Жаңалықтар

Қаржы саясаты

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 Қаржы саясаты – мемлекеттің өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруы үшін қаржыны ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі шараларының жиынтығы. Қаржы қорларын жұмылдыру нысандары мен әдістері жүйесінде, оларды халықтың әлеум. топтары, қызмет салалары арасында бөлуде, қаржы заңдарында, шығыс пен кіріс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясатына мемл. бюджет қызмет көрсетеді және ол экон. саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан ел экономикасы өркендеуінің басым бағыттарына байланысты түрде де, өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы және құрылым құрайтын мәні бар басқа да салалардағы, сондай-ақ, а. ш-ндағы мемл. сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып та қалыптастырылады. Қ. с. іргелі ғылымды, білім беру мен өнерді, денсаулық сақтау ісін, спортты дамытуға, ұлттық қорғанысты қолдау мен дамытуға, мемл. борышқа, халықар. қызметке, сондай-ақ, құқық қорғау қызметіне қызмет көрсетуге, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қ. с-ның аясында елдегі әлеум.-экон. жағдайға ықпал ететін әлеум. саясаттағы басым бағыттар қарастырылады. Қ. с-ның нысаналы мақсатқа бағытталуы мемл. бюджеттің құралу көздерін айқындайды. Тікелей және жанама салықтар, кеден баждары, бюджеттен тыс мемл. қорларға жарналар сияқты дәстүрлі көздермен қатар, салыққа жатпайтын түсімдер – мемл. меншіктен, экономикадағы, ішкі және сыртқы саудадағы мемл. сектордан түсетін табыстар пайдаланылады. Мемл. бюджеттің шығысы кірісінен асып түскен жағдайда Қ. с. тапшылықты реттеу тәсілдерін қарастырады. Нарықтық экономикада мемл. борышты қаржыландыру үшін Қ. с. шеңберінде сырттан қарыз алумен қатар отандық және шетелдік кәсіпкерлердің, халықтың капиталын тарту құралы ретінде мемл. бағалы қағаздар шығаруды көздейді. Экономиканың маңызды салаларын мемл. қаржыландырумен қатар Қ. с. шеңберінде отандық және шетелдік жеке адамдардың капиталдарын, сондай-ақ, халықар. валюта-несие және қаржы ұйымдарының несиелерін тарту шаралары межеленеді. Қ. с. несие-ақша саясатымен өзара тығыз байланыста және тәуекелдік (қатер) пен табыстылық деңгейі бойынша сараланған ұлттық қаржы рыногінің дамуына, әлемдік қаржы рыноктарымен байланыс орнатуына жәрдемдесетін тиімділігі жоғары қаржы құралдарын әзірлеп, пайдалануды көздейді. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 03:42 5748

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

Қаржы саясаты – мемлекеттің өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруы үшін қаржыны ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі шараларының жиынтығы. Қаржы қорларын жұмылдыру нысандары мен әдістері жүйесінде, оларды халықтың әлеум. топтары, қызмет салалары арасында бөлуде, қаржы заңдарында, шығыс пен кіріс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясатына мемл. бюджет қызмет көрсетеді және ол экон. саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан ел экономикасы өркендеуінің басым бағыттарына байланысты түрде де, өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы және құрылым құрайтын мәні бар басқа да салалардағы, сондай-ақ, а. ш-ндағы мемл. сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып та қалыптастырылады.

Қ. с. іргелі ғылымды, білім беру мен өнерді, денсаулық сақтау ісін, спортты дамытуға, ұлттық қорғанысты қолдау мен дамытуға, мемл. борышқа, халықар. қызметке, сондай-ақ, құқық қорғау қызметіне қызмет көрсетуге, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қ. с-ның аясында елдегі әлеум.-экон. жағдайға ықпал ететін әлеум. саясаттағы басым бағыттар қарастырылады. Қ. с-ның нысаналы мақсатқа бағытталуы мемл. бюджеттің құралу көздерін айқындайды. Тікелей және жанама салықтар, кеден баждары, бюджеттен тыс мемл. қорларға жарналар сияқты дәстүрлі көздермен қатар, салыққа жатпайтын түсімдер – мемл. меншіктен, экономикадағы, ішкі және сыртқы саудадағы мемл. сектордан түсетін табыстар пайдаланылады. Мемл. бюджеттің шығысы кірісінен асып түскен жағдайда Қ. с. тапшылықты реттеу тәсілдерін қарастырады. Нарықтық экономикада мемл. борышты қаржыландыру үшін Қ. с. шеңберінде сырттан қарыз алумен қатар отандық және шетелдік кәсіпкерлердің, халықтың капиталын тарту құралы ретінде мемл. бағалы қағаздар шығаруды көздейді. Экономиканың маңызды салаларын мемл. қаржыландырумен қатар Қ. с. шеңберінде отандық және шетелдік жеке адамдардың капиталдарын, сондай-ақ, халықар. валюта-несие және қаржы ұйымдарының несиелерін тарту шаралары межеленеді. Қ. с. несие-ақша саясатымен өзара тығыз байланыста және тәуекелдік (қатер) пен табыстылық деңгейі бойынша сараланған ұлттық қаржы рыногінің дамуына, әлемдік қаржы рыноктарымен байланыс орнатуына жәрдемдесетін тиімділігі жоғары қаржы құралдарын әзірлеп, пайдалануды көздейді.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға