Жаңалықтар

Конституциялық-Демократиялық партия

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯ, кадеттер, “Халық азаттығы” партиясы – 20 ғ-дың басындағы Ресейдегі саяси партия. Оның 1-ұйымдасу съезі Мәскеуде 1905 ж. 12 – 19 қазанда өтіп, партияның бағдарламасы мен жарғысын қабылдады. К.-д. п-ның теоретиктері болып табылатын П.Н. Милюков, С.А. Муромцев, В.М. Гессен және С.А. Котляревский қоғамдық дамудың ең тиімді жолы ұтымды ұйымдастырылған капиталистік шаруашылық деп есептеп, күш қолдану арқылы жасалатын кез келген әлеум. төңкеріске қарсылық танытты, қоғамның эвол. жолмен дамуын жақтады. Партия бағдарламасының өзегі мемл. билікті реформалауға, шексіз самодержавиялық билікті конституциялық монархиямен алмастыруға негізделді. Англиядағы секілді “Король патшалық ететін, бірақ басқармайтын” парламенттік монархия құру К.-д. п. басты мұраты болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бір-бірінен бөлуді, сондай-ақ, осы билік тармақтарының Мемлекеттік думаның алдында жауапкер болуын жақтады. Демокр. бостандықты (сөз, баспасөз бостандығы, ұйымдар құрып, жиналыстар өткізуге еріктілік), адамдардың азаматтық және саяси құқықтарының қатаң сақталуын талап етті. Мемл. құрылыстың унитарлық үлгісін, яғни Ресей империясының тұтастығын жақтай отырып, халықтарға ұлттық-мәдени автономия беруін ғана қолдады. Сондай-ақ, К.-д. п. бағдарламасында барлық Ресей азаматтарының нәсіліне, ұлтына, дініне және жынысына қарамай заң алдында тең құқықты болуы аталып көрсетілді. Жер мәселесі бойынша жердің жеке меншікте болуы жақталды. К.-д. п. Ресей империясының барлық аймақтарына земствоның енгізілуі нәтижесінде жергілікті жерлерде халық өзін-өзі басқаруға қол жеткізуі керек деп есептеді. Осындай мақсаттарды алдына қойып отырған К.-д. п-ға қазақ саяси элитасының ден қоюшылығы Бірінші мемлекеттік думаға сайлау науқаны таяп қалған шақта арта түсті. Қазақ саяси элитасы патша өкіметіне белгілі дәрежеде оппозияцияда болған К.-д. п-ның қолдауына сүйенетін, К.-д. п. үлгісіндегі жалпыұлттық саяси партия құруды көздеді. Оған 1905 ж. қарашада “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының” құрылуы дәлел бола алады. Бұл партияның бағдарламасында алға қойылған міндеттердің көпшілігі К.-д. п-ның талап-тілектерімен үндесіп жатты. Мұндай жағдай империядағы бүкіл мұсылман халықтарын азаттық күресте тұтас бір майданға біріктіруді көздеген “Ресей мұсылмандары одағы” партиясына да тән болды. Қазақ саяси элитасы арасында Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, С.Жантөрин, Ж.Сейдалин, М.Тынышбаев К.-д. п-ның мүшесі болды. Бөкейханов К.-д. п-ның ОК-і құрамына кірді. Дала облыстары мен Түркістан өлкесінде партияның жергілікті бөлімшелері ашылды. 1906 жылдың соңына қарай партия мүшелерінің саны 100 мыңға жетті. Бірінші және екінші Мемл. думада қазақ депутаттары мұсылман фракциясы құрамына кіріп (кадеттер фракциясына Тынышбаев қана тіркелді), онда К.-д. п-мен бір блокта болды. К.-д. п. мүшелерінің ұйымдастыруымен “Выборг үндеуіне” қол қойылды. 1-дүниежүз. соғыс кезінде К.-д. п. соғысты жеңіске жеткенше жүргізуді қолдады, патша үкіметінің соғысты сәтсіз жүргізіп отырғанына наразылық білдірді. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Уақытша үкіметтің және оның жергілікті билік орындарының құрамында К.-д. п-ның мүшелері басымдылық танытты. 1917 ж. наурызда болған К.-д. п. съезінде Бөкейханов сөз сөйлеп, қазақ халқының жер мәселесін көтеріп, оның дұрыс шешілу керектігін алға тартты. Осы съезде Ресейде респ. құрылыс орнату бағдарламасы ұсынылды. Шілдеде елдегі дағдарысқа орай К.-д. п. мүшелерінен тағайындалған комиссарлар (министрлер) Уақытша үкіметтен кетіп, тамызда құрылған коалициялық үкімет құрамына қайта кірді. Бірінші жалпықазақ съезінен кейін Бөкейханов К.-д. п. құрамынан шығып, съезд шешіміне орай жалпыұлттық “Алаш” партиясын құру жолына кірісті. Ол өзінің К. д. п. құрамынан шығу себебін “Қазақ” газетінде жарияланған “Мен кадет партиясынан неге шықтым?” деген мақаласында жан-жақты түсіндіре отырып, оның К.-д. п-ның жер, дін және ұлттық автономия мәселесі бойынша ұстанған бағытына байланысты екендігін айтады. Корнилов бүлігі кезінде К.-д. п. мүшелері Уақытша үкімет құрамынан шықты. К.-д. п. басшыларының көпшілігі эмиграцияға кетті. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі К.-д. п-ны халық жауларының партиясы ретінде айыптады. С. Рүстемов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том
09.11.2012 03:31 5955

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯ, кадеттер, “Халық азаттығы” партиясы – 20 ғ-дың басындағы Ресейдегі саяси партия. Оның 1-ұйымдасу съезі Мәскеуде 1905 ж. 12 – 19 қазанда өтіп, партияның бағдарламасы мен жарғысын қабылдады. К.-д. п-ның теоретиктері болып табылатын П.Н. Милюков, С.А. Муромцев, В.М. Гессен және С.А. Котляревский қоғамдық дамудың ең тиімді жолы ұтымды ұйымдастырылған капиталистік шаруашылық деп есептеп, күш қолдану арқылы жасалатын кез келген әлеум. төңкеріске қарсылық танытты, қоғамның эвол. жолмен дамуын жақтады. Партия бағдарламасының өзегі мемл. билікті реформалауға, шексіз самодержавиялық билікті конституциялық монархиямен алмастыруға негізделді. Англиядағы секілді “Король патшалық ететін, бірақ басқармайтын” парламенттік монархия құру К.-д. п. басты мұраты болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бір-бірінен бөлуді, сондай-ақ, осы билік тармақтарының Мемлекеттік думаның алдында жауапкер болуын жақтады. Демокр. бостандықты (сөз, баспасөз бостандығы, ұйымдар құрып, жиналыстар өткізуге еріктілік), адамдардың азаматтық және саяси құқықтарының қатаң сақталуын талап етті. Мемл. құрылыстың унитарлық үлгісін, яғни Ресей империясының тұтастығын жақтай отырып, халықтарға ұлттық-мәдени автономия беруін ғана қолдады. Сондай-ақ, К.-д. п. бағдарламасында барлық Ресей азаматтарының нәсіліне, ұлтына, дініне және жынысына қарамай заң алдында тең құқықты болуы аталып көрсетілді. Жер мәселесі бойынша жердің жеке меншікте болуы жақталды. К.-д. п. Ресей империясының барлық аймақтарына земствоның енгізілуі нәтижесінде жергілікті жерлерде халық өзін-өзі басқаруға қол жеткізуі керек деп есептеді. Осындай мақсаттарды алдына қойып отырған К.-д. п-ға қазақ саяси элитасының ден қоюшылығы Бірінші мемлекеттік думаға сайлау науқаны таяп қалған шақта арта түсті. Қазақ саяси элитасы патша өкіметіне белгілі дәрежеде оппозияцияда болған К.-д. п-ның қолдауына сүйенетін, К.-д. п. үлгісіндегі жалпыұлттық саяси партия құруды көздеді. Оған 1905 ж. қарашада “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының” құрылуы дәлел бола алады. Бұл партияның бағдарламасында алға қойылған міндеттердің көпшілігі К.-д. п-ның талап-тілектерімен үндесіп жатты. Мұндай жағдай империядағы бүкіл мұсылман халықтарын азаттық күресте тұтас бір майданға біріктіруді көздеген “Ресей мұсылмандары одағы” партиясына да тән болды. Қазақ саяси элитасы арасында Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, С.Жантөрин, Ж.Сейдалин, М.Тынышбаев К.-д. п-ның мүшесі болды. Бөкейханов К.-д. п-ның ОК-і құрамына кірді.

Дала облыстары мен Түркістан өлкесінде партияның жергілікті бөлімшелері ашылды. 1906 жылдың соңына қарай партия мүшелерінің саны 100 мыңға жетті. Бірінші және екінші Мемл. думада қазақ депутаттары мұсылман фракциясы құрамына кіріп (кадеттер фракциясына Тынышбаев қана тіркелді), онда К.-д. п-мен бір блокта болды. К.-д. п. мүшелерінің ұйымдастыруымен “Выборг үндеуіне” қол қойылды. 1-дүниежүз. соғыс кезінде К.-д. п. соғысты жеңіске жеткенше жүргізуді қолдады, патша үкіметінің соғысты сәтсіз жүргізіп отырғанына наразылық білдірді. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Уақытша үкіметтің және оның жергілікті билік орындарының құрамында К.-д. п-ның мүшелері басымдылық танытты. 1917 ж. наурызда болған К.-д. п. съезінде Бөкейханов сөз сөйлеп, қазақ халқының жер мәселесін көтеріп, оның дұрыс шешілу керектігін алға тартты. Осы съезде Ресейде респ. құрылыс орнату бағдарламасы ұсынылды. Шілдеде елдегі дағдарысқа орай К.-д. п. мүшелерінен тағайындалған комиссарлар (министрлер) Уақытша үкіметтен кетіп, тамызда құрылған коалициялық үкімет құрамына қайта кірді. Бірінші жалпықазақ съезінен кейін Бөкейханов К.-д. п. құрамынан шығып, съезд шешіміне орай жалпыұлттық “Алаш” партиясын құру жолына кірісті. Ол өзінің К. д. п. құрамынан шығу себебін “Қазақ” газетінде жарияланған “Мен кадет партиясынан неге шықтым?” деген мақаласында жан-жақты түсіндіре отырып, оның К.-д. п-ның жер, дін және ұлттық автономия мәселесі бойынша ұстанған бағытына байланысты екендігін айтады. Корнилов бүлігі кезінде К.-д. п. мүшелері Уақытша үкімет құрамынан шықты. К.-д. п. басшыларының көпшілігі эмиграцияға кетті. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі К.-д. п-ны халық жауларының партиясы ретінде айыптады.

С. Рүстемов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға