Жаңалықтар

Саясаттану

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл САЯСАТТАНУ — саясат туралы ғылым. С-дың негізін Аристотель қалаған, ол ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеп, “Саясат” атты еңбек жазған. Орта ғасырларда С-дың Ф.Аквинский негізін салған діни-этик. түрі қалыптасты. Саясатты бүгінгідей түсінуге, С. ғылымын дамытуға Н.Макиавелли, Дж.Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.-Ж. Руссо, Т.Джефферсон, Т.Пейн, И.Кант үлес қосты. 19 ғ-дың 2-жартысында С. өз алдына пән ретінде қалыптасты. 1857 ж. АҚШ-тың Колумбия колледжінде Ф.Либер “Тарих және саяси ғылым” кафедрасын ашты. Соның негізінде 1880 ж. С. ғылымының жоғары мектебі құрылды. 1872 ж. Францияда мемл. аппаратқа арнайы қызметкерлер даярлайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істеді. 1889 ж. АҚШ-тың Саясаттану және әлеум. ғылымдар академиясы, 1903 ж. Америкалық саясаттану ғылымдары ассоциациясы құрылды. Бұл ғылымның халықар. мәртебе алып, толыққанды қалыптасуында ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 ж. құрылған С. ғылымдарының халықар. ассоциациясы зор рөл атқарды. С. қоғамның саяси өмірін, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды және басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демокр. қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, осы заманғы сан алуан саяси-идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүз. дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Сондай-ақ С. бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адам санасы мен көзқарасы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Саяси құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін салыстырмалы, социол., тарихи, бихевиористік, нормативтік, диалект.-материалистік әдістерді қолданады. С. танымдық, бағалау, реттеушілік, басқару, болжау, саяси өмірді жетілдіру сияқты қызметтер атқарады. Кеңес Одағында бұл ғылым ғыл. коммунизм, тарихи материализм, коммунистік партия тарихы секілді пәндерде, коммунистік идеология шеңберінде қарастырылды және басты ізденіс коммунизмге жеткізетін әлеум.-саяси процесстерді анықтауға бағытталды. 1990 жылдан Қазақстанда жеке ғылым саласы ретінде қалыптасып, жоғары оқу орындарында пән ретінде өткізіледі. Д. Жамбылов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том  
09.11.2012 03:25 7588

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

САЯСАТТАНУ — саясат туралы ғылым. С-дың негізін Аристотель қалаған, ол ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеп, “Саясат” атты еңбек жазған. Орта ғасырларда С-дың Ф.Аквинский негізін салған діни-этик. түрі қалыптасты. Саясатты бүгінгідей түсінуге, С. ғылымын дамытуға Н.Макиавелли, Дж.Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.-Ж. Руссо, Т.Джефферсон, Т.Пейн, И.Кант үлес қосты. 19 ғ-дың 2-жартысында С. өз алдына пән ретінде қалыптасты. 1857 ж. АҚШ-тың Колумбия колледжінде Ф.Либер “Тарих және саяси ғылым” кафедрасын ашты. Соның негізінде 1880 ж. С. ғылымының жоғары мектебі құрылды. 1872 ж. Францияда мемл. аппаратқа арнайы қызметкерлер даярлайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істеді. 1889 ж. АҚШ-тың Саясаттану және әлеум. ғылымдар академиясы, 1903 ж. Америкалық саясаттану ғылымдары ассоциациясы құрылды. Бұл ғылымның халықар. мәртебе алып, толыққанды қалыптасуында ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 ж. құрылған С. ғылымдарының халықар. ассоциациясы зор рөл атқарды. С. қоғамның саяси өмірін, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды және басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демокр. қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, осы заманғы сан алуан саяси-идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүз. дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Сондай-ақ С. бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адам санасы мен көзқарасы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Саяси құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін салыстырмалы, социол., тарихи, бихевиористік, нормативтік, диалект.-материалистік әдістерді қолданады. С. танымдық, бағалау, реттеушілік, басқару, болжау, саяси өмірді жетілдіру сияқты қызметтер атқарады. Кеңес Одағында бұл ғылым ғыл. коммунизм, тарихи материализм, коммунистік партия тарихы секілді пәндерде, коммунистік идеология шеңберінде қарастырылды және басты ізденіс коммунизмге жеткізетін әлеум.-саяси процесстерді анықтауға бағытталды. 1990 жылдан Қазақстанда жеке ғылым саласы ретінде қалыптасып, жоғары оқу орындарында пән ретінде өткізіледі.

Д. Жамбылов
Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға