Жақсы мен жаман туралы -4
Жақсының жүрген жері - той. Шал Құлекеұлы Жаманға дәулет бітсе - әуе айналар, Жақсыға дәулет бітсе - бақ айналар. Шал Құлекеұлы Үйіңдегі ұлың жаман болса - есіктегі құлмен тең, Қойныңдағы қатының жаман болса - қаңтардағы мұзбен тең. Үмбетей Тілеуұлы Жаманды қанша мақтасаң да - жайды білер ер болмас. Төле би Әлібекұлы Әйелің жақсы болса - мейманыңның тұрағы, Балаң жақсы болса - жан-тәніңнің шырағы. Төле би Әлібекұлы Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады. Тоқсары Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр. Сүйінбай Аронұлы Дүниеде қандай жақсы болсаң да - тіленсең қадірің кетер. Сүйінбай Аронұлы Жаман жігіт белгісі - алғаны мен бергенін сырттан жүріп санайды. Сүйінбай Аронұлы Ер жігіт - ел-жұртының панасындай, Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай. Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады. Сүйінбай Аронұлы Жақсының сөзін әркім пайдаланар, Миуалы алма-өріктің ағашындай. Сүйінбай Аронұлы Әркім құмар жақсымен таласуға. Сүйінбай Аронұлы Жамандық қылғанға - жақсылықпен жауап бер. Сайф Сарайи Артында жақсы аты қалған адам өлмейді. Сайф Сарайи Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар. Махмұд Қашқари Тоқты менен ешкінің - қаны бірдей, Жақсы менен жаманның - жаны бірдей. Жанақ Сағындықұлы Көк езу - жаман пиғыл, нәмәрт кісі, адамның қадірлісі - жомарт кісі. Жүсіп Баласағұн Жамандық - алтын басыңды аяққа сүйрейді. Жүсіп Баласағұн Аз жақсылық жасағанға да - көп рахмет айту парыз. Жүсіп Баласағұн Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді. Жүсіп Баласағұн Жамандық жасасаң - жауабы өкініш болар. Жүсіп Баласағұн Жақсы іс көп жасайды. Жүсіп Баласағұн Жақсыдан - шарапат. Жүсіп Баласағұн Жаман мінез жау қылмағанды қылар. Жүсіп Баласағұн Жақсының - тілегі таусылмайды, жаманның - мұңы бітпейді. Жүсіп Баласағұн Жаманға жуыспа. Жүсіп Баласағұн Жақсы - жақсы тілек тілейді, жаман - күнде қарғап-сілейді. Жүсіп Баласағұн Жазасын тартпайтын жамандық жоқ. Жүсіп Баласағұн Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады. Жүсіп Баласағұн Балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы, Атың жаман болса - шыбын жанның азабы. Қазыбек Келдібекұлы Атадан жақсы ұл туса - елінің зоры болады, Атадан жаман ұл туса - адам біткеннің қоры болады. Қазыбек Келдібекұлы Үй сыртында төбең болса - ерттеулі тұрған атпен тең, Көп жасаған қартың болса - жазып кеткен хатпен тең. Қазыбек Келдібекұлы Жаман тәліп зікіршіл боп төс қағар, Көздерінен жас тамбас. Қожа Ахмет Йассауи Жамандық ойлама. Қожа Ахмет Йассауи Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бұл - пайғамбарымыздың өнегесі. Қожа Ахмет Йассауи Ұрыншақтың - дауы көп, Жамандардың - жауы көп. Қожа Ахмет Йассауи Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталыЖақсының жүрген жері - той.
Шал Құлекеұлы
Жаманға дәулет бітсе - әуе айналар,
Жақсыға дәулет бітсе - бақ айналар.
Шал Құлекеұлы
Үйіңдегі ұлың жаман болса - есіктегі құлмен тең,
Қойныңдағы қатының жаман болса - қаңтардағы мұзбен тең.
Үмбетей Тілеуұлы
Жаманды қанша мақтасаң да - жайды білер ер болмас.
Төле би Әлібекұлы
Әйелің жақсы болса - мейманыңның тұрағы,
Балаң жақсы болса - жан-тәніңнің шырағы.
Төле би Әлібекұлы
Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады.
Тоқсары
Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр.
Сүйінбай Аронұлы
Дүниеде қандай жақсы болсаң да - тіленсең қадірің кетер.
Сүйінбай Аронұлы
Жаман жігіт белгісі - алғаны мен бергенін сырттан жүріп санайды.
Сүйінбай Аронұлы
Ер жігіт - ел-жұртының панасындай,
Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады.
Сүйінбай Аронұлы
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма-өріктің ағашындай.
Сүйінбай Аронұлы
Әркім құмар жақсымен таласуға.
Сүйінбай Аронұлы
Жамандық қылғанға - жақсылықпен жауап бер.
Сайф Сарайи
Артында жақсы аты қалған адам өлмейді.
Сайф Сарайи
Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар.
Махмұд Қашқари
Тоқты менен ешкінің - қаны бірдей,
Жақсы менен жаманның - жаны бірдей.
Жанақ Сағындықұлы
Көк езу - жаман пиғыл, нәмәрт кісі, адамның қадірлісі - жомарт кісі.
Жүсіп Баласағұн
Жамандық - алтын басыңды аяққа сүйрейді.
Жүсіп Баласағұн
Аз жақсылық жасағанға да - көп рахмет айту парыз.
Жүсіп Баласағұн
Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.
Жүсіп Баласағұн
Жамандық жасасаң - жауабы өкініш болар.
Жүсіп Баласағұн
Жақсы іс көп жасайды.
Жүсіп Баласағұн
Жақсыдан - шарапат.
Жүсіп Баласағұн
Жаман мінез жау қылмағанды қылар.
Жүсіп Баласағұн
Жақсының - тілегі таусылмайды, жаманның - мұңы бітпейді.
Жүсіп Баласағұн
Жаманға жуыспа.
Жүсіп Баласағұн
Жақсы - жақсы тілек тілейді, жаман - күнде қарғап-сілейді.
Жүсіп Баласағұн
Жазасын тартпайтын жамандық жоқ.
Жүсіп Баласағұн
Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады.
Жүсіп Баласағұн
Балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы,
Атың жаман болса - шыбын жанның азабы.
Қазыбек Келдібекұлы
Атадан жақсы ұл туса - елінің зоры болады,
Атадан жаман ұл туса - адам біткеннің қоры болады.
Қазыбек Келдібекұлы
Үй сыртында төбең болса - ерттеулі тұрған атпен тең,
Көп жасаған қартың болса - жазып кеткен хатпен тең.
Қазыбек Келдібекұлы
Жаман тәліп зікіршіл боп төс қағар,
Көздерінен жас тамбас.
Қожа Ахмет Йассауи
Жамандық ойлама.
Қожа Ахмет Йассауи
Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бұл - пайғамбарымыздың өнегесі.
Қожа Ахмет Йассауи
Ұрыншақтың - дауы көп,
Жамандардың - жауы көп.
Қожа Ахмет Йассауи
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
