Отанға деген ынта-ықыластары кімге болмасын жігер беріп, таң-тамаша күйге түсірері сөзсіз. Тәлейлері – маңдайларына жазулы, нақтылы істерінен де көрініп тұр. Егер тұғырлы заң-жарғылар қабылданып, кемел билеушілері болса, олар әлемдегі ең маңдайалды ұлт ретінде алғалап оза шығары хақ. Барлық іс-қимылдары – барынша орнықты, қайырымға толы. Намысшыл, сезімтал халық. Олардың мекендері өздері құрметтеген ізгі жандардың, батырлар мен шейіттердің қасиетті тұрақтары еді. Меніңше, адамзатты соншама даңққа бөлеген жандарға дұшпан болу дегеніңіз, адамзат баласына дұшпан болумен бірдей. Сондай күпірліктен мені құдайым сақтасын деп тілеймін...» (Альфонс Ламартин 1790-1869). Қазіргі әлем күшті. Түріктер де өзді-өзіне қайта оралуда және  әлем одан ұтпаса ұтылмайтынын бәрі түсінуге тиіс. Экономика мен технологияға келсек әрине, әлемдік ғылыми-техниканың дамуына түрік зиялыларының да қосқан үлесі зор екені даусыз. Дамудың осы игіліктерін барынша пайдалана отырып, олар бұл процестің одан әрі дамуына өз үлестерін де соншалықты қоса түсуде. Саясат пен құқық туралы ашық айтуға тиіспіз. Саяси мәселелерді көпшілікке дұрыс жеткізу басты мақсат. Біздің ғасырлар бойғы сәтсіздіктеріміздің бәрі түрік саясаткерлерінің түрікшілдік ой-сана бостандығына мән бермеуінен болды. Соның салдарынан билік пен жұртшылықтың арасында құрдым (алшақтық) пайда болды. Қазіргі кезде сол құрдымды жеңудің алғы шарттары бар. Әділдік үшін айтар болсақ, түріктердің ақиқатқа деген сүйіспеншілігі шексіз. Бұл сүйіспеншілік аналық махаббатпен егіз. Сондықтан да  саясаткерлердің саясат пен ақиқат мәселесіне  келгенде әр қадамын байқап басуына тура келеді. Әлемдегі ең саясиланған қайсыбір ұлттың тәжірибесін пайдалансақ та, бәрібір ақиқатқа деген жауапкершілікті әркезде де есте ұстау керектігі дау туғызбайды. Көптеген елдердегі белгілі ғалымдардың пікірлері мен кейбір дереккөздердің көрсетуінше, XXI ғасыр – түрік ғасыры болатыны және  осыған байланысты XXI ғасыр халқы шынайылық пен ақиқатқа негізделген қоғам құруға мәжбүр болатыны айтылуда. Әзірбайжан халқының көрнекті өкілі Мамед-Эмин Расул-Заде өзінің «Пантұраншылдық туралы» мақаласында: «Түрікшілдік саяси қозғалыс емес, ол ғылыми-философиялық, этикалық мектеп. Басқаша айтқанда, мәдени бірігу жолындағы күрес тәсілі... Еуропадағы ұлтшылдық – идеология, саясатта - агрессия, ал Шығыстағы ұлтшылдық -  әлеуметтік жағынан прогрессивті құбылыс, саясатта – қорғаныс болып табылады»,- деп қорытындылайды. Сондықтан да түрікшілдік идеясынан қорқудың қажеті жоқ.  Қазіргі таңдағы бүкіл түрік халықтарының зиялы қауымының міндеті соңғы 150 жылдан астам уақыттағы ажырап қалған ортақ тіліміздің, тарихымыздың, сана-сезім, әдет-ғұрыптарымыздың нысандарын мейлінше  зерттеп-насихаттайтын ғылыми-философиялық, этникалық мектеп дәрежесін қалыптастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, мәдени Түркістанды яғни «символикалық ұлы Тұранды» қайта жаңғырту қажет. XXI ғасырдағы ғаламдастырудың құрбаны болмайық десек, барлық түрік халықтары мен ұлыстары бірігіп, ортақ құндылықтарды бойымызға сіңіре беру болып табылады. Қазіргі таңда ондаған түрік ұлыстары әсіресе, басқа елдердің боданы болып отырған халықтар мен этникалық топтар Қазақстанға «қара шаңырақ» деп үлкен үмітпен қарайды.               Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,                Түріктен басқа от болып жан туып па?                Көп түрік енші алып тарасқанда,               Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? XIX ғасыр мен XX ғасырдың аяғына дейін түрік тілдес халықтардың  көзі қарақты түрікшіл зиялы қауымы тәуелсіз жағыз Түркияға қараушы еді. Енді қазір  Құдайға шүкір түрік әлемінде 7 тәуелсіз мемлекет, 200 миллион түрік бар. Олар: Түркия, Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр-Түрік республикалары. Жеті саны түріктер үшін ежелден қасиетті сан. Келешекте бұл жетілік  сегіздікке айналуы қажет. Себебі, мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы бірге жасасқан түрік-монғолдар XXI ғасырға бірге аяқ басуы керек. Ғылымда «түрік-монғол субэтносы» деген ұғым қалыптасқалы қашан! Демек, ана жұртта қалған Монғолия мемлекеті  шығу тегі, келешектегі тағдыры жағынан түрік елдерінің қатарында тұруы тиіс деп ойлаймыз. «Түрік халықтары», «түркі тілдес халықтар» деген терминді қолдану қазақты – «қырғыз-қайсақ», ұйғырды – «тараншы», қырғызды – «тау-тастық, таулы қырғыздар» (дикокаменные киргизы) деп атаумен бірдей. Демек, оның орнына  «түрік халықтары», «түрік тілдес халықтар», «қазақ түріктері», «өзбек түріктері» десек, оны қазақ халқы, өзбек халқы – деп ұққанымыз абзал. «XXI ғасыр – түрік ғасыры болады» дейді түрік жұртының белгілі тұлғалары Алып Арслан Түркеш пен Олжас Сүлейменов. Ылайым солай болғай! Ахмет Токтабай  
09.11.2012 03:48 7617

Соңғы редакциялау:

30 қазан 2012

Түркі бірлігінің түп негізі

                                     Үлкен ұлттардың әрқайсысы өркениеттің

                                      белгілі бір саласында бірінші орынға ие.

                                      Ежелгі гректер – бейнелеу өнерінде, рим-

                                      діктер – құқықта, израильдіктер мен арабтар –

                                      дінде, француздар әдебиетте, англо-саксондар –

                                      экономикада, немістер – саз бен философияда,

                                      ал түріктер – моральда бірінші орында.

                                                                                                (Зия Көкалып).

1914 жылы 1-ші дүниежүзілік соғыстың басталған кезі, 80 жастан асып барып дүниеден өтер шағында Жәке би (1834-1914) үлкен ұлы Ақбайға: « Маған ас берме, менің асыма, жаназама ұсталатын шығынды Түркияның Қара-Теңіз флотына бер»,-деп өсиет айтыпты. Жәке бидің өсиетін толық орындаған Ақбай әкесіне ас бермейді, оның  орнына Түркияның Қара-Теңіз флотына 100 жылқының құнын тапсырады. Заманында «Кедейдің - Жәкесі, жетім-жесірдің - әкесі» деп аталған Жәке би Зайсан аймағында туып, Қытайдағы  Шыңжанның Алтай өлкесінде билік еткен, әрі өмірі елінен ұзап шықпаған адам екен.*

Қазақта атақты билер көп қой, бірақ Жәкенің ерекшелігі сол, сонау заманда жан-жағындағы қалың жаумен жалғыз өзі арпалысқан Түркияның қамын ойлап, түрік елінің іргесінің беріктігін өзінің ахиреттегі иманына балаған ұлы ойшыл екенін көреміз. Сол Жәкенің елі 1930 жылдан бастап, Қытаймен  жиырма жылдай соғысып, ақыры тізе бүкпей Тибет, Гималай асып, Индия, Пакистан арқылы Түркияға – ата жұртқа жеткен еді. Рухының күштілігімен, көзсіз батырлығымен, жарты әлемді оқпен, отпен кешіп Түркияға келді. Себебі, бұлар VI ғасырда жужандарға құл бола жүріп, темір қазып, шойын қорытып, көк темір киіп, жужандарды құлатып Көк түріктер мемлекетін құрған – Ер Түріктің туған анасы – Алтайдан еді. Алтай – көне түріктің алтын бесік, туған жері. Оны ертеде «Алтын тау», «Күн тауы», «Дулығалы тау»  деп атаған.

Жәке Қойтанұлының атақты халық сәулетші Баязит Сәтбаев (1870-1956) соққан күмбезі ҚХР Шыңжан өлкесі, Алтай аймағы Жеменей ауданының Жәке-Ласты деген жерінде 1959 жылға дейін сақталған. 1959 ж. маошылар қиратқан, қазір сілемі ғана бар. Жәке бидің әкесі Қойтанның зираты Зайсан қаласына тиіп тұрған «Кішкене тау» деген жерде. Ұлы жазушы М.Әуезов «Абай жолы» романына материалдар жинағанда Жәке бидің, оның баласы Қабылдың шешендік сөздерін келтіреді. Туған жерін, өмір сүрген жылдарын дәл көрсетеді. М.Әуезов. Шығармалары. А.,Т 22, «Жібек жолы» б. 2005., 407-708 б.б.

XI ғасырда  Алтайдан Кіші Азияға барып, одан соң 1453 жылы православиенің ордасы Константинопольдің кресін жұлып тастап, ай орнатқан түрік, селжүктердің жорығын XX ғасырда Алтай қазақтары қайталады. Ана жұрттан келген Шығыс түріктеріне анадолылықтар: «Алтайдан не әкелдіңдер?» деп сұрағанда Мағжанның «Түркістан» өлеңін ұсынған еді. Сөйтіп, 1923 жылы Ташкентте жазылған бұл қасиетті өлең 1950 жылы Түркияға – ата жұртқа да жетті.

Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған, 

Түріктің  Тәңірім берген несібі ғой.

Анадолы түріктерінің бұл өлеңге қуанғаны сонша, оны бүкіл әлем түріктерінің Гимні деп қабылдаған еді...

«Түрік» деген сөз (тарихта 542 жылдан бері белгілі) «күшті», «ержүрек», «айбынды» деген мағынаны білдіреді. 552 жылы Алтайда  Көк түріктер мемлекеті құрылды. 1500 жылдық ықылым заманнан бері, талай халықтар тарих сахнасынан жоғалып кетсе де, түрік туы жығылған жоқ. XVIII ғасырдан бастап Түркістанды  қытай айдаһары мен орыс самұрығы басып алып, бөліске салғанда, азаттықтың айбыны болып жалғыз Түркия қалды. Сонау IX ғасырда Кіші Азияға барған арғы аталарымыз қаптаған қалың жаудың ортасында мыңдаған жылдар тұрып, өзінің тәуелсіздігін сақтап қана қалған жоқ, түрік әлеміне үлгі болып, экономикасы қарқынды дамыған еуразиялық күшті мемлекет болып қалыптасты.

Түріктердің пірі – көкбөрі. Діні (исламға дейінгі) – көк Тәңірісі, аспандағы алтын күн. Сондықтан да түріктердің арғы аталары гүндерді – «күн елі», «күн халқы» деген. «Күннен туған гүнмін» деп ақын жырлаған. Гүндерден (ғұндардан) зәресі ұшып қорыққаны сонша, қытай атты халық Ұлы қорғанның артында тығылып, орыстар орман ішінде өріп жүрген-ді.

Батыс ғұндар Аттила басшылығымен, мыңдаған ғасырлар бойы халықтардың қанын сорып келген Рим империясының быт-шытын шығарды. Түрік империялары кезінде Орхон – Керуленнен бастап Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр жерді 200 жылдай билеп тұрды.

