Жаңалықтар

Шығыс Қарахан қағандығы

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Шығыс Қарахан қағандығы – ортағасырлық мемлекет. Жетісу мен Шығыс Түркістан аумағын (1041 – 13 ғ-дың басы) қамтыды. Жеке иеліктер жүйесіне негізделген Қарахан мемлекеті батыс және шығыс бөліктерден құралды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс, Мауераннахр батыс иеліктердің құрамына енді. Шығыс иеліктердің саяси орт. Баласағұнға таяу жердегі Орда (Қара Орда, Күз Орда), кейіннен Қашқар қ., ал батыс иеліктердікі – Үзгент, кейінірек Самарқанд қ. болды. Екі иелік те уақыт өте келе дербес мемлекеттер – Шығыс және Батыс Қарахан қағанаты болып бөлініп шықты. 11 ғ-дың бас кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістанда Тұған хан билік жүргізді. Оның билік жолындағы бәсекелесі Харун боғраханның ұлы Қадыр хан Жүсіп болды. 1005 ж. Қадыр хан Жүсіп Тұған ханды Қашқардан қуып шығып, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. 1017 – 18 ж. Жетісуға шығыстан көшпелі тайпалар шабуылдар жасады. Басқыншылармен болған шайқастардың бірінде Тұған хан қаза тапты. Бұл уақытта Қадыр хан Жүсіп айтарлықтай күшейіп, Қарахан мемлекетіндегі бар билікті өз қолына алды. 1026 ж. Қадыр хан мен Ғазнауи сұлтандығының билеушісі Махмұд Ғазнауидың арасында батыс иеліктердің билеушісі Әли тегінге қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Олар Әли тегін иеліктерін басып алып, оны Қадыр ханның ұлы Инал тегінге бермек болды. Көп ұзамай Қадыр хан қайтыс болып, Шығыс Түркістан мен Жетісуды “арслан хан” деген жоғ. атақ алған оның үлкен ұлы Сүлеймен Боғра тегін иемденді. Тараз бен Исфиджабтағы билік Қадыр ханның екінші ұлы Мұхаммад Жаған тегінге берілді. Олардың екеуі де Ғазнауи сұлтаны Махмұдтың ұлы Масудпен байланыста болды. Олар Мауераннахрды Әли тегіннен тартып алу әрекетіне қайта кіріскенімен, тағы да сәтсіздікке ұщырады. Мауераннахр билеушілері жеке бөлініп шығуға ұмтылып, шығыс бөліктегі бас қағанның билігін мойындағысы келмеді. 11 ғ-дың 40-жылдарындағы саяси оқиғаларда Ибрахим ибн Наср көрнекті рөл атқарды. Ол әулет ішіндегі талас-тартыста Әли тегін ұлдарын жеңіп шығып, тамғаш боғра хан атағын алды да, Мауераннахрдың толық билікті қожасына айналды. Оның кезінде Қарахан мемлекеті түпкілікті екіге бөлініп болды. Ибрахим тамғаш Боғра хан Батыс қағандықтың астанасын Үзгенттен Самарқандқа көшіріп, өз иеліктеріне Ферғананы қосып алды. 1042 ж. Сүлеймен Арслан хан (Шараф әд-Даула) Шығыс қағандық әулеті мүшелеріне жер иеліктерін бөліп беріп, өзіне Қашқар мен Баласағұнды қалдырды. Сөйтіп, Қарахан мемлекетінің дербес және жартылай тәуелді иеліктерге ыдырауы құқықтық жағынан бекітілді. Алайда Ш. Қ. қ-ндағы өзара тақ таласы тоқтамады. 1056 ж. Мұхаммад Жаған тегін Боғра хан өз інісі Арслан хан мен оның иелігін талқандады. Таққа отырған Ибрахим Боғра хан соғыста қаза тапты. Бұдан кейін Ш. Қ. қ-нда 15 жыл бойы (1059 – 74) Қадыр хан Жүсіптің балалары: Тоғрұл хан мен Харун Боғра хан билік жүргізді. Олардың тұсында Ферғана қосылып алынып, екі қағандық арасындағы шекара Сырдария өз. арқылы өтті. 1074 – 1102 ж. Ш. Қ. қ-на Баласағұн, Қашқар, Хотанды иемденген Харун Боғра хан билік жүргізді. Оның кезінде Қарахан мемлекетіне өзінің ең жоғарғы саяси күш-қуатына ие болған салжұқтар мемлекетінің тарапынан қауіп төнді. 