Жаңалықтар

Ықылас Дүкенұлы

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Ықылас Дүкенұлы (1843, қазіргі Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. – 1916, қазіргі Жамбыл обл. Сарысу ауд.) – күйші-қобызшы, композитор. Ы-тың атасы Алтынбек айтулы зергер, ұста адам болған; ағаштан қобыз, домбыра жасап, өзі сол аспаптарды жақсы тарта білген. Ал өз әкесі Дүкен күйшілік өнерді ұстанған. Ы-тың күйшілік дарыны ерте ашылып, 7 – 8 жасынан қобыз ұстап, әкесі тартқан күйлерді тез игеріп алған. 15 жасынан ол үлкен жиындарда өнер көрсете бастады. Кезінде Ы-тың талантына тәнті болған Жанақ пен Шөже ақындар жас өнерпазға батасын беріп, Тәттімбет пен Тоқа сынды күйшілер оның өнерін өте жоғары бағалаған. 18 жасында ол әкесінен үйренген күйлерге өзгеріс енгізіп, оларды классик. деңгейге көтерді; бақсылардың жүйесіз сарын түлеткен қобыз үніндегі абстракцияны жойып, оны адамның шабытына, ой-толғауына бағындырды, сөйтіп, қобызды халықтық муз. аспапқа айналдырды. Ы. алғашқы күйлерін халықтық фольклордағы оқиғалар негізіне құрды; эпостық жырларды, аңыз ертегілерді қыл қобыз үнімен шертті және қыл қобыздың үн көлемін байытып, тереңдетті. Оның күйлерінің ырғағы өзінен бұрынғы күйшілерге ұқсамай, адам көңілінің тоқсан толғаулы сырын жыр етті, уақытты, замана тынысын, өмір шындығын шертті. Ол толғаған “Қорқыт” – бақытты өмірді аңсау, тәтті қиял; “Кертолғау” (“Тоғыз тарау – Кертолғау” деп те аталады) – замана келбеті, мезгіл туралы ой; “Қоңыр” – адам сезімінің шаттанған, шуақты сәті, жарқын лиризм; “Ықылас” – шабыт шарықтауы; “Қазан” – елдің батырлық салтын ардақтаған салтанатты шеру; “Қамбар – Назым” – махаббат жыры; “Жезкиік” – кең дала табиғаты, еркіндік жыры; “Шыңырау” – зұлымдық қасіреті; “Аққу” – өмірді сүю, өлімді жеңу, адам құдіретін дәріптеу; “Жалғыз аяқ” – әділет үшін оптимистік құлшыныс; “Ерден”, “Жарым патша”, “Бестөре” – отаршылдық жүйе, Ресей өкіметіне беріле қызмет еткен қазақ ақсүйектері, т.б. Ы-тың азаматтық ойын айқындайтын саяси-әлеум. мәні бар күйлер. Ы. Омбы, Қызылжар (қазіргі Петропавл), Ақмола (қазіргі Астана) қалаларында, жәрмеңкелерде қобыз тартуда алдына жан салмаған. Оның Сүгір, Ашай, Әйкен сияқты талантты шәкірттері болды. Өз ұлы Түсіпбек те қобызда өте шебер ойнады, ол әкесінің көптеген күйлерін Д.Мықтыбаевқа үйретті. Қобызшы Ж.Қаламбаев Сүгірден Ы. күйлерін үйреніп, оларды нақышына келтіре орындады. Ы-тың көптеген күйлері Қазақтың мемл. академ. халық аспаптары оркестрінде, “Отырар сазы” фольклорлық-этногр. оркестрінде де орындалады. Жамбыл обл. Байқадам а-нда Ы. атында муз. мектеп, Алматы қ-нда муз. аспаптар музейі бар. Ы. қобызы Жамбыл обл. Жайлаукөл а-нда тұратын немерелерінде сақтаулы. И. Жақанов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том
09.11.2012 03:35 12609

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Ықылас Дүкенұлы (1843, қазіргі Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. – 1916, қазіргі Жамбыл обл. Сарысу ауд.) – күйші-қобызшы, композитор. Ы-тың атасы Алтынбек айтулы зергер, ұста адам болған; ағаштан қобыз, домбыра жасап, өзі сол аспаптарды жақсы тарта білген. Ал өз әкесі Дүкен күйшілік өнерді ұстанған. Ы-тың күйшілік дарыны ерте ашылып, 7 – 8 жасынан қобыз ұстап, әкесі тартқан күйлерді тез игеріп алған. 15 жасынан ол үлкен жиындарда өнер көрсете бастады. Кезінде Ы-тың талантына тәнті болған Жанақ пен Шөже ақындар жас өнерпазға батасын беріп, Тәттімбет пен Тоқа сынды күйшілер оның өнерін өте жоғары бағалаған. 18 жасында ол әкесінен үйренген күйлерге өзгеріс енгізіп, оларды классик. деңгейге көтерді; бақсылардың жүйесіз сарын түлеткен қобыз үніндегі абстракцияны жойып, оны адамның шабытына, ой-толғауына бағындырды, сөйтіп, қобызды халықтық муз. аспапқа айналдырды. Ы. алғашқы күйлерін халықтық фольклордағы оқиғалар негізіне құрды; эпостық жырларды, аңыз ертегілерді қыл қобыз үнімен шертті және қыл қобыздың үн көлемін байытып, тереңдетті. Оның күйлерінің ырғағы өзінен бұрынғы күйшілерге ұқсамай, адам көңілінің тоқсан толғаулы сырын жыр етті, уақытты, замана тынысын, өмір шындығын шертті. Ол толғаған “Қорқыт” – бақытты өмірді аңсау, тәтті қиял; “Кертолғау” (“Тоғыз тарау – Кертолғау” деп те аталады) – замана келбеті, мезгіл туралы ой; “Қоңыр” – адам сезімінің шаттанған, шуақты сәті, жарқын лиризм; “Ықылас” – шабыт шарықтауы; “Қазан” – елдің батырлық салтын ардақтаған салтанатты шеру; “Қамбар – Назым” – махаббат жыры; “Жезкиік” – кең дала табиғаты, еркіндік жыры; “Шыңырау” – зұлымдық қасіреті; “Аққу” – өмірді сүю, өлімді жеңу, адам құдіретін дәріптеу; “Жалғыз аяқ” – әділет үшін оптимистік құлшыныс; “Ерден”, “Жарым патша”, “Бестөре” – отаршылдық жүйе, Ресей өкіметіне беріле қызмет еткен қазақ ақсүйектері, т.б. Ы-тың азаматтық ойын айқындайтын саяси-әлеум. мәні бар күйлер. Ы. Омбы, Қызылжар (қазіргі Петропавл), Ақмола (қазіргі Астана) қалаларында, жәрмеңкелерде қобыз тартуда алдына жан салмаған. Оның Сүгір, Ашай, Әйкен сияқты талантты шәкірттері болды. Өз ұлы Түсіпбек те қобызда өте шебер ойнады, ол әкесінің көптеген күйлерін Д.Мықтыбаевқа үйретті. Қобызшы Ж.Қаламбаев Сүгірден Ы. күйлерін үйреніп, оларды нақышына келтіре орындады. Ы-тың көптеген күйлері Қазақтың мемл. академ. халық аспаптары оркестрінде, “Отырар сазы” фольклорлық-этногр. оркестрінде де орындалады. Жамбыл обл. Байқадам а-нда Ы. атында муз. мектеп, Алматы қ-нда муз. аспаптар музейі бар. Ы. қобызы Жамбыл обл. Жайлаукөл а-нда тұратын немерелерінде сақтаулы.

И. Жақанов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға