Әділдік, шындық, қанағат-рақым туралы
Әділдік, шындық туралы Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса. Асан қайғы Би - түзу, билік - әділ болсын! Әлихан Бөкейханов Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт. Әлихан Бөкейханов Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт. Мұхтар Әуезов Ақиқат - адал айтыстан туады. Шерхан Мұртаза Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны. Шерхан Мұртаза Шындық - ащы һәм ажарсыз. Шерхан Мұртаза Шындыққа өлім жоқ. Мақал - мәтел Әділ бидің кегі жоқ, Білімдінің кемі жоқ. Би-шешендер Әділ биі болмаса - бірлігі кеткен ел ғаріп, Қадірін елі білмесе - қайратты туған ер ғаріп. Би-шешендер Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан сарқыт қайтар. Би-шешендер Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса. Би-шешендер Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар. Шалгиіз Тіленшеұлы Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол! Төле би Әлібекұлы Туралық - хақтың мейірі. Сайф Сарайи Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық. Сайф Сарайи Ізгілік пен әділдік өлмейді. Сайф Сарайи Хан әділ болса - халық ынтымақты болады. Майқы би Шыншылдық адалдықпен ағзалас. Әбу Нәсір әл-Фараби Қара қылды қақ жарған - жақсылардың белгісі. Әйтеке Байбекұлы Өтірік пен шынның арасы - төрт-ақ елі. Жиренше шешен Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген - өтірік. Жиренше шешен Әділ сөз ащы көрінер. Жүсіп Баласағұн Әділ заң - тірегің. Жүсіп Баласағұн Әділдік жолын өзің аш. Жүсіп Баласағұн Әділдік әкімдіктен де күшті. Жүсіп Баласағұн Әділ сөйлеп, адал жүр. Қожа Ахмет Йассауи Ақиқат қашан да аңғал келеді. Олжас Сүлейменов Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орайтәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады. Олжас Сүлейменов Қанағат-рақым туралы Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың, Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың. Асан қайғы Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың, Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың, Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың. Асан қайғы Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың, Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың. Асан қайғы Барымен базар. Мақал - мәтел Қайғысыз қара суға семірер. Мақал - мәтел Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме, Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге. Би-шешендер Өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ. Шортанбай Қанайұлы Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң, Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда. Сүйінбай Аронұлы Кілеміңе қарай көсіл. Құтып Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян. Құтып Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады. Құтып Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім. Жиренше шешен Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
Әділдік, шындық туралы
Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса.
Асан қайғы
Би - түзу, билік - әділ болсын!
Әлихан Бөкейханов
Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.
Әлихан Бөкейханов
Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт.
Мұхтар Әуезов
Ақиқат - адал айтыстан туады.
Шерхан Мұртаза
Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.
Шерхан Мұртаза
Шындық - ащы һәм ажарсыз.
Шерхан Мұртаза
Шындыққа өлім жоқ.
Мақал - мәтел
Әділ бидің кегі жоқ,
Білімдінің кемі жоқ.
Би-шешендер
Әділ биі болмаса - бірлігі кеткен ел ғаріп,
Қадірін елі білмесе - қайратты туған ер ғаріп.
Би-шешендер
Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан сарқыт қайтар.
Би-шешендер
Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса.
Би-шешендер
Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!
Төле би Әлібекұлы
Туралық - хақтың мейірі.
Сайф Сарайи
Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық.
Сайф Сарайи
Ізгілік пен әділдік өлмейді.
Сайф Сарайи
Хан әділ болса - халық ынтымақты болады.
Майқы би
Шыншылдық адалдықпен ағзалас.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Қара қылды қақ жарған - жақсылардың белгісі.
Әйтеке Байбекұлы
Өтірік пен шынның арасы - төрт-ақ елі.
Жиренше шешен
Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген - өтірік.
Жиренше шешен
Әділ сөз ащы көрінер.
Жүсіп Баласағұн
Әділ заң - тірегің.
Жүсіп Баласағұн
Әділдік жолын өзің аш.
Жүсіп Баласағұн
Әділдік әкімдіктен де күшті.
Жүсіп Баласағұн
Әділ сөйлеп, адал жүр.
Қожа Ахмет Йассауи
Ақиқат қашан да аңғал келеді.
Олжас Сүлейменов
Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орайтәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады.
Олжас Сүлейменов
Қанағат-рақым туралы |
Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың, Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың. Асан қайғы
Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың, Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың, Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың. Асан қайғы
Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың, Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың. Асан қайғы
Барымен базар. Мақал - мәтел
Қайғысыз қара суға семірер. Мақал - мәтел
Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме, Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге. Би-шешендер
Өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ. Шортанбай Қанайұлы
Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң, Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда. Сүйінбай Аронұлы
Кілеміңе қарай көсіл. Құтып
Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян. Құтып
Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады. Құтып
Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім. Жиренше шешен |
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
