Жаңалықтар

Қазақ халық поэзиясы

  Соңғы редакциялау: 22 қазан, 2012   Қазақ халық поэзиясы – қазақ әдебиетінің бір саласы. Қазақ халқының саяси-әлеум., қоғамдық-тарихи даму сатыларына тән көркемдік-эстет. талғам-түйсігін, этик. және филос. талап-тұжырымын танытады. Көне дәуірлерден бастау алатын Қ. х. п. синкретті (ажыратылмас) құбылыс. Сондықтан оның халық ауыз әдебиетімен, музыка мәдениетімен, фольклормен тоғысар арнасы мол. Қ. х. п-нда елдік жолындағы ерлік пен өрлік, рух асқақтығы мен қайсар батырлық, табиғаттың ғажайып үйлесімді көрінісі, ғашықтықтың күйініш-сүйініші, рухани асқақ сезім, адам мейірімі мен дүниетанымы ажырамас тұтастықта көрініс табады. Қ. х. п-ның жанрлық құрамы сан салалы. Дастан, толғау, айтыс, жыр, т.б. бастауын халық шығарм-нан алады. Қ. х. п-н жанрлық, түрлік жағын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайылов, М.Сильченко, т.б. ғалымдар ғыл. тұрғыдан жүйеледі. Әуезов қазақ халық өлеңдеріне сыршылдық салт өлеңдер деген анықтама бере отырып, оны туу ретіне қарай үш түрге бөлген: 1) жалпақ елдің салтымен байланысқан шерлі өлеңдер; 2) дін салты мен ұғымынан туатын өлеңдер; 3) қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдері. Ел салтындағы шерлі өлеңдерді мазмұнына қарай: жоқтау, естірту, қоштасу, көңіл айту деп жіктейді. Қоштасудың өзін іштей тақырыптарға бөледі: а) жермен қоштасу, елмен қоштасу; ә) өмірдің өткен шағымен қоштасу; б) өтіп бара жатқан заманмен қоштасу (“Әдебиет тарихы”, Ташкент, 1927). Х.Досмұхамедұлы қазақ фольклорының жанрлары мен түрлерін жүйелеп, халық поэзиясының шілдехана, бесік жыры, ғашықтық әдебиет, үйлену тойы жырлары (іштей жар-жар, тойбастар, беташар), қоштасу, көрісу, сәлем, сәлемдеме, жерлеу, мақтау, көңіл айту жырлары, бата мен алғыс, қарғыс, болжам өлеңдер, насихат, зар заман мен толғау, батырлық жырлар, тарихи өлеңдер, тұрмыстық жырлар, жарапазан түрлерін айтады (“Аламан”, 1991, 15 – 25 бб.). Н.Төреқұлов ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдерінің (лирика) жеті саладан тұратынын көрсетеді: 1) саяси-әлеум. лирика: арнау, мадақтау, тарихи өлеңдер, қара өлеңдер, хат өлең, ән өлең; 2) тұрмыс-салт лирикасы: тойбастар, сыңсу, жар-жар, беташар, бесік жыры, қоштасу, жоқтау, естірту, көңіл айту, жұбату; 3) еңбек-кәсіп өлеңдер: төрт түлік, егіншілік, саяткерлік және наурыз өлеңдері; 4) ғақлият өлеңдер: өсиетнаме, алғыс, бата, тілек, мысал өлең, жұмбақ өлеңдер; 5) қиял-ғажайып өлеңдер: аңыз өлең, өтірік өлең; 6) күлкі-сықақ өлеңдер; 7) діни өлеңдер: бақсы сарыны, бәдік, арбау-байлау, жарапазан. Поэзиядағы дәстүр мен жалғастық, тарихи сабақтастық тұрғысынан алғанда лириканың негізі – халық өлеңдерінде. Бұл ретте халық мәдениетінің, ән-күй өнерінің өкілдері Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Шашубай, т.б. сал-серілер шығарм-ғы Қ. х. п-ндағы лириканың тамаша үлгілері болып табылады. Сал-серілер – әншілік өнер мектебін қалыптастыра отырып, халықтық поэзияны көркемдік, тақырыптық, идеялық арнада дамытты. Әнші-ақындар поэзиясы қазақ әдебиетінде ерекше дәстүр қалыптастырды. Мыс., Арқадағы Біржан сал, Ақан сері, Бат. Қазақстандағы Мұхит, Сыр бойындағы Нартай дәстүрі соның дәлелі. Қ. х. п. – ұлттық рухани мәдениеттің асыл арнасы, ажырамас бөлігі болғандықтан дәуір талабына, замана рухына сай жаңарып, жаңғырып отырады. Бұл ретте Жамбыл, Нұрпейіс, Иса, Доскей, Шашубай, Төлеу, Нартай, Естай, Кенен, Үмбетәлі, Көшен, Нұрқан, Нұрлыбек, Сәт, Омар, Қалқа сынды халық ақындарының шығармалары халық әдебиеті дәстүрлерін сақтаудағы, жалғастырудағы Қ. х. п-ның өміршеңдігін айқындайды. Мұның өзі халық талантының сарқылмас көркемдік қуатын да танытады. Қ. х. п-ның көркемдігі, бейнелілігі қашанда ақындық шеберлікті ұштауда үлкен маңызға ие және қоғамдық-әлеум. сипаты, тәлім-тәрбиелік мәні зор. Өлең, жыр түрінде шығарылатын Қ. х. п. өмір құбылысын, адамның жан әлемін сыршылдықпен, сезімталдықпен көркем, бейнелі түрде жеткізеді. С. Жұмағұлов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
09.11.2012 03:44 15029

 

Соңғы редакциялау:

22 қазан, 2012

 

Қазақ халық поэзиясы – қазақ әдебиетінің бір саласы. Қазақ халқының саяси-әлеум., қоғамдық-тарихи даму сатыларына тән көркемдік-эстет. талғам-түйсігін, этик. және филос. талап-тұжырымын танытады. Көне дәуірлерден бастау алатын Қ. х. п. синкретті (ажыратылмас) құбылыс. Сондықтан оның халық ауыз әдебиетімен, музыка мәдениетімен, фольклормен тоғысар арнасы мол. Қ. х. п-нда елдік жолындағы ерлік пен өрлік, рух асқақтығы мен қайсар батырлық, табиғаттың ғажайып үйлесімді көрінісі, ғашықтықтың күйініш-сүйініші, рухани асқақ сезім, адам мейірімі мен дүниетанымы ажырамас тұтастықта көрініс табады. Қ. х. п-ның жанрлық құрамы сан салалы. Дастан, толғау, айтыс, жыр, т.б. бастауын халық шығарм-нан алады. Қ. х. п-н жанрлық, түрлік жағын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайылов, М.Сильченко, т.б. ғалымдар ғыл. тұрғыдан жүйеледі. Әуезов қазақ халық өлеңдеріне сыршылдық салт өлеңдер деген анықтама бере отырып, оны туу ретіне қарай үш түрге бөлген: 1) жалпақ елдің салтымен байланысқан шерлі өлеңдер; 2) дін салты мен ұғымынан туатын өлеңдер; 3) қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдері. Ел салтындағы шерлі өлеңдерді мазмұнына қарай: жоқтау, естірту, қоштасу, көңіл айту деп жіктейді. Қоштасудың өзін іштей тақырыптарға бөледі: а) жермен қоштасу, елмен қоштасу; ә) өмірдің өткен шағымен қоштасу; б) өтіп бара жатқан заманмен қоштасу (“Әдебиет тарихы”, Ташкент, 1927). Х.Досмұхамедұлы қазақ фольклорының жанрлары мен түрлерін жүйелеп, халық поэзиясының шілдехана, бесік жыры, ғашықтық әдебиет, үйлену тойы жырлары (іштей жар-жар, тойбастар, беташар), қоштасу, көрісу, сәлем, сәлемдеме, жерлеу, мақтау, көңіл айту жырлары, бата мен алғыс, қарғыс, болжам өлеңдер, насихат, зар заман мен толғау, батырлық жырлар, тарихи өлеңдер, тұрмыстық жырлар, жарапазан түрлерін айтады (“Аламан”, 1991, 15 – 25 бб.). Н.Төреқұлов ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдерінің (лирика) жеті саладан тұратынын көрсетеді: 1) саяси-әлеум. лирика: арнау, мадақтау, тарихи өлеңдер, қара өлеңдер, хат өлең, ән өлең; 2) тұрмыс-салт лирикасы: тойбастар, сыңсу, жар-жар, беташар, бесік жыры, қоштасу, жоқтау, естірту, көңіл айту, жұбату; 3) еңбек-кәсіп өлеңдер: төрт түлік, егіншілік, саяткерлік және наурыз өлеңдері; 4) ғақлият өлеңдер: өсиетнаме, алғыс, бата, тілек, мысал өлең, жұмбақ өлеңдер; 5) қиял-ғажайып өлеңдер: аңыз өлең, өтірік өлең; 6) күлкі-сықақ өлеңдер; 7) діни өлеңдер: бақсы сарыны, бәдік, арбау-байлау, жарапазан. Поэзиядағы дәстүр мен жалғастық, тарихи сабақтастық тұрғысынан алғанда лириканың негізі – халық өлеңдерінде. Бұл ретте халық мәдениетінің, ән-күй өнерінің өкілдері Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Шашубай, т.б. сал-серілер шығарм-ғы Қ. х. п-ндағы лириканың тамаша үлгілері болып табылады. Сал-серілер – әншілік өнер мектебін қалыптастыра отырып, халықтық поэзияны көркемдік, тақырыптық, идеялық арнада дамытты. Әнші-ақындар поэзиясы қазақ әдебиетінде ерекше дәстүр қалыптастырды. Мыс., Арқадағы Біржан сал, Ақан сері, Бат. Қазақстандағы Мұхит, Сыр бойындағы Нартай дәстүрі соның дәлелі. Қ. х. п. – ұлттық рухани мәдениеттің асыл арнасы, ажырамас бөлігі болғандықтан дәуір талабына, замана рухына сай жаңарып, жаңғырып отырады. Бұл ретте Жамбыл, Нұрпейіс, Иса, Доскей, Шашубай, Төлеу, Нартай, Естай, Кенен, Үмбетәлі, Көшен, Нұрқан, Нұрлыбек, Сәт, Омар, Қалқа сынды халық ақындарының шығармалары халық әдебиеті дәстүрлерін сақтаудағы, жалғастырудағы Қ. х. п-ның өміршеңдігін айқындайды. Мұның өзі халық талантының сарқылмас көркемдік қуатын да танытады. Қ. х. п-ның көркемдігі, бейнелілігі қашанда ақындық шеберлікті ұштауда үлкен маңызға ие және қоғамдық-әлеум. сипаты, тәлім-тәрбиелік мәні зор. Өлең, жыр түрінде шығарылатын Қ. х. п. өмір құбылысын, адамның жан әлемін сыршылдықпен, сезімталдықпен көркем, бейнелі түрде жеткізеді.

С. Жұмағұлов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға