Жаңалықтар

Өмілдірік

Соңғы редакциялау 31 қазан 2012   Өмілдірік – ердің артқа кетпеуін қамтамасыз етеді; сонымн бірге сәндік үшін де тағылатындықтан, оны қалың былғарыдан жасап, әшекейлейді. Өмірлік былғарыдан, қайыспен астарланып қайып тігіліп, өріп жасалады. Өмілдіріктің аттың кеудесінің алдына келетін ортасына былғарыдан қайыспен астарлап дөңгелек жасалып, шашақталған баулар салып, күмістелген бүркеншіктер, нақышталған өрнектермен әшекейленіп, дөңгелек ортасына ақық тастар орнатылады. Өре – аттың алдыңғы және артқы аяғына салатын тұсау. Өрні қылдан, қайыстан өріп, түйіп жасайды, аттың аяғына салатын жерлеріне киізден астар салады. Атты өрелегенде өренің бір шетін аттың оң аяғына, ал екінші шетін айқастырып аттың артқы сол аяғына салады. Таға – жылқының тосырқамауы немесе мұздан таймауы үшін тұяғына қағылады. Тағына сом темірден иіп, қақтап, шеге өтетін тесікпен сай салып жасайды. Бедерлі өкшелік шығарады. Тағаны ат тұяғына басы сайға кіріп тұратындай арнайы шегемен қағады. Тебінгі – ер-тұрманның құрамына жататын әбзелдердің бірі. Тебінгі бір жағынан әсемдік үшін тағылса, екіншіден, тоқым қысқа болған жағдайда аяқ киімді аттың терінен қорғайды, ал тоқым ұзын болған жағдайда оны жылдам тозудан сақтайды. Қазіргі кзде тебінгіні жеке жасамайды, тек киіз тоқымдарға жапсырылып тігіледі. Халық арасында мұндай тебінгіні тоқымның тебінгісі деп те атайды. Тепкіншек – жас баланы атқа мінгізгенде қолданылатын ертоқым әбзелдерінің бір түрі. Қазақ халқында 5-6 жастағы баланы алғаш атқа мінгізгенде аяғы үзеңгіге жетпейтін болғандықтан, оған арнайы тігіліп, ою-өрнекпен әсемделген тебінгі-тепкіншек қолданылады. Тепкіншекті түрлі түсті жүн жіппен термелеп тоқылған өрнекті басқұрдан немесе шұғадан т.б. қалың матадан астарлап қоржын сияқты етіп тігеді де, бетін кестелейді. Оны ердің үстіне салады, екі басына бала екі аяғын салып отырады. Тоқым – ердің ат арқасына батпауы үшін салынатын төсеніштің бірі. Ол көбіне киізден сырып жасалады. Кейде киіз тоқымның жиегін шұға не барқыт сияқты маталармен көмкеріп, сыртын түгелдей қалың былғарымен қаптайды. Сырма тоқым мен көмкерілген тоқымдарды көбінесе әйелдер жасайтын да, ал былғары тоқымдарды шебер ершілер ғана жасайды. Тоқымның көлемі де, пішілу үлгісі де әр түрлі болады. Әйелдерге арналған көн тоқымдар үлкен, әшкейі көп, ал еркектердің тоқымдары шағын болады. Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.
09.11.2012 03:18 6810

Соңғы редакциялау

31 қазан 2012

 

Өмілдірік – ердің артқа кетпеуін қамтамасыз етеді; сонымн бірге сәндік үшін де тағылатындықтан, оны қалың былғарыдан жасап, әшекейлейді. Өмірлік былғарыдан, қайыспен астарланып қайып тігіліп, өріп жасалады. Өмілдіріктің аттың кеудесінің алдына келетін ортасына былғарыдан қайыспен астарлап дөңгелек жасалып, шашақталған баулар салып, күмістелген бүркеншіктер, нақышталған өрнектермен әшекейленіп, дөңгелек ортасына ақық тастар орнатылады.

Өре – аттың алдыңғы және артқы аяғына салатын тұсау. Өрні қылдан, қайыстан өріп, түйіп жасайды, аттың аяғына салатын жерлеріне киізден астар салады. Атты өрелегенде өренің бір шетін аттың оң аяғына, ал екінші шетін айқастырып аттың артқы сол аяғына салады.

Таға – жылқының тосырқамауы немесе мұздан таймауы үшін тұяғына қағылады. Тағына сом темірден иіп, қақтап, шеге өтетін тесікпен сай салып жасайды. Бедерлі өкшелік шығарады. Тағаны ат тұяғына басы сайға кіріп тұратындай арнайы шегемен қағады.

Тебінгі – ер-тұрманның құрамына жататын әбзелдердің бірі. Тебінгі бір жағынан әсемдік үшін тағылса, екіншіден, тоқым қысқа болған жағдайда аяқ киімді аттың терінен қорғайды, ал тоқым ұзын болған жағдайда оны жылдам тозудан сақтайды. Қазіргі кзде тебінгіні жеке жасамайды, тек киіз тоқымдарға жапсырылып тігіледі. Халық арасында мұндай тебінгіні тоқымның тебінгісі деп те атайды.

Тепкіншек – жас баланы атқа мінгізгенде қолданылатын ертоқым әбзелдерінің бір түрі. Қазақ халқында 5-6 жастағы баланы алғаш атқа мінгізгенде аяғы үзеңгіге жетпейтін болғандықтан, оған арнайы тігіліп, ою-өрнекпен әсемделген тебінгі-тепкіншек қолданылады. Тепкіншекті түрлі түсті жүн жіппен термелеп тоқылған өрнекті басқұрдан немесе шұғадан т.б. қалың матадан астарлап қоржын сияқты етіп тігеді де, бетін кестелейді. Оны ердің үстіне салады, екі басына бала екі аяғын салып отырады.

Тоқым – ердің ат арқасына батпауы үшін салынатын төсеніштің бірі. Ол көбіне киізден сырып жасалады. Кейде киіз тоқымның жиегін шұға не барқыт сияқты маталармен көмкеріп, сыртын түгелдей қалың былғарымен қаптайды. Сырма тоқым мен көмкерілген тоқымдарды көбінесе әйелдер жасайтын да, ал былғары тоқымдарды шебер ершілер ғана жасайды. Тоқымның көлемі де, пішілу үлгісі де әр түрлі болады. Әйелдерге арналған көн тоқымдар үлкен, әшкейі көп, ал еркектердің тоқымдары шағын болады.

Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға