Қазақстан мен Түркіменстан зиялылар форумын өткізетін болады
10.05.2013 08:54
2729
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркіменстан арасында мәдени-тарихи байланыстар алдағы уақытта одан әрі тереңдей түсетінін атап өтті. «Біз Түркіменстандағы Қазақстан күнін және Қазақстандағы Түркіменстан күндерін өткізу туралы келістік. Зиялылар форумы мен іскерлер форумын да өткізу туралы уағдаластық. Бұның барлығы біздің ынтымақтастығымызды, байланысымызды арттыра түседі. Жастарды Қазақстандағы, Түркіменстандағы жоғары оқу орындарында оқыту да қарастырылмақ. Бұл біздің халықтарымызды жақындата түсетін болады», - деді Елбасы.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәскеуде Ұлы жеңіс күнін мерекелеуге 1,5 млн. адам қатысты