Көне түріктерден кейін тарих сахнасына шыққан қыпшақтар Алтайдан Альпіге дейінгі жерлерді иеленіп, Византияны әлсіретті. Батыс пен Шығысты байланыстыратын бүкіл сауда жолдарын өз қолдарында ұстады. Сол дәуірде Еуразия елдерінің  арасында саудалық қарым-қатынас құралы қыпшақ-итальян тілдері болған. Оған дәлел, «Кодекс-Куманикус» яғни қыпшақ-итальян сөздігі. 300 жылдай тұрған қыпшақ империясы әлсіреп, әр түрлі дінге өтіп, ұсақталып, бөлшектеніп, ұлыстар мен ұсақ мемлекеттерге бөлініп кеткен-ді. Көне түріктердің бұрынғы даңқы мен дақпырты өшіп, көшпенділік рухтың сөне бастаған кезі еді.

Көне түріктің көшпенділік салты жол бастайтын жолбасшыға, қол бастайтын қолбасшыға зәру болған осы бір ауыр кезеңде Шыңғысхан өмірге келді. Бүкіл көшпенділік рух қайтадан лапылдай өрттей жанып әлемді шарпыды.

Әскери таланты мен ел билеу ережесі жағынан әлемдік тарихта Шыңғысқа ешбір тарихи қайраткер-қолбасшы пара-пар келмеді.  Сондықтан да Батыс сарапшылары Шыңғысты Христос, Мұхаммед, Ньютон қатарлы әлемнің он ұлы перзентінің қатарына кіргізді.

Шыңғысхан империясы Ұлы Түрік қағанатының қайта өрлеу Ренессансы болды. Шыңғысхан империясын құруға бүкіл қазақ тайпалары ат салысты. Егерде дүниеде Шыңғыс немесе Шыңғысхан империясы болмаса X-XI ғасырларда бірнеше одаққа бөлініп, әр түрлі дінді қабылдаған түрік тайпалары әлдеқашан тарих сахнасынан жоғалған болар еді.

Шыңғыс Қытайдан бастап бүкіл Орта Азияны жаулап алып бір шаңырақтың астына біріктірді. Сондықтан ел-жұрты оны ардақтап бүкіл шығыстың билеушісі – Шыңғыс қаған деген атақ берді. Немересі Бату болса Батыс елдерінің жартысын жаулап, шын мәнінде  батысты ханы, батыстың билеушісі – Бату болып тарихта қалды.

Шыңғыс ұрпақтарының  тарих алдындағы тағы бір еңбегі сонау VII ғасырларда күшпен әкелінген мұсылман дінінің таралуына кең жол ашып қана қоймай, исламды бүкіл империялық  идеологиясы дәрежесіне көтеріп, түрік ұлыстарының арасына  ғасырлар бойы дендеп кіре бастаған жат діндер мен секталардың ағынын тоқтатты.

Шыңғыс ұрпақтары құрған Алтын орда құлап көшпенділердің бұрынғы даңқы сөніп бара жатқанда, амалсыздан кіндік кесіп, кір жуған ата жұрты - Ақ Еділді тастап көшіп бара жатқанда қарға бойлы Қазтуған жыраудың айтқаны:

... Ауызы түкті кәпірдің,

    Күшті болған салдары-ай!

    Кәпірден теңдік алуға,

    Қайта келер деймісің,

    Мұсылманның баяғы

    Шыңғыстан туған хандары-ай...!

«...Түріктер мемлекетті қиратуға да, орнатуға да келгенде алдына жан салмайтын аса өміршең халық. Белгілі бір аймақтар түгілі, тұтас құрылықты астаң-кестең етіп жіберу оларға түк емес. Сол бір аласапыран жортуылдар үстінде мызғымас билік тұғырын орната білуші еді. Тарих түріктерден көп нәрсе үйренді. Олардың қолымен жасалған небір ғажайып туындылар мәдениет әлеміне әр беріп, түрлендіріп тұр деуге болады...» (Хаммер 1774-1856).

Тәңірім түрік жұртын асылдар мен ұлыларға кенде қылған емес. Мөде, Күлтегін мен Білге қаған, Қорқыт, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби, алгебра мен медицинаны дүниеге әкелген Әл-Хорезми мен Әбу-Әли Ибн-Сина, Бируни мен Ұлықбек, Шыңғыс хан, Жошы хан, Бейбарыс, Әмір Темір, Тоқтамыс, Шаһ-Джахан, Бабыр, Низами, Навои, Бабек, Мехмед-II, ұлы Сүлеймен, Абылай, Ататүрік. Әлемде бірде-бір халықтан үш мың жыл бойы үзбей жалғасқан ұлылар мен білімпаздардың мұндай галереясын көре алмайсың.

Басқа жұрт өзін-өзі басқара алмай, ел билейтін адамға жарымай жүргенде, түрік ұлыстары ел билеуші  оғландар мен тарихи қайраткерлер мен қолбасшылардың көптігінен зардап шекті. Орта ғасырларда Баязид-1 Найзағай (1354-1402), Әмір Темір (1336-1405), Едіге (1352-1419), Тоқтамыс (т.ж.б.-1406) әрбіреуі бір-бір дәуірге тұлға болатын ұлылардың қатар тууы, олардың билік үшін таласы түрік елдерінің болашағын 100 жылдан астам уақытқа артқа шегерді десек артық айтпаймыз.

Мәселен, Баязид-1 (еуропалықтар оны «найзағай» деп атаған)  Сербияны (1389), Болгарияны (1393-96), Грецияны жаулап алып, Морея (1394), Венгрияға (1395) жойқын шабуылдар жасап, Боснияны, Валахияны тізе бүктірді. 1396 ж. Никопльде Европаның біріккен крестішілер армиясын талқандады. Егер де Баязит 1402 жылы  Анкара түбінде Әмір Темірден жеңіліп тұтқынға түспегенде, Франция мен Британ аралдарына  жоспарлап қойған жорықтарын міндетті түрде жүзеге асырар еді. Сөйтіп, бүкіл Еуропаның үстінде Балкан секілді бірнеше ғасыр бойы түрік туы желбірер еді. Қазіргі кезде Парижде Әмір Темірге соғылған ескерткіш-белгі бар. Оған: «Еуропаны азат етуші» деп жазылған.

Тоқтамыс 1382 жылы  Мәскеуді түгелдей өртеп және  ондаған орыс қалаларын басып алды, сөйтіп Куликово шайқасының түкке тұрмайтынын көрсетті. Едіге Ноғай ордасының негізін қалаушы, баласы  Нұраддиннің тұсында (1426-40) Ноғай ордасы түпкілікті қалыптасты. Әмір Темір Тоқтамыспен ерегесіп Алтын орданы талқандап, орыстың азаттық алуына жол ашты. 1380 жылдардан  өмірінің ақырына дейін  ат үстінен түспей Хорасанды, Иранды, Арменияны, Әзірбайжанды, Грузияны, Солтүстік Кавказды,  Ауғанстан мен Кіші Азияны, Сирияны, Индияны жаулап алды. Әмір Темір ұлы қолбасшы ғана емес, көреген саясаткер еді. Түбінде түрік жұртына  қауіп-қатердің Қытайдан болатынын білген ол 1405 жылы 800 мың әскермен Қытайға аттанды. Амал нешік, қақаған қыста жер қайысқан қолды Сырдариядан өткізіп тұрғанда, мұз ойылып кетіп атымен суға түсіп, суық тиіп ауырып, Отырар қаласының бегінің үйінде қайтыс болды. Әмір Темірдің ұлылығы сол баяғыда моласы жермен жексен болып қалған Қожа Ахмет Яссауи  қабірінің үстіне әлемде теңдесі жоқ ғимарат салдырып қана қойған жоқ, Яссауизмді түріктердің мемлекеттік-халықтық идеясына айналдырды. Қазақ халқы әмір Темірді әрдайым ұлы, әділ патша ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мадақтап отырады.

...Ақсақ Темір көреген,

Аузын айға білеген.

Дұшпанын саздай таптаған,

Досын майдай сақтаған,

Алтын діңгек секілді,

Патша өткен Тұранда.

       (Дулат Бабатайұлы).

Осы төрт қолбасшының арасындағы бір-бірімен тіл табыса алмай үздіксіз созылған бақастық соғыстар, түрік жұртын әлсіретіп, керісінше Русьтің, Еуропаның күшеюіне алып келді. Қазақта: «екі қошқардың басы бір қазанға симайды» деген сөз бар. Бұлар туралы «төрт қошқардың басы бір қазанға симаған заман»  деуге болады.

Ендігі кезекте көшпенділердің ел басқару, заң, алым-салық жүйесін, әскер ұстау, әсіресе, атты әскерді жарақтандыру т.б. тәртіптерін бұлжытпай қолданған Мәскеу княздығы бірте-бірте күшейіп, өзіне үш ғасыр билік жүргізген түріктердің жерін жаулап ала бастады. 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Қажы Тархан хандығын, Чувашия мен Башқұрт елдерін, 1582 жылы  Сібір хандығын, 1777 жылы  Қырым хандығын, 1837 жылы  Әзірбайжанды, 1864 ж. Солтүстік Кавказды, 1731-1864 жылдар аралығында қазақ жерлерін, 1731—1890 жылдары Орталық Азияны жаулап алды. Ал 1876 жылы  Қытайдың өзі Еуропа елдерінің отары бола отырып,  Шығыс Түркістанды басып алып оған «Шыңжан» (Синцзян – жаңа шекара) деген атау берді. XIX ғасыр түрік әлемі үшін бақытсыз ғасыр болды. 1877-1878 жылдардағы орыс-түрік соғысында Түркия Балқаннан айырылды. Мұның себебі алдымен феодалдық экономиканың артта қалуы болса, екіншіден Шыңғыс хан, Әмір Темір, Ұлы Сүлеймен, Бабыр, Абылай қатарлы елге тірек болатын ұлы тұлғалардың болмауы еді.

«Отарланған елдердің тарихын отаршылдар жазады» дейді Дж.Неру. Осы уақытқа дейін арыла алмай келе жатқан бір нәрсе XIX ғасырда орыс отаршылдарының идеологтары енгізген «түркі тілдес халықтар», «түркі елдері» деген сорақы атау. Бұлай атауда екі мақсат көзделген. Біріншіден – біздің өз тарихымызды  өзімізден қызғанып, сендер түрік емессіңдер, тек қана түрік тілдессіңдер десе, екіншіден – христиан әлеміне, оның ішінде орысқа қарсы қасқая қарсы тұрған айбынды Түркиядан басқа түрік жұрттарынан бөліп тастау еді. Отаршылдар мақсаттарына жетті де.

              Бұл елдің түрік еді арғы заты,

              Жаһанды тітіреткен салтанаты.

              Бұл күнде азып-тозып күлкі болған,

              Бұлар да сол түріктің жұрағаты,

- деп 1913 жылы  Сұлтанмахмұт ақын ашына жырлаған-ды. Енді түрік халықтарының ішінен көзі қарақты, оқыған қайраткерлер шығып отаршылдықтың  қалың бұғауынан ел-жұртты білім, саясат арқылы алып шығуды ойлады. Бұл азаматтар «бөлшекте де билей бер» деген отаршылдық саясатқа қарсы, Тұранның даңқты тарихын көксей отырып, түрікшілдік иедясын және қозғалысын өмірге әкелді. Түрікшілдік қозғалысының басында  И.Гаспаралы, А.Ысқақи, А.З.Уәлиди, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, М.Жұмабай, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсын, З.Көкалып, М.К.Ататүрік, М.Х.Сұлтан-Ғалиев, Мүнәууар қари, М.Бекбуди, Ф.Қожаев, А.Ауляни, С.Айни, А.Фитрат, М.Э.Расулзаде, Н.Нариманов, Ж.Қойтанұлы т.б. қатарлы түрік халықтарының азаттығы жолында күрескен тарихи қайраткерлер мен күрескерлер тұрды.

1924 жылы жазылған Зия Көкалыптың «Түрікшілдіктің негіздері»  атты кітабында ұлт - нәсілдік те, қауымдық та, жағрапиялық та, саяси да топ емес. Ұлт – тілі, діні, моралі және эстетикасы ортақ, яғни бір тәрбие алған адамдардан құралған топ. Түркістан бұл зерттеуде барлық түріктердің «бұрын шындыққа айналған немесе келешекте шындыққа айналатын ұлы Отаны» ретінде сипатталады. Автор ислам діні мен түрік ұлтын сақтай отырып, Батыс өркениетіне кіруді қажет деп көрсетеді. Біздің қоғамның баяны мынадай деп мәлімдейді: « Түрік ұлтынанмын, Ислам  үмбетіненмін, Батыс өркениетіненмін!».

Көкбөрі тотемінің бүгінгі күні де барынша жандана бастауының өзі, тек түрік халықтарына ғана тән дүниетанымның беріктігін көрсетеді. Бәлкім, бұл сәтті қолданылған мысал бола қоймас, десек те бөріден басқа түз тағыларының бәрі де қолға үйретуге тез көндігетіні рас. Жәке би Қойтанұлы айтады: «Арыстанда қырық адамның күші бар, бір адамның жүрегі бар, ал бөріде бір адамның  күші бар, қырық адамның жүрегі бар». Демек, арғы ата-бабаларымыз білек, бұлшық ет, қара дүлей күштен гөрі рух күшін, рух, аруах айбынын жоғары қойған. Сөйтіп аң ішіндегі  ержүрегі – Көкбөріге табынған. Сондықтан біз түрік дүниесіне қарсы моральдік өшпенділікті тоқтату қажеттігіне әлемдік қауымдастықтың көзін жеткізуге тиіспіз. Себебі, түріктердің өздеріне жат этникалық танымды ешқашан қабылдамайтыны ғасырлар бойы дәлелденген ақиқат. Егер де демократиялық құндылықтар дегеніміздің өзі  түрік дүниетанымының жемісі болса, онда оларға деген қандай өшпенділіктің болуы мүмкін!?

«...Түріктер тұтас бір нәсіл және ұлт ретінде әлемдегі ең абыройлы адамдар қатарына жатады. Мінез-құлық жағынан алғанда асыл текті, әрі кең пейілді, жігіттері мызғымас күшке ие. Діні мен Отанға деген ынта-ықыластары кімге болмасын жігер беріп, таң-тамаша күйге түсірері сөзсіз. Тәлейлері – маңдайларына жазулы, нақтылы істерінен де көрініп тұр. Егер тұғырлы заң-жарғылар қабылданып, кемел билеушілері болса, олар әлемдегі ең маңдайалды ұлт ретінде алғалап оза шығары хақ. Барлық іс-қимылдары – барынша орнықты, қайырымға толы. Намысшыл, сезімтал халық. Олардың мекендері өздері құрметтеген ізгі жандардың, батырлар мен шейіттердің қасиетті тұрақтары еді. Меніңше, адамзатты соншама даңққа бөлеген жандарға дұшпан болу дегеніңіз, адамзат баласына дұшпан болумен бірдей. Сондай күпірліктен мені құдайым сақтасын деп тілеймін...» (Альфонс Ламартин 1790-1869).

Қазіргі әлем күшті. Түріктер де өзді-өзіне қайта оралуда және  әлем одан ұтпаса ұтылмайтынын бәрі түсінуге тиіс. Экономика мен технологияға келсек әрине, әлемдік ғылыми-техниканың дамуына түрік зиялыларының да қосқан үлесі зор екені даусыз. Дамудың осы игіліктерін барынша пайдалана отырып, олар бұл процестің одан әрі дамуына өз үлестерін де соншалықты қоса түсуде.

Саясат пен құқық туралы ашық айтуға тиіспіз. Саяси мәселелерді көпшілікке дұрыс жеткізу басты мақсат. Біздің ғасырлар бойғы сәтсіздіктеріміздің бәрі түрік саясаткерлерінің түрікшілдік ой-сана бостандығына мән бермеуінен болды. Соның салдарынан билік пен жұртшылықтың арасында құрдым (алшақтық) пайда болды. Қазіргі кезде сол құрдымды жеңудің алғы шарттары бар. Әділдік үшін айтар болсақ, түріктердің ақиқатқа деген сүйіспеншілігі шексіз. Бұл сүйіспеншілік аналық махаббатпен егіз. Сондықтан да  саясаткерлердің саясат пен ақиқат мәселесіне  келгенде әр қадамын байқап басуына тура келеді. Әлемдегі ең саясиланған қайсыбір ұлттың тәжірибесін пайдалансақ та, бәрібір ақиқатқа деген жауапкершілікті әркезде де есте ұстау керектігі дау туғызбайды.

