Адам өмірі туралы-4
Өмір - самал, ажал - амал. Тоқсары Бұл фани ұзақ болса жүз жыл болар, Байқасаң тоқтауы жоқ бұл бір сонар. Сонаршы кешке дейін түлкі қуған, Күн батып, шаршаған соң, ақыр қонар. Сүйінбай Аронұлы Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді. Сайф Сарайи Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды. Сайф Сарайи Адам - бір оқтық. Сайф Сарайи Әкеде де - әке, балада да - бала бар. Міржақып Дулатов Дүниенің басы-сайран, түбі-ойран. Доспамбет жырау Қоғалы көлдер, қом сулар - қойысқа қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын алшайтып арғымақ мінген өкінбес. Доспамбет жырау Ат - биеден, алып - анадан. Жанақ Сағындықұлы Қыз алған қандай? - «Өзің білесің» дер. Жеңге алған қаңдай? - «Өзім білемін» дер. Жесір алған қандай? - «Балам біледі» дер. Жиренше шешен - Дүниеде не жетім? - Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан айырылған ер жетім.. Жиренше шешен Әкесі өлген - асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген - ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген - оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген - сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа-қарындасы өлген - өрісі тарылғанмен бірдей. Жиренше шешен Он бес жас - құйын қуған желмен тең, жиырма жас - дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес - ағып жатқан селмен тең, қырық бес - аю аспас белмен тең, жетпіс бесте - өр көңілің жермен тең. Сексенде - селкілдеген шал боларсың, тоқсанда - сексенге де зар боларсың, жүзге келсең - дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың. Жиренше шешен Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз - көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру - жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ. Жиренше шешен Атаның орны балаға қалады. Жүсіп Баласағұн Ұл туса - әкеге тартар. Жүсіп Баласағұн Ата өлсе - бала аман. Жүсіп Баласағұн Ұлың менен қызың - жарқыраған екі көзің. Жүсіп Баласағұн Өмір - күшті, өлім - одан да күшті. Жүсіп Баласағұн Тағдырың бүгін - мұнда, ертең - анда айдайды. Жүсіп Баласағұн Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі. Жүсіп Баласағұн Бұ дүние көлеңкедей ойнайды: қусаң - қашар, қашсаң - сенен қалмайды. Жүсіп Баласағұн Өткен өмірді қайтара алмайсың. Жүсіп Баласағұн Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан, Оны қуып несіне адам құмартқан?! Жүсіп Баласағұн Бұл дүниеде екі-ақ есік бар: бірі - өмірге қарай ашылады, екіншісі - өлімге қарай ашады. Бірінші есікке енген адам - екінші есікке де енеді. Жүсіп Баласағұн Жатқан - тұрар, көтерілген - отырар, жарық - сөнер, жүрген кісі - тоқтар. Жүсіп Баласағұн Бұл өмірді беріпті ғой азапқа - қызық қуып, бос өткізіп азайтпа! Жүсіп Баласағұн Бұ жалған бергенін - алар, жиғаныңды - шешер. Жүсіп Баласағұн Адам өмірі - қылдан нәзік. Жүсіп Баласағұн Дүние - сарай, адам - керуен. Жүсіп Баласағұн Өлім - ғибрат. Жүсіп Баласағұн Өлім келсе - өкінбей-ақ бара бер, Зарлағанмен естімейді қара жер. Жүсіп Баласағұн Кісі - өлер, сөз - қалар. Жүсіп Баласағұн Тірі адам - табылар. Жүсіп Баласағұн Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді. Жүсіп Баласағұн Өмірдің гүлі - жігіттік шақ. Жүсіп Баласағұн Балалық өтті дегенше - жігіттік жетті десеңші. Жүсіп Баласағұн Жасық жас - өкінішпен өседі, қайратты қарт - тыныш өмір кешеді. Жүсіп Баласағұн Адам баласының бәрі де өлгелі жаралған. Күлтегін Бір бала бар - атасына жете туады, Бір бала бар - атасынан өте туады, Бір бала бар - к-нен кері кете туады. Қазыбек Келдібекұлы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталыӨмір - самал, ажал - амал.
Тоқсары
Бұл фани ұзақ болса жүз жыл болар,
Байқасаң тоқтауы жоқ бұл бір сонар.
Сонаршы кешке дейін түлкі қуған,
Күн батып, шаршаған соң, ақыр қонар.
Сүйінбай Аронұлы
Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.
Сайф Сарайи
Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды.
Сайф Сарайи
Адам - бір оқтық.
Сайф Сарайи
Әкеде де - әке, балада да - бала бар.
Міржақып Дулатов
Дүниенің басы-сайран, түбі-ойран.
Доспамбет жырау
Қоғалы көлдер, қом сулар - қойысқа қонған өкінбес,
Арыстандай екі бұтын алшайтып арғымақ мінген өкінбес.
Доспамбет жырау
Ат - биеден, алып - анадан.
Жанақ Сағындықұлы
Қыз алған қандай? - «Өзің білесің» дер. Жеңге алған қаңдай? - «Өзім білемін» дер. Жесір алған қандай? - «Балам біледі» дер.
Жиренше шешен
- Дүниеде не жетім?
- Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел
жетім, жарынан айырылған ер жетім..
Жиренше шешен
Әкесі өлген - асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген - ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген - оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген - сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа-қарындасы өлген - өрісі тарылғанмен бірдей.
Жиренше шешен
Он бес жас - құйын қуған желмен тең, жиырма жас - дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес - ағып жатқан селмен тең, қырық бес - аю аспас белмен тең, жетпіс бесте - өр көңілің жермен тең. Сексенде - селкілдеген шал боларсың, тоқсанда - сексенге де зар боларсың, жүзге келсең - дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың.
Жиренше шешен
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз - көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру - жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.
Жиренше шешен
Атаның орны балаға қалады.
Жүсіп Баласағұн
Ұл туса - әкеге тартар.
Жүсіп Баласағұн
Ата өлсе - бала аман.
Жүсіп Баласағұн
Ұлың менен қызың - жарқыраған екі көзің.
Жүсіп Баласағұн
Өмір - күшті, өлім - одан да күшті.
Жүсіп Баласағұн
Тағдырың бүгін - мұнда, ертең - анда айдайды.
Жүсіп Баласағұн
Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі.
Жүсіп Баласағұн
Бұ дүние көлеңкедей ойнайды: қусаң - қашар, қашсаң - сенен қалмайды.
Жүсіп Баласағұн
Өткен өмірді қайтара алмайсың.
Жүсіп Баласағұн
Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан,
Оны қуып несіне адам құмартқан?!
Жүсіп Баласағұн
Бұл дүниеде екі-ақ есік бар: бірі - өмірге қарай ашылады, екіншісі - өлімге қарай ашады. Бірінші есікке енген адам - екінші есікке де енеді.
Жүсіп Баласағұн
Жатқан - тұрар, көтерілген - отырар, жарық - сөнер, жүрген кісі - тоқтар.
Жүсіп Баласағұн
Бұл өмірді беріпті ғой азапқа - қызық қуып, бос өткізіп азайтпа!
Жүсіп Баласағұн
Бұ жалған бергенін - алар, жиғаныңды - шешер.
Жүсіп Баласағұн
Адам өмірі - қылдан нәзік.
Жүсіп Баласағұн
Дүние - сарай, адам - керуен.
Жүсіп Баласағұн
Өлім - ғибрат.
Жүсіп Баласағұн
Өлім келсе - өкінбей-ақ бара бер,
Зарлағанмен естімейді қара жер.
Жүсіп Баласағұн
Кісі - өлер, сөз - қалар.
Жүсіп Баласағұн
Тірі адам - табылар.
Жүсіп Баласағұн
Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді.
Жүсіп Баласағұн
Өмірдің гүлі - жігіттік шақ.
Жүсіп Баласағұн
Балалық өтті дегенше - жігіттік жетті десеңші.
Жүсіп Баласағұн
Жасық жас - өкінішпен өседі, қайратты қарт - тыныш өмір кешеді.
Жүсіп Баласағұн
Адам баласының бәрі де өлгелі жаралған.
Күлтегін
Бір бала бар - атасына жете туады,
Бір бала бар - атасынан өте туады,
Бір бала бар - к-нен кері кете туады.
Қазыбек Келдібекұлы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