1089 ж. салжұқ сұлтаны Мәлік шах (1072 – 1092) көп әскерімен батыс қағандықтың жеріне баса-көктеп кіріп, оның астанасы – Самарқандты басып алды. Салжұқ әскері Үзгентке дейін жеткен кезде Боғра хан өзінің Мәлік шахқа тәуелділігін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ салжұқтар Қарахан әулетінен шыққандардың ішінен өздеріне қолайлы хандарды тағайындаумен шектелді. Бұл кезде Тоғрұл тегіннің ұлы Қашқарды қоршауға алды. Харун Боғра хан тұтқындалды, алайда Атбашидің билеушісі Жақыптың араға түсуімен босатылды. Мәлік шах Жақыппен келісім жасасып, Үзгенттен кетті. 1102 ж. Харун Боғра хан қайтыс болғаннан кейін Тараз бен Баласағұнның билеушісі Қадыр хан Жәбірейіл салжұқтардың үстемдігіне қарсы шықты. Мауераннахрды басып алған ол салжұқтардың иеліктеріне қарай қозғалды. Бірақ Термез түбіндегі шайқаста жеңіліс тауып, өлтірілді. Бұл оқиғалардан кейін салжұқ сұлтаны Санжар Мауераннахрдың билеушісі етіп Ибрахим тамғаш ханның шөбересі Арслан ханды (1102 – 1130) тағайындады. Ол тәуелсіз саясат жүргізуге тырысты. Арслан ханның мемл. өкімет билігін орталықтандыруға ұмтылуы діни, әскери, зайырлы ақсүйектердің қарсылығына ұшырады. Арслан хан Санжар сұлтанды көмекке шақырды, ол өз әскерлерімен Мауераннахрға шабуыл жасап, 1130 ж. Самарқандты алды. Ауыр науқасқа шалдыққан Арслан хан көп ұзамай Балхта қайтыс болды. Қарақытайлардың Жетісу мен Мауераннахрға баса-көктеп кіруі Ш. Қ. қ-ның құ-лауын жеделдете түсті. Өзара тақ таласынан әрі қарақытайлардың шабуылынан әбден әлсірген Ш. Қ. қ-на 13 ғ-дың бас кезінде Хорезм мемлекеті қауіп төндірді. 1212 ж. Хорезм шахы Мұхаммедпен болған шайқаста соңғы билеушісінен айрылған Ш. Қ. қ. мемлекет ретінде біржолата жойылды. С. Рүстемов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том
09.11.2012 03:32 9718

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Шығыс Қарахан қағандығы – ортағасырлық мемлекет. Жетісу мен Шығыс Түркістан аумағын (1041 – 13 ғ-дың басы) қамтыды. Жеке иеліктер жүйесіне негізделген Қарахан мемлекеті батыс және шығыс бөліктерден құралды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс, Мауераннахр батыс иеліктердің құрамына енді. Шығыс иеліктердің саяси орт. Баласағұнға таяу жердегі Орда (Қара Орда, Күз Орда), кейіннен Қашқар қ., ал батыс иеліктердікі – Үзгент, кейінірек Самарқанд қ. болды. Екі иелік те уақыт өте келе дербес мемлекеттер – Шығыс және Батыс Қарахан қағанаты болып бөлініп шықты. 11 ғ-дың бас кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістанда Тұған хан билік жүргізді. Оның билік жолындағы бәсекелесі Харун боғраханның ұлы Қадыр хан Жүсіп болды. 1005 ж. Қадыр хан Жүсіп Тұған ханды Қашқардан қуып шығып, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. 1017 – 18 ж. Жетісуға шығыстан көшпелі тайпалар шабуылдар жасады. Басқыншылармен болған шайқастардың бірінде Тұған хан қаза тапты. Бұл уақытта Қадыр хан Жүсіп айтарлықтай күшейіп, Қарахан мемлекетіндегі бар билікті өз қолына алды. 1026 ж. Қадыр хан мен Ғазнауи сұлтандығының билеушісі Махмұд Ғазнауидың арасында батыс иеліктердің билеушісі Әли тегінге қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Олар Әли тегін иеліктерін басып алып, оны Қадыр ханның ұлы Инал тегінге бермек болды. Көп ұзамай Қадыр хан қайтыс болып, Шығыс Түркістан мен Жетісуды “арслан хан” деген жоғ. атақ алған оның үлкен ұлы Сүлеймен Боғра тегін иемденді. Тараз бен Исфиджабтағы билік Қадыр ханның екінші ұлы Мұхаммад Жаған тегінге берілді. Олардың екеуі де Ғазнауи сұлтаны Махмұдтың ұлы Масудпен байланыста болды. Олар Мауераннахрды Әли тегіннен тартып алу әрекетіне қайта кіріскенімен, тағы да сәтсіздікке ұщырады. Мауераннахр билеушілері жеке бөлініп шығуға ұмтылып, шығыс бөліктегі бас қағанның билігін мойындағысы келмеді. 11 ғ-дың 40-жылдарындағы саяси оқиғаларда Ибрахим ибн Наср көрнекті рөл атқарды. Ол әулет ішіндегі талас-тартыста Әли тегін ұлдарын жеңіп шығып, тамғаш боғра хан атағын алды да, Мауераннахрдың толық билікті қожасына айналды. Оның кезінде Қарахан мемлекеті түпкілікті екіге бөлініп болды. Ибрахим тамғаш Боғра хан Батыс қағандықтың астанасын Үзгенттен Самарқандқа көшіріп, өз иеліктеріне Ферғананы қосып алды. 1042 ж. Сүлеймен Арслан хан (Шараф әд-Даула) Шығыс қағандық әулеті мүшелеріне жер иеліктерін бөліп беріп, өзіне Қашқар мен Баласағұнды қалдырды. Сөйтіп, Қарахан мемлекетінің дербес және жартылай тәуелді иеліктерге ыдырауы құқықтық жағынан бекітілді. Алайда Ш. Қ. қ-ндағы өзара тақ таласы тоқтамады. 1056 ж. Мұхаммад Жаған тегін Боғра хан өз інісі Арслан хан мен оның иелігін талқандады. Таққа отырған Ибрахим Боғра хан соғыста қаза тапты. Бұдан кейін Ш. Қ. қ-нда 15 жыл бойы (1059 – 74) Қадыр хан Жүсіптің балалары: Тоғрұл хан мен Харун Боғра хан билік жүргізді. Олардың тұсында Ферғана қосылып алынып, екі қағандық арасындағы шекара Сырдария өз. арқылы өтті. 1074 – 1102 ж. Ш. Қ. қ-на Баласағұн, Қашқар, Хотанды иемденген Харун Боғра хан билік жүргізді. Оның кезінде Қарахан мемлекетіне өзінің ең жоғарғы саяси күш-қуатына ие болған салжұқтар мемлекетінің тарапынан қауіп төнді. 1089 ж. салжұқ сұлтаны Мәлік шах (1072 – 1092) көп әскерімен батыс қағандықтың жеріне баса-көктеп кіріп, оның астанасы – Самарқандты басып алды. Салжұқ әскері Үзгентке дейін жеткен кезде Боғра хан өзінің Мәлік шахқа тәуелділігін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ салжұқтар Қарахан әулетінен шыққандардың ішінен өздеріне қолайлы хандарды тағайындаумен шектелді. Бұл кезде Тоғрұл тегіннің ұлы Қашқарды қоршауға алды. Харун Боғра хан тұтқындалды, алайда Атбашидің билеушісі Жақыптың араға түсуімен босатылды. Мәлік шах Жақыппен келісім жасасып, Үзгенттен кетті. 1102 ж. Харун Боғра хан қайтыс болғаннан кейін Тараз бен Баласағұнның билеушісі Қадыр хан Жәбірейіл салжұқтардың үстемдігіне қарсы шықты. Мауераннахрды басып алған ол салжұқтардың иеліктеріне қарай қозғалды. Бірақ Термез түбіндегі шайқаста жеңіліс тауып, өлтірілді. Бұл оқиғалардан кейін салжұқ сұлтаны Санжар Мауераннахрдың билеушісі етіп Ибрахим тамғаш ханның шөбересі Арслан ханды (1102 – 1130) тағайындады. Ол тәуелсіз саясат жүргізуге тырысты. Арслан ханның мемл. өкімет билігін орталықтандыруға ұмтылуы діни, әскери, зайырлы ақсүйектердің қарсылығына ұшырады. Арслан хан Санжар сұлтанды көмекке шақырды, ол өз әскерлерімен Мауераннахрға шабуыл жасап, 1130 ж. Самарқандты алды. Ауыр науқасқа шалдыққан Арслан хан көп ұзамай Балхта қайтыс болды. Қарақытайлардың Жетісу мен Мауераннахрға баса-көктеп кіруі Ш. Қ. қ-ның құ-лауын жеделдете түсті. Өзара тақ таласынан әрі қарақытайлардың шабуылынан әбден әлсірген Ш. Қ. қ-на 13 ғ-дың бас кезінде Хорезм мемлекеті қауіп төндірді. 1212 ж. Хорезм шахы Мұхаммедпен болған шайқаста соңғы билеушісінен айрылған Ш. Қ. қ. мемлекет ретінде біржолата жойылды.

С. Рүстемов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға