Ынтымақ-бірлік, татулық туралы-1
Адамзат екі аяқты, сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге хайуаннан айырылады.
Әлихан Бөкейханов
Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті!
Әлихан Бөкейханов
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.
Мұхтар Әуезов
Көршілестерім - рухани еншілестерім.
Мұзафар Әлімбаев
Табаны - бар да, бүрі - жоқ,
Зіркілі - бар да, зілі - жоқ.
Мұзафар Әлімбаев
Ырыс алды - ынтымақ.
Мақал - мәтел
Күннің көзі - ортақ, жақсының сөзі - артық.
Мақал - мәтел
Көппен көрген - ұлы той.
Мақал - мәтел
Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер.
Мақал - мәтел
Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса - төбедегі келеді.
Мақал - мәтел
Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.
Мақал - мәтел
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.
Мақал - мәтел
Ат сатсаң- ауылыңмен.
Мақал - мәтел
Жауға барсаң - бәрің бар, дауға барсаң - бірің бар.
Мақал - мәтел
Кемедегінің жаны бір.
Мақал - мәтел
Туысы бірдің - уысы бір.
Мақал - мәтел
Үш ағайынды жігіттің - отарында малы бар, екі ағайынды жігітің-қотанында талы бар, жалғыз-жарым жігіттің - шығар-шықпас жаны бар.
Мақал - мәтел
Ізеттінің інісі көп.
Мақал - мәтел
ЬІнтымақ қайда болса - ырыс сонда барамын депті.
Мақал - мәтел
Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсының аты - ортақ.
Мақал - мәтел
Ауыл болсаң - қауым бол: бірің - оған, бірің - бұған бол.
Мақал - мәтел
Бір кісі таққа отырса - қырық кісі атқа қонар.
Мақал - мәтел
Дегенде дүние шіркін өтер-кетер,
Түбіне сұм дүниенің кімдер жетер.
Қадір тұт, бір-біріңе құрмет көрсет,
Тірлікте сыйластыққа барма жетер.
Қара өлең
Жағаңа дұшпан қолы тимеске - артыңда туысқанның көбі игі.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,
Бірлікті ойлау үшін тірлік керек.
Төле би Әлібекұлы
Бейбіт елде - сән бөлек, бүлінген елде - дау бөлек.
Төле би Әлібекұлы
Тауларды аласартпай-даланы биіктетейік.
Олжас Сүлейменов
Бірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Міржақып Дулатов
Алтау ала болса - ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса - төбедегі келеді.
Майқы би
Бірлік түбі - береке.
Майқы би
Би екеу болса - дау төртеу болады.
Майқы би
Алақанмен күннің көзін жаба алмайсың.
Құтып
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.
Білге қаған
Тату елге - тыныштық пен тоқшылық нәсіп.
Күлтегін
Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.
Күлтегін
Халқын жұтатпаған қаған бақытты.
Күлтегін
Тату болса - ағайын жақын,
Адал болса - дос жақын.
Қазыбек Келдібекұлы
Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.
Қазыбек Келдібекұлы
Төрімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа - ту іліп,
Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз!
Қазыбек Келдібекұлы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы