Жақсы мен жаман туралы
Жалқаулық пен жалғыздық - жалғанның жаман тарлығы, Түшіренген ұйқы жоқ - қайғының асқан жарлығы. Шортанбай Қанайұлы Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді. Ғабит Мүсірепов Жаманмен салысып жақсы болмайсың. Абай Құнанбаев Жақсылық - ұзақ тұрмайды, Жамандық - әркез тозбайды. Абай Құнанбаев Жақсы - жаны еріп тыңдайды. Абай Құнанбаев Жақсының - жолы ашық. Абай Құнанбаев Жақсылық- ұмыт,жаңылыс- кек. Абай Құнанбаев Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі. Мұхтар Әуезов Жақсыда жаттық жоқ. Мұхтар Әуезов Жаманнан туған жақсы бар - атасын айтса нанғысыз, жақсыдан туған жаман бар - бір асым етке алғысыз. Махамбет Өтемісұлы Жаманменен дос болсаң - сыртыңнан жүрер өсектеп. Махамбет Өтемісұлы Жақсыдан болат ұл туса - жауырынынан өтін алса да, жамандарға жалынбас. Махамбет Өтемісұлы Кей жаманның мінезі: күн жауғанда - қойныңда, күн ашықта - мойныңда. Абай Құнанбаев Дүние жеткізбейді ойласаң да, Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да. Ақан сері Қорамсаұлы Ауыл малы бұралқы - ақылы жоқ жаманға. Қайын болмас - қабанда, тойым болмас - жаманда. Шортанбай Қанайұлы Жолдас болсаң жақсымен - жолың жетер Қырымға, Топқа кірсең әркіммен - таласарсың орынға. Шортанбай Қанайұлы Ісің түссе жаманға - қолы кетпес жағаңнан. Шортанбай Қанайұлы Жақсыны жаман көре алмас. Шортанбай Қанайұлы Асыл сойдың баласы - тартысқан жерде сөз табар, азып туған жаманды - түйе үстінде ит қабар. Шернияз Жарылғасұлы Жақсылардың ақылы - гәуһар шырақ шаммен тең, Жақсының керген жарығы - анық атқан таңмен тең. Дулат Бабатайұлы Кей жаманның тілі бар - ащылығы умен тең, Айтқан сөзі ақымақтың - адам ішпес сумен тең. Дулат Бабатайұлы Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді. Дулат Бабатайұлы Екі жаман кез болса - құтырған иттей таласар. Дулат Бабатайұлы Көп жаманның ішінде бір жақсысы болмаса - серкесі жоқ қоймен тең, жақсы ішінде бір жаман - өлі жүнді таймен тең. Дулат Бабатайұлы Жақсыдан ақылың - қызыл алтын бұл болар, Ұяты жоқ адамға - өтірік сөзің шын болар. Дулат Бабатайұлы Орнын білмес жаманға - есік те болса төрмен тең, Жақсының жары сұм болса - қазып қойған көрмен тең. Дулат Бабатайұлы Жақсысы кеткен ауылға мейман келіп қона алмас. Дулат Бабатайұлы Кей жақсының мінезі - Еділ менен Жайықтай, Жақсылар топта сөйлейді - дарияда жүзген қайықтай. Дулат Бабатайұлы Жақсының жолы - жарық күн. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Өңкей жақсы қосылса - бітіреді кеңесті, Өңкей жаман қосылса - шығарады егесті, Мәмілемен іс бітер - бас қосып қалса көп есті. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталыЖалқаулық пен жалғыздық - жалғанның жаман тарлығы, Түшіренген ұйқы жоқ - қайғының асқан жарлығы.
Шортанбай Қанайұлы
Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.
Ғабит Мүсірепов
Жаманмен салысып жақсы болмайсың.
Абай Құнанбаев
Жақсылық - ұзақ тұрмайды,
Жамандық - әркез тозбайды.
Абай Құнанбаев
Жақсы - жаны еріп тыңдайды.
Абай Құнанбаев
Жақсының - жолы ашық.
Абай Құнанбаев
Жақсылық- ұмыт,жаңылыс- кек.
Абай Құнанбаев
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.
Мұхтар Әуезов
Жақсыда жаттық жоқ.
Мұхтар Әуезов
Жаманнан туған жақсы бар - атасын айтса нанғысыз, жақсыдан туған жаман бар - бір асым етке алғысыз.
Махамбет Өтемісұлы
Жаманменен дос болсаң - сыртыңнан жүрер өсектеп.
Махамбет Өтемісұлы
Жақсыдан болат ұл туса - жауырынынан өтін алса да, жамандарға жалынбас.
Махамбет Өтемісұлы
Кей жаманның мінезі: күн жауғанда - қойныңда, күн ашықта - мойныңда. Абай Құнанбаев
Дүние жеткізбейді ойласаң да,
Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да.
Ақан сері Қорамсаұлы
Ауыл малы бұралқы - ақылы жоқ жаманға.
Қайын болмас - қабанда, тойым болмас - жаманда.
Шортанбай Қанайұлы
Жолдас болсаң жақсымен - жолың жетер Қырымға,
Топқа кірсең әркіммен - таласарсың орынға.
Шортанбай Қанайұлы
Ісің түссе жаманға - қолы кетпес жағаңнан.
Шортанбай Қанайұлы
Жақсыны жаман көре алмас.
Шортанбай Қанайұлы
Асыл сойдың баласы - тартысқан жерде сөз табар, азып туған жаманды - түйе үстінде ит қабар.
Шернияз Жарылғасұлы
Жақсылардың ақылы - гәуһар шырақ шаммен тең,
Жақсының керген жарығы - анық атқан таңмен тең.
Дулат Бабатайұлы
Кей жаманның тілі бар - ащылығы умен тең,
Айтқан сөзі ақымақтың - адам ішпес сумен тең.
Дулат Бабатайұлы
Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді.
Дулат Бабатайұлы
Екі жаман кез болса - құтырған иттей таласар.
Дулат Бабатайұлы
Көп жаманның ішінде бір жақсысы болмаса - серкесі жоқ қоймен тең, жақсы ішінде бір жаман - өлі жүнді таймен тең.
Дулат Бабатайұлы
Жақсыдан ақылың - қызыл алтын бұл болар,
Ұяты жоқ адамға - өтірік сөзің шын болар.
Дулат Бабатайұлы
Орнын білмес жаманға - есік те болса төрмен тең,
Жақсының жары сұм болса - қазып қойған көрмен тең.
Дулат Бабатайұлы
Жақсысы кеткен ауылға мейман келіп қона алмас.
Дулат Бабатайұлы
Кей жақсының мінезі - Еділ менен Жайықтай,
Жақсылар топта сөйлейді - дарияда жүзген қайықтай.
Дулат Бабатайұлы
Жақсының жолы - жарық күн.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Өңкей жақсы қосылса - бітіреді кеңесті,
Өңкей жаман қосылса - шығарады егесті,
Мәмілемен іс бітер - бас қосып қалса көп есті.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
