Жақсы мен жаман туралы -1
Халық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Жаман - мінін жасырып сөйлесе, жақсы - қызметін асырып сөйлейді. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Сыртқа біткен қайыңнан - сазға біткен тал жақсы, Тоя жеген жасықтан - бір асаған май жақсы. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Қожа мен молдаға - «бер» дегеннен, «жоқ» жақсы, Адамдықты ойласақ - мал мен бақтан ар жақсы. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Әдебі жоқ жігіттен - насихат айтар шал жақсы. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Жаман жігіт жер боп тұрып, Сөйлеуін қоймас шалықтап. Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Жамандықты - ұмыт, жақсылыққа - ұмтыл» деген мәтел бар. Әлихан Бөкейханов Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық -ер кісінін ісі. Мұхтар Әуезов Жақсыда жаттық жоқ. Мұхтар Әуезов Пейілі жаманды - құдай табады. Шерхан Мұртаза Жаман туыстан қашып, жақсысын қайдан табарсың?! Мақал - мәтел Жақсыда жаттық болмайды. Мақал - мәтел Жақсының жақсылығын айт - нұры тассын, жаманның жамандығын айт - құты қашсын. Мақал - мәтел Жақсының аты өлмейді. Мақал - мәтел Жақсы әке - жаман балаға қырық жыл азық. Мақал - мәтел Үйдің жақсы болмағы - ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағашыдан. Мақал - мәтел Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді. Мақал - мәтел Жаманға - жан тәтті. Мақал - мәтел Біткен істің басына, жақсы келер қасына. Мақал - мәтел Пейілі жаман кісіні түйе үстінде ит қабар. Мақал - мәтел Жақсы да жаттық болмас. Мақал - мәтел Жақсымен - жанастыр, жаманнан - адастыр. Мақал - мәтел Жаман айтпай жақсы жоқ. Мақал - мәтел Дәніккеннен құныққан жаман. Мақал - мәтел Жамандық аяқ астында. Мақал - мәтел Келіні жақсы үйдің керегесі алтын. Мақал - мәтел Жаман ерден - жайдағым жақсы, жаман әйелден - бойдағым жақсы. Мақал - мәтел Сыйласуға жат жақсы, жыласуға хат жақсы. Мақал - мәтел Арық деген жаман тай - жазға шыға ат болар, жамаңдығын сезілсе - жақын кісі жат болар. Мақал - мәтел Олақтан - салақ жаман. Мақал - мәтел Жаман - шайқап сөйлер, жақсы - байқап сөйлер. Мақал - мәтел Ақ сауыттың - жағасы бар, жеңі жоқ, шын жақсының - ашуы бар, кегі жоқ. Мақал - мәтел Жақсының жаны - жәннат. Мақал - мәтел Жаман малды асырасаң - аузы-мұрныңды май етер, жаман адамды асырасан - аузы-мұрныңды қан етер. Мақал - мәтел Аяғы жаман - төр былғайды, аузы жаман - ел былғайды. Мақал - мәтел Өзі жақсы кісіге - бір кісілік орын бар. Мақал - мәтел Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі. Мақал – мәтел Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталыХалық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жаман - мінін жасырып сөйлесе, жақсы - қызметін асырып сөйлейді.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Сыртқа біткен қайыңнан - сазға біткен тал жақсы,
Тоя жеген жасықтан - бір асаған май жақсы.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Қожа мен молдаға - «бер» дегеннен, «жоқ» жақсы,
Адамдықты ойласақ - мал мен бақтан ар жақсы.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Әдебі жоқ жігіттен - насихат айтар шал жақсы.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жаман жігіт жер боп тұрып,
Сөйлеуін қоймас шалықтап.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
«Жамандықты - ұмыт, жақсылыққа - ұмтыл» деген мәтел бар.
Әлихан Бөкейханов
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық -ер кісінін ісі.
Мұхтар Әуезов
Жақсыда жаттық жоқ.
Мұхтар Әуезов
Пейілі жаманды - құдай табады.
Шерхан Мұртаза
Жаман туыстан қашып, жақсысын қайдан табарсың?!
Мақал - мәтел
Жақсыда жаттық болмайды.
Мақал - мәтел
Жақсының жақсылығын айт - нұры тассын, жаманның жамандығын айт - құты қашсын.
Мақал - мәтел
Жақсының аты өлмейді.
Мақал - мәтел
Жақсы әке - жаман балаға қырық жыл азық.
Мақал - мәтел
Үйдің жақсы болмағы - ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағашыдан.
Мақал - мәтел
Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді.
Мақал - мәтел
Жаманға - жан тәтті.
Мақал - мәтел
Біткен істің басына, жақсы келер қасына.
Мақал - мәтел
Пейілі жаман кісіні түйе үстінде ит қабар.
Мақал - мәтел
Жақсы да жаттық болмас.
Мақал - мәтел
Жақсымен - жанастыр, жаманнан - адастыр.
Мақал - мәтел
Жаман айтпай жақсы жоқ.
Мақал - мәтел
Дәніккеннен құныққан жаман.
Мақал - мәтел
Жамандық аяқ астында.
Мақал - мәтел
Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.
Мақал - мәтел
Жаман ерден - жайдағым жақсы, жаман әйелден - бойдағым жақсы.
Мақал - мәтел
Сыйласуға жат жақсы, жыласуға хат жақсы.
Мақал - мәтел
Арық деген жаман тай - жазға шыға ат болар, жамаңдығын сезілсе - жақын кісі жат болар.
Мақал - мәтел
Олақтан - салақ жаман.
Мақал - мәтел
Жаман - шайқап сөйлер, жақсы - байқап сөйлер.
Мақал - мәтел
Ақ сауыттың - жағасы бар, жеңі жоқ, шын жақсының - ашуы бар, кегі жоқ.
Мақал - мәтел
Жақсының жаны - жәннат.
Мақал - мәтел
Жаман малды асырасаң - аузы-мұрныңды май етер, жаман адамды асырасан - аузы-мұрныңды қан етер.
Мақал - мәтел
Аяғы жаман - төр былғайды, аузы жаман - ел былғайды.
Мақал - мәтел
Өзі жақсы кісіге - бір кісілік орын бар.
Мақал - мәтел
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі.
Мақал – мәтел
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
