Жақсы мен жаман туралы -3
Жақсы кісі: ақылымен тәуір болады, мінезі - қорғасыңдай ауыр болады, құлағы - өсек естіместей сауыр болады, кедейдің жалғыз керіндей - құйрығы шолақ, арқасы жауыр болады. Би-шешендер Жаманның басына іс түссе - ойлай көреді, Жақсының басына іс түссе - тойдай береді. Би-шешендер Нақ жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл, Нақ жаманның белгісі - өз үйінде өзі пұл. Би-шешендер Атың шабан болса - жалғанның азабы, Алғаның жаман болса - дүниенің тозағы, Балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы. Би-шешендер Жаманға - жақыным деп қайырылмағайсың, Алаштың жақсысынан - айырылмағайсың. Би-шешендер Қарауылдың жаманы - алдырған соң өкінер, Балуанның жаманы - шалдырған соң өкінер. Би-шешендер Жақсы болса туғаның - күнде қызық-базарың, Жаман болса туғаның - күнде өлім-ажалың. Би-шешендер Ақ сұңқар көлден қу ілер - Қанатын суға тигізбес. Хас жақсының белгісі - Қайғысын жатқа білгізбес. Би-шешендер Арамменен жолдас болсаң - көңіліңді қаралар, Жаманменен жолдас болсаң - жүрегіңді жаралар. Би-шешендер Ауыл малы бұралқы - ақылы жоқ жаманға. Қайын болмас - қабанда, тойым болмас - жаманда. Шортанбай Қанайұлы Жолдас болсаң жақсымен - жолың жетер Қырымға, Топқа кірсең әркіммен - таласарсың орынға. Шортанбай Қанайұлы Ісің түссе жаманға - қолы кетпес жағаңнан. Шортанбай Қанайұлы Жақсыны жаман көре алмас. Шортанбай Қанайұлы Асыл сойдың баласы - тартысқан жерде сөз табар, азып туған жаманды - түйе үстінде ит қабар. Шернияз Жарылғасұлы Жаманнан туған жақсы бар - адам айтса нанғысыз, Жақсыдан туған жаман бар - бір аяқ асқа алғысыз. Шалгиіз Тіленшеұлы Жақсының жақсылығы сол болар - жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар - сөйлесе бетін қара етер. Шалгиіз Тіленшеұлы Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке. Шалгиіз Тіленшеұлы Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса - қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас. Шалгиіз Тіленшеұлы Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа. Жаманның жалаңдаған тілі жау. Шалгиіз Тіленшеұлы Бір жақсымен дос болсаң - азбас-тозбас мүлкі етер, Бір жаманмен дос болсаң - бар ғаламға күлкі етер. Шалгиіз Тіленшеұлы Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса - жазаны сонда көрерсің. Шалгиіз Тіленшеұлы Түлкідей құйрық тастаған жаман тағылық жетер басыңа-ай. Шалгиіз Тіленшеұлы Жақсыны - алыс, жаманды - жақын көрме. Шал Құлекеұлы Жақсыдан сыр жасырма. Шал Құлекеұлы Жаманның бір белгісі - жиын-тойға барғанда тамағына өкпе етер. Шал Құлекеұлы Жаман өзін зорға балар. Шал Құлекеұлы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталыЖақсы кісі: ақылымен тәуір болады, мінезі - қорғасыңдай ауыр болады, құлағы - өсек естіместей сауыр болады, кедейдің жалғыз керіндей - құйрығы шолақ, арқасы жауыр болады.
Би-шешендер
Жаманның басына іс түссе - ойлай көреді,
Жақсының басына іс түссе - тойдай береді.
Би-шешендер
Нақ жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл,
Нақ жаманның белгісі - өз үйінде өзі пұл.
Би-шешендер
Атың шабан болса - жалғанның азабы,
Алғаның жаман болса - дүниенің тозағы,
Балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы.
Би-шешендер
Жаманға - жақыным деп қайырылмағайсың,
Алаштың жақсысынан - айырылмағайсың.
Би-шешендер
Қарауылдың жаманы - алдырған соң өкінер,
Балуанның жаманы - шалдырған соң өкінер.
Би-шешендер
Жақсы болса туғаның - күнде қызық-базарың,
Жаман болса туғаның - күнде өлім-ажалың.
Би-шешендер
Ақ сұңқар көлден қу ілер -
Қанатын суға тигізбес.
Хас жақсының белгісі -
Қайғысын жатқа білгізбес.
Би-шешендер
Арамменен жолдас болсаң - көңіліңді қаралар,
Жаманменен жолдас болсаң - жүрегіңді жаралар.
Би-шешендер
Ауыл малы бұралқы - ақылы жоқ жаманға.
Қайын болмас - қабанда, тойым болмас - жаманда.
Шортанбай Қанайұлы
Жолдас болсаң жақсымен - жолың жетер Қырымға,
Топқа кірсең әркіммен - таласарсың орынға.
Шортанбай Қанайұлы
Ісің түссе жаманға - қолы кетпес жағаңнан.
Шортанбай Қанайұлы
Жақсыны жаман көре алмас.
Шортанбай Қанайұлы
Асыл сойдың баласы - тартысқан жерде сөз табар, азып туған жаманды - түйе үстінде ит қабар.
Шернияз Жарылғасұлы
Жаманнан туған жақсы бар - адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан туған жаман бар - бір аяқ асқа алғысыз.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Жақсының жақсылығы сол болар - жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар - сөйлесе бетін қара етер.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса - қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.
Жаманның жалаңдаған тілі жау.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Бір жақсымен дос болсаң - азбас-тозбас мүлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң - бар ғаламға күлкі етер.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса - жазаны сонда көрерсің.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Түлкідей құйрық тастаған жаман тағылық жетер басыңа-ай.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Жақсыны - алыс, жаманды - жақын көрме.
Шал Құлекеұлы
Жақсыдан сыр жасырма.
Шал Құлекеұлы
Жаманның бір белгісі - жиын-тойға барғанда тамағына өкпе етер.
Шал Құлекеұлы
Жаман өзін зорға балар.
Шал Құлекеұлы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