Көптеген елдердегі белгілі ғалымдардың пікірлері мен кейбір дереккөздердің көрсетуінше, XXI ғасыр – түрік ғасыры болатыны және  осыған байланысты XXI ғасыр халқы шынайылық пен ақиқатқа негізделген қоғам құруға мәжбүр болатыны айтылуда.

Әзірбайжан халқының көрнекті өкілі Мамед-Эмин Расул-Заде өзінің «Пантұраншылдық туралы» мақаласында: «Түрікшілдік саяси қозғалыс емес, ол ғылыми-философиялық, этикалық мектеп. Басқаша айтқанда, мәдени бірігу жолындағы күрес тәсілі... Еуропадағы ұлтшылдық – идеология, саясатта - агрессия, ал Шығыстағы ұлтшылдық -  әлеуметтік жағынан прогрессивті құбылыс, саясатта – қорғаныс болып табылады»,- деп қорытындылайды. Сондықтан да түрікшілдік идеясынан қорқудың қажеті жоқ.  Қазіргі таңдағы бүкіл түрік халықтарының зиялы қауымының міндеті соңғы 150 жылдан астам уақыттағы ажырап қалған ортақ тіліміздің, тарихымыздың, сана-сезім, әдет-ғұрыптарымыздың нысандарын мейлінше  зерттеп-насихаттайтын ғылыми-философиялық, этникалық мектеп дәрежесін қалыптастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, мәдени Түркістанды яғни «символикалық ұлы Тұранды» қайта жаңғырту қажет. XXI ғасырдағы ғаламдастырудың құрбаны болмайық десек, барлық түрік халықтары мен ұлыстары бірігіп, ортақ құндылықтарды бойымызға сіңіре беру болып табылады. Қазіргі таңда ондаған түрік ұлыстары әсіресе, басқа елдердің боданы болып отырған халықтар мен этникалық топтар Қазақстанға «қара шаңырақ» деп үлкен үмітпен қарайды.

              Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,

               Түріктен басқа от болып жан туып па?

               Көп түрік енші алып тарасқанда,

              Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?

XIX ғасыр мен XX ғасырдың аяғына дейін түрік тілдес халықтардың  көзі қарақты түрікшіл зиялы қауымы тәуелсіз жағыз Түркияға қараушы еді. Енді қазір  Құдайға шүкір түрік әлемінде 7 тәуелсіз мемлекет, 200 миллион түрік бар. Олар: Түркия, Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр-Түрік республикалары. Жеті саны түріктер үшін ежелден қасиетті сан. Келешекте бұл жетілік  сегіздікке айналуы қажет. Себебі, мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы бірге жасасқан түрік-монғолдар XXI ғасырға бірге аяқ басуы керек. Ғылымда «түрік-монғол субэтносы» деген ұғым қалыптасқалы қашан! Демек, ана жұртта қалған Монғолия мемлекеті  шығу тегі, келешектегі тағдыры жағынан түрік елдерінің қатарында тұруы тиіс деп ойлаймыз. «Түрік халықтары», «түркі тілдес халықтар» деген терминді қолдану қазақты – «қырғыз-қайсақ», ұйғырды – «тараншы», қырғызды – «тау-тастық, таулы қырғыздар» (дикокаменные киргизы) деп атаумен бірдей. Демек, оның орнына  «түрік халықтары», «түрік тілдес халықтар», «қазақ түріктері», «өзбек түріктері» десек, оны қазақ халқы, өзбек халқы – деп ұққанымыз абзал.

«XXI ғасыр – түрік ғасыры болады» дейді түрік жұртының белгілі тұлғалары Алып Арслан Түркеш пен Олжас Сүлейменов. Ылайым солай болғай!

Ахмет Токтабай

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға