Жазира Жаппарқұл Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
09.05.2013 05:12
3498
Ауыр атлетикадан Перудің Лима қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақ қызы Жазира Жаппарқұл 69 келіде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды alaman.kz.
Cерпе көтеруде Жазира 105 келіні алса, қытайлық Ван Синьюэ 115 келіні бағындырып көш бастады. Осы кезден-ақ Қытай спортшысы біздің басты қарсылас болатынын аңғардық.
Ал жұлқа көтеруде Жазира 135 келіні, қытай 130 келіні көтерді. Осыдан кейін Ван Синьюэ бес келі артықшылықпен чемпион атанды.
1. Ван Синьюэ (Қытай) – 245 (115+130)
2. Жазира Жапарқұл (Қазақстан) – 240 (105+135)
3. Гада Хассин (Туннис) – 222 (101+121)
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін – Ұлы Жеңіске 68 жыл