Жаңалықтар

Махаббат туралы

Махаббат туралы тұлғалардың айтқаны
10.07.2015 06:33 81335

 

Жастықта бір күлгенің - бір қаралық.

Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй.

Абай Құнанбаев

Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол.

Абай Құнанбаев

Махаббат - өмір көркі.

Абай Құнанбаев

Махаббатсыз дүние бос -

Хайуанға оны қосыңдар.

Абай Құнанбаев

Сұлуды сүю - пайғамбар сүннәті.

Абай Құнанбаев

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,

Көзбен көр де, ішпен біл.

Абай Құнанбаев

Бұл өмірдің қызығы махаббатпен.

Абай Құнанбаев

Махаббат кетті, дос кетті -

Жете алмайсың, тоқтайсың.

Абай Құнанбаев

Сүйсінбесең - сүйме.

Абай Құнанбаев

Әркімнің мінген аты - өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары - өзіне сұңқар.

Сырым Датұлы

Бақыт пен махаббаттан тысқары болады: бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!

Әлихан Бөкейханов

Сұлу - сұлу емес, сүйген - сұлу.

Мақал - мәтел

Сұлуды сұлу деме - сүймеген соң,

Асылды асыл деме - кимеген соң.

Жақсыларға не керек қошамет қып -

Шарапаты ешкімге тимеген соң.

Қара  өлең

Қара жер қыс болмаса қар болама,

Заманың зар қыспаса тар бола ма.

Қаншама сүйдім-күйдім десең дағы,

Кісіге кісі жары жар бола ма?!

Қара  өлең

Адам қайтсін басқаны асқан бағы,

Ұра берсең от шығар тастан дағы.

Кісі жары кісіге жар болмайды,

Балапандай бауырыңа бассаң дағы

Қара  өлең

Жүрек кімді қаласа - сол сұлу.

Сайф Сарайи

Менің дінім - махаббат.

Олжас Сүлейменов

Махаббаттың да өз теоретиктері мен практиктері болады.

Олжас Сүлейменов

Махаббатты көзден танып, көзбен көреді.

Жүсіп Баласағұн

Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашықтық, құштарлық дертіңе дауа болмас.

Қожа Ахмет Йассауи

Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер.

Қожа Ахмет Йассауи

Жан бермеген махаббат - тұрлаусыз махаббат.

Қожа Ахмет Йассауи

Нағыз махаббат қысқа ғұмырыңды ұзартады.

Қожа Ахмет Йассауи

Құштарлықтың бейнетіне де төзу керек.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашық емес - құштарына жан бермеген,

Диқан емес - кетпен шауып нан бермеген.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашықтардан жөн сұрап әуре болма.

Қожа Ахмет Йассауи

Тақуа болма, тентек болма - ғашық бол.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашық болсаң - таза бол.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашықтық оты жан мен тәнді бірдей өртейді.

Қожа Ахмет Йассауи

Құштарлықсыз жаратқанды да тани алмайсың.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашықтық - ұлық базар.

Қожа Ахмет Йассауи

Шын ғашықты көрсең қуан.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашықтыққа көз жасың ғана куә.

Қожа Ахмет Йассауи

Жеңіп кетпей жеңілтек құр құмарлық,

Аллаға аусын ғашықтың ырқы барлық.

Қожа Ахмет Йассауи

Шынайы ынтызарлық - ғашықтың бақыты.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашықтық жол - ауыр жол.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашықпын деп көп ішінде кеуде қақпа.

Қожа Ахмет Йассауи

Шын ғашықтық - ұлы іс.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашықтың күйіп-жануы - қалауы дейді құдайдың.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашық бол, қалтқысыз адал ашық бол.

Қожа Ахмет Йассауи

Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.

Қожа Ахмет Йассауи

Ғашықтық - дүниедегі ең қиын түйін.

Қожа Ахмет Йассауи

 

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға