Жаңалықтар

Астана

  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Астана — қала, Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы. Тұрғыны 700 мың адамға жуық (2008). Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан. Сарыарқа қазақтары Есіл өзенінің қазіргі Астана қаласы орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел деп атаған. Ақмола атауы 13 – 14 ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Астана қаласының негізі 1830 ж. қаланды. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 ж. қала мәртебесі берілді. 1863 ж. Ақмола округ, 1868 ж. уезд орталығына айналды. Орта Азия, Сібір, Орал өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқан Ақмола жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік, сауда, шаруашылық, мәдени орталыққа айналды. 1914 ж. қалада 3 кірпіш, 4 май өңдеу, 2 тері илеу, 2 сабын қайнату, 2 тон тігу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді. Мәдени-ағарту орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін училище, ауыл шаруашылығы мектебі, медресе, 2 кітапхана болды. Қала тұрғындарының саны 15 мыңға (1914) жетті. Кеңес дәуірінде Ақмоланың халқы тез қарқынмен өсті, оның Орталық Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі алатын орны артты. 1928 – 30 ж. округтің, 1930 – 39 ж. ауданның, ал 1939 ж. 14 қазанда Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды. 1929 жылдың қарашасында қалаға алғашқы пойыз келді. Бурабай – Ақмола (1929), Ақмола – Қарталы (1940), Ақмола – Павлодар (1952) темір жолының іске қосылуы Астананы еліміздің солтүстік және орталық өңіріндегі ірі транспорт торабына айналдырды. Қалада ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің дәстүрлі тәсілдері жетілдіріліп, жеңіл өнеркәсіп орындарының саны ұлғайды. 1940 ж. «Тігінші» артелі (қазіргі «Мәншүк» акционерлік қоғамы) өнім бере бастады. 1941 ж. құрылған «Металшы» артелі кейіннен газ тетіктерін шығаратын ірі өндіріске (1993 жылдан «Газмашаппарат» акционерлік қоғамы) айналды. Соғыс жылдарында Ресейден көшіріп әкелінген Мелитополь станок жасау зауытының негізінде республикадағы ауыл шаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібінің тұңғышы – «Қазақауылмаш» кәсіпорны іске қосылды. Өнеркәсіптің басқа да жаңа салалары пайда болды. Қалада сәулетті құрылыстар салына бастады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941 – 45) Астана қаласы мен Ақмола облысының өндірген өнімінің көлемі республика бойынша өндірілген өнімнің орташа көрсеткішінен 2 есеге жуық артық болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары шаруашылықтың жаңа түрлері игеріліп, «Қазақауылмаштың» қуаты арттырылды, вагон жасау зауыты пайдалануға берілді. 1950 ж. қалада 58 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеді. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге Астана қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырады. 1954 ж. 5 наурызында Астанаға тың игерушілер тиелген алғашқы эшелон келіп тоқтады. Астана кәсіпорындары ауыл шаруашылық техникасын, құрылыс материалдарын шығаруды кеңейте түсті. 1960 ж. 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Астана оның орталығы болды. Қала Целиноград болып өзгертілді (1961 ж. 20 наурыз). 1958 ж. қаладағы алғашқы жоғарғы оқу орны – ауыл шаруашылық институты (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университет) ашылды. 1962 ж. педагогикалық (қазіргі Лев Гумилев атындағы еуразия университеті), медициналық (1964), инженер-құрылыс (1964) институттары студенттер қабылдады. 1960 – 80 ж. қалада 30 жобалау және ғылыми-зерттеу институттары ашылды. 1965 ж. Тың өлкесі таратылып, қала қайта құрылған Целиноград облысының орталығы болды. 1960 – 90 ж. қалада машина жасау, металл өңдеу, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сауда, құрылыс салалары өркен жайды. Топырақты қорғау және эрозияға қарсы қолданылатын техникалық машиналар шығару жедел қарқынмен өсті. 1992 ж. қала мен облыста өндірілген өнімдер 29 шет елдерге шығарылды. 1994 ж. 6 маусымда қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1994 ж. 6 шілде) және Министрлер Кабинеті (1996 ж. 6 шілде) Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен (1996 ж. 9 қазан) арнайы Ақмола экономикалық аймағы (ААЭА) құрылды. Астана АЭА-ның жұмыс істеуіне байланысты ішкі-сыртқы экономикалық  қызмет жүйесі дами түсті. Экспорт-импорттық қатынастардың көлемі үнемі артуда. 1997 ж. 20 қазанда Нұрсұлтан  Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1998 ж. 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Астана қалалық 2 ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді.    
09.11.2012 03:25 4835

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Астана — қала, Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы. Тұрғыны 700 мың адамға жуық (2008). Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан. Сарыарқа қазақтары Есіл өзенінің қазіргі Астана қаласы орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел деп атаған. Ақмола атауы 13 – 14 ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Астана қаласының негізі 1830 ж. қаланды. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 ж. қала мәртебесі берілді. 1863 ж. Ақмола округ, 1868 ж. уезд орталығына айналды. Орта Азия, Сібір, Орал өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқан Ақмола жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік, сауда, шаруашылық, мәдени орталыққа айналды. 1914 ж. қалада 3 кірпіш, 4 май өңдеу, 2 тері илеу, 2 сабын қайнату, 2 тон тігу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді. Мәдени-ағарту орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін училище, ауыл шаруашылығы мектебі, медресе, 2 кітапхана болды. Қала тұрғындарының саны 15 мыңға (1914) жетті.

Кеңес дәуірінде Ақмоланың халқы тез қарқынмен өсті, оның Орталық Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі алатын орны артты. 1928 – 30 ж. округтің, 1930 – 39 ж. ауданның, ал 1939 ж. 14 қазанда Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды. 1929 жылдың қарашасында қалаға алғашқы пойыз келді. Бурабай – Ақмола (1929), Ақмола – Қарталы (1940), Ақмола – Павлодар (1952) темір жолының іске қосылуы Астананы еліміздің солтүстік және орталық өңіріндегі ірі транспорт торабына айналдырды. Қалада ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің дәстүрлі тәсілдері жетілдіріліп, жеңіл өнеркәсіп орындарының саны ұлғайды. 1940 ж. «Тігінші» артелі (қазіргі «Мәншүк» акционерлік қоғамы) өнім бере бастады. 1941 ж. құрылған «Металшы» артелі кейіннен газ тетіктерін шығаратын ірі өндіріске (1993 жылдан «Газмашаппарат» акционерлік қоғамы) айналды. Соғыс жылдарында Ресейден көшіріп әкелінген Мелитополь станок жасау зауытының негізінде республикадағы ауыл шаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібінің тұңғышы – «Қазақауылмаш» кәсіпорны іске қосылды. Өнеркәсіптің басқа да жаңа салалары пайда болды. Қалада сәулетті құрылыстар салына бастады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941 – 45) Астана қаласы мен Ақмола облысының өндірген өнімінің көлемі республика бойынша өндірілген өнімнің орташа көрсеткішінен 2 есеге жуық артық болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары шаруашылықтың жаңа түрлері игеріліп, «Қазақауылмаштың» қуаты арттырылды, вагон жасау зауыты пайдалануға берілді. 1950 ж. қалада 58 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеді.

Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге Астана қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырады. 1954 ж. 5 наурызында Астанаға тың игерушілер тиелген алғашқы эшелон келіп тоқтады. Астана кәсіпорындары ауыл шаруашылық техникасын, құрылыс материалдарын шығаруды кеңейте түсті. 1960 ж. 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Астана оның орталығы болды. Қала Целиноград болып өзгертілді (1961 ж. 20 наурыз). 1958 ж. қаладағы алғашқы жоғарғы оқу орны – ауыл шаруашылық институты (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университет) ашылды. 1962 ж. педагогикалық (қазіргі Лев Гумилев атындағы еуразия университеті), медициналық (1964), инженер-құрылыс (1964) институттары студенттер қабылдады. 1960 – 80 ж. қалада 30 жобалау және ғылыми-зерттеу институттары ашылды. 1965 ж. Тың өлкесі таратылып, қала қайта құрылған Целиноград облысының орталығы болды. 1960 – 90 ж. қалада машина жасау, металл өңдеу, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сауда, құрылыс салалары өркен жайды. Топырақты қорғау және эрозияға қарсы қолданылатын техникалық машиналар шығару жедел қарқынмен өсті. 1992 ж. қала мен облыста өндірілген өнімдер 29 шет елдерге шығарылды. 1994 ж. 6 маусымда қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1994 ж. 6 шілде) және Министрлер Кабинеті (1996 ж. 6 шілде) Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен (1996 ж. 9 қазан) арнайы Ақмола экономикалық аймағы (ААЭА) құрылды. Астана АЭА-ның жұмыс істеуіне байланысты ішкі-сыртқы экономикалық  қызмет жүйесі дами түсті. Экспорт-импорттық қатынастардың көлемі үнемі артуда. 1997 ж. 20 қазанда Нұрсұлтан  Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1998 ж. 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Астана қалалық 2 ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға