Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы-9
Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді. Білге қаған Тастағы жазудан тағлым алғайсың. Білге қаған Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап. Білге қаған Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Сан мәрте ел алдаса да өзіңді. Әбу Нәсір әл-Фараби Тағдырыңды еш уақытта жазғырма, Кезде дағы әзәзілдер азғырған. Әбу Нәсір әл-Фараби Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту. Әбу Нәсір әл-Фараби Кісімен бірге туыспау керек, Туысқан соң - артық сөз қуыспау керек. Әйтеке Байбекұлы Суалмайтын суат жоқ, тартылмайтын бұлақ жоқ, қурамайтын құрақ жоқ. Әйтеке Байбекұлы Бай болсаң - халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң - жауыңа найзаң тисін. Әйтеке Байбекұлы Алты атасын арқалап жүргенді кім көріпті, жеті атасын жетелеп жүргеңді кім көріпті. Әйтеке Байбекұлы Өзің білмес ісіңді - білгендерден сұрап ал. Жиренше шешен Рахат іздесең - бейнетінен қорықпа, қуаныш іздесең - қайғысынан қашпа. Жүсіп Баласағұн Тегің мен түбіңді ұмытпағайсың. Жүсіп Баласағұн Қатты тәртіп көрсе бала бүгінде - өнерімен қуантады түбінде. Жүсіп Баласағұн Кейін өзің қалмау үшін табаға - жөнге салып, ие болғын балаға. Жүсіп Баласағұн Кісі алдындағы асқа қол сөзбас болар. Жүсіп Баласағұн Үлкен келгенде - кіші аяғын аямас болар. Жүсіп Баласағұн Ыстық асты үрмеп ішпе. Жүсіп Баласағұн Өз ісінді өзің атқар - өзгеге салмақ салмағын. Жүсіп Баласағұн Жай халықсыз болмайды іс те, ештеме - жайлап сөйлес, жөнсіз билеп- төстеме. Жүсіп Баласағұн Бір істі екі кісіге тапсырмас болар. Жүсіп Баласағұн Не істесең де - ықтиярыңмен істе. Жүсіп Баласағұн Түркі халқы жойылмасын, ел болсын! Күлтегін Бек ұлдарың құл болмағай, пәк қыздарың күң болмағай. Күлтегін Інің - ағаңдай болмас, ағаң - атаңдай болмас. Күлтегін Түркінің қасиетті жер-суының қарғысына қалма! Күлтегін Білмегенге - ермеген. Күлтегін Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар. Қазыбек Келдібекұлы Тілекті - білек жеңбес, Жүрекке - әмір жүрмес. Қазыбек Келдібекұлы Арға -мінажат. Барға - қанағат, жоққа - салауат. Қазыбек Келдібекұлы Жарлының жалғыз тоны - жанат емей немене, Аузыңдағы отыз тіс - болат емей немене, Астыңдағы жарау ат - қанат емей немене?! Қазыбек Келдібекұлы Жазылмаған дерт қиын, Орындалмаған серт қиын. Жұрт айтқанды тындамай, Өзің түскен өрт қиын. Қазыбек Келдібекұлы Өркенің өссін десең, кекшіл болма - кесапаты тиер, Өзгеге қиянат жасар өршіл болма - қанатың күйер. Басына іс түскен пендеге күлме - қайғысы көшер, Жанашыры жоққа жәрдемші бол - абыройың өсер. Қазыбек Келдібекұлы Бүгін сағы сынды деп жақсыларды басынба, Қиын-қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан. Қазыбек Келдібекұлы Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет. Қожа Ахмет Йассауи Сүйсең - хақты сүй. Қожа Ахмет Йассауи Арамзамен сырлас болма, Олай етсең баспайды ісің оңға, Бастан аяқ батумен пәле-сорға. Қожа Ахмет Йассауи Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Мақал - мәтел Адасқанның айыбы жоқ - қайта үйірін тапқанға. Мақал - мәтел Алдыңа келсе - атаңның құнын кеш. Мақал – мәтел Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді.
Білге қаған
Тастағы жазудан тағлым алғайсың.
Білге қаған
Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап.
Білге қаған
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Кезде дағы әзәзілдер азғырған.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Кісімен бірге туыспау керек,
Туысқан соң - артық сөз қуыспау керек.
Әйтеке Байбекұлы
Суалмайтын суат жоқ, тартылмайтын бұлақ жоқ, қурамайтын құрақ жоқ.
Әйтеке Байбекұлы
Бай болсаң - халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң - жауыңа найзаң тисін.
Әйтеке Байбекұлы
Алты атасын арқалап жүргенді кім көріпті, жеті атасын жетелеп жүргеңді кім көріпті.
Әйтеке Байбекұлы
Өзің білмес ісіңді - білгендерден сұрап ал.
Жиренше шешен
Рахат іздесең - бейнетінен қорықпа, қуаныш іздесең - қайғысынан қашпа.
Жүсіп Баласағұн
Тегің мен түбіңді ұмытпағайсың.
Жүсіп Баласағұн
Қатты тәртіп көрсе бала бүгінде - өнерімен қуантады түбінде.
Жүсіп Баласағұн
Кейін өзің қалмау үшін табаға - жөнге салып, ие болғын балаға.
Жүсіп Баласағұн
Кісі алдындағы асқа қол сөзбас болар.
Жүсіп Баласағұн
Үлкен келгенде - кіші аяғын аямас болар.
Жүсіп Баласағұн
Ыстық асты үрмеп ішпе.
Жүсіп Баласағұн
Өз ісінді өзің атқар - өзгеге салмақ салмағын.
Жүсіп Баласағұн
Жай халықсыз болмайды іс те, ештеме - жайлап сөйлес, жөнсіз билеп- төстеме.
Жүсіп Баласағұн
Бір істі екі кісіге тапсырмас болар.
Жүсіп Баласағұн
Не істесең де - ықтиярыңмен істе.
Жүсіп Баласағұн
Түркі халқы жойылмасын, ел болсын!
Күлтегін
Бек ұлдарың құл болмағай, пәк қыздарың күң болмағай.
Күлтегін
Інің - ағаңдай болмас, ағаң - атаңдай болмас.
Күлтегін
Түркінің қасиетті жер-суының қарғысына қалма!
Күлтегін
Білмегенге - ермеген.
Күлтегін
Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.
Қазыбек Келдібекұлы
Тілекті - білек жеңбес,
Жүрекке - әмір жүрмес.
Қазыбек Келдібекұлы
Арға -мінажат.
Барға - қанағат, жоққа - салауат.
Қазыбек Келдібекұлы
Жарлының жалғыз тоны - жанат емей немене,
Аузыңдағы отыз тіс - болат емей немене,
Астыңдағы жарау ат - қанат емей немене?!
Қазыбек Келдібекұлы
Жазылмаған дерт қиын,
Орындалмаған серт қиын.
Жұрт айтқанды тындамай,
Өзің түскен өрт қиын.
Қазыбек Келдібекұлы
Өркенің өссін десең, кекшіл болма - кесапаты тиер,
Өзгеге қиянат жасар өршіл болма - қанатың күйер.
Басына іс түскен пендеге күлме - қайғысы көшер,
Жанашыры жоққа жәрдемші бол - абыройың өсер.
Қазыбек Келдібекұлы
Бүгін сағы сынды деп жақсыларды басынба,
Қиын-қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан.
Қазыбек Келдібекұлы
Халқыңа қызмет ет,
Ізгілерге ізет ет,
Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет.
Қожа Ахмет Йассауи
Сүйсең - хақты сүй.
Қожа Ахмет Йассауи
Арамзамен сырлас болма,
Олай етсең баспайды ісің оңға,
Бастан аяқ батумен пәле-сорға.
Қожа Ахмет Йассауи
Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ.
Мақал - мәтел
Адасқанның айыбы жоқ - қайта үйірін тапқанға.
Мақал - мәтел
Алдыңа келсе - атаңның құнын кеш.
Мақал – мәтел
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
