Жаңалықтар

Қастеев Әбілхан

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 Қастеев Әбілхан (1.1.1904, қазіргі Алматы обл. Жаркент ауд. Шеткін а. – 2.11.1973, Алматы қ.) – кескіндемеші-график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. ҚазКСР-інің халық суретшісі (1944), ҚазКСР-інің еңб. сің. өнер қайраткері (1942). 1929 – 36 ж. Алматы қ-нда (Н.Г. Хлудовтан) және Мәскеу қ-нда (И.И. Бродскийден) көркемсурет студиясында оқыды. 1954 – 56 ж. ҚазКСР-і Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Оның алғашқы көрмеге қойылған туындылары (1931) “Тігін үстінде”, “Мектепке”, “Автопортрет”, “Көгілдір көйлекті қыз”, “Қарындасымның портреті”, т.б. Суретшінің “Ғ.Мұратбаев”, “А.Құнанбаев”, “Ж.Жабаев”, “А.Иманов”, “Ш.Уәлиханов”, “К.Әзірбаев” сияқты портреттік туындылары жоғары таным-талғамның үлгісі. Тарихи тақырыптағы “Түрксіб”, “Амангелді сарбаздары”, “Колхоз тойы”, “Қалыңдық”, т.б. көркем туындыларынан Қ. қаламына тән қасиет – эпикалық ауқымдылық, ұлттық бояудың айқындығы көрінеді. Суретші халқымыздың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелеп, ұлттық дүниетаным аясында тың композициялық шешім таба білді. Оның “Киіз үйдің ішкі көрінісі”, “Қыз Жібек”, “Қыз ұзату”, “Қос құрбы”, “Келін түсіру”, т.б. шығармалары ұлттық қазынамызға айналды. Суреткер Қ. қазақ халқының салт-дәстүрінің озығы мен тозығын ажыратып, кертартпа кемшіліктерді ашына бейнелейді. Мыс., “Кедей мен бай құдық басында”, “Құрғақшылық кезінде молданың жылу жинауы”, “Қыз алып қашу” шығармалары осының дәлелі. Оның ұлтына, туған жерге, отанына сүйіспеншілігі шығармаларында шынайы көрініс тапты. Қ. сурет өрнектерінің сырлы бояуын, ұтымды қолданып, бейнелеу өнерінде мәдениет тарихының, респ. қоғамдық өмірдің жылнамасын жасады. Абай мен Қ. арасындағы нәзік байланыс дүниені эстет.-көркемдік тұрғыдан танудың, өнер өзектестігінің, рухани сабақтастықтың көрінісі. Абай тұлғасы Қ-тің сүйікті кейіпкері болды. Абайдың келбетін әр қырынан сомдады. Суретшінің қылқаламынан туындаған “Абай киіз үй алдында”, “Жас Абай”, “Абай жаз жайлауда” және “Бүркітші”, “Қыс”, “Жаз”, “Көктем” атты шығармалары осыған дәлел. Қ. 4 – 5 сайл. ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің депутаты. “Қазан революциясы”, 2 мәрте “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған. Ш.Уәлиханов атынд. Мемл. сыйл. лауреаты (1996). Шымкент қ-ндағы өнер уч-щесі (1971), ҚР Мемл. өнер мұражайы (1983) Қ. атымен аталады. Қ. Болатбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 03:44 9053

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

Қастеев Әбілхан (1.1.1904, қазіргі Алматы обл. Жаркент ауд. Шеткін а. – 2.11.1973, Алматы қ.) – кескіндемеші-график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. ҚазКСР-інің халық суретшісі (1944), ҚазКСР-інің еңб. сің. өнер қайраткері (1942). 1929 – 36 ж. Алматы қ-нда (Н.Г. Хлудовтан) және Мәскеу қ-нда (И.И. Бродскийден) көркемсурет студиясында оқыды. 1954 – 56 ж. ҚазКСР-і Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Оның алғашқы көрмеге қойылған туындылары (1931) “Тігін үстінде”, “Мектепке”, “Автопортрет”, “Көгілдір көйлекті қыз”, “Қарындасымның портреті”, т.б. Суретшінің “Ғ.Мұратбаев”, “А.Құнанбаев”, “Ж.Жабаев”, “А.Иманов”, “Ш.Уәлиханов”, “К.Әзірбаев” сияқты портреттік туындылары жоғары таным-талғамның үлгісі. Тарихи тақырыптағы “Түрксіб”, “Амангелді сарбаздары”, “Колхоз тойы”, “Қалыңдық”, т.б. көркем туындыларынан Қ. қаламына тән қасиет – эпикалық ауқымдылық, ұлттық бояудың айқындығы көрінеді. Суретші халқымыздың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелеп, ұлттық дүниетаным аясында тың композициялық шешім таба білді. Оның “Киіз үйдің ішкі көрінісі”, “Қыз Жібек”, “Қыз ұзату”, “Қос құрбы”, “Келін түсіру”, т.б. шығармалары ұлттық қазынамызға айналды. Суреткер Қ. қазақ халқының салт-дәстүрінің озығы мен тозығын ажыратып, кертартпа кемшіліктерді ашына бейнелейді. Мыс., “Кедей мен бай құдық басында”, “Құрғақшылық кезінде молданың жылу жинауы”, “Қыз алып қашу” шығармалары осының дәлелі. Оның ұлтына, туған жерге, отанына сүйіспеншілігі шығармаларында шынайы көрініс тапты.

Қ. сурет өрнектерінің сырлы бояуын, ұтымды қолданып, бейнелеу өнерінде мәдениет тарихының, респ. қоғамдық өмірдің жылнамасын жасады. Абай мен Қ. арасындағы нәзік байланыс дүниені эстет.-көркемдік тұрғыдан танудың, өнер өзектестігінің, рухани сабақтастықтың көрінісі. Абай тұлғасы Қ-тің сүйікті кейіпкері болды. Абайдың келбетін әр қырынан сомдады. Суретшінің қылқаламынан туындаған “Абай киіз үй алдында”, “Жас Абай”, “Абай жаз жайлауда” және “Бүркітші”, “Қыс”, “Жаз”, “Көктем” атты шығармалары осыған дәлел.

Қ. 4 – 5 сайл. ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің депутаты. “Қазан революциясы”, 2 мәрте “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған. Ш.Уәлиханов атынд. Мемл. сыйл. лауреаты (1996). Шымкент қ-ндағы өнер уч-щесі (1971), ҚР Мемл. өнер мұражайы (1983) Қ. атымен аталады.

Қ. Болатбаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға