Бақ-дәулет, Бек, хан туралы
Бақ-дәулет туралы Дәулет берсе құдайым - тон кисең де, түлкі етер, Дәулет кетсе қолыңнан - түлкі кисең, күлкі етер. Би-шешендер Бақ көшсе ақылыңа қарамайды. Шал Құлекеұлы Адамға нағыз дәулет - перзент пен мал, жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу әйел. Шал Құлекеұлы Бақ-дәулет, мал бітерде: ырыс қонар, ынтымағы ағайынның дұрыс болар, бала пайдакүнем болар, жалшы жауынгер болар, қыз қылықты болар, келін епті болар, көп көрініп жау қашырар, көптеп- көмектеп қонақ атандырар. Адамы қырлы болар, малы түрлі болар, иті-үреген келер, тіркеген малы жүреген келер. Шал Құлекеұлы Бақ-дәулет, мал көшерде: ырыс қашар, біреуі біреуіне пәле жасар.Бала пайдасыз болар, жалшысы жалқау болар, қыз қылықсыз болар, келін керенау болар, қатыны салақ болар, ат мінсе - жалақ келер, адамы қырсыз келер, малы түрсіз келер. Иті үрмес, тіркеген малы жүрмес. Шал Құлекеұлы Бақыт бір жерде тұрмайды. Құтып Қадірлі болғысы келген кісіге үш серік керек: бақ, дәулет, ырыс. Жиренше шешен Бағы ашылған адам бәріне ұнайды. Жүсіп Баласағұн Бақыттың да басы айналар кез келер - мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер. Жүсіп Баласағұн Тақ пен бақ - бір емес. Жүсіп Баласағұн Бек, хан туралы Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек. Махмұд Қашқари Ханнан артық қара бар, қылыштан артық ара бар. Кей қараның сөздері - хан сөзіне пара-пар. Би-шешендер Хан алдына барғанда - хан таппады мінімді, Би алдына барғанда - би таппады мінімді, Өз үйіме келгенде - итке берсін күнімді. Би-шешендер Халық айныса - хан түзер, хан айныса кім түзер? Би-шешендер Қарашаға хан табылар, ханға қараша табыла бермес. Би-шешендер Қара қазаққа - хан ие, қара жерге - халық ие. Би-шешендер Ханға қараны тең ұстау парыз, қараға ханмен салыспау парыз. Би-шешендер Ханның көркі - ел. Жұрт теңгеріп тұруға әділ төре-хан керек. Шернияз Жарылғасұлы Хан - халықтың қазығы. Майқы би Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң. Майқы би Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ. Майқы би Дау - арашасыз болмас, хан - қарашасыз болмас. Майқы би Хан ұлы - төре, би ұлы - шора. Доспамбет жырау Қарашасын қарақтамаған хан оңбас. Жанақ Сағындықұлы Хан - қайраң, қарашы - тас. Жанақ Сағындықұлы Хан сыртынан жұдырық. Жанақ Сағындықұлы Хан - астың дәмі болғанда, ханым -тұзы. Жанақ Сағындықұлы Хан да - біреудің ұлы, құдайдың құлы. Жүсіп Баласағұн Ханның әділетсіздігі - бар пеленің басы. Жүсіп Баласағұн Ханның - ақысы болса, қараның - қақысы бар. Жүсіп Баласағұн Бек қайда барса - құлы сонда. Жүсіп Баласағұн Бек деген - от: жақын жүрме - күйесің. Жүсіп Баласағұн Бек қызыққа құмар болса - қалған елдің күні қараң. Жүсіп Баласағұн Сараң бек ел билей алмайды. Жүсіп Баласағұн Ханын қарадай өлтірген - қарашасын қынадай қырар. Қазыбек Келдібекұл Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
Бақ-дәулет туралы |
Дәулет берсе құдайым - тон кисең де, түлкі етер, Дәулет кетсе қолыңнан - түлкі кисең, күлкі етер. Би-шешендер Бақ көшсе ақылыңа қарамайды. Шал Құлекеұлы Адамға нағыз дәулет - перзент пен мал, жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу әйел. Шал Құлекеұлы Бақ-дәулет, мал бітерде: ырыс қонар, ынтымағы ағайынның дұрыс болар, бала пайдакүнем болар, жалшы жауынгер болар, қыз қылықты болар, келін епті болар, көп көрініп жау қашырар, көптеп- көмектеп қонақ атандырар. Адамы қырлы болар, малы түрлі болар, иті-үреген келер, тіркеген малы жүреген келер. Шал Құлекеұлы Бақ-дәулет, мал көшерде: ырыс қашар, біреуі біреуіне пәле жасар.Бала пайдасыз болар, жалшысы жалқау болар, қыз қылықсыз болар, келін керенау болар, қатыны салақ болар, ат мінсе - жалақ келер, адамы қырсыз келер, малы түрсіз келер. Иті үрмес, тіркеген малы жүрмес. Шал Құлекеұлы Бақыт бір жерде тұрмайды. Құтып Қадірлі болғысы келген кісіге үш серік керек: бақ, дәулет, ырыс. Жиренше шешен
Бағы ашылған адам бәріне ұнайды. Жүсіп Баласағұн Бақыттың да басы айналар кез келер - мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер. Жүсіп Баласағұн Тақ пен бақ - бір емес. Жүсіп Баласағұн |
Бек, хан туралы
Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек.
Махмұд Қашқари
Ханнан артық қара бар, қылыштан артық ара бар.
Кей қараның сөздері - хан сөзіне пара-пар.
Би-шешендер
Хан алдына барғанда - хан таппады мінімді,
Би алдына барғанда - би таппады мінімді,
Өз үйіме келгенде - итке берсін күнімді.
Би-шешендер
Халық айныса - хан түзер, хан айныса кім түзер?
Би-шешендер
Қарашаға хан табылар, ханға қараша табыла бермес.
Би-шешендер
Қара қазаққа - хан ие, қара жерге - халық ие.
Би-шешендер
Ханға қараны тең ұстау парыз, қараға ханмен салыспау парыз.
Би-шешендер
Ханның көркі - ел.
Жұрт теңгеріп тұруға әділ төре-хан керек.
Шернияз Жарылғасұлы
Хан - халықтың қазығы.
Майқы би
Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң.
Майқы би
Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ.
Майқы би
Дау - арашасыз болмас, хан - қарашасыз болмас.
Майқы би
Хан ұлы - төре, би ұлы - шора.
Доспамбет жырау
Қарашасын қарақтамаған хан оңбас.
Жанақ Сағындықұлы
Хан - қайраң, қарашы - тас.
Жанақ Сағындықұлы
Хан сыртынан жұдырық.
Жанақ Сағындықұлы
Хан - астың дәмі болғанда, ханым -тұзы.
Жанақ Сағындықұлы
Хан да - біреудің ұлы, құдайдың құлы.
Жүсіп Баласағұн
Ханның әділетсіздігі - бар пеленің басы.
Жүсіп Баласағұн
Ханның - ақысы болса, қараның - қақысы бар.
Жүсіп Баласағұн
Бек қайда барса - құлы сонда.
Жүсіп Баласағұн
Бек деген - от: жақын жүрме - күйесің.
Жүсіп Баласағұн
Бек қызыққа құмар болса - қалған елдің күні қараң.
Жүсіп Баласағұн
Сараң бек ел билей алмайды.
Жүсіп Баласағұн
Ханын қарадай өлтірген - қарашасын қынадай қырар.
Қазыбек Келдібекұл
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
