Мемлекет басшысы Ақордада оқушылармен кездесті
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы №60 гимназияның екінші «Б» сыныбының оқушыларымен кездесті деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Оқушылар Нұрсұлтан Назарбаевқа жазылған хатта елорданы аралап, Ақорданы көргісі келетіндіктері туралы тілек білдірген. Мемлекет басшысымен кездесіп, Отан қорғаушылар күнімен құттықтау мүмкіндігіне ие болуы олардың Астанаға сапарының басты оқиғасына айналды. Бұдан соң гимназия оқушылары үшін Қазақстан Президенті резиденциясының залдарына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
06.05.2013 11:00
3236
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы №60 гимназияның екінші «Б» сыныбының оқушыларымен кездесті деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Оқушылар Нұрсұлтан Назарбаевқа жазылған хатта елорданы аралап, Ақорданы көргісі келетіндіктері туралы тілек білдірген.
Мемлекет басшысымен кездесіп, Отан қорғаушылар күнімен құттықтау мүмкіндігіне ие болуы олардың Астанаға сапарының басты оқиғасына айналды. Бұдан соң гимназия оқушылары үшін Қазақстан Президенті резиденциясының залдарына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада автобус-кафе пайда болады
Келесі жаңалық
Алматыда ұландық офицер әйелдің өмірін сақтап қалды